Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К



Pdf көрінісі
бет8/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   88
Күнəм – жойқын, тəубəм аз,
Тіршіліктен не таптым?
Дүние- жемтік, мен – төбет, 
Соны бақпай, не бақтым?
Ырылдасып əр кіммен,
Не қапқыздым, не қаптым.
(Дулат Бабатайұлы)
Табиғиндер дəуірінде өмір сүрген Амир ибн Абдулқайс деген 
имамға біреу келіп:
– Кел, отырып арқа-жарқа əңгіме-дүкен құрайықшы! – 
дегенде, ол:
– Сен күнді ұстап, кішкене тоқтата тұршы, сосын емін-
еркін əңгімелесейік! – деп ойлантып тастаған екен
(Асылбек Ноғаевтың əңгімесінен)

* * *
Баяғыда бір өнерпаз жігіт он қадам жерден жіп лақты-
рып, иненің көзінен өткізеді екен.
Патша сол жігітті алдыртып:
– Осы өнерді үйренуге қанша жылың кетті? – деп сұрай-
ды. Қошемет дəметіп тұрған жігіт:
– Жиырма жылым кетті! – дейді масайрап.
– Мынаған жиырма алтын беріңдер. Сонан соң жиырма 
дүре соғыңдар! – депті патша нөкерлеріне.
– Жазығым не? – дейді өнерпаз жігіт үрейленіп.
– Алла тағаланың өлшеп берген өмірінің бақандай жиыр-
ма жылын пайдасыз іске жұмсағаның үшін! – депті ашулы 
патша.
(Ел аузындағы əфсана)


Өткен өмір!
Өзіңе өкпеледім,
Жеткізсең де төбемді көкке менің.
Алла берген алтындай көп жылдарым
Бос кетті деп өзімді жек көремін.
Сиқыршыдай бір амал жасай қалып,
Сұлуларға сұқтандық бас айналып.
«Жіп өткіздім иненің көзінен!» деп,
Жігіттікпен қырық жыл масайрадық.
Уақыт – тұлпар құйғытты шапшаң алға,
Ілесе алмай келемін бəтшəғарға.
Қырық алтын бермей-ақ,
Осы маған 
Қырық дүре соғатын патша бар ма?


25
№2
Ж±МА С¦ЛЕМ 
Ертеде жаңа үйленген жас жігіттің байлаулы иті үйге 
келген меймандарына үріп қоймапты. 
– Кет-ей! Бір-ақ айтам, үрме! – депті жігіт. Иттің аты 
ит қой, үрме дегенді түсіне ме, одан сайын шабаланыпты. 
Жігіт əйелінің көзінше итінің басын шауып алыпты. 
Ала мысығы алдындағы сүтке тисе:
– Піш-ай! Бір-ақ айтам! – депті. Сөз ұғатын мысық 
қайда, қаймағын жалай бастағанда, əйелінің көзінше баж 
еткізіп бауыздап тастатты. 
Күндердің күнінде ат арбамен əйелін төркініне апара 
жатыпты. Əбден титығып шөлдеген ат жол-жөнекей 
тоған-арыққа тоқтай қалып, тұмсығын тықса:
– Су ішпе! Бір-ақ айтам! – деп бұйырыпты. Онысын жа-
нуар тыңдай ма? Атының басын кесіп алыпты да, əйеліне:
– Арбаны сен тартасың. Мен бір-ақ айтам! – депті. 
Арба сүйреп келе жатқан қызын көрген əке-шешесі шо-
шыса:
– Үндемеңдер! Күйеуім бір-ақ айтады! – деп сыбырлап-
ты. 
«Баланы – жастан, əйелді – бастан» деген аталы сөздің 
парқы мен пайымын түсінбеппін. Əйеліме əу баста бір-ақ 
айтпаппын-ау. Сөзім өтпейді. Өтсе де жартылай өтеді.
Сөзім тұтас өтетін біреуге үйленсем қайтеді? 
...Ойым бұзылды.
Өмеке, сəлем бердім Астанадан,
Жұма күні жұмыс жоқ басқа маған.
Алақанға салып ап тербетесіз,
Аумаймын бесіктегі жас баладан.
Ізетпен «Інім» десіп, «Ағам» десіп,
Жұма сайын келеміз сəлемдесіп.
Құрт көжені бабымен дайындайтын
Ару қыз кезікпей жүр, амал нешік?


26
Кілең сайтан жолымда шиырлаған,
Бір періште жолығар биыл маған.
Тағдырыма таң қалып жүрмін аға,
Қырық қыздан жырық қыз бұйырмаған.
Ошағыма от жаққан халқым екен,
Қалайша көбік құсап қалқып өтем?
Қазанында еті бар,
Қамыры жоқ,
Сəлеммен – бүтін еркек, жарты Көпен.
№3
Ж±МА С¦ЛЕМ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет