Тақырып 12. Топ әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде. Әлеуметтік психологиядағы топ мәселесі. Топ іс-әрекет субьектісі ретінде. Топтың негізгі параметрлері, оның сипаттамалары. Топтың жіктелуі. Кіші топқа әлеуметтік-психологиялық талдау. Кіші топтың топтық үдерістері, топтық қысым феномені, кіші топтардың жіктелуі. Топтағы лидерлік үдеріс, әлеуметтік психологиядағы лидерлік стильдер. Ұжымның қалыптасу үдерісі. А. В.Петровский және Стенфорд бойынша ұжымның дамуы.
Тақырып 13. Негізгі психологиялық-педагогикалық коррекциялық тұғырлар мен технологиялар. Психологиялық-педагогикалық түзетудің негізгі мақсаттары мен міндеттері. Психологиялық-педагогикалық коррекция мен психотерапияның өзара байланысы. Олардың негізгі өзгешеліктері. Психологиялық-педагогикалық коррекцияның кең тараған бағыттары: психоаналитикалық, гуманистік, бихевиористік, интеграциялық. Психодиагностикалық мәліметтерді талдау және психологиялық-педагогикалық түзету бағдарламасын құру. Психологиялық-педагогикалық коррекцияның негізгі түрлері: танымдық сфераны дамыту және эмоциялық күйзелістерді реттеу. Психологиялық-педагогикалық коррекцияның жалпы әдістері: көз жеткізу, жеке мысалдар, мадақтау, жазалау. Тұлғаның танымдық және эмоциялық сферасын дамыту мен түзетуге бағытталған ойын технологияларын қолдану. Психологиялық-педагогикалық түзетуді жоққа шығаратын кемшіліктер. Психокоррекциялық жұмыстың топтық және даралық формалары. Психопрофилактика және оның негізгі қағидалары.
Тақырып 14. Заманауи отбасы ерекшеліктері, оның құрылымы, динамикасы. Заманауи отбасының әртүрлі категориялары. Отбасының заманауи моделі, оның ерекшеліктері. Психологиялық толымды және толымсыз отбасылар. Заманауи отбасының психологиялық саулығы. Отбасылық қатынас динамикасы. Отбасылық өмірдің кезеңдері.
Тақырып 15. Психологиялық-педагогикалық тренинг, оның мақсаттары, міндеттері, түрлері. Қазіргі кездегі психологиялық-педагогикалық ғылымдардағы тренинг ұғымы. Мамандарды даярлау жүйесіндегі психологиялық-педагогикалық тренингтің орны және психологиялық басқа пәндермен байланысы: жалпы психология негізі, әлеуметтік психология, психодиагностика, психологиялық коррекция және психотерапия. Топтық оқытудың, топтық психотерапияның, әлеуметтік-психологиялық тренингтің мақсаттары мен негізгі өзгешелік белгілері. Тұлғаға психологиялық әсер ету әдісі. Белсенді оқыту әдістеріне жалпы сипаттама. Пікірталас және ойын әдістері. Әлеуметтік-психологиялық тренинг әлеуметтік-психологиялық белсенді оқытудың кешенді формасы ретінде. Тренинг түрлері: топты құру тәсіліне байланысты, тренинг мақсатына байланысты. Тренинг бағдарламасын жобалау технологиясы. Тренинг бағдарламасын жобалау қағидасы: мәселелік қағида, модельдеу қағидасы, зерттеу қағидасы, кері байланыс және жаңашыл қағидасы, сатылау қағидасы. Мақсаттың құрылуы. Міндеттердің құрылуы. Топтың мәнді сипаттамасын анықтау. Әсер етудің негізгі аясын таңдау. Топқа ену ұзақтығын және жұмыс режимін анықтау. Тренингтің (тақырыптық жоспар) жалпы жоспарын және әрбір жеке сабақтың жоспар макетін құру.