Бағдарламасы бойынша жарық көрді Б. ҚАлмағанбетов: СӘЙГҮлік өмір/ Б. Қалмағанбетов



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата17.01.2017
өлшемі41,33 Mb.
#2101
түріБағдарламасы
1   2   3   4
                             (САМУИ АРАЛЫ)
Көз салсақ география картасына
Көп онда жазық дала, жартасы да.
Самуи аралы мен келіп саған,
Түскендеймін жұмақтың ортасына.
Бермесе де көктегі саған айды,
Адам бәрін өзінше бағалайды.
Жамылған кокос пальмаларын ылғи,
Ұнаттым таза тропикалық жағажайды.
Көңіл шіркін мәз болып, сайрандай ма,
Бәрін адам қолымен қойғандай да.
Жан-жағыңа көз салсаң жасыл әлем,
Жерге әкеп біреу кілем жайғандай ма?
Шетелде саяхатта жүр едіңіз,
Қабыл болар бар ой мен тілегіңіз.
Аласыз қолға барлық мүмкіндікті,
Робинзон Крузодай бір өзіңіз.
Көтеріліп сезім де жайланады,
Көп дейді таза ауаның пайдалары.
Джунглидің ортасында отырып-ақ,
Көресіз бүкіл дүние, айналаны.
Жайнайын қауыз ашып, гүлденейін,
Деп тұрғандай бас иіп гүлге дейін.
Табиғат  та, адам да, жануар да,
Көрінер тұмсығы ұзын пілге дейін.
Білім нәрін рухани тұтынар,
Дәмін татқан жегісі кеп жұтынар.

Сәйгүлік өмір
173
Демалуға Таиландта дәстүр бар,
Кітапхана – шипажайын ұсынар.
Бәрі жеңіл, атқармайсыз күшпен де,
Күні бұрын ойлап кесіп-пішкен де.
Өзіңіз-ақ әп- сәтте ұғып аласыз,
Көз салсаңыз төмендегі түстерге. 
Сұр түспенен теңіз жаққа жүріңіз,
Ал қызылды бассейн деп ұғыңыз.
Аппақ түс пе – кітапхана бұл өзі,
Зиялы боп кітап оқып шығыңыз.
Көп болса да қонағы тосқан әлі,
Бәрінің ашық-жарқын қас-қабағы.
Самуидың тарихы сонау ерте,
VI ғасырлардан басталады.
Жер емес тез аралап, барып шығар,
Мұндайға ерінбеген халық шыдар.
Алғаш рет мұнда кеп қоныстанған,
Малайзия, Қытайдан балықшылар.
Берік етіп қымтаған іргені де,
Қарама тілдеріне, түрлеріне.
Тау жынысы сан алуан кездеседі,
Пайдалы қазбалардың түрлері де.
Ауыл емес бұл енді басқа мекен,
Көргенімді ұмытпай мақтан етем.
70-жылдары бұл аймаққа,
Туристер алғаш қадам басқан екен.
Көп екен табиғаттың тосын жағы,
Кереметтің біз үшін ашылғаны.
Туризмнің дамыған кезеңі сол –
90 жылдардың басындағы.

174
Бижан Қалмағанбетов
Көзім көрді айтайын шындығын әр,
Бір күнінен алға озып, бір күні ұнар.
Рахатқа бөленіп жүрген бүгін,
Бұл аралдың 45 мың тұрғыны бар.
Айта салу дұрыс болмас жәй мұны,
Туризм  – бұл Самуидың байлығы.
Каучукті де өндіреді, қоса оған,
Кокос жаңғақтарымен де әйгілі.
Таиландтың бұл ауызға алар ірі елі,
Ортақ іске үлес қосқан сүбелі.
Самуидың әріптесі өте көп,
Алпыс арал қоршауында тұр өзі.
Қош болып тұр, дедім мен де, сен теңіз,
Таңғажайып сурет көрдім сенсеңіз.
Ол туралы естірсіз көп ертегі,
Айтарым сол – бір-ақ рет көрсеңіз.

Сәйгүлік өмір
175
                            ҚЫТАЙ
Бұлақ сынды арнасы кең арқырар,
Қай ел болсын салтыменен жарқырар.
Қытай деген бұл әлемде бірінші,
1,3 миллиардтан астам халқы бар.
Басады алға таудай болса талабы,
Бұл өмірден алған да көп сабағы.
Жер көлемі жөнінен де тек алға,
Ресей мен Канаданы салады.
Көргің келер бәрін сапар шеккенде,
Аңсаған сол шетеліңе жеткенде.
Қазақстан, Лаос, Вьетнам сияқты,
Шектеседі он төрт мемлекетпен де.
«Сырт көз – сыншыл» деген бәрін байқайды,
Таңғалғаннан бастарын да шайқайды.
Астанасын көріп пе едің Бейжіңді,
Ірі қала – Гуанчжоу мен Шанхайды.
Өзге күштің көп болса да қатері,
Сақталыпты ежелгі сөз, мәтелі.
Қытайлықтар тастамайды аузынан,
Дейді бәрі Конфуцийдің әсері.
Жағдайларға көз жіберсек былайғы,
Деректері жеткілікті, шырайлы.
Міне, қызық – жазба көздері бұл елдің,
3500 жылды бір-ақ құрайды.
Кәрісі бар, білек түрген жастар да,
Қолын жайып отырмайды аспанға.

176
Бижан Қалмағанбетов
50-жылдардың сол басында-ақ,
Өндірісі негізін сап, басты алға.
Ой-жігерді самғатты да алысқа,
Шықты бәрі социалистік жарысқа.
Бермеді ешкім қолдарынан намысты,
Дегендейін бір-біріңнен қалыспа.
Төтеп беріп кедергі мен сындарға,
Ел әрдайым абыроймен жүрді алда.
Көтерілді өмір сүру деңгейі,
1990 жылдарда.
Мемлекетті белсенділер басқарды,
Өз жұмысын әркім адал атқарды.
Азық -түлік  мәселесі шешіліп,
Ішкі өнім өндіру де жақсарды.
Құлпырды да саяжай мен бау жағы,
Қалалар мен тіпті шағын ауданы.
45 пайыз үнемдікті құрайтын,
Алға тартты елде сыртқы сауданы.
Тисе-дағы кертартпалар салқыны,
Ортақ іске қосты жұртты-жалпыны.
Сауда-саттық жүрді бізге тарихтан,
Белгілі сол «Жібек жолы» арқылы.
Қаржы түсіп, көңіл шіркін жайланды,
Берік ұстап тұрды олар байламды.
Оңтүстік Корея, Жапония, АҚШ-та,
Айнымас серіктестікке айналды.
Маңдай тер де төгілмейді бекерден,
Сол еңбектің қайтарымы өтелген.
АҚШ-тан соң екінші орын біз дейді,
Инвестиция көптеп тартқан шетелден.

Сәйгүлік өмір
177
Рух беретін қазіргідей заманға,
Бейнелер мен ескерткіш көп алаңда.
Мәртебесін алған бүгін ауданның,
Тоқталайын Сянгамдай аралға.
Білінбейді бай адам кім, жарлы кім,
Сонау өткен жылдарменен қалды мұң.
Сянгамға жұрт жиі бұрар ат басын,
Орталығы ол сауда және қаржының.
Бардым, көрдім, сырыңа мен қанықтым,
Жүздері де жайдары екен халықтың.
85-інің өкілдігі осында,
Әлемдегі әйгілі 100 банктің. 
Беймәлім ғой кереметі қай маңның,
Мен шетелде жүріп біраз ойландым.
Қазақстан қашан бұған жетеді,
22 млн. тұрғыны бар Тайванның.
Бәрі қызық, жету қиын шегіне,
Айта бергің келеді ылғи беріле.
Үш мың жылға созылады сенсеңіз,
Медицина тарихының өзі де.
Шаруалары жетсе де іске асырған,
Жұмбағы көп әлі де ішке жасырған.
Кітап басу қолға алынып ертерек,
Басталыпты V-VI ғасырдан.
Ізденсе кім – сол өмірде ұтады,
Жайылған ел жапырағы, бұтағы.
Басылыпты  алғаш рет Қытайда,
Тұңғыш фармакология кітабы.
Көп аралап, жүруге аяқ талса да,
Өзіңе-өзің жігер бер де, шаршама.

178
Бижан Қалмағанбетов
Қытайдан сен ораласың мәз болып,
Ал мәдени мұралары қаншама?
Бара онда тума-туыс, досыңыз,
Оларды тек жақсылықпен тосыңыз.
Мұрасы ма –Ұлы Қытай қорғаны,
Оған Гугун мұражайын қосыңыз.
Бәрі-бәрі сияқты бір ертегі,
Өткенің мен бүгінгіңді шертеді.
Демалысың біткен ойға түскенде,
Әттеген-ай, уақыт неткен келте еді?!
Дейсің де сен қарамайсың жауынға,
Қол жүгің бе – жеңіл ме, әлде ауыр ма?
Туған елге құстай ұшып жетесің,
Бауыр басып, кіндік кескен ауылға.
                  
                              

Сәйгүлік өмір
179
                             
                                 КҮНІМ
Күнім менің!
Бәлкім сенің түсіңе  жиі енемін,
Сағынышпен күй кешкен жарасымды,ә?
Еркелетіп, құшақтап сүйер едім
Көк шалғын мен гүлдердің арасында.
Сандуғашым менің!
Сені ылғи тыңдар едім бақтардан,
Көңіл шіркін осындайда босай ма?
Қиялдаймын кездерімді шаттанған,
Алыстасың, көктем тірлік жасай ма?!
Махаббатым менің!
Ғашықпын мен сенің мойыл көзіңе,
Желге айтар ем сен жоқсың ғой жанымда.
Құштарлықты жел жеткізсе өзіңе,
Сезім шіркін ойнайды ыстық қанымда. 
Сұлуым менің!
Мөлдір судай құйылып ағар едім,
Жаңбыр болып тұрсам сенің шашыңда.
Ерніңнен тамшы болып тамар едім,
Ылғи менің болсаң өзің қасымда.
                                                    

180
Бижан Қалмағанбетов
               ӨМІР СҮРЕ БІЛУ КЕРЕК
Қайғы-мұң деген шартты ұғым,
Дей алман одан тайсалдым.
Құдайдың берген әр күнін,
Қуанышпенен қарсы алдым.
Шексем де азап жаста да,
Ұмтылдым алға жұбанып.
Тіпті жалған махаббатқа да
Қарадым қатты қуанып.
Ауру-сырқат келсе де,
Болмадым әлсіз, жылауық.
Жұмысшы үлкен мәртебе,
Кірістім білек сыбанып.
Көз салсам өткен күндерге,
Таңданып басты шайқаймын.
Риза екен халқым біздерге,
Жүздерден жарқын байқаймын.
Бақытты жансың дегенге,
Жымиып иек қағамын.
Өмірдің сыры тереңде,
Білгенге мақтанамын.
                                          

Сәйгүлік өмір
181
                              ӨМІР  ҚЫСҚА
Бұл сөзімді шүбәлі де, сен мейлі,
Ағымдар да саған ерік бермейді.
Өмір қысқа, ал дүние баянсыз,
Қысқа жіптей күрмеуге де келмейді.
Бар жақұтың, алтын, күміс, алмас та,
Ол бірге еріп о дүниеге бармас та.
Ренжіме, қарғап және қылмыспен,
Зәбір жасап жақыныңды зарлатпа.
Тірлігіңде істерің көп бастаған,
Қарсы да кеп, ешкім де жоқ жасқаған.
Өкінішті, бұл дүние өткінші,
Сол орныңда отырады басқа адам.
                                                         

182
Бижан Қалмағанбетов
                            ӨМІР СҰЛУЛЫҒЫ
Жеке қайғың, әрине, емес жеңіл мұң,
Сыйлашы тек бар қасиетін теңіңнің.
Әйтпесе әлем бөлшектеніп кетер де,
Сұлулығы тамам болар өмірдің.
Өмір қызық, өмір сұлу зулайды,
Адам болсаң жұтпайсың да құр қайғы.
Ақыл менен арын сатқан жан көрсем,
Жүрек байғұс дүрсілдейді, сыздайды.
Табиғаттың құпиясы көп жасаған,
Алтын қолды керемет те осы адам.
Асыл туған арыстарды аңдып біз,
Құлатпақ боп, тас атпайық тасадан!
                                                            

Сәйгүлік өмір
183
                      ҚҰС  БОЛСАМ...
Еліктеймін құстарға,
Көктің сырын білетін.
Бұлтты жарып ұшсам ба,
Күн қасымда күлетін.
Жел бағыты бойынша,
Қанатты түзеп алдым мен.
Менің әсем ойымша, 
Бақылау оңай тағдырмен.
Көк аспанды барласаң, 
Тыңда  дейді сырымды.
Қанатты құс болмасаң,
Тіле бостандығыңды.
Айтқан маған келелі,
Бұл атамның сөзі еді.
                             
                                  

184
Бижан Қалмағанбетов
                               МАХАББАТ
Махаббат  па, 
қара түске боялған,
Жүректе мөр,
 оны ешкім жоқ жоя алған.
О, ақылшым, сен қайдасың данышпан,
Құдай мені өлтірердей,
Селк етіп мен оянғам!
Жалынды ағын қуаты бар пендеге,
Тұлпардайын тыпыршыған кермеде.
Ақылым-ау,
Сен қайдасың ол кезде,
Сақсызыңды тоқтатпайсың сен неге?
Сазымның қылдарын үздірсін,
Жүрекке сағыныш түздірсін.
Пәк сезім соғылсын тастарға,
Суытпа, сен мені Гүлдірсын!
Қанжар да қадасаң тұрғаным,
Кісеннің табармын бір қамын.
Тек гүлге қатты сөз жараспас,
Алдамас үзілген қылдарым.
                                                
       

Сәйгүлік өмір
185
                           ІЗДЕДІМ СЕНІ
Мен сені іздедім шөлдерден,
Кең дала, аспаннан, көлдерден.
Сен үшін өлшемсіз деп таптым,
Ештеңең жоқ екен өзгерген.
Жебедей ұштым мен аспанға,
Дейтіндей бас алға, жасқанба.
Күнсіз де мен өмір сүрермін,
Сәулеңді ақ таңда шашқанда.
Мен сені сүйермін, тосармын,
Тек сен деп мен мың жыл жасармын.
                                                 

186
Бижан Қалмағанбетов
                   КӨЗІҢДЕ  ШАТТЫҚ...
Жаныңнан тынымсыздық сезіп мен де.
Жүректің тапсаңдаршы бірің емін.
Жолыңда бөгеттерге кезіккенде,
Білмеймін мен де еріксіз сүрінемін.
Көзіңде шаттық оты көрінгенде,
Жүрегім кетеді ылғи қуаттанып.
Күлгенде әдемі екен еріндерің,
Көрінер шырақтанып.

Сәйгүлік өмір
187
                      КӨБЕЛЕК  ПЕ  ЕМ...
Қойса күндер егер өтпей,
Бір көруге асық болдым.
Отқа ұмтылған көбелектей,
Мен өзіңе ғашық болдым.
Тағдырымнан көрем міне,
Өз жайыңнан қанық та еттің.
Отқа тосып денемді де,
Жақындап ем жанып кеттім.
Түнгі аспанда жарық айым,
Тұзсыз тілге дәм де бердің.
Күзбен кетсін бар уайым,
Көктем болып сәнденермін.
                                              

188
Бижан Қалмағанбетов
                             БҰРЫМДАР
Қалай сырды ақтарамын,
Жеткізе ме жырым да.
Өтіп кеттің жалт қарадым,
Арқадағы бұрымға.
Демен көңіл тынышталды,
Айтатын бір сырым бар.
Көз алдымда тұрып қалды,
Сол әдемі бұрымдар.
Сұлусың да, сүйкімдісің,
Не деуің де беймәлім.
Ұрласаң да ұйқымды шын,
Сөз айтуға қимадым.
Сен біреудің жұбайысың,
Айтпасаң да мұның мәлім.
Бермес тыным құдай үшін,
Бұйра-бұйра бұрымдарың. 

Сәйгүлік өмір
189
                     ЖҮРЕК ЛҮПІЛІ
Дарын деген кез-келгенге қонбайды,
Оның бәрі ақыл-ой мен санадан.
Жүре-бара адам ақын болмайды,
Ақын болып туады ол анадан.
Кейде қолмен көсейді де шоқты олар,
Артық айтып, кейде басар жаңсақ та.
Магмадай қайнап тұрған от болар,
Жер шарының қай бөлігін алсақ та.
Қызықпайды ол атаққа да, жүлдеге,
Ажырамас қадір-қасиет, салтынан.
Шықса шығар ел-жұртым деп мінбеге,
Өзін биік санамайды халқынан.
Мүмкіндігі керемет қой адамның,
Алға мақсат қойып, оны жасар да.
Мынау ауыр зілзаласын заманның,
Көтеретін иық керек қашан да.
Үмітіңе сенім арт та үкілі,
Өр кеудең сол болсын оның ұясы,
Жүрегіңнің қосылмаса лүпілі,
Қаламыңның кеуіп қалар сиясы.
                 

190
Бижан Қалмағанбетов
                               ҚЫЗДАР
Қыздар, қыздар көздерің күлімдеген,
Жазсам деп ем сіздерге шырынды өлең.
Көктем келіп құлпырып кетіпсіздер,
Бұрын мұндай сұлулық білінбеген.
Бозбала жүр сендер деп жырым да, әнім,
Болмаған соң оларға сырың мәлім.
Қайда кеткен қос бұлақ секілді еді,
Тобыққа ұрған қап-қара бұрымдарың?
Аққу-сезім ұша ма қалқып ойда,
Айлы түнде қос сырғаң жарқырай ма?
Баяғының қыздары тастамайтын,
Шаштарыңда сылдырмақ, шолпы қайда?
Бақытыңмен қоштаспа ұнап тұрып,
Айқайлама  қалмасын құлақ тұнып.
Бұрым, шолпы, сырғаң да дәнеңе емес,
Махаббатқа керегі тұрақтылық!
Толқыны ұрған жағаға өр теңіздер,
Сияқты ғой  кешегі он сегіздер.
Ең алдымен қажеті, жетіп жатыр –
Бір-біріңе қалтқысыз сенсеңіздер.
Ханымдары осынау сүйікті елдің,
Жан-жарым бар, дей алман үміткермін. 
Бағалаңдар әрдайым махаббатты,
Аялаңдар сезімін жігіттердің.
Атсын дейін арайлап тұнық таңдар,
Дүниеге, байлыққа қызықпаңдар.
Отбасының күні ертең ұйтқысы да,
Тірегі де өздерің ұмытпаңдар!

Сәйгүлік өмір
191
                     БИ  КЕШІНДЕ
Тұманды шақ түсім бе,
Бәйтерек ем мәуелі.
Үлкен залдың ішінде,
Қызды бидің әуені.
Қыран жігіт қорқа ма,
Аяқтарын нық басып.
Алып  шықты ортаға,
Бойжеткенмен жұптасып.
Бітер емес егесі,
Ей, бозбала, қызынба.
Гүл майысқан денесі,
Сұлу екен қызың да.
Ашылып бір сөйледі,
Мұндайда кім тартынбақ?
Көтеріліп көйлегі,
Бура сандар жарқылдап.
Қандай қызық тамаша,
Ал үнсіздік дұрыс па?
Бір қыз тұрды оңаша,
Көңілсіздеу бұрышта.
Несіне мен именем,
Болмас сірә тым айып.
Шақырдым да биге мен,
Тұрған қызды мұңайып.
Жүр далаға шығалық,
Қиям саған түнімді.
Деген  сәтте ол қуанып,
Бетіне қан жүгірді.

192
Бижан Қалмағанбетов
Әп  дегенде-ақ өшті мұң,
Балбұл жанып гүл өңі.
Құшып тұрып естідім,
Алқынып тұр жүрегі.

Сәйгүлік өмір
193
                         ГҮЛДЕР
Ағы, көгі, сарысы, қызылы ма,
Ден де бермей жұртшылық ызыңына.
Гүл сататын алаңда жүрмін, міне,
Хош иістің бөленіп қызығына.
Сатушы да тіс қаққан аңғарымды,
Мақтайды кеп құп көріп алғанымды.
Әр гүлге бір еріксіз ұмтыламын,
Білмеймін де қайсысын таңдарымды.
Келді асығыс жүгіріп бала қыран,
Гүл ұсынар айналдым талабынан.
Өңі қанық, әдемі көрінеді,
Жұлынса да ертерек сабағынан.
Жадыратар жаныңды тым ерегі,
Бір топ жастар әндетіп жүрер еді.
Ауыл маңын көктемде көмкеретін,
Қызғалдақтар түсіме жиі енеді.
Солып босқа майысып құрығанша,
Өтсем дей ме бөгелмей тұрып онша.
Бір бумасын қалаған сатып алдым,
Бас қатырып жатпадым құны қанша?
Бәрін  қосып жақсыға жарамдыға,
Саудагерлер көтерер бағаңды да.
Бірақ, бірақ пендені мәз етуге,
Бұрып тұрар жүрегім алаң мына.
Әппақ шыңға қиялмен шығам-дағы,
Қол созамын күндерге түу алдағы.
Сыйлығыңа мәз болып жас балаша,
Қандай жақсы адамның қуанғаны!

194
Бижан Қалмағанбетов
                           КӨКТЕМ
Теуіп-теуіп тастасаң тепсеңдерді,
Қара жерге дән шығар ексең де енді.
Қыс көрпесін сүйретіп кете барды,
Табиғаттың жас шағы көктем келді.
Ауыл-аймақ желпінтіп тың даланы,
Ағаштар да көктейді, бүр жарады.
Алтыбақан құрылып алаңдарда,
Қыз-жігіттер  мәз болып ырғалады.
Алқаптар мен жан бітіп егістерге,
Наурыз келіп кәрі-жас көріскенде.
Таңғы ұйқыңнан бозторғай оятады,
Мал беттейді жайылым, өрістерге.
Құлып тұрмас бұл күндер есігіңде,
Ескі өкпеңді болады кешіруге.
Ауылдастар той етіп атап өтер,
Аман-есен жеттік деп осы күнге.
Тәтті әуендер кетпейді құлақтардан,
Сәлемдеме жетеді жырақтардан.
Киіз үйге қарлығаш ұя салып,
Бір әуезді үн естілер бұлақтардан.
Мейірімді де, ақкөңіл көрінесің,
Қиялдарға бейуақыт берілесің.
Қыста киген тоныңды шешіп тастап,
Өзің де бір ерекше жеңілесің.
Жайсаңдар мен жақсы кеп ортамызға,
Қазағымның айналсын салты аңызға.
Мейірімділік құйылып жанарлардан,
Көктем-көңіл тілейік баршамызға!

Сәйгүлік өмір
195
                         СЕНІҢ  КӨЗІҢ
Қапаландық бекер біз,
Біргеміз ғой екеуміз.
Жазылмасын жұбымыз,
Қиындықтан өтерміз.
Күлші, кәне, сүйіктім,
Өзіңді аңсап жүріппін.
Жасартады махаббат,
Сен қызсың, мен жігітпін.
Мен бар жерде дір етпе,
Сағынышыңды үдетпе.
Көңіліміз әлі жас,
Қартаймайды жүрек те.
Өмір мынау сүйгенім,
Кейде  қайғы, кейде мұң.
Маған бақыт сыйлайды, 
Сен жанымда жүргенің.
Кетсең ұзап жанымнан,
Мен жолыңа табынғам.
Таусылғанда тағатым,
Барам іздеп соңыңнан. 
Билегенсің сананы,
Сүйесің сен сенгенім.
Жүрекке от жағады,
Сенің мөлдір көздерің.
Қажет емес сөз деген,
Жүректі де емдеген.
Табысармыз екеуміз,
Түсінісіп көзбенен.

196
Бижан Қалмағанбетов
                        САҒЫНЫШ
Жасыл кілем құрақтары, 
Ауылымның мол екен.
Бұлақ үні құлақта әлі,
Сағынышым сол екен.
Орман жаққа барам әлі,
Айналмалы жол екен.
Көз  алдымда алаңдары,
Сағынышым сол екен.
Диқандар  да бар ауылда,
Егін еккен қолы екен.
Нанның иісі танауымда,
Сағынышым сол екен.
Туған жерге аттанамын,
Бақытым да, мерекем.
Ауасымен бас жазамын,
Сағынышым сол екен.

Сәйгүлік өмір
197
              ЖАЗМЫШ ЖАРАСЫ
Бәрі жақын тума-туыс сауыңда,
Күліп келіп сәлем берер жауың да.
Жазмыштың  екпіні апат құласа,
Бас кеудеңді керіп қарсы дауылға.
Тек жалқаулық баспасыншы пысыңды,
Ертеңіңе көлеңке олар түсірді.
Сезілмесін осалдығың, жігітім,
Жина да ұмтыл, алға соңғы күшіңді.
Үйренерсің өмір заңы бұған да,
Болашаққа бал ашпайды сыған да.
Үзбе үмітті, таңың да атар күлімдеп,
Тез тарқайды көңілдегі тұман да.
Бәрі-бәрі байланысты қарашы,
Қайғы, бақыт қас пен көздің арасы.
Абдырамай тек берік бол өзіңе,
Жазылады жазмыштың да жарасы. 

198
Бижан Қалмағанбетов
                                  ҮЙЛЕНУ
Көңіл бүгін орнықты алаңдардан,
Өтіп талай кедергі, қамалдардан.
Қыз бен жігіт төрде отыр қос аққудай,
Дастарқан тұр майысып тағамдардан.
Үйде тыныш қалайша жата аламын,
Деп келіпті әже мен аталарың.
Ақ жол тілеп жастарға баршасы да,
Айтып жатыр жылы лебіз, баталарын.
Тағдыр енді сіздерге тарылмасын,
Күзің емес, болсыншы жазың басым.
Сыр бөлісіп, бақытың таси берсін,
Өмір бойы жұптарың жазылмасын!
Қимастық жас, бақытын тосады адам,
Жұбайлық шақ басталар осы арадан.
Қазағымның үлгілі отбасы боп,
Сәби үні естілсін босағадан!

Сәйгүлік өмір
199
                             КӨК  МЕШІТ
Тірілер, ойлан, сырды аңда,
Мойныңды бұршы құрбанға.
Осында ата-бабаң да,
Әруақтар жатыр бұл маңда.
Бағыштап құран азаннан,
Жастарын сүртер жанардан.
Топырағы қалып тып-типыл,
Көптеген қабір жоғалған.
Сөзімнің айтсам астарын,
Билейді мені басқа мұң.
Мұсылмандығын ұмытпай,
Ұстасын дінін жастарым.
Басына түспей азап күн,
Отына күймей тозақтың.
Мейірімді, әрі әділ боп,
Шығарсын атын қазақтың.
Мықтыны талай құлатқан,
Басың да қатар сұрақтан.
Кінәсіз, таза жан болсаң,
Табылар орын жұмақтан.
Бұл жерде күлме, қарсымын,
Өсиетім, айтар бар сырым.
Ренжіспейікші өмірде,
Сабындай қысқа қамшының.
Суық жел келіп үргенде,
Солады қурап гүлдер де.
Ерте ме, кеш пе келерміз,
Бабалар жатқан бұл жерге. 

200
Бижан Қалмағанбетов
                           ҚЫЗ ҰЗАТУ
Жаралғандай таң нұрдан,
Мейіріңді қандырған. 
Бойжетіпті қызымыз,
Кешегі балдырған.
Еркін өскен шынарым,
Іштей үнсіз тынамын.
Ұшқалы сен тұрсың ғой, 
Табылып  сыңарың!
Қайырмасы:
Той-думан да жасалар, 
Қабыл болсын баталар. 
Біздер айтар ақ тілек, 
«Қосағыңмен қоса ағар!»
Қимастық бар көңілде, 
Бақытты бол өмірде!...
Жүзіңді мұң шалмасын,
Ақ періштең қолдасын.
Бірге болсын әрдайым,
Сенімің жолдасың. 
Қимастықтан шырағым,
Жүрек толқып тұр әлі.
Татулық пен сыйластық, 
Махаббат  ұраны.

Сәйгүлік өмір
201
              ҚЫЗЫМ НАЗЕРКЕГЕ
Біз өзіңді мәпелеумен өсірген,
Бал қылығың кетпес әсте есімнен.
Еркелей бер ата-анаңа наздана,
Құттықтаймыз бес саусақтай бесіңмен!
Сенің әркез тілегіңді құп алып,
Жақсы ісіңе жүреміз біз  қуанып.
Сахнадан көріп сені мәз болдық,
Би билейсің балғын денең бұралып.
Пендеге ол мәселе емес жиды не, 
Тек сәби ғой жайнататын  үйді де.
Ойыншықтармен ойнатасың жұбатып,
Қамқоршысың Ғазизадай сіңліңе.
Қимай кейде жатсаң да сен ұйқыңды,
Саған әкеп ұсынады сый түрлі.
Келсе айналып-толғанады олар да,
Үш ағаңа қарындассың сүйкімді.
Бәрін тыңдап, жібермес қалт құлағың,
Қоятын көп ата-анаға сұрағың.
Кітаптар мен журналдарға үйірсің,
Әріптердің біліп қалдың біразын.
Енді, қызым, жаңа достар табасың,
Тек солармен болсын деймін жарасым.
Өйткені сен ашып мектеп есігін,
Биыл күзде дайындыққа барасың.
Шаттық орнап, ән құйылып көңілге,
Құтты болсын айтсын достар төрімде.

202
Бижан Қалмағанбетов
Биіктерге жетсін қолың көздеген,
Сол тілегі Әлия мен менің де.
Күліп атсын тек алдыңнан ақ таңың,
Ата-ананың зор үмітін ақтағын.
Денің сау боп, еш алаңсыз өсе бер –
Нұрлы болсын бал-балалық шақтарың!

Сәйгүлік өмір
203
            ЕРКЕ ҚЫЗЫМ ҒАЗИЗА!
Ғазизажан, ерке қызым, бұзығым,
Тәтті бізге сенің әрбір қылығың.
Төртке толдың, құтты болсын туған күн, 
«Сүттен де ақ, судан таза» тұнығым!
Сен болмасаң үйім де бос бір түрлі, 
Әртүрлі ойлар қашырады ұйқымды.
 Денем балқып, біраз жасқа жасарам, 
Естігенде сенің шуақ күлкіңді.
Жаным былтыр сен мұңайдың бекерге, 
Жолаушылап біз алысқа кетерде.
Биыл, міне, сәті түсіп өзіңді,
Алып бардық Түркияға – шетелге.
Дельфинарий, теңіз үсті, лағыл бақ,
Аралаттык бұйрығыңды қабылдап.
Ең бастысы түсті көңіл орнына,
Саған берген уәдені орындап.
Сәби жанның ерке болса несі мін, 
Дейміз-дағы береміз көп кешірім.
Назеркедей апаң енді оқушы,
Ашты биыл алғаш мектеп есігін.
Қызым, ойна, жас шағыңда жарқылда, 
Сәл нәрсеге өкпеңді айтып, сарқылма. 
Сәл-сәл шыда, жүзеге асар ойларың,
Пәк күлкіңді теңемейміз алтынға.
Мамаң, папаң жақсы лебіз толғап ап,
Жүрекке орап сонсоң саған жолдамақ.

204
Бижан Қалмағанбетов
Мұң шалмасын ешуақытта жүзіңді.
Бізге ертең боларсың сен қолғанат.
Берілетін бейуақытта сан мұңға,
Себеп те жоқ  ризамын тағдырға.
Сен де аман бол, біз де есен-сау жүрейік, 
Қызым, әлі бар қызығың алдыңда.

Сәйгүлік өмір
205
ҒАЗИЗАҒА
Естісем болды ана сенімін азамат екен ақтапты,
Отбасын әркез шаттықка бөлеу қойған ем осы 
                                                  мақсатты.
Сары ала күзде шыр етіп өзің дүниеге келдің, 
                                              жарығым –
Ғазизам менің құлдырап жүрген қылығың 
                                         қандай тәп-тәтті.
Назерке-ау дейсің, тетя Люда-ау дейсің сөзге де 
                                           сонша ұстасың,
Еркесің өзің, түсінікті бізге анау-мынауға да 
                                                  ықпасың.
Бет-жүзің ақшыл, шашың сап-сары еуропалық
                                      тектес сары қызым,
Ақ тілекпенен айтамыз саған құтты болсын 
                                           деп үш жасың!
Қызғаныш па екен жақтырмай сонда қарап 
                                        қалдың-ау үрпие, 
Таиланд пенен Түркияға барған Назеркеге де 
                                                      ілкіде.
Қашан болады туған күнім деп асығып жеттің 
                                                    бүгінге,
Клоундар да кіріп келер-ау батырып бізді 
                                                    күлкіге.
Үзілмесінші қуаныштарың, жанымның 
                                            сендер желегі,
Анаң да жібіп, мейірімін төгіп, құшактап, 
                                               сүйіп-өбеді.
Қайда апар дейсің, апарамын да, көрсетем 
                                        саған жер шарын, 
Ботақандарым өздерің үшін қолымнан бәрі  
                                                     келеді.

206
Бижан Қалмағанбетов
Құпиясы терең заманда мынау аз болсын 
                                           кезің  жылаған,
Асыр сап ойна, жасқанба бізден, мен сені 
                                           қазір сынаман.
Балалық шақтың балдәурен сәтін өткізіп                   
                                           ешбір алаңсыз,
Шаңырағымызды күлкіге бөлеп, денің 
                                    сау болып, жүр аман!

Сәйгүлік өмір
207
                    ЖАН ЖАРЫМА
Қанат беріп ұшырды ауыл мені,
Бәрі туыс, көз-көрген бауыр да еді.
Әлияшым – базары отбасымның,
Туған күнің құтты болсын сәуірдегі.
Төгіліп бір жүзіңнен күн арайлы,
Елестеттің  бейкүнә құралайды.
Он сегіздей көзіме көрінесің,
Әйел жасын дейді ғой сұрамайды.
Кем-кетігін мен үйдің түсінбеспін,
Махаббаттың байқамас күшін де ешкім.
Ғұмыр кешіп, саналы мына өмірде,
Қабағыңа қайғы-мұң түсірмеспін.
Тәрбие алған қазақи үлгісімен,
Қарап қалар қызыға жұрт ішінен.
Назерке мен кішкентай Ғазизамыз,
Қуантады пәк, мөлдір күлкісімен.
Өткен күндер тең келмес алтынменен,
Қимылыңнан ширақтық, қарқын көрем.
Он бесіңде қатарың алды болып,
Бітірдің сен мектепті алтынменен.
Ата-анаң да ойыңды құп алыпты,
Сен бітіріп шыққанда Жұбановты.
Қызыл диплом иесі қаржыгер боп,
Сүт кенжеміз озды деп қуаныпты.
Беріктігі белгілі іргенің де,
Алаңдаман сен үйде жүргеніңде.

208
Бижан Қалмағанбетов
«Нұрбанкте» бүгінде қызметің,
Жетекшісің беделді бір бөлімге.
Төрімізде ағайын, достар, әні,
Келді бәрі құттықтап, қоштағалы.
«Әке көрген оқ жонар», папаң бүгін,
Хромтаудың қаржысын басқарады.
Қол қусырып, тұрған жоқ намыс көріп,
Қарашы әне, жатыр ғой бәрі істеліп.
Ұлағатты ұстаздың бірі атанып,
Ағылшынша анаң жүр дәріс беріп.
Демегін сазды әуеннен бейқам әлі,
Шымырлап жүйке, буын, құйқалары.
Тыңдайды сенің салған әніңді елітіп,
Тартқанда бойың балқып  гитараны.
Қосылмайсың бас изеп, қоштағанға,
Сөзің де жоқ түсінбес оспадарға.
«Бірліксіз жоқ тірлікті» терең ұғып,
Ағайынға жайлысың, дос-жаранға.
Бір еркектің мерейлі бағысыңдар.
Бір дастарқан басында табысыңдар.
Әйел деген әр үйдің компасы ғой,
«Тату болса ас көп қой абысындар!»
Өзгелердің гөй-гөйін неғыламын,
Қиналғанда жаныңнан табыламын.
Әркез мені күлімдеп қарсы аласың,
Шаттық толы өзіңмен шаңырағым.
Тура қарап, жүзіңе қадалайын,
Жан жетпейді теңеуге саған айым.
Бақыттымын шын сырым, ағайындар,
Адал жар деп мен сені бағалайын. 

Сәйгүлік өмір
209
Көп сөйлейді демеңдер осы ағамыз,
Кәне, тұрып бәріміз тост аламыз.
Әлияшым, өмірің ұзақ болып,
Берік болсын мерейлі босағамыз!
                                                    20.04.2011 
ж.

210
Бижан Қалмағанбетов
                   БОЗ КІЛЕМНІҢ ШАҢЫН
                      ҚАҚҚАН БАТЫРСЫҢ
Дәулет Тұрлыхановқа
Ел сыйлаған азаматсың бүгінде,
Бауырмалдық, жылылық бар түріңде.
Өткеніңе шолу жасап көрейік,
Қарашада сенің туған күніңде.
Осындайда жыр құйылар көмейге,
«Жақсысын айт жақсылардың» демей ме.
Кіндік қаны тамған Абай, Мұхтардың,
Сен туыпсың  шежірелі Семейде.
Жалғастырар болсам сөзді ретпен,
Құттықтаймыз сені аппақ жүрекпен.
Құтты болсын, ал Дәулетжан туған күн,
Кең дүние есігін ашып, шыр еткен.
Отбасында он баланың бірі едің,
Тек ата-анаң болды пірің, тірегің.
Жастайыңнан жәрдем беріп соларға,
Талпынды алға соғып балғын жүрегің.
Дәріс оқып, білім берген талайға,
Ұстаздарын шәкірт шыңға балай ма?!
Озық ойлы болды адал педагог,
Мәрзия апай, Болат сынды ағай да. 
Кимегенмен кедейшілік қамытын,
Айтқанымның өтірігі жоқ бәрі шын.
Бөкең жазда комбайнға отырды,
Үй жағдайы, бала-шаға қамы үшін.

Сәйгүлік өмір
211
Жоспар берік, ол кез емес демалар,
Ертегідей ойға бәрі оралар.
Дәулет сені алғаш рет апарып,
Жаттықтырған спорт залы және бар.
Қан бүлкілдеп, ширығып бір от денең,
Тер тамшылап, осы жерден кетпеп ең.
Әкеңмін деп жасамады жеңілдік,
Саған талап қоя білді көппенен.
Талпынған жан мұратына жетпек те,
Ол қалмайды талай істен шеттеп те.
Бөкең сені Алматыға ап барды,
Мұңайтпасов атындағы спорт мектепке.
Тастап елге балалықтың желігін,
Сен қыздырдың енді спорттың көрігін.
Ауылға әкең зор үмітпен аттанды,
«Қажымұқандай палуан болса» деп ұлым.
Қарсыласын Дәулеттей-ақ жайпасын,
Бұл қазақты дегендей ел байқасын.
Жанкүйердің көз алдында тұр әлі,
Шалт қимылың, сенің әрбір шайқасың.
Әріптеске жібермеген есені,
Дәулет пе ол аңыз адам деседі.
Сегіз дүркін чемпионы болып ең,
КСРО - дай алып елдің кешегі.
Халық айтса қалт айтпайды бекерден,
Шындық қымбат бізге бал менен шекерден.
«Әлем чемпионы» болған бір кез өзің ең,
Қазақстан туын көкке көтерген.
Қайсарлық бұл  қуат берер тегінде,
Сенімділік, дем де құяр көңілге.

212
Бижан Қалмағанбетов
Сені көрдік әркез биік тұғырдан,
Шетелде де Барселона, Сеулде.
Біреуге іні, дос, ағасың жақынсың.
Талай игі іс тындырып та жатырсың.
Бірақ халық ұғымында Дәулетжан 
Боз кілемнің шаңын қаққан батырсың.
Күндер өтер сынаптайын  қас-қағым,
Зулар бәрі есте қалған шақтарың.
Парламентке депутат боп бір кезде,
Халқың қолдап, ел үмітін ақтадың.
Басқаннан соң ылғи алға оң ісің,
Кемтарлардан аямадың қол ұшын.
«Жарлы көрсем жебей жүрем әрдайым»,
Дейсің мұны азаматтық борышым.
Халқың көкке көтереді бағалап,
Жарасады палуан деген саған ат.
Жігерлі ұл боп сен үмітін ақтадың,
Әке алдында орындалды аманат!
Ешкім билік жүргізе алмас өмірге,
Сол әке жоқ, қимастық бар көңілде.
Апай төсті, құрыш білек жастарға,
Жаттықтырушы болдың бір кез өзің де.
Болса айтылар жақсы әңгіме хақы шын,
Көңіл бүгін көкке өрлеп, тасысын.
Бір ұжымның басшысысың беделді 
Спорт комитетінің төрағасысың.
Жайсаңдарға артар әркез ел сенім,
Отбасыңмен байқалар да өлшемің.
Гүлнәрадай құдай қосқан қосағың, 
Екі ұлың мен екі қызың бар сенің.

Сәйгүлік өмір
213
Ойға тоқып өткен жылдар елесін,
Толқындарды жарып жүзген кемесің.
Жаңалығын алдыңа әркез жайып сап,
Солар сені қуанышқа бөлесін.
Тілеулестер бере жатар бағаны,
Ертеңіңнің ашық болсын қабағы.
Алдыңда әлі тындырарың көп сенің,
Елуге де жеткен жоқсың сен әлі.
Ойламаймын қарттық саған жетті деп,
Бүгінгі лебіз, қабыл болсын көп тілек.
Жігер, қуат қос тізгінің қолыңда,
Соғысынан жаңылмасын от жүрек!
18 қараша,  2011жыл. 

214
Бижан Қалмағанбетов
                         ҚЫЗЫЛҚОҒА
         Ауданның 60 жылдығына
Алып жатқан Тайсойғанның жартысын, 
Көңіл бүгін көтеріліп, шалқысын. 
Маусымменен күліп келген мерекең – 
Қызылқоғам, құтты болсын 60-ың!
Босадық та бодандықтан, бұғаудан,
Шықтық талай қиындықтан, шылаудан.
Мал өсіріп, егін егіп, тас қалап,
Облысқа аты шыққан бұл аудан.
Егеменмін, еріктімін, азатпын,
Айы оңынан туды бүгін қазақтың.
Талай рет социалистік жарыста,
Туын  жеңіп алды республика, одақтың!
Ашып тастап азаттықтың түндігін,
Паш ететін бұқараның тірлігін.
Ауданымды өрге қарай сүйреген
Жайсаңдарды жырға қосар күн бүгін.
Осы аймақтьң дәм мен тұзы бұйырып, 
Кәрі-жасы келген екен жиылып.
Бұл ауданды он жеті жыл басқарды,
Аты мәлім Сейфолла аға Сүйінов.
Өткенді ойлап, ризасың, шат кеулің, 
Реті жоқ ауыл кедей, аш деудің.
Өз алдына Қазақстан съезі,
Депутат боп дәмін татты Мәскеудің.

Сәйгүлік өмір
215
Туған ауыл – бәрі менің есімде, 
Тартты ілгері ауданының көшін де.
 Адал еңбек қалмайды ғой елеусіз,
 Ордендері сыңғырлайды төсінде.
Алпыс жыл ма – кешегі күн бәрі аңыз,                      
Жайсаңдарды айтқызбай-ақ табамыз.
Төраға боп райисполкомды басқарды, 
Досалиев Аташ сынды ағамыз.
Бір қаласқан осы ауданның іргесін, 
Абзал жанды халқы қалай білмесін. 
Рухыңыз болсын риза демекпіз,
Осы тойда өзімізбен біргесіз!
Бүгін елге аттың басын бұрар күн,
Қалай ғана тебіренбей түрармын?!
Аташ пенен Сейфолла аға біз үшін,
Қос қанаты секілді еді қыранның.
            
Кешегіге көз жүгіртсек аға біз,
Тарихтардың қойнауынан табамыз.
Осы өлкені жырға қосқан жыраулар 
Ығылман мен Шернияздай бабамыз.
Дұшпанының басқа каптап терісін, 
Бермеген де, бұғып-қорқып келісім.
Ат ойнатқан осы өлкеде Махамбет,
Алты алаштың ұлтарақтай жері үшін!
Бүгінгі ұрпақ тарихымен өседі,
Сол жастарға сөз қалдырған көшелі.
Кешегінің данышпаны, көсемі,
Мұрат Мөңкенің ізі қалған деседі.
Бойды билер алып-ұшпа сезім бір,
Туған жерін түлетуде сенімді ұл.

216
Бижан Қалмағанбетов
Зейнолла мен Сәтімжандай жазушы,
Берқайырдай ақын шыққан өңір бұл!
Ұл-қыздарын кездері жоқ шеттеткен,
Білім беріп, қияларға беттеткен.
Бәріміз де түлеп ұштық, ағайын,
Крупская атындағы мектептен.
Ойлан, досым, сабырменен салмақта,
Түлектері жүр бүгінде жан-жақта.
Борыштар ғой аққу сынды құрбы да,
Борыштар ғой жігіттер де марқасқа!
Салт-дәстүр мен ел жоғалтпай ізгі үнін,
Жерлестерім түзесе екен тірлігін.
Басшылары қамын ойлап халықтың,
Босатпасын сан биліктің тізгінін.
Алпыс жылда алып тұрсың кең тыныс,
Бойға біткен секілді тың серпіліс.
Жетпіс, сексен, тоқсаныңды тойлайық, 
Халқың аман, болсын дейміз ел тыныш!
                   2005 ж.

Сәйгүлік өмір
217
               КУРСТАС ДОСТАРЫМА
                    
(26 жылдан кейінгі кездесу)
Достарым,  іздеп мені алаңбысың,
Самғады қанаттарын саған құсым.
Жастығымның куәсі, ыстық мекен,
Сүйікті қалам менің аманбысың?!
Келіп ек құшағыңа Қарағанды,
Көтеріп киім толы чемоданды.
Армияда ысылған жандармыз ғой,
Ойда тек білім алу сол алаң-ды.
Сол күндер еске түссе ертек те еді,
Сыра ішпеген деуші едік еркек пе еді.
КИПТ-ға бәріміз қабылдандық,
Әр үйдің бір-бір ерке, тентектері.
Топтасып жөнелеміз, тұру бар ма,
Ол кезде бөлінбеуші ек руларға.
Талай-талай аруға ғашық болып,
Тұманбайша жыр жаздық сұлуларға.
Әлемнің қожасындай күйге де еніп,
Шіркін-ай, еркін өмір сүрген едік.
Қалаға аты шыққан, санасатын,
Авторитет «индустар» біздер едік.
Би биледік кештерде топты жарып,
Қиналмастан жібердік тост  да алып.
Батырсынып жатаққа ораламыз,
Таң алдында  көз ісіп, бет қызарып.
«Кітап деген – білімнің бұлағы» анық,
Бірімізден-біріміз сұрап алып.

218
Бижан Қалмағанбетов
Әйтеуір періштелер демеп бізді,
Сессияда сындардан құламадық.
Шалқып қалу, қыдыру санамызда,
Уақыттың ағымынан қаламыз ба?
Ауғанның соғысына қатысқандар,
Бар еді біздің де көп арамызда.
Біледі олар не түрін сілкіністің,
Құнын ерте айырған күрсіністің.
Келтіріп кейде бізді тәубемізге,
Жиі айтатын қымбатын тіршіліктің.
Бәрі таныс бұл аймақ атырабы,
Түлектерін жатсынбай шақырады.
Ортамызда жоқ бүгін достарға арнап,
«Торқа болсын дейік те топырағы!»
Әзіл айтып, көңілді шаттандырып,
Кеудемізде тұрған кез ақ таң күліп.
Бес жыл бірге, қоштасу қиын екен,
Тұрдық елге қимастан аттандырып.
Алып - ұшпа сезім бе, балалық па,
Мойын бұрып өткенге қарадық па?
Уақыт бізді екі есе есейтіпті,
Жиырма алты жыл өтіпті аралықта.
«Таныдың ба?» – достардың ол қыспағы,
Елестетіп бейнені сол тұстағы.
Сағынышпен қауышқан құшақтар-ай,
Бір сезімнің ерекше толқытқаны.
Жанарлардан тұңғиық сыр аулатқан,
Жастық өтті тырнадай тыраулатқан.
Ата-әжеміз сүйікті немереге,
Самайларды бұл күнде қырау басқан.

Сәйгүлік өмір
219
Айтсам мен сіздерге ашық жоспарымды,
Кездесіп, қоссам  дедім бастарыңды.
Өткенді, бүгінгіні толғайық бір,
Естиік  ақ тілек пен  асқақ үнді.
Таттық қой тұщыны да, ащыны біз,
Бірге өтті бәріңменен  жас күніміз.
Бұл күндері беделді  азаматпыз,
Бизнесменбіз, кеденнің бастығымыз.
Өсіңдер, өркен жайып, түлеңіздер,
Қалсын артта тарих боп сүбелі іздер,
Училище, мектепте директорлар,
Компания президенті мына біздер.
Білімдінің күні әркез жарық болар,
Мамандықтың қыр-сырын танытты олар.
Ұстаздар да біздерге дәріс берген,
90, 80, 70-ке келіпті олар.
Берейін деп күш-қуат, барымды елге,
Баласындай сүйреген бәріңді өрге.
Кәне, достар, құрметпен бас иейік,
Жол көрсеткен  мұғалім – тәлімгерге.
Жиналыпты ығай мен сығайлары,
Біреу күйеу, ал біреу жұбайлары.
Еске салып құлпырған шағымызды,
Жайнап кеткен қаланың гүл аймағы.
Жаңғырығы бұл күннің көпке барсын,
Өмір өзі жақсысын екшеп алсын.
Қуанышты басымыз қосылған күн –
Осы кештің әр сәті есте қалсын!
30.06.2010 ж.

220
Бижан Қалмағанбетов
                     ТАБЫЛ ДОСЫМА
Ол қашан  отты жырдан  тосылыпты,
Сапына жайсаңдардың қосылыпты.
Индерборда мықты ақын бар деуші еді,
Осы жұрт біле ме екен Досымовты?!
Атырауды теңселткен арынды үні,
Әрине, халқы ұлықтар дарындыны.
«Алмас қылыш жатпайды қын түбінде»,
Неге, неге білмесін Табылдыны.               
«Заман мынау, қалайша жайланайын»,
Мақпал түнде сыр айтқан айға дәйім.
Достарына жайылған дастарқан боп,
Дұшпанына қадалған найзадайын.
Кінә да артпас, жаман деп өткенді де,
Сын садағын тартады дөп келді ме.
Ағаттығын шыжғырып бетке басар,
Хан-қара ма, шенді ме, шекпенді ме!
Маңдайыңнан қазір кім сипаласын,
Көңілдерге сәулелі күй тарасын.
Дегендейін кей сәтте оңаша қап,
Іліп-тартып отырар гитарасын.
Ұласса да сұлу ән арты мұңға,
Берілмеген күйректік, жалқы мұңға,
Махаббат па, ата-ана, кісілік пе 
Бәрі бар «Жанарымның жарқылында».
Еске салып, балалық, киік-күнін,
Арулардың  сезімін иітті кім?!
Жырларында Жайықтың тереңдігі,
Дарытқандай Алатау биіктігін.

Сәйгүлік өмір
221
Уақыт шіркін алға асып зымырады,
Көлеңкесін өмірдің кім ұғады?
Төске түскен темірдей ақын ғана –
Корчагинше құрыш боп шынығады.
Аңсап тұрған асаудай паң даланы,
Сауырға қамшы тисе шамданады.
Айтқызбай-ақ ойлы жас ұғар бәрін,
Шын ақын қажет етпес жарнаманы.
       
Құйғытқанда терлік те тақымда іріп,
Тұлпарды байқамаймыз жақын жүріп.
Ойланыңдар, пенделер, бірақ-бірақ –
Мықтыны да мойындау ақылдылық.
Ақынның да қолдайтын жақтасы бар,
Кейде, бәлкім, тасадан оқ та атылар.
Жұдырықтай жүректе – бүкіл әлем,
Тыншымастан беймәлім жаққа асығар.
О дүниеде даңғаза, дүрмегің де,
Қажет емес жайлы өмір сүргенің де.
Ақын деген жүрегі нәзік халық,
Бағалайық жер басып жүргенінде!
15 қазан, 2009 жыл.

222
Бижан Қалмағанбетов
                                
ТАБЫЛДЫҒА
Көп болды кезің сенделген,
Айқасып ылғи ездермен.
Қазақтың біткен бағына,
Дарын ең шыққан Дендерден!
Қайғысы болып сен елдің,
Оралмас жаққа жөнелдің.
Гитараң қалды иесіз,
Патшасы ең өзің өлеңнің.
Қанатың деуші ек талмасын,
Кім енді сендей жалғасын?
Шырқаған сенің әніңнен,
Теңселіп тұрды Алматың.
Отты жыр қанжар, алмас та,
Тыңдады ұйып жартас та.
Дос үшін отқа түсетін,
Жігіт ең нағыз марғасқа!
Салатын өнер - барыңды,
Жырларың қандай жалынды?!
Табылды деген бір ақын,
Көкте емес жерден табылды.
Осылай достар құптады.
Көп еді жырдан ұтқаның,
Шөктірді  тілеулестерді,
Тым ерте ажал құшқаның.
Шындықтың қаны сорғалар,
Жүк болар ойың нарға бар.
Қырық бес жас па, тәйірі,
Жүз жасап жатыр «қарғалар».

Сәйгүлік өмір
223
Сужүрек, қорқақ қояндай,
Тынды іштен бәрі ой, алла-ай!
Сал-сері ең, өзің айтқандай,
Ұйқыңнан қалдың оянбай.
«Кеудемде жатыр жарылыс,
Кәусарым –жырым қанып іш.
Сары ала күзде кеттім» дер,
Болармын елес, сағыныш!»
Сездіріп көңіл астарын,
Жауыңды жырмен жасқадың.
Сен жүрсең алуан жүректе,
Өлмеске қадам басқаның.
           

224
Бижан Қалмағанбетов
              ТАБЫЛДЫНЫ САҒЫНУ
Қыран ең биік көктегі,
Жаңылмас ешбір жолыңнан.
Тағдырдың мынау  неткені,
Маңдайың тасқа соғылған.
Соғылған емей немене,
Көбейді жандар айыптар.
Ұқсасаң алып кемеге,
Олар ма – жәй бір қайықтар.
Ертеңге ылғи талпынып,
Ұмтылдың жырдың шыңына.
Жиналып отыр жалпы жұрт,
Табыл-ау, сенің жылыңа.
Табаның тиген сары далаң,
Жатыр ғой аңсап қырат, сай.
Уақытқа мынау таңданам,
Кеткен бе өтіп сынаптай.
Өзің ең бізді демеген,
Көңілде аңсау, күрсініс.
Табытқа сыймас ерен ең,
Қалайша жатсың тым-тырыс.
Тосқауылдарға бөгелмей,
Күткендей осы ақ таңды.
Қараймыз өзің келердей, 
Аңқылдап ашып қақпаңды.
Болаттай қайнап қорытылған,
Жан едің езге жаны қас.

Сәйгүлік өмір
225
Ойына түсіп өр тұлғаң,
Егілді талай Қарлығаш.
Киесін жырдың ұқтырып,
Жарқылдап тың ой-алмасың.
Тыңдады сені тік тұрып,
Атырау, сонсоң Алматың.
Жүруге жақын ұмтылды,
Бірі аға, туыс, көз-көрген.
Ұйытқан жырмен жұртыңды,
Дарын ең шыққан Дендерден.
Дейсің сен көзге жас алма,
Шыдаймын қалай, жарқыным.
Қолда бар кезде қашан да,
Бағаланбай ма алтының?!
Аттанып соңғы сапарға, 
Кетті ме бәрі ішіңде?
Өлмейді ақын қашан да,
Айналса да тас мүсінге!
Әділет жоқ, саған қаш деді,
Іргеңді салып жыраққа.
45 тәйірі жас па еді,
Шапшыған көкке пыраққа.
50-ді деуші ек берсе еді,
Ажалдан кім бар қаша алған?
Мазарың тұрар еңселі,
Ақ мәрмәр тастан қашалған.
Өмірдің жайлы жазы өтіп,
Тоқтады бойда ағыстар.
Басыңа келіп тәу етіп,
Дұға оқып, құран бағыштар!

226
Бижан Қалмағанбетов
Болмайды бәрін тосын деу,
Күйкі бір тірлік күнде осы.
Көңілден мәңгі өшірмеу,
Тірілердің сол ғой  міндеті.
                                           11.07.2011 ж.
                                         

Сәйгүлік өмір
227
ТАБЫЛДЫНЫ АҢСАУ    
Ажалдың түсер ерте ме, кеш пе құрығы,ә,
Достарың біздер қанық ек  талай сырыңа.
Ағып бір өттің құйрықты жарық жұлдыздай,
Жиналдық , міне, Табылжан сенің жылыңа!
Тіреді мұнда  мықтылар бүгін ат басын,
Жоқтаса халық сендей-ақ жанды жоқтасын.
Күлімдеп бізді қарсы алар әттең сен жоқсың,
Бәрі де аман асқар тау – әкең, отбасың.
Ақын ең, әнші ең айналған күллі мақтанға,
Қалайша түстің қорқаулар құрған қақпанға?
Рухың жүр бірге, «құлақтан кіріп бойды алар»
Әсем ән болып шырқайтын талмай ақ таңға.
«Мен қазақпын» деп бір туар ұлға жарадың,
Көп еді-ау бізге өмір жайлы айтқан сабағың.
Жұдырықтай жүрек бәрін де жақын дос көрді
Өзіңдей, әне, асқақ тұр аппақ мазарың!
Қимаймыз әлі, тамшылар жас та көздерден,
Жүруші ең аулақ өсек пен қаңқу сөздерден.
Құмында ыстық іздерің қалды табанның,
«Дендерім менің» деп өттің  осы Дендерден!
Қанатты әндерің шарықтап кетті аспанға,
Тілеулес қанша үмітпен күтіп, тосты алда.
«Ұнатамын мен сені»  айтып ғашықтар,
Әнұран болып табысты талай жастар да! 
Алмай-ақ атақ, орден мен медаль жүлдесін,
Тіктедің өзің  отты жырлардың іргесін.

228
Бижан Қалмағанбетов
Әндерің қалды келер ұрпаққа мұра боп,
Сондықтан, Табыл, өкінбе, бізбен біргесің.
Ұмтылдың алға, төбені тұтпай қанағат,
Шыңдарға жетсең итерді біреу жаралап.
Ойыңда сенің тоғысты күнде мың қиял,
Әнің мен жырың біздерге енді аманат!
Қайғыға бөлеп, ағайын-туыс, жұртыңды,
Өзің  де тыйып әп-сәтте әсем күлкіңді.
Қоштастың ерте, Қорабай аға айтқандай:
«Самғайтын көкке қанаттың бірі қырқылды».
Жалықпаушы едік өзіңді ұзақ тыңдауға,
Өмірің сенің жалғасар талай жылдарға.
Өсірген өзің топшысын мықты қыран ғып,
Абылдай тұяқ ізіңді басар ұл барда.
Өкпелетті ме бос кеуде жандар жаныштап,
Солардан безіп, кеттің бе бізден алыстап.
Тірінің қолынан келері сол ғой, Табылжан,
Жүрерміз әркез еске алып, құран бағыштап.
2011 ж. 

Сәйгүлік өмір
229
                       БАЛАПАН
 
Жұмыртқа ғой аяқты қарасаң да,
Шақыратын қыт-қыттап ала таңда.
Анасынан қалмай бір жүгіретін,
Қызығамын ақ үрпек балапанға.
 
Бейнедейін жағымды жырға кілең,
Күн кешеді мына өмір ырғағымен.
Тұмсығымен түртеді әрнәрсені,
Жер қазады әлсіздеу тырнағымен.
 
Себеп те көп болғанмен шаршауына,
Қорек іздеп құп-құйттай жемсауына.
Еңбек етсе тынымсыз, ал жалқаулар,
Жатады үйде сырқаты, дені сауы да.
 
Суып әбден көңілің, салқындайды,
Бөлме түтін, қатты әуен, қарқылдайды.
Жиырмада емес отызда сәби сынды,
Селт етпейді, еңбекке талпынбайды.
 
Демес, бәлкім, құриын, азайын да,
Келер жылдар тартырар сазайын да.
Балапандай болмады-ау өмір  сүрер,
Тап келмесе қатыгез қожайынға.
 

230
Бижан Қалмағанбетов
                            АҚ  ТҮС
 
Алмағанмен жағаңнан сол сұрақ тап,
Кете алмассың ақиқаттан жырақтап.
Қайсысына бұрар абзал жүрегің,
Қыста қарың, ал жазыңда гүл аппақ.
 
Ақ дегенің түс қой ғажап сиқырлы,
Салыстыру демекпісің біртүрлі.
Жаман деуге жатқызбассың болса да,
Бірі суық, бірі нәзік, сүйкімді.
 
Тойда мынау қауқылдасып базарлы,
Аппақ келін түсті дейміз ажарлы.
Бар болмысын өлшеп-пішіп сыртынан,
Ішіне оның аудармаймыз назарды.
 
Аппақ сақал көпті көрген атамыз,
Қабыл болсын аппақ тілек батаңыз.  
Ақ жауында ақ жол десіп баршаға,
Ағарған іш, үйге кір деп жатамыз.
 
Шықса да жау қылышын ап сайлана,
«Аққа құдай жақ» дейді ғой қайда да.
Қолдан келсе көмегіңді аяма,
Еш адамға жаманшылық ойлама!
 

Сәйгүлік өмір
231
                           МАЗМҰНЫ
Өмір қайта келмейді...............................................................3
Арабия.....................................................................................4
Аға .........................................................................................9
Бірлік ....................................................................................11
Төрт тағамдар ......................................................................12
Сайгүлік өмір .......................................................................25
Жусан ..................................................................................26
Қызғаныш ............................................................................28
Өсер ұл ................................................................................29
Бостандық ............................................................................30
Тау .......................................................................................31
Өнер......................................................................................32
Қарттар...................................................................................33
Шүкіршілік немесе қазағым.................................................34
Қиналамын, қимаймын.........................................................35
Күлкі......................................................................................36
Сол жылдарды келем ұмытпай............................................37
Балалық.................................................................................38
Жігіттік..................................................................................39
Азамат...................................................................................40
Қарт емеспін ........................................................................41
Ғасыр куәсі ..........................................................................42
Сауал.....................................................................................43
Кітап......................................................................................44
Сен ғана................................................................................45
Сенің күлкің..........................................................................46
Сырымды ұқшы ..................................................................47
Жұмбақ қыз..........................................................................48
Жұмылайық, ағайын!............................................................49
Кездесу..................................................................................50
Сүйдің мені...........................................................................51
Баспанасыздар әні ...............................................................52
Шежірелі қызыл қоғам.........................................................53
Дос........................................................................................54
Жаңа жылға тілек.................................................................55

232
Бижан Қалмағанбетов
Мұрагер.................................................................................57
Өлең......................................................................................59
Шопандар тойы....................................................................60
Қазақ қыздарына..................................................................62
Астана....................................................................................63
Туған жер.............................................................................64
Ертеңім немесе жарыма.......................................................65
Көре алмаушылық.................................................................66
Сенім......................................................................................67
Қарындасқа...........................................................................68
Шаңырақ...............................................................................69
Күрмек..................................................................................70
Түс........................................................................................71
Ән..........................................................................................72
Мінез.....................................................................................73
Мешіт.....................................................................................74
Сыйыну..................................................................................75
Кітап оқу  ............................................................................76
Махаббат...............................................................................77
Расулға..................................................................................78
Темірланға.............................................................................79
Томириске.............................................................................80
Ұлым Думанға......................................................................81
Қазақстан..............................................................................82
Өмір......................................................................................83
Ақын.....................................................................................85
Ханшайымға..........................................................................86
Қаңбақ...................................................................................88
Емтихан.................................................................................89
Үш нәрсе...............................................................................90
Той........................................................................................91
Жарнама................................................................................92
Нан........................................................................................93
Жастар...................................................................................94
Оралу.....................................................................................95
Өзің ғана...............................................................................97
Көрісу....................................................................................98
Сараңдық..............................................................................99
Табылдыға............................................................................100

Сәйгүлік өмір
233
Жалғыздық..........................................................................101
Бөрік....................................................................................102
Ақмолда..............................................................................103
Тұлға.....................................................................................107
Алтай Тайжанов ағама........................................................109
Әдеп.....................................................................................110
Әзіл......................................................................................111
Іні.........................................................................................112
Сақтық..................................................................................113
Мансап.................................................................................114
Башқұртстан.........................................................................115
Ұстаз....................................................................................117
Сағыныш..............................................................................119
Жаз ....................................................................................120
Таулар..................................................................................121
Екеу  ...................................................................................122
Сақал ..................................................................................123
Туған жер............................................................................125
Анама...................................................................................126
Жақсы адамдар...................................................................127
Өнер....................................................................................128
Ескі суреттер ......................................................................129
Домбыра мен қылыш .........................................................130
Жігіт болсаң.........................................................................131
Өлең....................................................................................132
Достарым.............................................................................133
Құрылысшымын..................................................................134
Ақтөбе..................................................................................135
Сын......................................................................................137
Ағайын, ойланыңдар...........................................................138
Сауда....................................................................................139
Сабақ....................................................................................140
Көңіл....................................................................................142
Шаңырақ..............................................................................143
Өз үнім................................................................................144
Жолдар................................................................................145
Жапырақтар.........................................................................146
Мінез....................................................................................147
Қазағым................................................................................148

234
Бижан Қалмағанбетов
Тіршілік................................................................................149
Айна ...................................................................................151
Құстар..................................................................................152
Саятшылық..........................................................................153
Ойын...................................................................................154
Дәрі......................................................................................155
Ішімдік.................................................................................157
Уақыт...................................................................................158
Із..........................................................................................159
Бас.......................................................................................160
Базар.....................................................................................161
От........................................................................................162
Сыбаға.................................................................................163
Туған тілім – иманым........................................................164
Туған тіліме.........................................................................165
Есеп.....................................................................................167
Кеуде....................................................................................168
Жарыс..................................................................................169
Жұмыс ...............................................................................170
Таиланд...............................................................................172
Қытай...................................................................................175
Күнім...................................................................................179
Өмір сүре білу керек...........................................................180
Өмір қысқа..........................................................................181
Өмір сұлулығы....................................................................182
Құс болсам..........................................................................183
Махаббат..............................................................................184
Іздедім сені.........................................................................185
Көзіңде шаттық...................................................................186
Көбелек пе ем.....................................................................187
Бұрымдар.............................................................................188
Жүрек лүпілі........................................................................189
Қыздар.................................................................................190
Би кешінде...........................................................................191
Гүлдер..................................................................................193
Көктем.................................................................................194
Сенің көзің...........................................................................195
Сағыныш..............................................................................196
Жазмыш жарасы.................................................................197

Сәйгүлік өмір
235
Үйлену.................................................................................198
Көк мешіт............................................................................199
Қыз ұзату............................................................................200
Қызым Назеркеге ..............................................................201
Ерке қызым Ғазизаға ........................................................203
Ғазизаға ..............................................................................205
Жан жарыма........................................................................207
Боз кілемнің шаңын қаққан батырсың ..............................210
Қызылқоға...........................................................................214
Курстас достарыма.............................................................217
Табыл досыма.....................................................................220
Табылдыға...........................................................................222
Табылдыны сағыну ...........................................................224
Табылдыны аңсау...............................................................227
Балапан ..............................................................................229
Ақ түс ................................................................................230

БИЖАН ҚАЛМАҒАНБЕТОВ
СӘЙГҮЛІК ӨМІР
Редакторы Әлсейіт ОСПАН 
Қате түзеуші Қазына НҰРМАХАНОВА 
Көркемдеуші редакторы Мақпал БАЙҰЗАҚОВА
Техникалық сарапшы Нүркен СҮЙЕУБЕКҰЛЫ
ИБ №7
Басуға 29.07.2014 ж. қол  қойылды. 
Пішімі 84х108 
1
/
32
. .  Офсеттік басылым. 
Қаріп түрі “Times New Roman”.  Көлем 15,0 шартты баспа табақ. 
Таралымы 2000 дана. 
Тапсырыс №7.
     
  «ҚАЗақпарат» баспа корпорациясының баспаханасы

Сәйгүлік өмір
237

238
Бижан Қалмағанбетов

Сәйгүлік өмір
239

240
Бижан Қалмағанбетов

Сәйгүлік өмір
241

242
Бижан Қалмағанбетов

Сәйгүлік өмір
243

244
Бижан Қалмағанбетов

Сәйгүлік өмір
245

246
Бижан Қалмағанбетов

Сәйгүлік өмір
247

248
Бижан Қалмағанбетов

Сәйгүлік өмір
249

250
Бижан Қалмағанбетов

Сәйгүлік өмір
251

252
Бижан Қалмағанбетов

Сәйгүлік өмір
253

254
Бижан Қалмағанбетов

Сәйгүлік өмір
255

256
Бижан Қалмағанбетов

Сәйгүлік өмір
257

258
Бижан Қалмағанбетов

Сәйгүлік өмір
259

260
Бижан Қалмағанбетов

Сәйгүлік өмір
261

262
Бижан Қалмағанбетов

Сәйгүлік өмір
263
АҚ  ТҮС
 
Алмағанмен жағаңнан сол сұрақ тап,
Кете алмассың ақиқаттан жырақтап.
Қайсысына бұрар абзал жүрегің,
Қыста қарың, ал жазыңда гүл аппақ.
 
Ақ дегенің түс қой ғажап сиқырлы,
Салыстыру демекпісің біртүрлі.
Жаман деуге жатқызбассың болса да,
Бірі суық, бірі нәзік, сүйкімді.
 
Тойда мынау қауқылдасып базарлы,
Аппақ келін түсті дейміз ажарлы.
Бар болмысын өлшеп-пішіп сыртынан,
Ішіне оның аудармаймыз назарды.
 
Аппақ сақал көпті көрген атамыз,
Қабыл болсын аппақ тілек батаңыз.  
Ақ жауында ақ жол десіп баршаға,
Ағарған іш, үйге кір деп жатамыз.
 
Шықса да жау қылышын ап сайлана,
«Аққа құдай жақ» дейді ғой қайда да.
Қолдан келсе көмегіңді аяма,
Еш адамға жаманшылық ойлама!
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет