Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К



Pdf көрінісі
бет39/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   88
Ақын Мұхтар ШАХАНОВҚА
– Көпен iнiм!
Сенiң мынау кешiңде де
Айнымайтын ағасы деп,
Жыртылмайтын жағасы деп,
Бар едi ғой бағасы деп,
Рақмет, бүгiн маған сөз бердi.
Бiздiң ауыл есiңде ме?
Бiресе Шəуiлдiр деп,
Бiресе Қызылқұм деп,
Бiресе Отырар деп,


156
Талай-талай өзгердi.
Бiлесiң бе мен өзгерген кездердi?
Бiресе полигон деп,
Бiресе конгресс деп,
Бiресе желтоқсан деп,
Бiресе Аралым деп,
Көп өзгерiп, көп сабылдым, қарағым.
Ендi, мiне, Бiшкекке
Елшi болып барамын...
...О, жасаған!
Қалай қашып құтылам деп масадан
Бiр жұмырбас түн iшiнде
Там үстiне жатыпты.
Жата салып қалың ұйқы қатпарына батыпты.
«Тауықсыз да таң бозарып атыпты».
Содан кейiн сол жұмырбас не етiптi?
Там үстiнде жатқандығын тарс ұмытып кетiптi.
Дəрет қысса амал бар ма?
Атып тұрып апыл-ғұпыл жүргенде
Торғайдай боп топ етiп
Там үстiнен құлап түстi бiр демде.
Көк есектiң тұяғындай
Қап-қатты екен жер тiптi.
Жазым болып жұмырбастың
Қол-аяғы бiрдей сынып мертiктi.
Ойында жоқ еш күдiк,
Бiр досы кеп хал сұрады кешкiлiк.
Жан қысылып жатқан кезде
Жанашырлық осы ма?
Қыбыр етiп кiрпiгi,
Жыбыр етiп ерiнi,
Ол былайша жауап бердi досына:
– Не етемiн?


157
Халiмнiң қалай екенiн
Бiлгiң келсе, там үстiнен құлап көр!
О, оқырман, осыны ойлап теңселер,
Сықақшының халiн бiлгiң келсе егер
Там үстiнен құлағандай,
Төсек тартып сұлағандай,
Халiңдi кеп сұрағандай,
Сен де сықақ жазып көр.
Көпен iнiм! 
Отырарда сен де тудың,
Отырарда мен де тудым.
Жасым үлкен, сондықтан демде тудым.
Жасың кiшi болғасын кенде тудың.
Қасқасуды бiр айналып,
Отырарды шыр айналып,
Туған жерге жиi барып тұрамыз.
Сонда естiген бар едi ғой бiр аңыз.
Айтайын,
Айтайын да Қырғызыма қайтайын.
...Құдыққа түсiп кеткен баласына əкесi кептi. 
Кептi де былай дептi:
– Балам!
Ешқайда кетiп қалма,
Қазiр арқан əкеп шығарып алам!..
Сол сияқты өзiң де
Сатираның құдығына түсiп кеткен баласың.
Қырық жастан қыр ассаң да наласың.
Барселонаға бармадым деп,
Қамқорлыққа алмадың деп,
Өкпелеме, сен маған!
Қамқорлыққа қалай алам,
Өз жұмысым тiптен көп.


158
Өнбес жерден дау iздеп,
Шыңғысханды жауыз деп,
Атағымды асқақтатып бiткем жоқ!
Шеберлiкпен шегендесең құдықты
Сен боласың мұрагер.
Арқан əкеп шығармаймын мен сенi,
Түсiп кеткен құдығыңда тұра бер.
ПОЭЗИЯ ПАТШАЛЫҒЫ
Егер Мұхтар Шаханов бұдан мың жыл бұрын дүниеге 
келсе кiм болар едi? Отырарда туып, Сирияда қайтыс болған 
Əбу Насыр əл-Фараби бабасы секiлдi «Қайырымды қаланың 
тұрғындары» деген трактат жазар ма едi? Онда Мұхтар 
Шахановтың аты Мұхтар Шаханов емес, Əбу-Мұхтар ибн 
Шахан шайыр əл-Отырари Шам шаһари боп кетер едi. 
Ал, Мұхтар Шаханов XV ғасырда туса ше? Онда «Өзбек – 
өз ағам, сарт – садағам» деп, Керей мен Жəнiбек хан секiлдi 
1456 жылы қазақ мемлекетiн Шу бойында емес, Арыс 
жағасындағы Шəуiлдiрде құрар ма едi?
Одан кейiнгi ғасырда туса ше? Қара қыпшақ Қобыланды 
батыр секiлдi егеулi найза қолға алып, космополиттер туралы 
толғанып... Кешiрiңiздер, космополит деппiн-ау, о заманда
космополиттер болған жоқ қой... Егеулi найза қолға алып, 
махаббат жырын толғанып...
«Қабырғадан оқ тисе,
Қамқор болған қарындас», – 
деп, қыз Құртқаны айналдырып, үйленiп алар едi. Жалпы,
Мұхтар ағам ғашық болмайды – ғашық болса алмай қой-
майды. 
Егер 1835 жылы туғанда Шоқан Уəлиханов сияқты Қыр-
ғызстанға елшiлiкпен емес, экспедициямен барып «Манас» 
жырын манаптардың аузынан жазып алар ма едi?


159
Ал, XIX ғасырда дүниеге келсе ше? Оһо-о-о, онда Ыбырай 
Алтынсарин атасы секiлдi:
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңiлге 
Ықыласпен тоқылық.
Тек қазақша оқылық! – 
деп өлең жазар ма едi?
Əлде Мұстафа Шоқай секiлдi Түркiстан Республикасын 
құрам деп Францияда жиырма жыл ғұмыр кешiп, Германияда 
талқаны таусылар ма едi, кiм бiлсiн?.. 
Немесе Жүсiпбек Аймауытов секiлдi «Бала өз ана тiлiнде 
тəрбиеленбесе, ұлтқа қызмет ете алмайды» деп шыр-пыры 
шығар ма едi? Əйтпесе Ахмет Байтұрсынұлы, Əлихан Бəйме-
нов... Ой, Бəйменов деппiн-ау... Əлихан Бөкейханов секiлдi 
«Алаш» партиясы емес, «Халық рухы» партиясын құрар ма 
едi? 
Ал, XIX ғасырдың соңында кiндiгi кесiлсе ше? Онда 
Сəкен Сейфуллин, Бейiмбет Майлин, Iлияс Жансүгiров секiл-
дi 37 жылы «халық жауы» атанып, атылып кетер ме едi?
Əйтпесе «Бейiмбет жау болса, мен де жаумын!» деп, Ға-
бең секiлдi бесеудiң бiрi боп Сталинге хат жазар ма едi?
Негiзi, Мұхтар Шаханов 1942 жылы дұрыс туған. Масқара-
ай, Гитлер 1941 жылы Шыңғысхан секiлдi Отырарды жаулап 
алғанда қайтер ек? Онда, əумин, Мұхтар Шаханов жоқ 
едi. Бар болған күнде де Гетемен жарысып немiс тiлiнде 
өлең жазып жүрер ме едi, кiм бiлсiн? Бəрiнен бұрын Арал 
проблемасын кiм көтерер едi? Желтоқсан көтерiлiсiн ше?
«Ей, Мұха, қой дегесiн қоя сал. Шындықтың түбiне жет-
пейсiң, шындық сенiң түбiңе жетедi» деген қағиданы құла-
ғына да қыстырмай, «Желтоқсан эпопеясын» кiм жазар едi? 
Əсiресе «Мемлекеттiк тiлдi шекараны қорғағандай қорғау 
керек!» деп кiмнiң шыр-пыры шығар едi? 
Бiр күнi:
– Мұхтар аға, сiз алмаған шетелдiң шен-шекпенi, атақ-
дəрежесi қалмады. Бəрiн алдыңыз. Ал, өз елiмiздiң орден, 
медалiнен неге қашасыз? Ең болмаса «Ерен еңбегi үшiн» 


160
медалiңiз де жоқ. Соның себебi не? – деп сұрадым. Сонда 
Мұхаң айтты:
– Отан – бiздiң ең үлкен Анамыз. Əркiм өз Анасына 
қызмет еткенi үшiн жылу дəметпеу керек. Отан да өзiнiң 
ерекшеленген, дараланған ұлдарын марапаттап отыруы 
шарт. Бiрақ, ол өте əдiлеттi болуы керек. Ал, қазiр кез келген 
заңдастырылғын ұрының ең кемi екi орден, үш медалi бар. 
Солардың қатарында жүргiм келмейдi! – дедi.
Есiме Брежнев түстi. Керегедей кеудесiнде орден қадай-
тын орын жоқ едi ғой жарықтықтың. 
– Брежневтi крокодил жұтса не болады? – деп сұраған-
дарға:
– Онда крокодил он күн бойы орден құсады! – дедiк. 
Егер Мұхтар Шахановты крокодил жұтса не болады? Он-
да крокодил рухтанып, қазақ тiлiнде сөйлеп кетер едi.
Ақындар да альпинист сияқты. Шыңға шыққысы келе-
дi. Шыңға өрмелеген альпинист ғайыптан тайып, құзға құ-
лайды. Жартаста қалған серiгi:
– Амансың ба-а-а?- деп айғалайды артынан.
– Аманмын!
– Тiрiсiң бе?
– Тiрiмiн!
– Еш жерiң мертiккен жоқ па?
– Жо-о-қ!
– Ендеше арқан тастаймын. Қағып ал да, қайтадан өрме-
леп берi шық!
– Арқаныңды ала алмаймын-ау...
– Неге-е-е? 
– Мен əлi жерге жеткен жоқпын!
Алатаудың шыңындай ана тiлiмiз күндердiң күнiнде 
құздан құласа, артынан арқан лақтыратын кiм? Мұхтар Ша-
ханов қана ма? Əлде Амангелдi Айталы...
Халық сүт сияқты. Бiр қарағанда сүт аппақ. Басқа қасиетi 
байқалмайды. Бiрақ оның құрамында бəрi бар. Май да бар, 
құрт та бар, iрiмшiк те бар. Əсiресе, А,В,С деген витаминнiң 
түр-түрi бар. Бiрақ олар көзге көрiнбейдi. Мұхтар Шаханов 
ше? Қатық сияқты. Бiр қасық қатық бiр қазан сүттi ұйы-


161
тады. Мұхаң қайда жүрсе де ақ сүтiнен ажыраған емес. 
Шахановтың күш-қуаты – оның поэзиясында. Мекен-жа-
йы – поэзия патшалығында.
Ендеше, Мұхтар Шахановтың өзiне сөз берейiн.
– Дүниенi дүр сiлкiндiрген шоғыр қолбасшылардың чоңы 
Наполеон: «Соғысу үшiн үш нəрсе керек!» дептi.
«Бiрiншi – ақша,
Екiншi – ақша,
Үшiншi – ақша». 
Нағыз ақындарға Наполеон армандаған ақшадан гөрi 
мұра болатындай мұратты нəрсе керек. Ол – поэзия, поэзия 
тағы да поэзия!
Тышқан тiрлiк таусыла ма, сiлкiнiп тастап сiрескен ойдың 
сеңiн бұзбасаң, ақындығың қайсы?! 
Мысық тышқанның бəрiн тани бермейдi, бiрақ тышқан-
ның бəрi мысықты таниды.
...Дештi қыпшақ даласында,
Сырдария жағасында,
Оты өшпеген Отырар қаласында
Поэзия патшалығы өмiр сүрген деседi.
Қас жауынан қаймықпаған,
Жүрегi де шайлықпаған
Ханның сонда бiр мысықтан
Қайтқан екен меселi.
Таянып тұрып бүйiрдi,
Хан былайша бас уəзiрге бұйырды:
– Ертеңгiнiң ерлiгiн
Бүгiнгiден бастаңдар.
Бастаңдар да, бұл мысықты 
Далаға апарып тастаңдар,
Қасқыр ауласын!..
Бас уəзiр былай дедi:
– Хан ием!
Əбiгерге салмаңызшы Сiз елдi,


162
Ұстай алмас мына мысық
Қасқыр түгiл күзендi.
Күреңiтiп, түтiгiп,
Тiлiн тiстеп, тұтығып,
Бұлқан-талқан ашуланды хан сонда:
– Кiм айтты саған?
Аңға қиқу салмайды деп,
Аяғынан шалмайды деп.
Сары далада қасқыр түгiл
Сасық күзен алмайды деп.
Кiм айтты саған?
Мысықты ешкiм жақтырмайды деп,
Жыртқыштарға дəп қылмайды деп.
Кiм айтты саған?
Ханның қара мысығына
Қасқырдың бəрi тақ тұрмайды деп?!
Бұта түбiн бұғып өссе болады ма оңған iс?
Бұл мысықтың ата-тегi – жүрек жұтқан жолбарыс.
Бас уəзiр хан сөзiнен аспады.
Аспады да мысықты далаға апарып тастады.
Қара мысық қайтып келдi.
Бас уəзiр саспады.
Саспады да мысықты 
Тағы апарып тастады.
Қара мысық қайтып келдi.
Рас, рас!..
Əуелгiде əжептəуiр бас қатты.
Бас қатты да мысықты 
Тағы апарып тастатты.
О, масқара-ай!
Ертесiне шыққан кезде арай күн,


Қара мысық тырналап тұр
Дарбазасын сарайдың.
Хан ием де,
Уəзiр де
Таң қалысты жата қап:
– Жүре берсе не қылады
«Бөрi» деген атақ ап?..
...Поэзия патшалығына алып келген мысықты –
Сағыныш пен махаббат.
«Бағаласаң махаббатты бағала,
Бағаласаң махаббатты бағала».
Поэзия патшалығын сағынсам
Сол мысықтай көп жүрмеспiн далада!.. 

1992 жылы жазылып,
2007 жылы толықтырылды.


164
ЖАЌСЫ, АЙНАЛАЙЫН!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет