Бағдарламасы астана 2014 Бағдарлама «6М010300 Педагогика және психология»


Тақырып 7. Әлеуметтік-психологиялық диагностика және адамның әлеуметтік мінез-құлқын болжау мәселесі



бет11/15
Дата10.11.2022
өлшемі41,62 Kb.
#49239
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
ped-psih-kaz-mag-2014

Тақырып 7. Әлеуметтік-психологиялық диагностика және адамның әлеуметтік мінез-құлқын болжау мәселесі.
Тұлғаны түсіндірудің әлеуметтік-психологиялық тұғырдың өзіне тән ерекшеліктері: биологиялық, әлеуметтік, даралық-психологиялық, әлеуметтік-психологиялық және т.б. «Менталитеттік», «социотип», «архетип», «құндылық», «мағыналық сфера», «мотивация» ұғымдары. М. Рокичтің құндылыққа бағдарлануды зерттеу әдістемесі. Б. М. Басстың бағдарлық сауалнамасы; Д. А. Леонтьевтің өмірлік мағынаға бағдарлану әдістемесі; өмірдің мәніне бағдарлану тесті; «Саналы өмірлік мақсаттар» әдістемесі. Когнитивті «Мен» әлеуметтік-психологиялық диагностикасы және «Мен» - тұлға сипаттамасы: өзіндік баға, сәйкестік және қатынас; тұлғаның әлеуметтік-психологиялық құзіреттілік диагностикасы; тұлғаның статустық-рольдік сипаттамасы; тұлғаның әлеуметтік сезімдері мен эмоциялық сферасы. Адамның әлеуметтік мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау мәселесі.
Тақырып 8. Отбасылық кеңес беру негізі.
Отбасылық кеңес беру тәжірибесінің дамуы. Отбасылық кеңес берудің теориялық негізі. Отбасылық кеңес берудің негізгі қағидалары. Жанұяға психологиялық кеңес берудің кезеңдері.
Тақырып 9. Кәсіби іс-әрекет субектісі психологиясының негізгі аспектілері.
Кәсіби іс-әрекет құрылымындағы когнитивті, реттеушілік, эмоциялық-еріктік, коммуникативті үдерістері. Кәсіби мәнді қасиеттер. Функционалдық қалып кәсіби іс-әрекетті реттеуші ретінде. Еңбек іс-әрекетінің мотивациясы.
Тақырып 10. Білім беру жүйесіндегі тәжірибелік психологтың іс-әрекет түрлері мен негізгі бағыттары.
Білім беру жүйесіндегі тәжірибелік психологтың әртүрлі іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру. Психологиялық ағарту ісі. Психологиялық профилактика. Психологиялық диагностика. Психологиялық коррекция. Кеңес беру іс-әрекеті. Психологиялық-педагогикалық консилиум. Психологиялық қызметтің негізгі міндеттері, бағыттары.
Тақырып 11. Психологиялық кеңес берудің құрылымдық компоненттері.
Психологиялық кеңес беру туралы жалпы түсінік. Психологиялық кеңес берудің түрлері және оның өзіне тән ерекшеліктері. Психологиялық кеңес берудің методологиялық негізі: клиентке терең бағытталу психологиясы, бихевиористік бағыт, гуманистік бағыт. Психолог пен клиент арасында сенімділік қатынас орнату. Психологиялық кеңес берудің мазмұны мен кезеңдері: кеңес берудің басталуы, клиентке сұрақтар қою, кеңес беру болжамын құру және тексеру, коррекциялық әсер ету, кеңес беруді аяқтау. Кеңес берушінің негізгі ептіліктері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет