Тақырып 3. Психикалық дамуды кезеңдерге бөлу мәселесі. Л. С. Выготский еңбектеріндегі психикалық дамудың кезеңдерге жіктелуі. Л.С. Выготский бойынша жас кезеңдер криттерийлері. Тұрақты және дағдарысты жас кезеңдері. Баланың психикалық дамуындағы дағдарыстың мәні. Д. Б. Эльконин еңбектеріндегі психикалық дамудың кезеңдерге бөлу мәселесі. Бала дамуындағы кезеңдер туралы заңдар. Жас туралы түсінік, оның түрлері. Психологиялық жастың ерекшеліктері. З.Фрейдтің психоаналитикалық жас кезеңі. Э.Эриксон бойынша тұлғаның психоәлеуметтік даму сатылары. Ж. Пиаженің интеллектуалды даму сатысы. Когнитивті даму сатылары.
Тақырып 4. Оқыту концепциясы және оның психологиялық негіздемесі. Оқу әрекетінің құрылымы. Оқыту концепциясы және оның психологиялық негіздемесі: дамыта отырып оқыту (Л. В. Занков, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин); мәселелік оқыту (В. Оконь, М. И. Махмутов және т.б.); бағдарламаланған оқыту (Б. Скиннер және т.б.); ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру теориясы (П. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина және т.б.). Оқу пәндерін құрудың жалпы қағидалары.
Тақырып 5. Педагогикалық іс-әрекет құрылымы. Педагогикалық іс-әрекеттің өзіне тән ерекшеліктері мен психологиялық мәні және оның негізгі компоненттері. Педагогикалық іс-әрекеттің формалары, негізгі атқаратын қызметтері және оның тұтастылық сипаты. Педагогикалық іс-әрекеттің стильдері туралы түсінік. Педагогикалық іс-әрекеттің мотивтері. Педагогикалық қарым-қатынас. Мұғалім іс-әрекеті құрылымындағы психологиялық-педагогикалық ептілік. Педагогикалық әдеп.
Тақырып 6. Этнопсихологияның әлеуметтік-психологиялық аспектілері. Этникалық қауым, топ ұғымы және олардың негізгі ішкі үдерістері. Этникалық қауымның жіктелуі (қарапайым этникалық бірлік, субэтникалық бөлімдер, макроэтникалық бірліктер). Этникалық топтардың түрлері: рулық, тайпалық, халықтар, ұлттар (Л. Морган, Ю. В. Бромлей). Этностың құндылықтары (олардың нормалары) — этностың әлеуметтік нормасы, этностың психологиялық нормасы. Этностартың өмір сүру тәсілдері: пайда болуы, ұлғаюы, белсенділік деңгейінің төмендеуі, гомеостазға өтуі, яғни этностың статистикалық өмір сүруі. Топтағы этностық үдерістер. Этникалық ұйымдар үдерістері (консолидация, ассимиляция және интеграция); этникалық ыдыраудың үдерістері (В. И. Козлов және т.б.).