Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К



Pdf көрінісі
бет44/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   88
Байланысты:
7370 (1)

Қадыр МЫРЗА-ƏЛІ:
– Ештеңенi тiзеге
Салғаным жоқ əй, тегi.
Бiр мысыққа жүз өлең
Жаза салсам қайтедi?
Бажылдатып қуады
Бiр мысықты бiр мысық.
Содан шабыт туады,
Жүрегiмдi жыр қысып.
Мысық жүрсе мияулап,
Мен ойлаймын ұятты.
Көргенiм жоқ үй аулап
Бала мысық сияқты.
«Мырзалиев» десе де,
Мырза демес менi ешкiм.
О, жаратқан,
Кеше гөр,
Мысықтiлеу емеспiн.
Жырға бiрақ дарханмын,
Оны бiлер тектi елiм.
Күжiрейтiп арқамды,
Итке айбар шекпедiм.
Кей дұшпаным аямай
Лақтырса да күшенiп,
Мысық құсап
Əй-əй-ай,
Төрт аяқтап түсемiн.


190
Иран-ҒАЙЫП:
Құс сататын дүкенге барсам, көздiң жауын алатын 
попугай толып тұр екен.
– Мынаны алыңыз! – дедi сатушы сұқ саусағымен бiр 
попугайды нұсқап.
– Оның қандай қасиетi бар? –дедiм.
– Оң аяғын тартсаң орысша сөйлейдi, сол аяғын тартсаң 
қазақша сайрайды! – дедi. 
Қарап тұрмай сол аяғын тартып кеп қалып ем:
– Ар-р-рмысыз, Ир-р-ран Ғайып! – дедi. 
Оң аяғын сiлкiп ем:
– Здр-р-р-равствуйте, Ур-р-разбаев! – дедi. 
Екiленiп кеп екi аяғын бiрдей жұлқып қалып ем:
– Құлатасың ғой, дур-р-рак! – дедi тырапай асып жатып.


191
– Өзiң дурак! Есiңдi жый! – дедiм едендегi попугайға. – 
Сен бар-жоғы бiрiншi рет құлап тұрсың. Ал, мен Мемлекеттiк 
сыйлықты аламын деп алты рет құладым. 
Маңайымдағылар маңдайымнан ұрып, айналамдағылар 
аяғымнан тартып, алты рет тоңқалаң асырды менi. Беу, 
дүние-ай!..
– Беу, безек қаққан ақыным-ай! Егер сен попугай туралы 
поэма жазғаныңда баяғыда-ақ лауреат боп кететiн ең. 
Менiң тақырыбым не құс емес, не денi сау кiсi емес. 
Попугайға қара мысықты қосып жырласам лауреаттығын 
бере ме? Берсе, мақұл. Сыйлық үшiн сыбанайын бiлегiмдi. 
Нар тəуекел!
Армысың, 
Бiреуге – тары,
Бiреуге – талқан, дүние!
Бiреуге – аң-таң,
Бiреуге – талтаң, дүние.
Жаратылғандай дал-дұлға
Кiшiк болмадым, дүние.
Арыстан қып жараттың,
Мысық қылмадың, дүние.
Бересiң дəйiм қол ұшын
Қутыңдаған қуларға.
Қайнады қаным сол үшiн,
«Мен iшпеген у бар ма?»
Анау жүрген пысықтай
Бола алмадым əлi.
Сүтке тиген мысықтай
Қуалайды бəрi.
Өмiр – тартыс,
Өмiр – айтыс,
Мəнi қай тұста?
Қатысып келем
Бəйгiсiз, бапсыз бəдiк айтысқа.
Ана жер – батпақ,
Мына жер – лай.
Көңiлiм əппақ,


192
Көрмеймiсiң, Попугай?!
Парқыңды бiлдiм, дүние,
Өлеңде қалмай өрiсiм.
Менiң сорым – отан,
Сен отанның сорысың.
Нарқыңды бiлдiм, дүние,
Саудасы – дау-дамайлы.
Мың теңге көрмесе,
Мысық та тышқан ауламайды.
Байлық деген сен үшiн –
Дүние, малдың көптiгi.
Байлық деген мен үшiн –
Нəпсiнiң ғана тоқтығы.
Нəпсiнi қуып, дүние,
Қазағым қалай жетiспек?
Нəпсi де үшке бөлiнген:
Ұйқы,
Құлқын,
Секс деп.
Əйел болсын,
Болсын мейлi ер кiсi,
Тағы да үшке бөлiнген
Екi жүздiнiң белгiсi:
Өтiрiк айту,
Уəдеде тұрмау –
Аманатқа қиянат.
Беу, дүние,
Барасың қайда қиялап?
Əркiмдi қойсаң орнына
Хош болар едi, дүние.
Онда қазiр көп орын
Бос қалар едi, дүние.
Мен лауреат болсам
Зар илер ме едiм бұлай...
Қара мысық алдымды
Кесе бере ме, Попугай.
Жыр үшiн туған бiр балаң едiм,


Маған жаның аши ма?
Уһ!
Жамбыл бабаны жырлаған едiм,
Бердiң-ау бiр машина.
(Жарылқағаның сол ма!..)
Жамау-жамау диванымда
Жарбиып жатып ойлаймын.
Бiр сыйлығыңды қимадың ба,
Мен бəрiбiр алмай қоймаймын!
Қоймаймын.
Жоқ, қоймаймын!..
Қоймаймын-ау деп ойлаймын.


194
Шөмiшбай САРИЕВ:
– Ей, мысығым!
Жүндей түтiп жазып ем жүйелi өлең,
«Менiкi!» деп мен сенi иеленем.
Мықтылардың мысығы болсаң егер
Сүйем сенi!
Сүйемiн!
Сүйе берем!..
Дегенменен сүюдiң бар-ау зiлi,
Өртемей ме ақынды алау жыры.
Бiр бастықты, апыр-ай, бас сап сүйiп,
Бiр пəлеге қалғанмын анау жылы.
Сəлем!
Сəлем!


Сəлем саған, поэзия – мысығым!
Шөп еткiзiп сүйер сенi пысық ұл.
Ғафу айтты: «Өспептi-ау сақал, мұртың,
Бiрақ ұқсас Пушкинге бакенбардың!»
Деп менi мақтағасын сүйе бердiм,
Дəл мен құсап сүйген жоқ Ғафаңды əркiм.
Форма қуып жүргенде Пушкин болып,
Өлең кеттi басыма үш күн қонып.
Сүйiп жазып сынды да, сықақты да
Тастай салдым бiр күнi мүшкiл көрiп.
Сəлем!
Сəлем!
Сəлем саған, поэзия – мысығым!
Иə, солай Пушкинге «ұқсас» кiсiмiн.
Ойласам көп жанрды аңди қаппын,
Əуелетiп бiраз жыл əн, күй бақтым.
Қалыңдықтай сүйгесiн ғалымдықты,
Мен қазiр ақын емес, кандидатпын.
«Шөмiшбай ендi қайда тұрақтады?»
Деп бiреулер жүрмесiн сұрап тағы.
Бəрiн сүйем!
Бəрiн де,
Бəрiн,
Бəрiн...
Бəрi менi сүйе ме бiрақ-тағы?!
Солай,
Солай
Сүйiктi, əй, мысығым!
Өзiме ұқсап қалады қай мүсiнiм?..


196
Алтынбек ҚОРАЗБАЕВ:
– Арқам қозғанда ардақты кiсiлердiң сөзiне əрегiдiк əн 
шығаратыным рас. Соған сайып мысықты жырла дегенге 
«Əгугəй мысық» деп əуейi өлеңдi сүйкей салсам, онда не 
болғаным. Əйтсе де, көңiл жықпас көп көкеңнiң бiрi едiм. 
Нартəуекел, мысықтың мұртын қоссам да «Сағындым Алма-
тымды» деген əйгiлi əнiмнiң сарынымен қара мысықты əн-
детiп көрейiн.
Кеткем жоқ тастап əндi,
Аяймын бас қаламды.
Алматы, қоя тұршы,
Жырлайын Астанамды.
Сағындым сарынымды,
Көл-көсiр дарынымды.


Сағындым баяғыдай
Қауқарлы қарымымды.
Қысылсам – сүйеу маған,
Привет, күйеу балам.
Ұқсаймын сол мысыққа
Тышқанды жиi аулаған.
Бiреулер қарсы болған,
Алтынды аршып алғам.
Сағындым Заманбектi,
Сөзiне əн шығарғам.
Жаңадан əкiм болса,
Өнерге жақын болса,
Сөзiне əн шығарам
Храпунов та ақын болса...
1991 жыл


198
НЎЌ ПАЙЄАМБАРДАН
НЎРЌАДIЛОВКЕ ДЕЙIН
Саясаткер Заманбек НҰРҚАДIЛОВКЕ
– Жарылқа, Тəңiрiм!
Тiлегiмдi қабыл ет,
Жарылқаудың қамын ет.
Жағдайымнан мен ендi
Берейiншi мəлiмет.
Бұ фəнидiң 
Көрдiм ептеп рəтiн.
Менiң көңiлiм қалған жоқ
Насыбайдан бiр атым.
Орындалмай жатыр бiрақ
Опай-топай мұратым.


199
Маған, 
Саған,
Оған...
Оның бəрi сабақ.
Екiнiң бiрi болуға
Қалған едiм сəл-ақ.
Көз таныстың көбiсi
Менi саясаткерге санап,
«Алматының бұрынғы мэрi ғой!» дейдi.
Ал, бiлмейтiн пəтшағарлар
«Мақпал Жүнiсованың ерi ғой!» дейдi.
Мэр болғаным да рас,
Ер болғаным да рас.
Я, Алла!
Көрсеткенiңе шүкiр,
Көрсетпегенiңе де шүкiр.
Мiне, саған садақа,
Мiне, саған пiтiр.
(Өзiң бiрдеңе етiп бiтiр!..)
Басымда бақ бар,
Астымда тақ бар.
Тағымды Қыдыр Ата
Талдықорғанға бармасам да сақтар.
Өткенге – салауат!
...Депутат боп жүргенiмде
Былай сайраған гəп бар:
Ата-бабамыз 
«Ассалаумағалейкумнен» соң
«Мал-жан аман ба?» деп
Əуелi малды сұрайтын,
Сосын барып халдi сұрайтын.
Қазiр не мал жоқ,
Не хал жоқ,
Немiздi сұраймыз, Алла?
Мал – мойнымыздағы масыл емес,
Қойнымыздағы асыл.
Етi – емге,


200
Терiсi – теңге,
Тұяғы – дойч марка,
Мүйiзi – валюта,
Құмалағы – доллар.
Себебi, қорада
Долларға сатып ала алмайтын көң бар.
Жақсаң – отын,
Шашсаң – тыңайтқыш,
Шетелге қаңғып нең бар?
Я, Алла!
Уəжiме құлақ түр,
Мынадай тосын сұрақ тұр:
Мен сайланған округ
Алматыдан жырақ тұр.
Аржағы – Қытай, бiр-ақ қыр.
Швейцария атанып,
Болған едi жұмақ бiр.
Сiлекейiн ас қылып,
Барлық ауыл жылап тұр.
Анау үйдiң алдында
Қаңқасы қалған «К-700»,
Мынау үйде қаусап тұрған трактор.
Жекешеленген бiрақ бұл.
Сонда 
«Есепсiз жекешелендiру
Елге керек пе?» деген сұрақ тұр.
Бұл не, жекешелендiру ме?
Əлде жеке шешiндiру ме?
(Есiктен енген бiреуге зекiп)
– Жабыңыз!
Жап есiктi!
Көрмейсiң бе,
Құлшылық жасап тұрмын.
Ал, сен батамды бұзып,
Айдалаға тас аттырдың.
Батамды бұзба.
Мынау өзi ұл ма, қыз ба?


201
(Құлшылығын жалғастырып)
Аллаhу акбар!
Аллаhу акбар!
Ашуым – алқымымда,
Жар бола көр, жаратқан ием Жаппар.
Я, Алла!
Өзiңе аян,
Қарсыластарым өте көп пе?
Мүйiзi қарағайдай
Сол қарсыластарыма төтемекке,
«Соқыртеке» ойнатқан социализмнiң атынан,
Тумай туа шөккен коммунизмнiң атынан,
Топырағың торқа болғыр партияның атынан,
Иманыңнан айналайын мафияның атынан
Құбылмайтын түрiмдi
Құбылаға қараттым.
Мəжiлiске депутат қып
Менi əдейi жараттың.
Бұдан бұрынғы парламенттi
Тездетiп неге тараттың?
Уа, шебер Құдай!
Өзiң жаратқан бiр соқыр,
Бiр саңырау,
Бiр таз бопты.
Үшеуi бөсiп мəз бопты.
«Көргенiмдi айтсам,
Көп адам таң қалады!» деп,
Соқыр айтыпты.
Саңырау да құлағын қағып,
Қалпағын қоқырайтыпты:
«Естiгенiмдi айтсам ел риза!» деп,
Өзiнше көкiп сөйлептi.
Сонда таз:
«Əй, əңгiменi қой!» – дептi. –
«Екеуiңнiң айтқандарыңды естiсем,
Төбе шашым тiк тұрады!».
О, тоба!


202
Ауызбен орақ орып
Кiм ненi ұқтырады?
Сол соқыр,
Саңырау,
Таз секiлдi
Бүгiнгiнiң сөйлегiш мықтылары.
Я, Алла!
Бiр-бiрiмiзбен тату ек.
Ғафу ет!
Сенiң орныңа таласпаймын.
Сайтан алғыр,
Саясат туралы да жақ ашпаймын.
Бүгiнгiнiң əкiмдерi
Не соқыр,
Не саңырау,
Не таз емес.
Менiң атқаратын шаруам аз емес.
Алатауға егетiн апортым бар,
Қапшағайға салатын аэропортым бар.
Ертiстi берi ағызам,
Iленi керi ағызам.
Ең бiрiншi – ел керек,
Электрге – жел керек.
Жетiсудiң жерi де жақсы,
Желi де жақсы.
Əкiм боп келiсiмен
Ептi сөзбен елдi үйiргем,
«Əр ауылдың тұсына
Орнатам, – деп жел диiрмен!»
Шымбұлақты жұмақтай қып,
Дүниежүзiнен туристердi шақырам.
Жегендердiң желкесiне статья қойып,
Юристердi шақырам.
Сосын – бiттi шаруа!..
Уh!..
Адамды азғыратын – шайтан.
Шайта-а-а-н,


203
Шайтан болсаң қайтейiн,
Сенiң де бетiңе айтам.
Маған көрсетпе тайтаң.
Төбемнен
Төтенше жағдай туғызып,
Нұқ Пайғамбардың топан суын
Нұрқадiловке ағызып,
Қаптата көрме селiңдi,
Тұрғыза көрме желiңдi.
Ендi алайын демiмдi.
Я, Алла!
Менi 2030 жылға дейiн алма.
Пəледен,
Жаладан,
Тiлден,
Көзден,
Сұқтан,
Судан,
Оттан,
Опаттан,
Апаттан,
Мансаптан сақтай көр!
Бай қылып – балпайт,
Əкiм қылып – қалқайт.
Маған жамандық ойлағандарды
Басынан бiр ұрып жалпайт.
(Ғибадатын кiлт үзiп) 
Оппо-о-о-о!..
Жататын мезгiл боп қапты ғой,
Қаланың у-шуы да тоқтапты ғой.
Ғибадатын үздi деп,
Сөге көрмес менi ешкiм.
Я, Алла!
Мен Сiзге оппозиция емеспiн.
Ғафу ет!
Ендiгi ойым – етбеттеп, 
Телевизор көрiп жату ед.


Стоп!
КТК-дан
Əн салып тұр Мақпалым.
Осымен бiттi ақпарым.
Все!
Рекламная пауза.
Əумин!
2001 жыл


205
АТЫ ҐЗГЕРГЕН АКТЕР


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет