Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К


Ақын Фариза ОҢҒАРСЫНОВАҒА



Pdf көрінісі
бет40/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   88
Ақын Фариза ОҢҒАРСЫНОВАҒА
Iшi ауырған баладай
Телефоным шыр еттi.
Звондаған кiм екен
Дiр еткiзiп жүректi?
Болмысым, жаным-сұрапыл.
«Ə» дегенге,
«Мə» демей
Ойланайын, тұра тұр.
Өлеңнiң шамын өшiрiп,
Мұңданбай да жынданбай
Жаздым талай очерк.


165
Кейiпкерiм қаншама!
Телефон шалған сағынып
Ұлбала,
Кəмшат,
Шəмша ма?
Шiркiн!
Менен бiреу бiр күн:
«Қайда барасыз?» деп сұраса,
Ең əуелi Торғайға тартар едiм.
Торғайдай тозып кеттi-ау арқалы елiм.
Облыс əкiмi
Шөкеев те ғажап адам!
Ойпырай, сол емес пе
Телефон шалып мазалаған?
Айтқаным жоқ ащы сын.
Дəрiптем ем газетке
«Бас қаланың басшысын».
Астананың əкiмi боп,
Бас қаланың əкiмi боп
Iшi пысқан Зəкең бе?
Шəкең бе?
Жоқ, Сəкең бе?
Мəкең бе?
Жоқ, Бəкең бе?
Тəкең бе?
Жоқ, Жəкең бе?
Кiм болса да менiмен
Сөйлесем деп отыр-ау?
Ойым он сақ.
Тоқырау...
Трубканы көтермей
Неғып тұрмын, апыр-ау?!
– Əлеу!
«Атырау?»
Жақсы, айналайын!


166
А?!
«Шын жыласа соқыр көзден жас шығар.
Жазатын болсаңыз
Бiздiң жақта да
Мүйiзi қарағайдай басшы бар!»
Дейсiз бе?
Жақсы, айналайын!
Əйтеуiр Атырау жуық арада көшпей ме?
Бара жатқанның балтасын,
Келе жатқанның кетпенiн алып жүгiре берсем,
Менiң өкпем өшпей ме?
Өлеңiмдi кiм жазады?
Əкiм жазып бере ме,
Əйтпесе əркiм жазып бере ме?
Жақсы, айналайын!
Не жаңалық?
Немене?!
«Каспий тасып жатыр?»
Жақсы, айналайын!
Оған менiң де жаным ашып жатыр.
А?!
«Кесiрткелер қашып жатыр?»
Е-е, елдiң де экологиясы бұзылды.
Жуанымыз жiңiшкерiп, жiңiшкемiз үзiлдi.
Баяғыда Каспийдiң кесiрткесiн
Алматыға əкелсең,
Бес жылда крокодил боп шыға келетiн.
Қазiр Каспийдiң крокодилiн
Алматыға əкелсең,
Бес жылда кесiртке боп кетедi.
Бұл – шындық!
Кезiнде кесiрткемiздi
Крокодил қыламыз деп құлшындық!
Иə!..
Ауылымызға əкiм қып
Қойды дей ме Тəйтiктi?
«Патшасы ақынын iздеген ел – бақытты,


167
Ал, ақыны патшасын iздеген ел – сормаңдай» деп
Ақсақ Темiр айтыпты.
А?!
Əкiм қайтiптi?
«Қоғадай жапырып жатыр?»
Менi əкiм
«Шай iшiп қайтсын деп шақырып жатыр?».
Кiм?
Кiм болса да бармаймын!
Əкiм шақырмақ түгiлi,
Əкең шақырса да бармаймын!
Өзi звондап шақырса айып бола ма,
Я, тағынан тайып қала ма?
«Өкпелейдi?»
Өкпелесе – өкпесi түссiн!
Сендерге айтатұғын аяз сын бар:
«Саяз су сарқырап ағады»,
Саязсыңдар!
Байқаймын,
Байқаймын да басымды шайқаймын!
Теңге десе тентiреп зырлайсыңдар,
Мəдениеттен жұрдайсыңдар.
Қарындарың тоқ болса,
Қағаздарың «көк» болса,
Ештеңенi ұрмайсыңдар!
Бiр қарағанда дырдайсыңдар,
Неге тiл мəселесiн 
Тiк көтерiп тұрмайсыңдар?
«Апай!»
Немене апай?
Апайға 
Шай беретiн Шапай ма?
Апайда айқай көп,
Шапайда шай-пай көп.
Апайға айқай керек емес,
Шай-пай керек.
Шапайға шай-пай керек емес,


Айқай керек.
Шапай шай-пай берсе,
«Пай-пай!» дер ек...
Жақсы, айналайын!
Жақсы!..
А?
Қашан қайттым қай даудан?
Кiшкене кiдiре тұр,
Өтiп алайын тағы да
Депутаттық сайлаудан...
Жақсы, айналайын!..
1990 жыл


169
ИТ ЖЫЛЫНА ИГI ТIЛЕК
Халық əртiсi, профессор 
Асқар ТОҚПАНҰЛЫНЫҢ рухына
– Мен, қазақтың тұңғыш кəсiпқой режиссерi, Республика-
ға еңбегi сiңген өнер қайраткерi, халық əртiсi, профессор 
Асқар Тоқпанұлы Тоқпанов!
Əй, шалтрафан! Жолымды кес-кестемей кет былай! 
«Ақын мен бозбаланың айырмашылығы неде? Ақын ға-
шық болса, не жыр туады, не сыр туады. Бозбала ғашық бол-
са, не ұл туады, не қыз туады. Екеуi де елге керек».
Мұны айтқан кiм? Жетпiс үш жасында жетпiс үш спек-
такль қойып, жетпiс үш жасында бiр ұл, бiр қызды қатар 


170
таптырған арлан мiнездi, арқар мүйiздi – Асқар Тоқпанұлы 
Тоқпанов!
Құдайға шүкiр, қыт-қыттаған тауық жылымен қоштасып, 
ит жылының табалдырығынан да аттадық. Тауық жылы бi-
реуге сауық жыл болды, бiреуге қауiп жыл болды, бiреулер-
ге мауық жыл болды. Сауық жылы дегенiм – сайрандадық, 
қауiп жылы дегенiм – ойрандадық, мауық жылы дегенiм – 
тайраңдадық. Тауық жылында кiмнiң тарысы пiссе, соның 
тауығы болуға тырыспадық. «Ашуланып төркiнiне кетiп қал-
ған жеңгемiздi əкелдiк!» дегендей, ағайын-жұрттың ақша-
сын өзiне қайырып, өзiмiздiң төл теңгемiздi əкелдiк. 
«Төбел тазға – төрт теңге, ойма тазға – он теңге, қырма 
тазға – қырық теңге» дегендей, əркiмнiң несiбесiне қарай 
үлестiрiп бердiк. Жалпы, тауық жылы соншалықты табысты 
болмаса да, намысты жыл болды.
Хо-ош, ал ит жылынан не күтемiз? Халық ұғымында «ит 
те жетi қазынаның бiрi». Айтар тiлек сол болсын – ит жылы 
қазанымыз тасып, қазынамыз мол болсын! 
Ит жылы иттей боп шаршасақ, жақсылықтың жолында 
шарқ ұрып шаршайық. «Итiң жаман!» деген де ауыр сөз...
«Ит байласа тұрғысыз жер» деген де тəуiр сөз емес, ауыр 
сөз. Экологияның енесiн ұрып, құрдымға жiбере жаздадық. 
Құрдым емей немене... 
Құмырсқа көлеңкелейтiндей шөбi жоқ құлазыған қу дала-
мызға итсигек өсiрсек те бiрдеңе өсiрiп баптайық, сақтайық. 
Жерiмiз жетiмсiремесiн.
Жер де театр секiлдi. Сыншы iнiм Сығаев айтқандай «Те-
атр – тiрi организм. Ол да ауырады, сауығады, бiр уақ салы 
суға кетсе, бiр мезгiл сергидi, қалғитын кезеңдерi де болады, 
бiрақ қашанда көңiлi ояу, көзi ашық, көкiрегi даңғыл». 
Арамызда аяқтан шалдырмайтын, арқадан алдырмайтын 
түлкiлер де бар. Қалай десек те, түлкiнi тазы болып шалуы-
мыз керек.
Баяғы театрдың байбатшалары Қаллекей, Елағаң, Серағаң 
секiлдi сегiз қырлы дара туған дарындарымыз қайда? 
Жастарды жiп байлап жетектеп жүрiп театрға əкелемiз. 
Жетектеп жүрiп рөл беремiз. «Жетектеп қосқан ит» түлкi ала 


171
ма? Көп байланған бұзаудан бұқа шықпайды. Қара сөздiң 
қадiрiн бiлмейтiндер қазақтың сөзiн батпаққа батырып айта-
ды. Дарымаған жарымайды. Сыпырғы бүрi түскенше жақсы 
сыпырады. Бүгiнгi бүтiн сыпырғылардың түрi бар да, бүрi 
жоқ.
Бұдан бұрынырақ Лопе де Веганың «Собака на сене» 
деген спектаклi бiздiң орыс театрларында жүре бастағанда 
атын қазақшалай алмай ит-əуремiз шықты емес пе? Бiр газет 
«Шөп үстiндегi ит» деп аударды. Бiр газет «Шөптiң түбiнде 
жамбастап жатқан ит» деп аударды. Ақырында «Шөптi не өзi 
жемейтiн, не өзгеге жегiзбейтiн ит» деп аударды. Ақырында 
«Шөп қорыған ит» деп аудардық. Менiмше, бұл да оңып 
тұрған аударма емес. Мұны халқымыз «Ит қорыған жер-
ге өш» деп баяғыда-ақ аударып қойған. Қазына – халықта, 
халық – қазына. Халықтан үйренейiк.
Кейбiр кеудемсоқтарға: «Ей, бейбақ! Сен көзi тiрi көсем 
емессiң, классиктен садақа кет! Ұмытпа, ұлы ұстазың – 
халық!» десең, ит терiңдi басыңа қаптап, иттей талауға əзiр. 
«Қапқан иттен өш алам деп, мен деп қапсам, аузымда не 
қасиет қалады?» Абайдың «Жаны аяулы жақсыға қосамын 
деп, əркiм бiр ит сақтап жүр ырылдатып» деген сөзi бүгiнгi 
заманды меңзеп тұрған жоқ па?» «Күшiк асырап ит еттiм, ол 
балтырымды қанатты». 
Халқымның көзiндей қайран, Абай!
Театр комедияға зəру, сатираға сусап отыр. Кейбiр пьеса-
лардағы бос сөз, бөстекi əңгiме, итiр-қылжың күлкi кiмге ке-
рек?
«Театр киiм iлгiштен басталады». Станиславский!
«Театр адам жанын сауықтырады». Сухомлинский!
«Тайғанақтық тақырға отырғызады». Толстой!
«Тiрi адамның ардан аяулы жерi бар ма?».
Абай!
«Еккенiң тiкен болса, орғаның балауса болмас».
Əуезов!
«Жағадан алған дұшпаннан, етектен алған ит қауiптi».
Бауыржан Момышұлы. 


Тоқ етерiн айтқасын Тоқпанұлы тоқтайды. Ит жылына 
игi тiлегiм мынау: ит мiнiп, ирек қамшылап келгенiмiз де 
жетер, ит жылы иттен сүйек қарыздар болмайық!
Ит жылы ит басына iркiт төгiлiп, қызыл итiмiз қыңыр 
кетпесiн! Əумин!..
* * *
Бұл пародия 1994 жылы 7 мамыр күнi Əуезов атындағы 
академиялық драма театрында алғаш рет орындалғанда Ас-
қар ағам қатысып едi.
Асқар – асқар ма,
Алыстан көрiнбесе.
Асқан – асқан ба,
Шашылып төгiлмесе.
...Асқар таудай Асқар ағамның сөзi де, өзi де сағынышқа 
айналды.
1994 жыл


173
ДИЮ ЖЕТЕКТЕГЕН ДРАМАТУРГ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет