200
7-ТАРАУ
Б а й л ы қ - ж е к е т у л ғ а н е м е с е ү й
қ о ж а л ы ғ ы н ы ң и е л іг ін д е г і а қ ш а
м е н м а т е р и а л д ы қ и г і л ік т е р қ ұ н ы .
жылдық сома 10,8
млн доллар болған; ал табысы ең жоғары Виаком-
ның басқарушысы Филипп Дауманның жылдық табысы 84,5 млн
доллар (Joshi, 2011).
Табыс теңсіздігінің өсуі АҚШ-тың экономикалық қүрылымын-
дағы өзгерістерге және АҚШ үкіметі саясатының өзгеруіне байла-
нысты (Massey, 2007; Morris and Western,1999). 13-бөлімде тереңірек
талқылағанымыздай, америкалықтардың 80%-ы
қазіргі уақытта
агқарушы қызмет корсету саласында немесе сауда орындарында
жұмыс істейді. Бұл жұмыс орындарындағы еңбекақы Америка эко-
номикасында үстемдік ететін өндіріс орындарына қарағанда әлде-
қайда төмен. Экономиканың барлық секторында жұмыс берушілер
тұрақты қызметкерлердің орнына
төмен еңбекақыға келісетін
уақытша немесе жартылай жұмыспен қамтылу негізінде істейтін
жұмысшыларды алады. Жүмыс берушілердің енді бірі еңбекақы-
ны аз төлеу үшін америкалық қызметкерлердің орнына шетелдік
жұмысшыларды қабылдайды. Сонымен қатар үкімет кәсіподақта
мүшелік етуді күрделендіріп,
оның ықпалын төмендетті; ауқат-
тыларға салықты қысқартты, кедейлерге арналған жеңілдіктер
санын азайтты, осының салдарынан ең төменгі еңбекақы мөлшері
одан әрі төмендегі кетті. Осы саясаттың нәтижесінде
кедейлер мен
жұмысшы табының табыс мөлшері азайып, ауқатты америкалык-
тардың табыс мөлшері арта түсті (Massey, 2007).
Табыс теңсіздігі неғұрлым жоғары болса, АҚШ-тағы экономика-
лык; теңсіздік мөлшері соғұрлым төмендей түседі. Теңсіздік мөлше-
рін дәл анықтау үшін байлық мөлшерін қарастыруға тура келеді.
Байлы қ - белгілі бір уақытқа жеке тұлға немесе үй қожалығы ие-
ленген ақша мен материалдық игіліктер құны (қорлар, инвести-
циялар, үйлер, жер, автокөліктер мен басқа мүліктерді
қоса ал-
ғанда). Ең ауқаттылардың 20%-ы болатын үй қожалықтары (табыс
бойынша) - барлық байлықтың 80%-ына, ал 1% болатын ең ауқатты
адамдар барлық байлықтың 35%-на ие (Rampell, 011). Соңғы 25 және
одан көп жылдар аралығында АҚШ-та байлық теңсіздігі өзге дамы-
ган елдермен салыстырғанда тез қарқынмен өсті.
Табыс теңсіздігі басқа халықтарға
қарағанда АҚШ-та жоғары.