Бағдарламасы алматы 2020 Бағдарлама Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес «8D02304 Әдебиеттану»


 Әдебиет қарым-қатынастар мен көңіл-күйлерді білдіруші



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата02.12.2023
өлшемі271,65 Kb.
#131423
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
8D02304 Литературоведение каз

8. Әдебиет қарым-қатынастар мен көңіл-күйлерді білдіруші.
Әдебиет белгілі бір идеологияны таратушы. Сыншыл реализмдегі және 
романтиктердің әдебиет жайлы ұғымы. Әдебиеттің экспрессивтік қызметі.
Автордың рухани әлемін көркем бейнелеудің тәсілдері. Сезім ырғағы және 
оның көркем мәтін құрылымында көрініс табуы. Қарым-қатынас және көңіл-
күй, олардың әдебиет туындыларында бейнелену тәсілдері. Әдеби 
стилистика. Көркем мәтіндегі юмор мен ирония, олардың функциональдық 
мәні. Әдебиет туындыларындағы комизм. 
9. Баяндаушы жоспары мен персонаждар жоспары көркемдік әлемді 
таныту формасы.
Баяндаушы жоспары, оның ерекшеліктері. Нарратив баяндаушы жоспарының
басты элементі. Әдеби-сыншыл дискурстағы баяндау үрдісі. Әңгімеші мен 
лирикалық кейіпкер, олардың айырмашылығы. Атаулы және атаусыз 
баяндау, олардың шығармада көрініс табу формалары. Кейіпкерлер жоспары. 
«Бөгде сөз». Көркем шығарма құрылымында бөгде сөздің ұйысу тәсілдері. 
Төл сөз. Авторлық баяндау мен бөгде сөздің өзара ықпалы көркем мәтіннің 
экспрессивті және репрезентивті функцияларының өзара ықпалы екендігі. 
Төлеу сөз. Өзгелік төл сөз. Олардың стилистикалық айырмашылықтары. 


Көркем мәтіннің полифониялық құрылымы. Сана тасқыны, сана 
тасқынындағы баяндаушы жоспары мен кейіпкерлер жоспарының бейнелену 
ерекшеліктері. 
10. Көркем мәтін адресаты. 
Көркем мәтіннің мәнін ұғынудың алғышарттары. Әдеби компетенция ұғымы. 
Шынайы және мінсіз оқырман. Оқырманның әдеби компетенциясының 
компоненттері. Қабылдаушының субъектіні бетке алуы. 
11. Көркем мәтін интерпритациясының принциптері.
«Мәтін» мен «оқырман» арасындағы қарым-қатынастың сипаты. Көркем 
мәтінді оқырман қабылдауының табиғаты. Н. Фрайша көркем шығарманы 
“түсінудің” типтері. Көркем мәтіннің интерпретациясы және оның 
контекстуализациясы. Көркем мәтін таксономиялық құрылым сипатында. 
Әдеби туындыны әлемнің моделі сипатында қабылдау. Көркем мәтін 
интерпретациясының негізгі әдістері: этикалық, рецептивті. Көркем мәтін 
интерпретациясының негізгі процедуралары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет