– Иə?
– Азаматтың алты арманы бар, – дептi бəйбiшесi. – Аза-
маттың бiрiншi арманы – сұлу жар сүю. Ол арманың орын-
далды, Манашым.
Азаматтың екiншi арманы – ұл сүю, қыз сүю. Ол арманың
орындалды, Манашым.
Азаматтың үшiншi арманы – ел қорғау, жер қорғау. «Ер-
макты»
жазғаның елдi қорғағаның, «Əмiр Əбдiғаппарды»
жазғаның жердi қорғағаның.
Азаматтың төртiншi арманы – докторлық
диссертация
қорғау. Ол арманың орындалды, Манашым. Басқасын былай
қойғанда, аузын айға бiлеген академиксiң.
Азаматтың бесiншi арманы – жер дауы, жесiр дауын шешу.
Жер дауын да, жесiр дауын да, тiптi ғалымдардың да дауын,
залымдардың да дауын шештiң. Құдайға шүкiр, Ұлттық Ғы-
лым академиясы тарих жəне
этнология институтының ди-
ректоры болдың. Ол арманың да орындалды, Манашым.
Ал, азаматтың алтыншы арманы – бiр уақ қыз-келiншек-
термен ай астында алтыбақан теуiп, ақ сүйек ойнап, кiшкене
көңiл көтеру едi. Ел қорғаймын, жер қорғаймын, докторлық
қорғаймын деп жүрiп алтыншы арманыңның орындалмай
бара жатқанына өкiнiп, тере-е-е-ң күрсiнген шығарсың?..
Терезеге қарап терең күрсiнген Манаш мырза мырс етiп
күлiп жiберсе керек.
Мойындағаны ма? Кiм бiлсiн, солай шығар...
* * *
Алтыншы арманды қойшы, тəйiрi. Көкемнiң көзi тiрiсiн-
де айтқан көп қалжыңдарымыздың бiрi едi ғой.
Алты алаштың арманын арқалап арманда кеткен ағам-ай!
2004 жыл