Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К



Pdf көрінісі
бет6/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88
Үшінші бөлім
Қазақ поэзиясының қара нары Қадыр Мырза-Әлі 
ағамның «Энгельстей досың болса, Маркс болу қиын 
емес» деген афоризмі кәнігі кәсіпкер,меценат,өнер 
жанашыры Өмірзақ Сәрсеновке арналғандай.
Арқа қағу түспейді енді күшке,
Әр ісіңіз парапар ерлік іске.
Марқа мінез Жүрсінің
Маркс болса,
Сіз ұқсайсыз, Өмеке-ау, Энгельске!
Қанша азамат қамығып ой бөлісіті,
Анадайдан байқайсыз оң-терісті.
«Бар қазақтың ақыны, бірігіңдер!»
Деп жасайсыз Лениндей төңкерісті.
Жүгірмейсіз жұмысқа пайдалырақ,
Арыстандай жүрмейсіз Айға құлап.
Тырнақтайға тырысып,
Тым-тым қатал
Сталин боп кетесіз кейде бірақ.
«Шөк!» дегенге түйедей шөкпедіңіз,
«Шөге алмаймын, керуенім көп!» дедіңіз.
Жұрттың бәрін жүгіртіп,
«Жүгері ек!» деп,
Хрушевтай арам тер төкпедіңіз.
Шөп шығарған үстіне айтақырдың,
Бақанастай дейсіз бе байтақ ұлмын.


15
Қазақ пенен арабтың
Қанын қосып,
Горбачевтай өмірді қайта құрдың.
Сізден артық болады дана қандай?
Көз салсаңыз періште қарағандай.
Алдырмайтын,
Ешкімге шалдырмайтын
Саясатқа беріксіз «Н.Ә.Н.»
7
ағамдай.
Түйін
Бойдағы мінді санасам,
Тау тасынан кем емес
(Абай)
Ел біледі менің де есімімді,
Демеңіздер «Тұтамыз несін үлгі?»
Беу, Өмеке!
Бір күнәм есімде жоқ,
Сұрар едім әйтпесе кешірімді.
«Шаг» баспайсыз шаруаға рабайсыз,
Сіз қазақтың Нобелі,
Ірі ағайсыз.
Бір күнәңіз түспесе есіңізге,
Сірә, Сіз де кешірім сұрамайсыз.
Құлдық етіп Құдайға бас ұрамыз,
Байқамас деп кейде амал асырамыз.
...Адамдардан жасырған күнәмізді
Алла алдында біз қалай жасырамыз?! 

Шерағаң – қайраткер жазушы Шерхан Мұртаза.

Фариза – ақын Фариза Оңғарсынова.

Рафаэль – ақын Рафаэль Ниязбеков.

Дүкенбай – жазушы Дүкенбай Досжанов.

Мырзекең – қайраткер ғалым Мырзатай Жолдасбеков.

Досанов – жазушы Сәбит Досанов.
7
«Н.Ә.Н.» – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.


16
«ЖЎМА СƏЛЕМ» 
ЌАЛАЙ ТУДЫ?
Сары аязда қата ма,
Қайнардың аққан тұнығы.
Қап түбінде жата ма,
Болаттың асыл сынығы.
 Ақтамберді.
«Жаны жақсы адамдар байлық жинамайды, өздері 
байлыққа айналады»
 Баққожа Мұқай. 
Бөлтірік шешен Дінмұхаммед Қонаевтың арғы атасы 
екенін білгенімде «Е, бәсе, тектілік қайдан дарыған?» 
деп таңырқаған едім. Ғұмыр бойы өзіне үлгі тұтқан баба-
сы туралы Димаш аға былай депті: «Жетінші атадан қосы-
латын Бөлтірік Әлменұлы тек сөзге шешен ғана емес, 
сұңғыла саясаткер, асқан батыр, құралайды көзге ат-
қан мерген болатын. Маған соның тек мергендігі ғана 
дарыса керек».
Міне, ізет! Міне, иба! Әйтпесе, абырой-атағы бір ба-
сына жетіп артылатын Димекең «визиткасына» жай 
ғана «Тау-кен инженері» деп жаза ма?
Әлемнің 48 алтын медалін жеңіп алған әйгілі палуан 
Қажымұқан Мұңайтпасов – Қарақыпшақ Қобыланды-
ның тұқымы. Олжас Сүлейменовтың алтыншы ата-
сы – Олжабай батыр. Абылай ханның туын ұстаған 
Байғозы батырдың анасы Бану – Қанжығалы Бөгенбай 
батырдың қарындасы. Байғозы батырдың өсіп-өнген 
әйгілі ұрпақтары екі мәрте Еңбек Ері атағын алған 
Ыбырай Жақаев пен Ұлбала Алтайбаева, әншілер 
Әміре Қашаубаев пен Рахия Қойшыбаева, композитор 
Бекен Жамақаев, ғалым-жазушы-қайраткерлер Балта-
бай Адамбаев, Медеу Сәрсекеев, Якуда Амандықов, 


17
Қуандық Түменбай, Хасен Қожахмет болып жалғаса 
береді. Айталық, Ақселеу Сейдімбек ағамыз – Байғозы 
батырдың алтыншы ұрпағы. 
Исі қазақтың ішінен мұндай деректі көптеп келтіруге 
болады. Ағаштың негізі – түп-тамырында, адамның негі-
зі – тегінде. 
Таудан аққан тасбұлақ
Құймай қоймас теңізге.
Жақсы атадан туған ұл
Тартпай қоймас негізге.
«Мұнымен не айтқалы отыр?» дейсіз ғой. Өнер десе 
дүбірге құлақ түрген тұлпардай тыпыршып, бір орнын-
да тұра алмайтын кәсіпкер екеу болса, бірі – Өмірзақ 
Сәрсенов, біреу болса – өзі. Шын жанашыр! Атағым шық-
сын деп арзан абыройға қызықпаған азамат.
Асқар – асқар ма, 
Алыстан көрінбесе? 
Асқан – асқан ба,
Шашылып-төгілмесе?
Ау, сонда меценат ағамыз мәдениет иелерінің мәр-
тебесі асқар таудай асқақтай түссін деп шашылып-
төгілген Атымтай жомарттығы мен ақынжандылығы 
қайдан дарыған? Атасынан дарыған! Ал, атасы кім? За-
манында еліне сыйлы болып, есімі көпке танылған ата-
сы Оспанқожа Мүсәпірұлының артында қалған әдеби 
мұрасы жинақталып, 2007 жылы «Үш қиян» баспасынан 
жеке кітап боп шықты. Бақанастық Таутай ақсақал құ-
растырған осы кітаптың алғы сөзіне назар аударсаңыз, 
Өмекеңнің негізі мен түп-тамыры қайда екенін түсінесіз.
«Оспанқожа 1888 жылы Алматы облысы, Балқаш 
ауданы, Қараой ауылында дүниеге келген. Есі кіріп, 
етек жапқанда ауыл молдасы Біркеден 5-6 ай арабша 
сауат ашып, бір жыл өткенде Құранды жатқа оқыған. 


18
Алланың сүйген құлы – Осекең жасынан құйма құлақ, 
күміс көмей, жезтаңдай, суырып-салма ақындығымен 
қатар болжампаз, көріпкел әулиелігімен де есімі аңызға 
айналған тума шайыр болған. 
Аштық тауқыметі өткен соң, Қамаудағы (Қараой) 
ел-жұрт бірігіп, кеңестік жаңа өмірге бет бұрады. Ең-
бекші халық егін салып, төрт түлік мал өсіре бастай-
ды. Пайғамбар жолын таза ұстаған әулие Оспанқожа: 
«Үкіметтен келген малда құрт ауруы бар, еті мен сүтін 
әбден қайнатып пайдаланыңдар» деп, жанашырлық 
танытады. Шолақ белсенділер бұл жайды ауданға ха-
барлайды. Сөйтіп, Осекең «халық жауы» аталып, 1937 
жылы әділетсіздіктің құрбаны болады. Оның болжап 
айтқан құрт ауруы бұрын қазақ жерінде болмаған бру-
целлез дерті екендігі 1943-44 жылдары анықталады. 
Оспанқожаның көптеген ақындармен айтысқан өлең-
дерін, діни кітаптарын ГПУ-дің ізшілері отқа жағып жібер-
ген. Әрәдік ел арасына тарап, айтылып жүргендері: Таң-
сықпен, Сәдіғұлмен айтыстары ғана. Өзінің замандаста-
ры Оспанды «Қара дара» деп атап кеткен. 
Оспанқожаның ел арасына таралмаған әрі танылма-
ған 200-ден астам мақал-мәтелдері жинақталып, қағаз 
бетіне түсіріліп отыр. Бұл мұралық мақал-мәтелдерінің 
бүгінге де, болашақ ұрпақтарға да танымдық, тәлімдік 
үлгі-өнеге болатынына сеніміміз зор». 
Сол кітаптың ішіндегі жалғыз ұлы Сәрсенге арнаған 
өлеңінің түйініне зейін қойып, зерделеңізші. Ауыз әде-
биетінің үлгісіндей.
Кең пейілдің түбінде кен жатады,
Шипалы, тәтті сөзде ем жатады.
Жақсылар мен тектілер тең жатады,
Арам ой адалдықтан кем жатады.
Тар пейілдің түбінде тас болады,
Зерделі жас болса да бас болады.
Билік тисе қолына ақымақтың,
Атағын көтере алмай мас болады.


19
Ал мақал-мәтелдерінің мазмұны майлы, ұлттық боя-
уы ұйыған айрандай! Көз жүгіртейік.
– Шалаға күйгеннен жалаға күйген жаман.
– Құлып кілтінен құлық кілтін табу қиын.
– Аузы боқтаулының сөзі оқтаулы.
– Ине мен жіп бір-біріне тәуелді. 
– Өтірікші «Құдай біледіні» көп айтады.
– Бақ – барға, ұят арға қонады.
– Әр құралға сап керек, әрбір іске бап керек. 
– Оқымаған наданнан оқыған надан қауіпті.
– Суды шым бөгейді, өтірікті шын бөгейді. 
– Әктіп қолдап қалхозды, құртты талай жампозды.
Ал, анасы Ақжүністің суырып-салма ақын болғандығы 
ауыл-аймағына мәлім. Өрнекті сөз, өтімді айтысының 
бірсыпырасы күні бүгінге дейін ел аузында.
– Анам ақын еді. Онда да ағып тұрған ақмылтықтың өзі 
болатын. Талай рет шаршамай-талмай, сөзі сарқылмай, 
әні таусылмай таңға дейін айтысқанын ағайын әлі жыр 
етіп, тамсанып айтады. Қағазбек деген қызыл сөздің 
көрігін қыздырған ақынмен бір таң айтысқанын бала кү-
німде өзім де көрдім, – дейді Өмекең өз естелігінде. 
Мысал үшін Ақжүністің Сәдіғұлмен айтысын алайық-
шы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет