Тақырып 16. Әртүрлі типтегі білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызмет. Білім беру жүйесіндегі тәжірибелік психологтың кәсіби ұстанымы. Білім беру жүйесіндегі тәжірибелік психологтың тұлғалық қасиеттері. Әртүрлі типтегі білім беру мекемелеріндегі тәжірибелік психологтың өзіне тән жұмыс ерекшеліктері. (МДМ, мектеп, мектеп-интернат, гимназия, лицей, қосымша білім беру мекемелері).
Тақырып 17. Конфликт ұғымы және мазмұны. Конфликт ұғымы, оның мәні және құрылымы. Шетелдерде және Ресейде конфликтологияның қалыптасу тарихы. Конфликт пәні, конфликтілі жағдай сипаты, конфликт мотивтері, конфликт жақтардың ұсатанымдары және олардың конфликтіні талдаудағы ролі. Конфликтілердің жіктелуі, конфликтінің негізгі себептері. Конфликт динамикасы. Конфликт кезеңдері мен сатылары. В. П. Шейнов бойынша конфликт типологиясы. К.Томас бойынша конфликт кезіндегі мінез-құлықтың сыртқы стратегиясы. Конфликтінің аяқталу формасы және конфликтіні шешу тәсілдері. Конфликт кезіндегі тұлғаның мінез-құлық моделі.
Тақырып 18. Негізгі психотерапиялық тұғырлар және бағыттар. Психотерапияның теориялық негізі. Психотерапияның анықтамасы, обьектісі, пәні, мақсат, міндеттері. Психотерапия туралы ой пікірлердің даму тарихы. Психотерапия және оның практикалық психологияның басқа салаларымен байланысы. Психотерапияның медициналық және психологиялық моделі. Психотерапиялық эффектінің психологиялық механизмдері. Психотерапиялық әсер етудің құралдары. Клиент пен психологтың ұстанымы. Қазіргі кездегі психотерапияның негізгі бағыттары. (психоаналитикалық, мінез-құлықтық, гуманистік және интеграциялық). Психотерапияның түрлері (жеке даралық, топтық, отбасылық).
Тақырып 19. Тұлғааралық қатынас психологиясы. Қоғамдық және тұлға аралық қатынас мәселесі, олардың өзгешеліктері. Тұлға аралық қатынасты зерттеу әдістері. Социометрия әдісінің көрсеткіштері. Қарым-қатынас түсінігі, оның түрлері, құрылымы: қарым-қатынастың коммуникативті, перцептивті және интерактивті жақтары. Қарым-қатынас құралдары: вербальды және вербальды емес. Перцептивті жақтың механизмдері: идентификация, эмпатия, рефлексия, аттракция. Тұлға аралық қарым-қатынастағы өзара әрекеттесу: «ореол» эффектісі, «стереотипизация», «бағдар», «біріншілік». Каузальды атрибуция теориясы және оның қателіктері.