Маркетингілік ілгерілету тәсілдері мен әлеуметтік желілер арқылы жарнамалау (SMM)
Тәжірибелік маркетингілік зерттеу (үй-үйді аралау)
МАРКЕТИНГ АНЫҚТАМАСЫ МЕН СТРАТЕГИЯСЫ. 4Р МАРКЕТИНГ КЕШЕНІ
«Маркетинг – сіздің компанияңыздың сыртқы ортамен қандай да болмасын кез келген қарым- қатынасы».
«Маркетинг – клиентті тарту және оны ұстап қалу»
Джей Конрад Левинсонпартизандықмаркетингсаласындағы әлемніңүздікмаркетологі
Тұтынушылар түрі бойынша маркетинг:
b2b нарығы (business to business – бизнес үшін бизнес): корпоративті са- тушылар мен сатып алушылар арасындағы қарым-қытынас;
b2c нарығы (business to customer – сатып алушы үшін бизнес): сатушылар мен түпкі тұтынушы арасындағы қарым-қатынас;
Түпкі тұтынушы – жеке тұтыну үшін тауар мен қызмет көрсетуді сатып алатын тұтынушы.
b2b нарығы жағдайында жұмыс істейтін компаниялар түпкі тұтынушының кім екенін анықтай алмай, кімге бейімделіп, кімнің мүдесін қорғайтынын білмейді. Мысалы, кәсіпорын мобильді телефонның сыртқы қорабын шығарады. Сырттан қарағанда кәсіпорын соңғы тұтынушымен тікелей байланысқа түспейді, дегенмен бір ақау шыға қалса, ондай телефонды ешкім сатып алмайды. Ол дегеніміз осы те- лефонды құрастырумен айналысатын компанияда келесі жолы бөлшектерін сатып алуға қаражат болмайды. Сондықтан тұтынушылардың барлығына бірдей бейім- делу қажет.
Бүгінгі күнгі күрделенген әлемде маркетингтен хабарыңыз болуға тиіс: маши- наны сатқанда немесе үй сатып алғанда, аулаға монша салғанда немесе бір мау- сым ішінде семіртіп қойған өгізіңізді сатқанда нарықтың не екенін, онда кімнің әрекет ететінін, кімнің қызмет ететінін, сұраулары қандай екенін білу қажет.
Сіз үшін нарық аулыңыздағы сауда көшелері, жеке дүкендер қатары немесе көршілеріңіз бола ма, ол маңызды емес. Маркетинг көзқарасы тұрғысынан – осы- ның бәрі сіздің өткізу нарығыңыз.
Осылайша, егер маркетингті қарапайым сөздермен сипаттайтын болсақ, онда бұл тауарыңды, жұмысыңды немесе қызметіңді сауатты түрде (шығынсыз) сата білу. Мұны істеу үшін нарықты түсіну және оны сегменттерге бөлу қажет; тауары- ңызға қажеттілікті, мақсаттық нарық шеңберінде тұтынушылардың сұраулары мен көзқарастарын бағалау; аталмыш нарық үшін қажет тұтынушылық қасиеттері бар тауарды құрастыру және сынақтан өткізу; тартымды баға қалыптастыру және тұты- нушыға тауардың құндылығы туралы идеяны жеткізу; тауар көпшілікке қолжетімді әрі оның жақсы таныстырылуы үшін епті делдалдарды таңдау; тұтынушылар оны
біліп, сатып алуды қалауы үшін, тауарды жарнамалау және алға жылжыту қажет.