Драматург Қалтай МҰХАМЕТЖАНОВҚА
Баяғы бала кезiмiзде, яғни «Үйiмiзде, төрiмiзде портрет-
те тұрған кiм?» деп əн салып, үлкендердiң əр сөзiне там-
санып, не болса соған құдайдай құлдық ұрып сендiк-ау?!
Бастауыш класта ағайларымыз «Бiз табиғаттың бермесiн
тартып аламыз!» деп үйреттi. Расында да, қазiр табиғат тыр
жалаңаш. Жүдеу. Табиғат та адамдардан «өш» алды. Рухани
байлығымыз жамау, жан-дүниемiз жүдеу. Сондай шақтарда
174
қалың қауымға рухани байлық сыйлаған данышпандардың
көркем дүниесiне көз жүгiртiп, арқамыз кеңидi. Кенеземiз
кеуiп кеп, бiр-екi кесе су iшкендей кiшкене болса да шеке-
мiз жiпсидi. Сондай бiр соқталы ағамыз, дархандықтың бел-
гiсiндей дарын иесi бiздiң Қалағаң, Қалтай Мұхамеджанов
едi-ау!.. Алла тағаланың бойына берген байлығын адамзатқа
сыйлап кеткен тұлға!
Мектептегi ағайларымыз «Адам маймылдан жаратыл-
ған!» деп оқытты. Бiз бiрақ оған сене бермейтiнбiз. Неге?
Адам маймылдан артық. Ақыл-ой иесi. «Ал, маймыл неге
дамымай қалған?» деп ойлайтынбыз. Кейiнiрек кiтаптарды
парақтасақ, бұл туралы талай ғалымдар таласқан көрiнедi.
Сонау 1925 жылы дiн иесi Введенский айтыпты: «Бiз май-
мылдан шықтық деген көзқарастың орнығуына сонша-
лықты құштар емеспiн. Сiздер, материалистер, туысқандары-
ңыздың кiм екенiн өте жақсы бiлесiздер» деп, оларды май-
мылдың қатарына қойған ғой. Сол тұста Луначарский бы-
лай дептi: «Əу баста хайуаннан жаратылып, ақыл-ойының
арқасында адам дəрежесiне көтерiлгендер артық па, əлде
Алла тағаланың жаратқан пенделерi қайтадан хайуанға ай-
налып жатса, солар артық па? Бiлмеймiн, əйтеуiр Введен-
ский айтқандай адамдарды аңдармен туыстырып жатсақ,
хайуандарға обал-ақ!» деген ғой.
Мен бұл əңгiменi Қалтай ағаның аузынан естiп, қағазға
түртiп алып қойған едiм. Бiз Қалағаңның ұшан-теңiз бiлiм-
паздығына, əсiресе ауыз əдебиетi стилiндегi əсерлi əңгiмеле-
рiне аузымызды ашып, көзiмiздi жұмып таңырқап жүрсек, о
кiсi «Əбiш Феномен ғой!» деп Кекiлбаев iнiсiне басын шай-
қап, тəнтi боп отыратын.
Ал, менiң Қалағаңа деген құштарлығым, тəнтiлiгiм мен
ынтызарлығым он жетi жасымнан басталды. Мектептi бiтiр-
гесiн Отырар аудандық халық театрында əртiс боп iсте-
дiм. Мəдениет бөлiмiнiң меңгерушiсi Көмекбай Мұсаев бiр
жылда төрт спектакль қойды. Соның бiрi – Қалтай Мұхамед-
жановтың «Қуырдақ дайын» комедиясы. Əуелi көп көрiне
бермейтiн Болаттың» ролiнде ойнадым. Сосын «Жаратқан
жақсылыққа бастап жүр ме, түсiмде қызыл түлкi сойып
175
жүрмiн!» деп спектакльдiң басынан аяғына шейiн əндетiп
жүретiн басты кейiпкер Ережептiң ролiн маған бердi. Қуа-
қы сөз, қунақы қимыл, жағымпаздық бейненi шығару
оңай болған жоқ. Жаспыз ғой. «Осыншама сөз бен ойнақы
əрекеттердi қалай тапқан?» деп таңырқайтынмын. Одан кей-
iн студент кезiмде ойда-жоқта «Қазақ əдебиетi» газетiнiң
қызметкерлерiмен кездесуге бара қалдым. Ой, қуанғаным-
ай! Алғаш рет Қалтай ағаны тiрiдей көрдiм. Сонда iстейдi
екен. Тай жарысқа қатысқан балалар секiлдi кiлең шикiлi-
пiсiлi студент-ақындар өлең оқыды. Жүрегiм дүрсiлдедi.
Жыр-жарыстан қалай қалам? Бiрақ, қойны-қонышымда да-
йын өлең жоқ. Сонда да сұранып сахнаға шықтым. Қалтай
ағаның «Қуырдақ дайын» комедиясындағы ең күлкiлi тұста-
рынан үзiндi оқыдым. Басқаны қайдам, Қалағаң мəз:
– Сықақ жазасың ба? – деп сұрады.
– Жазам! – дедiм.
– Оқышы! – дедi. Оқыдым. Жатқа.
– Осы өлеңдерiң қазiр өзiңде бар ма? – дедi.
– Жоқ! – дедiм.
– Онда ертең редакцияға əкел. Келiстiк пе? – деп шеге-
ледi. Апардым. Бiр аптадан соң «Қазақ əдебиетi» газетiнiң
соңғы бетiндегi «Бүйенбайдың пұшпағы» атты айдарға жа-
рияланды.
Сатирамның кiндiгiн Оспанхан Əубəкiров кессе, тұсауын
Қалекең кестi.
Тағдырдың бұйыртқаны шығар, ержеттiк. Есейдiк. Күн-
дердiң күнiнде Қалағаң саяси-сатиралық «Ара-Шмель» жур-
налына Бас редактор боп келе қалды. Мен о кiсiнiң орынба-
сары – жауапты хатшымын. Əдетте, Қалағаң сиыр сəскеде
жұмысқа келедi де, бiр сағаттай отырып үйiне қайтып ке-
тедi. Соны бiлiп алғанбыз. Бiр күнi түстен кейiн Қалағаң
тығыз шаруамен редакцияға соғып менi iздесе... Жоқпын.
Екiншi күнi iздейдi. Жоқпын. Үшiншi күнi сұрастырса, тағы
да табылмай қалғанмын. Сонда Қалтай аға қабылдау бөл-
месiндегi хатшы қызға:
– Ай, Айнаш,– дептi,– жауапты хатшыға айтыңызшы. Ер-
тең қолы тисе сағат үште менi қабылдасыншы!..
176
Оны естiп шек-сiлемiз қатты. Бiр-ақ сөзбен талай нəрсенi
аңғартқан ағам-ай...
...Түркiстанның 1500 жылдығына байланысты «Асар» қо-
рын құрамыз деп Қалтай Мұхамеджанов, Шерхан Мұртаза,
Өмiрзақ Айтбайұлы бастаған зиялы қауым өкiлдерi бас қос-
ты. Дастарқанға қара уылдырық, қызыл уылдырық келдi.
Шер-ағаң қарап отырмай Қалтай ағаны қажады:
– Қалаға, осы қара икра мен қызыл икраның айырмашы-
лығы неде? – дедi. Сол сəтте профессор Құлбек Ергөбектiң
тiлi қышып:
– Қызыл икра жесеңiздер жеңгемiздi қанағат тұтып үйле-
рiңiзге қайтасыздар. Қара икра жесеңiздер қатын iздеп қаң-
ғып кетесiздер! – дейдi қаси сөйлеп. Сонда Қалтай аға:
– Ой, айтқышым-ай,– дедi мұрнын майыстыра сипап қо-
йып, – осылардың шешесiн шикiлей қосып жұтсам да маған
түк əсер етпейдi.
Дастарқанда отырған ашқарақтау бiр кiсi пiскен тауықты
тұтастай тарелкасына салып ап, құйрық жағынан бастап
мойнына дейiн паршалап жегенiн аңғарған Қалтай аға қағыс
жiбермей:
– Əй, шырағым-ай, қораздан кейiнгi қызықты өзiң көрдiң-
ау! – дедi.
Жалпы, Қалтай ағаға деген көзқарасымды «Социалистiк
реализмнiң» қатып қалған академиялық марапат-мақтауы
мол стилiмен бiлдiргенше, өзiмше өрнектесем қайтедi?
Осындай орамы көп ойлардың жетегiнде жүрдiм. Сөйтiп,
күндердiң күнiнде қалжыңы қанына сiңген Қалағаң туралы
пародия жаздым. Мiне, соның бiр парасы...
... Мың бiр түн. Таң атты. Шаhеризада төсегiне жатты.
Келесi кеште:
– Ей, ұлы бақытты патша! – дедi Шаhеризада. – Ендi сiз-
ге Қалтай қожаның Диюдан қалай құтылғаны туралы хикая
айтайын.
Жаратқан жаппарға шүкiршiлiк еткен Қалтай қожа маңда-
йын сəждеге тигiзiп, намаз оқымаса да соно-о-оу Мекке,
Мəдинеге барып: «Лə иллаhа иллалла, Мұхамед расулалла.
Мұсылманмын расында!» деп құдайға құлшылық қылды да,
177
тəбəрiк ретiнде бiр құмыраны құшақтап Алматыдағы үйiне
қайтты.
Күндердiң күнiнде «Қу құмыраның iшiнде не бар екен?»
деп ойлады. Көзi қызығып көзенiң қақпағын ашып едi, ал-
памсадай бiр Дию атып шықты да Қалтай қожаның аяғына
жығылып, тəу етiп, жалбарынды:
– О, Сүлеймен пайғамбар! Сiзге жолықтырған Алла-таға-
лаға бұ жалғанда разымын. Əмiрiңiзге құлдық!..
– Ғафу етiңiз, мен Дəуiтұлы Сүлеймен пайғамбар емес,
Қалтай Мұхаметжановпын.
– Қойыңызшы, сiз шынымен Сүлеймен пайғамбар емес-
сiз бе?
– Өтiрiк айтып өле алмай жүр дейсiз бе? Пайғамбар емес,
драматургпiн?
– Е-е, ендеше түсiнiктi, – дедi Дию. – Пайғамбар болмасаң,
онда жеткен жерiң осы. Қазiр қазықтай қағамын да...
– Дию-ау, күнəм не? Құмырадан құтқарғаным ба? Түнде
түсiмде дəу қара төбетке мiнiп жүр едiм, осыған көрiнген
екен ғой. Онсыз да көрген құқайым аз ба едi, құдай?!
– Қалтайжанды шошытқан қандай құқай? – дедi Дию.
– Ол өзi ұзақ хикая. Бiрақ, Дию аға, сөздiң қысқасы, кол-
басаның ұзыны жақсы. Мұрсат берсеңiз қысқаша баянда-
йын.
...Ерiнбеген етiкшi, жалықпаған жазушы болған заман-
да Əлжаппар ағамыздың бiр кiтабы Жазушылар одағында
талқыланды. Мəселе бiреу: кəрияның шығармасы сыйлық
беруге лайық па? Гу-гу пiкiрге құлақ түрсем, жарықтықты
жабағыдай түтiп, киiз басқандай тепкiлеп жатыр екен. Сы-
налып, сыбағасын алған жазушының несiн аяйын, дүбiрге
қосылып мен де тепкiледiм: «Менiңше, мемлекеттiк сыйлық-
ты Əлжекеңнiң кiтабын ерiнбей-жалықпай оқып шыққан
адамға беру керек!» дедiм! Сол сол-ақ екен, соңыма шырақ
алып түстi. Айыпқа бұйырмаңыз, сiз сол Əлжекең жiберген
Дию емессiз бе?
– Доғар! – деп долданды қара дəу! – Дию ұстап, Дию
жұмсайтындай қазiргi жазушылардың қайбiр қауқары бар?
Осы ма құқайың?
178
– Мен не көрмедiм, Дию аға! Шоқпарын сүйреткен Шона
пiрəдар: «Ойбай, кiтабымдағы қылыштай өткiр қыршаңқы
сөздердi Қалтай ұрлап алып, өзiнiң комедиясына пайдалан-
ды!» деп қара аспанды қақ айырып аттан салғасын Жазушы-
лар одағында менiң мəселем қаралды. «Сөз ұрлағам жоқ!»
десем, сенбейдi. «Нан ұстайын, құран ұстайын, Шөке, сiзден
сөз ұрласам, басқан iзiм артымда қалсын!» деп қарғансам
да қарамайды. Амалым таусылып, ақырғы уəжiмдi айтуға
мəжбүр болдым. «Шонадан сөз ұрлағанша, соқырдан көз
ұрлағаным артық!» дедiм. Бiттi! Дау шықты, тағы да бiр жау
шықты деген осы.
Тағы бiр құқайдан құтылғанымды айтайыншы. Көрер
жарығым бар екен, Брежнев деген патшаның тұсында бiздiң
бiр ұлық басымды алмадай қағып ала жаздады.
– Дiкiлдемей, тiгiсiн жатқызып сөйлеген пенденiң жа-
нын ұлық та алмайды, бүлiк те алмайды. Сенi шақырған қай
ұлық?
– Имашев! Қылышын қынабына салмайтын. Сол ұлық
шақырып жатыр дегесiн, жазған құлда жан бар ма, құстай
ұшып жеттiм. Үстiмнен үлкен арыз бар екен, сөздi ұлық бас-
тады:
– Орталық партия комитетi сiзге үлкен сенiм бiлдiрiп,
басшы орынға iлiктiрдi. Ал, сiз болсаңыз жұмыс уақытында
служебный машинаны пивнушкаға мiнiп барып, сыра-пыра
iшiп қайтатын көрiнесiз. Осы рас па? – дедi. Артымда – арыз,
шегiнетiн жер жоқ.
– Саттар Нұрмашевич! – дедiм. – Өзiме төр бердiңiз, қолыма
мөр бердiңiз, рақмет! Жаяу жүрiп табаны тозбасын деп машина
бердiңiз, рақмет! Ал, ендi сол машинамды пивнушкаға мiнiп
бармағанда, артынан итерiп баруым керек пе?
Күлмес хан күлiп жiбергесiн, менiң де бетiме қан жүгiрдi.
Сау қалғаныма садақа берiп, «төбел тазға – төрт теңге, ойма
тазға – он теңге, қырма тазға – қырық теңге» үлестiрдiм.
Мен көрмеген құқай бар ма, Дию аға?!
– «Қалтай айтты!» деген қазақы қалжыңдарды мен де естi-
гем! – дедi Дию. – Есiмде қалғандарын есiңе салайын ба?
– Ауыз – сiздiкi, құлақ – бiздiкi! – дедi Қалтай.
179
– Ендеше екi құлағыңды берi тосып тыңда.
Арқалы ақын Əбдiлда Тəжiбаевтың жетпiс жылдық ме-
рейтойын сырбаз iнiсi Сырбай Мəуленов басқарыпты. Қиын-
нан қиыстырып, ұтымды сөздермен ұйқастырып, өлеңмен
өрнектеп жақсы келе жатса керек. Алтыншы не жетiншi
адамнан кейiн кешеуiлдетiп сөз бергенiн кеуiлiне алған Қал-
тай-қожа:
– Арақ тұрғанда бозаның қадiрi жоқ!
Қазақ тұрғанда қожаның қадiрi жоқ! – дептi де сөзiн жал-
ғастыра берiптi.
...Ұлты немiс, үш тiлдi ана тiлiндей меңгерген Герольд
Бельгердiң Тəшкенде тұратын əкесi Алматыға қыдырып
келгенде:
– Сталиннiң немiстердi Қазақстанға жер аударғаны жақ-
сы болған! – дептi Қалағаң. Ол уəждiң астарын аңғармай,
тiксiнiп қалған əкесi:
– Неге олай дейсiң? – десе керек. Сонда Қалағаң:
– Əйтпесе, – дептi, – мына Герольд қазақтың қолына тү-
сер ме едi!
...Мəдениет министрлiгiнде репертуар алқасының бас ре-
дакторы боп тұрғанда бiр жас драматург өзiнiң шағын пье-
сасын əкеп:
– Осыны оқып шығып, ақыл берiңiзшi, аға! – деп өтiнiптi.
Қалағаң қабырғадағы Маркстiң портретiне қарап тұрып:
– Мынаның сақалының арасында 60 жыл адасып жүрген
адамнан не ақыл сұрайсың, қарағым? – дептi.
...Қалағаңның елге бара қалса бiр жақын ағайы төсек
тартып қатты ауырып жатыр екен. Əйелi татар болса керек.
Əңгiме арасында бiреу баласына мотоцикл сатып əпергенiн,
сөйтiп оның апатқа ұшырап қаза болғанын айтады. Сонда
Қалтай аға: «Ажалыңнан бұрын өлгiң келсе, татардан қатын
ал, əйтпесе мотоцикл сатып ал!» деп жөпелдеме қалжың ай-
тыпты.
Бұл əңгiме татардан қатын алып, жоғарыда жорға мiнiп
жүрген шенеунiктердiң құлағына жетiп, Қалекең бiраз қуда-
лауға ұшыраса керек.
180
... Машина апатына ұшыраған Қалағаңа дəрiгерлер: «Ми-
ыңыз шайқалған» деп диагноз қойған. Сонда Қалағаң:
– Тезiрек справка жазып бере қойшы, айналайын! – дейдi
кəдiмгiдей қуанып.
– Ол кiмге керек?
– Үйдегi жеңгеңе,– дейдi Қалағаң. – Əйелiм анда-сан-
да ұрысқанда «Миың жоқ сенiң» деушi едi. Миымның бар
екенiн дəлелдеу үшiн керек боп тұр, айналайын!
...Қалағаң Мəскеуге ұшатын болады да, жора-жолдаста-
ры əуежайға шығарып салады. Жолашар жасап тұрып:
– Жiгiттер, – дейдi Қалағаң, – осы бiздiң қатын көрiпкел,
əулие!
– Оны қайдан байқадыңыз?
– Əлгiнде ғана əйелiм шамаданымды қолыма ұстатып
тұрып: «Ендi, шыға басасыңдар ғой!» деп едi, айтқаны ай-
нымай келдi!
– Ендiгiсiн өзiм айтайыншы, Дию аға! – дедi Қалекең.
Сөйтiп, бастан кешкен хикаяларын баяндай бастады.
...Жапонияға ұшқанымда қасымдағы бiр шетелдiк шала-
шарпы орысшасымен:
– Ағылшынша бiлесiң бе? – дедi.
Басымды шайқадым.
– Немiсше ше?
Басымды шайқадым.
– Француз?..
Басымды шайқадым.
Ол қолын бiр сiлтедi де, терiс қарап отырды. Оның иығы-
нан қағып:
– Қазақша бiлесiң бе? – дедiм.
Басын шайқады.
– Өзбекше ше?
Басын шайқады.
– Ұйғырша ше?
Басын шайқады.
181
Мен де қолымды бiр сермеп, терiс қарап отыра берiп едiм,
əлгi шетелдiк ыржалаңдап кешiрiм сұрағандай қабырғамды
күтiрлете қапсыра құшақтады.
– Тоқтай тұр! – дедi Дию гүр етiп. «Мен сүйдедiм, бүйде-
дiм» дегеннен гөрi «Қалтай сөйдептi» дегенi сүйкiмдi ес-
тiледi.
Ел не дейдi? Менiң естiгенiм былай:
...Олжас Сүлейменов Қазақстан Жазушылар одағында
бiрiншi хатшы, Қалтай аға екiншi хатшы кезi. Дiнмұхамед
Қонаев күндердiң-күнiнде Қалекеңдi қабылдауына шақыра-
ды да Олжас екеуiнiң басы пiспей жүргенiн айта келiп:
– Ендеше, сенi басқа қызметке қояйын,– дейдi қамқор кө-
ңiлмен. – Мəдениет министрi Лəйлаға орынбасар боп барсаң
қайтедi?
– Ой, Димаш аға, мен екi қатынға бiрдей қалай орынбасар
болам? – дейдi Қалекең ат-тонын ала қашқандай.
Димаш аға оның мəнiсiн түсiнбей:
– Қалайша? – дейдi таңдана.
– Аға, – дейдi Қалекең кəдiмгiдей үрей танытып. – Жұмыс-
та Мəдениет министрiне, үйде келiнiңiзге орынбасар болсам
менен не қалады?
Ертесiне Димаш аға Қалекеңдi кинемотографистерге бас-
тық етiп жiбередi.
...Он екi қабатты Журналистер үйi құмырсқаның иле-
уiндей құжынаған дəуiр едi. Бəрi де бiр есiктен кiрiп, бiр
есiктен шығады. Қалтай Мұхамеджанов саяси-сатиралық
«Ара» журналының, Шерхан Мұртаза «Егемен Қазақстан»
газетiнiң, Камал Смайылов «Ақиқат» журналының бас ре-
дакторы. Əрқайсысы əр қабатта. Ең төменгi қабатта – кафе.
Ерiнi кеберсiп, таңдайы кепкендер кафеге түсiп, шай-пай
iшiп дегендей жан шақырып тұратын. Сондай бiр шiлденiң
ыстығында Қалтай аға Шерхан бауырына телефон соғып:
– Төмендегi суатқа құлап қайтсақ қайтедi? – деп ұсыныс
жасаса керек.
– Жарайды, Қалеке, – дептi Шерағаң, – қазiр Камалмен
сөйлесейiн. Сосын сiзбен хабарласам.
182
Сəлден соң:
– Қалеке, – дептi Шерағаң, – Камал дос өзiнде жоқ, ЦК-
ға... жоғарыға кетiп қалыпты.
Сонда Қалтай аға:
– Смайылов кетсе бiздiң аузымызды өзiмен бiрге қалта-
сына салып алып кетпеген шығар? – дептi қуақыланып.
Тапқыр сөзге тəнтi болған Шерағаң:
– Түсiндiм,– дептi, – ендеше төменге түсе берiңiз.
Сол күнi Шерағаң шағын кафеге «Камал-кафе» деп ат қо-
йыпты.
– Ей, бақытты болғыр Дию аға. Кiмдi-кiм не демейдi,
кiмдi-кiм бөгемейдi? Ендiгiсiн өзiм айтайыншы. Сол «Ка-
мал-кафеге» бармай тұрып, маған «Халық жазушысы!» де-
ген атақ бердi.
– «Атақтың атасына нəлет, алмаймын!» деп үзiлдi-кесiлдi
бас тартпадың ба?
– Имандай шынымды айтсам, бұл атақтың өзi Кəрiшал
айтқандай, менiң «дуакеш – жадуалығыма» берiлген жоқ,
көркем əдебиетке жұмсалған көз майымның ақысы.
– Байқаймын, басымды шайқаймын! – дедi Дию таңыр-
қағандай. – Сөз саптауыңа қарағанда, қу бiткендi қуалап,
Диюды дуалап, жынды жетектеп, шайтанға шарық кигiзiп,
қажырын қайтарған Қалтайсың-ау, сiрə?!
– Тiфə, тiфə! Сiз Дию емес, əулиесiз! Тамырымды тап
бастыңыз!..
– Рас па? – дедi Дию көпшiк қойғанға көтерiлiп.
– Сiз сияқты қисынсыз өтiрiктi қиыстырып айта алмай-
мын. Имандай шыным!..
– Немене, менiң сөзiме күдiгiң бар ма?
– Əрине! Басыңыз киiз үйдей, кеудеңiз есiк пен төрдей,
танауыңыз үңгiрдей, аузыңыз апандай. Сонша тұлғаңызбен
қуықтай ғана құмыраға сиды дегенге кiм сенедi? Қисынсыз.
Аяғым салбырап, аспаннан түстiм десеңiз бiр жөн...
– Сенi қалай сендiрсем екен?
– Сөзiңiз рас болса, құмыраның iшiне кiрiп шығып, кө-
зiмше көрсетiңiзшi.
– Қазiр...
Дию əп-сəтте буға айналып, құмыраның iшiне құйындай
ұйтқып сiңдi де:
– Сен ендi сенесiң бе! – дедi сес бiлдiргендей. Сол заматта
Қалтай қожа мөрлi тығынды құмыраның аузына тыға қойып,
тарс бекiттi. Жаңа ғана «Жаныңды алам!» деп жалаңдап
тұрған Дию бейбақ болып, жалына бастады:
– Айналайын, атажан! Қадiрлi Қалаға!..
– Ендi жарық дүниенi ұмыт, жарқыным! – дедi қаһарына
мiнген Қалтай қожа. – Пайғамбар жасынан асқанымша сен
секiлдi Диюлардың шашбауын көтерем деп-ақ шаршадым.
Дүние – кезек, ендi ашсам – алақанымда, жұмсам – жұды-
рығымдасың. Мен сенi бұдан былай бұйдалы түйем секiлдi
жетектеп жүрем, бiлдiң бе?
Құмыраның iшiнде құлындай шырқырап пұшайман бол-
ған Диюдың даусы пұшықтың сөзiндей мiңгiрлеп естiлдi:
– Айналайын, атажан! Қадiрлi Қалаға! Не қылсаңыз о қы-
лыңыз, бəрiне де бақұлмын. Бiрақ, сiзден өтiнерiм – менi,
құдай ақы, пайғамбарларға барып жамандай көрмеңiзшi!..
Дию деп драмалық шығармаларды əдейi астарлап, жұм-
бақтап айтқаным ғой. Драматургия Диюдан кем бе? Ал, Ди-
юды жетектегендi драматург деп атайды. ...Жарты əлемнiң
iлiмiн жадында сақтаған жарықтық ұстазым «Дию» жетек-
теген драматург.
Достарыңызбен бөлісу: |