7. Шығыс және Батыс әдебиеттер байланыстарының мәселесі. Батыс және шығыс романтизмнің типологиялық ерекшеліктер. XIX
ғасырдағы қазақ ақындар поэзиясының ұлттық ерекшелігі. XX ғасырдың
қазақ әдебиетіндегі романтизм. Модернизмнің типологиялық ерекшеліктері.
Қазақ орыс және еуропалық әдебиетіндегі модернизм. XX ғасырдың қазақ
және орыс әдебиетіндегі реализм. Қазақстанның әдеби байланыстары.
8. Интертекстуалдық: негізгі концепциялар. Мәтін филология ғылымының ұғымы ретінде. Мәтін семиотика және
мәдениеттану ғылымдарының ұғымы ретінде. Мәтін туралы постмодернистік
концепциялар. Интертекст ұғымы. Интертекстің философиялық негіздері. Ю.
Кристеваның теориясы. ХХ ғасырдың прозасындағы интертекст. Мәтін
мәдени контекст, автор және оқырман арасындағы диалог ретінде. Цитата,
аллюзия. Реминисценция.
9. Мифопоэтика және археопоэтика. Мифопоэтика және археопоэтика әдебиеттанудың салалары ретінде. Архетип
ұғымы. Көркем әдебиеттегі архетиптердің қызметтері. Миф және әдебиет.
Қазіргі әдебиеттегі мифологиялық образдар мен сарындар. Көркем
әдебиеттегі мифтердің қызметтері.
10. Семиотика и нарраталогия. Семиотика ғылым зерттеулер жүйесі ретінде. Семиотиканың негізгі
ұғымдары. Семиотикадағы мәскеу-тарту және француз мектептері.
Нарратологияның пәні мен міндеттері. Нарратив ұғымы. Нарративтің
табиғаты, түрлері және қызметтері. Нарратив және дискурс.
11. Көркем шығарманың құрамындағы мекеншақ категориясы. Көркем уақыт пен кеңістіктің ерекшеліктері. Көркем шығарманың
құрамындағы уақыт пен кеңістік. Мекеншақ туралы М.М. Бахтиннің
теориясы. Қазіргі әдебиеттанудағы уақыт пен кеңістік категорияларының
ұғымы. Әдебиеттегі темпоралдық ырғақ категориясы (А.Б. Темірболаттың
теориясы). Көркем шығармадағы мекеншақ категориясының қызметі.