Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К



Pdf көрінісі
бет5/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88
Байланысты:
7370 (1)

Екінші бөлім
Немістің ұлы ақыны Гете бес рет министр болған. 
Патшаға оқта-текте ода жазып, мадақ өлең арнап 
тұрған. Сондай оданың бірін оқыған Бетховен «Әй, 
Гетежан, мен сені ақындардың патшасы ма десем, 
патшалардың ақыны екенсің ғой» десе керек.
(Тарихи оқиға)
Бұлаңдаған бір адам
Анаған да мынаған:
– Қылаудай да мінім жоқ,
Пәкпін, – депті, – күнәдан.
Әлқиса, соры қайнаған сол пендеге бір балгер-бақсы: 
«Сенің күнәң бар ма, жоқ па – оны бал ашып білейін. 
Бірақ, балды құмалақпен емес, таспен ашам. Ол үшін 


13
қиқымдай-қиқымдай қырық тас пен қазандай бір қара 
тас әкел» депті.
Жазған құлда жан бар ма, айтқанын айнытпай орын-
дайды. Бытырадай-бытырадай қырық тасты ойдан-
қырдан теріп әкеп, қазандай қара тастың түбіне үйіп 
қояды да:
– Ал, тапқыш болсаң тапшы, менің қандай күнәм 
бар? – дейді.
– Асықпа! – дейді балгер-бақсы бажырая қарап. – 
Енді осы тастарды алған жеріңе қайта апарып қой. 
Сосын айтамын.
Пәкпін, ақпын деп өрекпіген жұмырбастың жүні 
жығылып, әбден әбіржиді. Қазандай қара тасты қай 
жерден алғанын білсе де, қида-қида қырық тастың 
орнын таба алмайды.
– Міне, – дейді балгер-бақсы, – әр пенденің біліп 
істеген үлке-е-ен күнәсі қазандай қара тас секілді. 
Оның ошақтай орны өзіне мәлім. Ал адамның білмей 
істеген күнәлары әлгі майда-шүйде қырық тас сияқты. 
Қайсысын қай жерден алғаны есінде жоқ.
Осы бір әпсананы ел аузынан естігенімде мемле-
кет және қоғам қайраткері Иманғали Нұрғалиұлы 
Тасмағамбетов көз алдыма елестеді.
Ұлағаттап жүретін ұлтымызды,
Салт сананы, әдет пен ғұрпымызды.
Анаңыздан, Имеке, айналайын
Дүниеге әкелген ұл тым ізгі!
Иманғали дегенде, Иманғали,
Бір өзіңе татымас жиналған би.
Мұражайға айналып қалар түбі
Әр талантқа қамқор боп сыйланған үй.
Тұранды ойлап тұла бой азалы ма?
Тіл тағдыры алады-ау мазаны да.
Ұлтымыздың рухын байытсын деп,
Құдай Сізді сыйлаған қазағыма.


14
Арғымақты оздырмай тізгіндейміз,
Бәйге алатын кезіңіз Сіздің дейміз.
Атаңыздың атында алтын «Тас» бар,
Қырық тас жоқ та шығар, біз білмейміз...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет