Бағдарламасы «бастау бизнес»



бет54/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   200
Байланысты:
кітап бизнес бастау 22-23 ж

Позициялау дегеніміз не?


Позициялаудың көптеген анықтамалары бар, бірақ, ең алдымен, есіңізде бол- сын: позициялау – технологияға жатады. Бастапқыда – маркетингілік зерттеулер- ден алынған тұтынушылардың мотивациясы. Соңында – тұтынушыға өзінің мо- тивациясын түсіндіру. Позициялаудың көптеген нұсқалары бар, бірақ осы тұжы- рымдаманың авторы атақты Джек Траут болды. 30 жыл бұрын ол былай деген еді:
«Позициясыз маркетинг тиімді болмайды». Джектің айтуынша, позициялау – тұты- нушылардың белгілі бір брендті қалай қабылдап, оны белгілі бір қасиеттермен қа- лай байланыстыратындығында.
Позициялау – бәсекелестердегі позицияларға қатысты тұтынушылар түсінігінде бренд үшін өте тиімді позицияны жобалау және құру.
Позициялау мақсаты – тұтынушыларды тарту үшін бәсекелі ортада саралау.
Айта кету керек, мәселе тұтынушының ақыл-ойында, тауардың субъективтік көзқарасында емес, шын мәнінде оның қандай орынға ие екендігінде болып тұр.

Қабылдау – шындықтан маңызды.


Терминді мысалмен түсіндірейік. «Х» компаниясы ыдыс жуатын сұйықтық шығарады делік. Дүкендерде осындай тауардың ассортименті көп, тұтынушыларда мынандай сұрақ туындайды: бұларды қалай ажыратуға болады? Ал өндірушілер неге ерекше көңіл аударулары керек, немен ерекшеленеді? Бәсекелестері арасын- да қандай позицияны таңдауы керек? Таңдау кезінде мынадай ерекшеліктер қажет:
    1. Бәскелестерде жоқ аспектіні таңдау


Бұл кезеңде бәсекелестерді талдау, олардың позициялары мен бір-бірінен айырмашылығын айқындап алу үшін, олардың тауар ассортиментіне талдау жүр- гізіледі.

Бір бәсекелесте ыдыс жууға арналған сұйықтық жағымды иісімен ерекшелен- се, басқасында майды жақсы кетіретінін анықтадық делік. Үшіншісі тауарды жа- пондық экологиялық таза химия ретінде позициялайды және т.б., бірақ нарықта гипоаллергенді сұйықтық шығаратын бірде-бір компания жоқ. Мысалы, балалар ыдысын жуатын сұйықтық (немесе басқа).

Міне, бос позицияны таптық (көбірек тапсақ тіпті жақсы). Тізім жасадық. Нақты нені таңдау керек?




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет