7
* * *
Біздің қазіргі қазақ әдебиетінің бір өкілі – өзіміздің
осы мынау азаматымыз Көпен мырза.
Көпен Әмірбек
десеңіз, жұрттың бәрі біледі.
Неге десеңіз,
бұл аузын
ашса аузынан шоқ түседі. Ол шоқ адамды күйдірмейді,
күлдіртеді. Оның өзі үлкен өнер. Жыртылған көңілді жа-
майды, мұңайған көзді жадыратады. Тіпті қиын-қыстау
кезеңнің өзінде де елге қуат береді.
Мінеки, осындай тұлға біздің қазақ халқына керек-ақ.
Өйткені, оның көкірегінде, оның санасында халыққа де-
ген жанашырлық сезім бар. Ал ондайлар халықтың тірі
тірегі, ірі тұлғасы болады. Егер де осындай азаматтар
көп болса біздің халықтың бақыты. Өйткені оны білетінім,
көп жыл қызмет істестім. Өзі өтімді, сөзі жалынды, әрбір
сөзінің салмағы бар.
Шерхан МҰРТАЗА
* * *
Көпен – талантты сатирик. Оған таласым жоқ. Рас,
ол өлеңдерінде мені де пародиялап жатады. «Сіз оған
қалай қарайсыз?» деп сұрайтындар бар.
Мен өнерде үш биіктік бар деп түсінемін. Біріншісі –
қалыпты биіктік. Оған аса
қиналмай-ақ көтерілуге бо-
лады.
Екіншісі – таланттардың тұғырына айналған биіктік.
Үшіншісі – космостық кеңестік.
Оған таланттың
таланты, дарынның дарабозы ған шыға алады. Мен
Көпен ініме кей-кейде ұсақ-түйекке ұрынып кетпей, сол
космостық кеңестікке көтерілуін тілер едім.
Мұхтар ШАХАНОВ
8
* * *
Ерлігіңді түсіне алмай қауым дал:
Соғып жатыр тұс-тұсыңнан дауылдар
Сен неше жүз пародия арнасаң,
Соншама жүз бітіспейтін жауың бар!
Жүрсін ЕРМАН
* * *
Көпен Әмірбек – қазіргі
қазақ әдебиетіндегі сатира
жанрында ұзақ жылдардан бері жемісті еңбек етіп ке-
ле жатқан көрнекті қаламгеріміз.
Қазіргі біздің қазақ
әдебиетінде сатира жанры кенжелеп дамыған. Бұл орыс
әдебиетіндегі сияқты оның үлкен, ұлы тұлғалары біздің
әдебиетімізде аздау деп айтсақ – ол артық айтқандық
емес. Сондықтан бір өзі бір театрға айналған Көпен ол
тек сатирик-ақын ғана емес, өзінің жазғандарын өзі орын-
даушы Петросянымыз. Көпен – өз сатираларын сахнаға
бейімдеп қоюшы ретінде де, оның қоғамдағы ең өзекті
проблемаларын арқау ете білген публицист ретінде де
қазіргі қазақ әдебиетінің айтулы тұлғаларының бірі.
Достарыңызбен бөлісу: