Бағдарламасы бойынша жарық көрді Есдəулет Ұ. Е 78 Үш томдық шығармалар жинағы./Ұ. Есдəулет. Алматы



Pdf көрінісі
бет13/17
Дата31.03.2017
өлшемі1,12 Mb.
#10892
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

КӨЛIК
Сырғанады машина көк тайғақтан, 
Анда-мында бiр соғып қақпайлатқан. 
Жалмауыз бiр жыланмен алысқандай. 
Жүргiзушi тiстенiп, тастай қатқан.
Сақал-мұрты жаңадан тебiндеген, 
Жап-жас жiгiт, жыланға берiлмеген. 
Шығып кетсе қолынан қайта бас сап, 
Жанталасты, беттесiп өлiмменен.
Бұл – махаббат,
Ажалмен алысады,
Сана сайрап, қолдары қарысады.
Сүйе ме ол!
Сүйе ме дəл осылай!
Жүргiзушi жыланға жабысады.
Түсiмiзге ядро араласты, 
Жарылыстан денесiн жара басты. 
Бұл апатты болдырған бiз емеспiз, 

298
Жол берердей бiздi не қара басты? 
Құйттай жердiң бетiнде үлкен көлiк 
Тiзгiн бермей бiздердi ала қашты.
Соңғы кешiн сүйемiн осы Жердiң, 
Ұясына жантайып, көсiлер Күн, – 
Менiң Күнiм, ертең ол қайта туар, 
Есiмiмен басқа бiр есiл ердiң. 
Сонда өзiм аңсаған азаттықтан 
Құтылмақ боп мұхитқа секiрермiн.
Қар таусылған. 
Жол – қара, аттар – қара, 
Жолаушы анау зымырап шапқан дара. 
Уақыттың пысқырынған көлiгiне 
Қамшы басып барады сотқар бала.
СЕН БОЛСАҢ
Менiң сенi сүйгенiмдей 
Сенi бiреу сүйсе егер, 
Тiлсiз-мылқау күйге кiрмей 
Қалмағына кiм сенер?
Саған терiс қарар едi ол 
Өкпелеген балаша. 
Соқыр болып қалар едi ол 
Жүзiңе бiр қараса.
Көлеңкедей көшедегi 
Жылағанда шын жаны, 
Түнгi жұлдыз өшер едi, 
Сөнер едi Күн дағы.
Шырақ етiп көтередi 
Жүрегiн ол, аңғарсаң. 
Өзiн қиып кетер едi, 
Дүниеде сен болсаң!

299
ƏЗІРБАЙЖАН ШЕРЛЕРІНЕН
Мəмед ИСМАЙЫЛ
ƏКЕ
Əкесін жұрт ұмытпайды
Ешқашан,
Тебіренем əкемді ойлай бастасам. 
Өмірі мен сөзін жатқа білмеймін, 
Жадымдағы ақ кітапты ашпасам.
Жанымда жүр
Оның өшкен жан нұры,
Тағдырымда жүр оның да тағдыры.
Оған деген сағынышпен өтті ғой,
Қанша күнім,
Қанша жылым,
Барлығы.
Сүйелденді алақаны Анамның,
Көзінде оның –
Үміт, бейнет, алаң, мұң
Екеуміз де мұрагерміз тағдырға,
Ол тағдырды, қайдан іздеп табармын?
Алдап жүр ме зерде деген зер-сезім,
Өзің жайлы тыңдап едім ел сөзін,
Өзгеше етіп суреттейді бейнеңді,
Əкежаным,
Өтінемін,
Келші өзің.
Зираттарда,
Айтар болсаң ашығын,
Байтақ əлем жатыр бізден жасырын.
Соның сырын берер маған кім ашып,

300
Тірлігімде,
Озбай тұрып ғасырым?
Соғыс бітті,
Жылдар зулап өтті енді,
Сені күтіп сарайыма от толды.
Шындық қайда?
Жалған қайда екенін
Өзің келіп түсіндірер шақ болды.
Тұмасы сен мен боп аққан бұлақтың,
Аш-жалаңаш жетілдім де,
Гүл аттым.
Сен –
Сөйлемсің соғыс өзі өшірген,
Соңыңда мен –
Нүкте емеспін,
Сұрақпын??! 
ҰМТЫЛЫС
От пенен от,
Су менен су бірігіп,
Бар болмысқа кеткен болар кірігіп? 
Арман қуып, қуанышты сағалар, 
Əй, кішкентай балалар-ай, балалар.
Жаңбыр жауып,
Биікті бұлт басқанда,
Өкшелерін көтерісіп аспанға –
Арманына ұмтылатын сан ғасыр,
Беу, бұтақтар, бұтақтар-ай жап жасыл.
Өздерінің сырқаттарын ұмытып, 
Бір-біріне жəрдемдесіп, жылытып, 
Қол ұштарын бермек болып елпілдер, 
О, кейуана, кемпірлер-ай, кемпірлер.

301
Қайғы менен қасіретті өткеріп,
Азапты да, тозақты да көп көріп,
Бар əлемге жауапкер де,
Балғадай
Қайран біздің ақсақалдар, шалдар-ай.
Жер тағдыры жағамыздан алғанда, 
Шарасыздан жақ аша алмай қалғанда, 
Сыңғырынан жан сарайың шуақтар, 
Бірге туған бұлақтар-ай, бұлақтар.
Беу, кішкентай балалар-ай, балалар, 
Бұтақтар-ай, жас жігерге барабар. 
Кемпірлер-ай, кемпірлер-ай кейуана, 
Қайран қарттар, қайыспаған қайда да. 
Бұлақтар-ай, шапқылаған айнала...
Қай белеске шақырады дауыстап, 
Қай қиырға бара жатыр алыстап?
КӨГЕРШІН
Көгершін,
Қалай мұнда тап келгенің?
Мен дағы сен сияқты жат жердемін. 
Дəн бе əлде,
Тыныштық па, ап келгенің, 
Қол созым отырсаң да шап бермедім.
Аспанын дүниенің көктеп, құсым,
Тұқымын тыныштықтың сеппекпісің?
Жападан жалғыз өзің
Мен сияқты,
Өмірдің құпиясына жетпекпісің?
Бір шөкім шүйке бұлттай періштем-ау,
Анамның демі болып өппекпісің?

302
Жүректің лүпіліндей елгезегім,
Мазасыз мен де сендей жер кеземін.
Сен білсең,
Бұл дүние құс секілді,
Айтпастан ұшып кетер елге жөнін.
СОЛ ЖЫЛДАР ЖАҢҒЫРЫҒЫ
Шақырғанда күзгi қиыр
 
 
 
нұр тұнған
Алыстағы арманыма ұмтылғам. 
Қарсы алдымда 
Сайрап жатты сара жол, 
Ал арқамда портфелiм бар жыртылған.
Сол төртiншi сыныпты мен сағынам... 
Тал тербелген терезенiң жанынан 
Бiз шығушы ек
Бостандыққа дүр етiп, 
Күн көрiнбей жолдың қара шаңынан.
Соғыс өттi.
Қайғы да ұмыт саналды,
Тыныштықтың тасына тас қаланды.
Жылдар зулап,
Өтсе де өмiр,
Көрем мен,
Босағада əлi отырған анамды.
Қараңғыдан маған қолын созады,
Өмiр мiне,
Осылайша озады.
Тiзесiне қойсам сонда басымды
Ұмытылар дүниенiң азабы.
Мiне солай!
Арманымды жаңа айдың

303
Сығалаған сəулесiне балаймын.
Соғыста əкем
Айналған ғой көмiрге,
Түннен соны көрем бе деп қараймын.
Оның жаны – желбiреген жалау-ды,
Түсiмде де көрем түтiн, алауды.
Анам болса жерiн жыртып,
Дəн сеуiп,
Айналысып кəсiбiмен қалаулы,
Түнiменен жылаушы едi жанымда...
Жылдар солай өте шықты санаулы...
ЖЕР МЕН КӨКТIҢ АРАСЫ
Көктемнiң сезiнген соң басымдығын, 
Жасанды жер киiнiп асыл киiм. 
Жап-жасыл гүлге оранып ағаштар тұр 
Бейне бiр оранғандай жасыл құйын.
Еске алам баяғы бiр бабамды да, 
Лаулатып от ұстаған қараңғыда. 
Ағаштар аспан асты,
 
 
жер үстiнде 
От ұстап тұру үшiн жаралды ма?
Бұтақтар биiктерге өрмелептi, 
Тамыры терең тарап,
 
 
кеңге кеттi. 
Ажырап кетпесiн деп,
 
 
ағаштармен 
Шегелеп тастаған ба жерге көктi?

304
* * *
Уақыт
Берген күндерiн қайта алды ма?
Судай сiңдi
 
аз ғана шайқалды да. 
Қайғы басып 
Жабықты жаным менiң 
Бұл дүние қартайтар шайтанды да.
Бiр күлдiрiп,
Жылатып бiресе бұл,
Мың құбылар! –
Тағдырмен тiресе бiл!
Көлге асығар уақыттың бұлақтары,
Ағысына дүниенiң
Iлесе жүр.
Ол – қара тас,
Жұмсақпыз – бiз басқамыз.
Сырын таппай терледiк кiл босқа бiз.
Баламенен бала боп,
Данаменен
Дана болар бұл дүние сырлас нағыз.
Өмiр – өлiм астасты,
Құз бенен шың,
Маған ердi ол, –
Мен оны iздегенмiн.
Бағалайтын жақсың мен жаманыңды,
Бұл дүние дидарын жүз көрермiн.
Өзгерттi де ол бiздердi, 
Былықтырды.
Мейлi жүзге келсең де күлiп тұрды. 
Ең қымбатты мен үшiн анам едi, 
Бұл дүние оны да ұмыттырды.

305
МОҢҒОЛ ПОЭЗИЯСЫНАН
Далантайн ТАРВА
КЕРУЕНШI
Тұманды түн түрiледi қазiр-ақ, 
Таңғы аяз ақырып тұр азынап. 
Түнгi дабыл керуеншiнiң есiнен 
Кетер емес, қалғыр едi азырақ.
 
Тұлып торсық таңғы нұрмен сарылау, 
Тыныш. Кейде сыңғыр етер қоңырау. 
Иесiне қояр өгiз мөңiреп, 
Шаршады ма, мойынтұрық ауыр-ау.
Керуеншiнiң қарсы алдынан қар ұшып, 
Мұртына мұз, бетiне қар жабысып, 
Аппақ болып төселедi жолына 
Тоңды жермен текеметтей қабысып.
ТАҢ
Ық жағынан қоныс теуiп қабақтың, 
Тiгiлдi инсем – киiз үйi араттың. 
Күйсейдi мал жылы қора iшiнде, 
Суық күзбен тыста тұрса қарап түн.
Таң да атты.
Киiз үйден ел тұрып,
От тұтатты құрғақ отын келтiрiп.
Түндiктерден тiп-тiк ұшқан түтiндi
Тоз-тоз қылды аяқ асты жел тұрып.
Ақ таулардың ар жағынан қар басқан 
Күн де шығып, жарқырады таңғы аспан.

306
Аяз деген бұйым боп па,
Шықты адам
Жағасына аппақ қырау жармасқан.
Көшпендiлер ерге қонып қайтадан, 
Тауға, өрiске сиырларын айдаған. 
Əкелерiн шығарып сап шықты үйден 
Бiр топ бала қой көздерi жайнаған.
Дожоогийн  ЦЭДЭВ 
БIР АУЫЗ СӨЗ
Ауыр жүк арқалап
Майысқанымда,
Əл-қуат кетiп қайысқанымда,
Бiр сөзбен
Жарым күш берiп маған
Ойнады қайта намыс қанымда!
Көтердiм
Жүктiң есебiн алмай,
Күзiрлi жандай,
Көшелi нардай, –
Бiр ауыз сүздiң əсерi қандай!
Жатқанда шығып ойымнан
 
 
 
          iсiм.
Көршiм кеп,
Тiктеп долырған түсiн, 
Бiз сүзбен
Бұзды көңiлдi быт-шыт,
Кеттi де қалды бойымнан күшiм!
Ауырлап
Жүктiң кесегi – жардай,

307
Жаншыды менi
Кеселi бардай, –
Бiр ауыз сүздiң əсерi қандай!
* * * 
Жыл бойғы жым-жырт аспан 
Кенеттен күркiредi 
Жер бейне қақ жарылғандай. 
Бұлт бiткен дүркiредi 
Найзағай қанжар ұрғандай.
Жұлдыздар қалшыл қақты 
Тығылар таса болмай, 
Қорыққандай жайдан ысқырған. 
Өрмегi босағандай 
Бiр-бiрiн байланыстырған.
Бiр жұлдыз төмен қарай 
Түнектi ұшты жарып, 
Бiрлiгi бұзылды ма екен? 
Қотанға түстi ағып, 
Сабағы үзiлдi ме екен? 
Сорғалай жарық шашып, 
Сол жұлдыз аққан заулай,
Жарылды дəл ортасында, 
Отардың ақ маржандай 
Ұйлыққан қоналқасында.
Жүгенiн үзiп кеттi 
Қатты үркiп жылқы дағы 
Маңайын жапырып сəтте. 
Кiсiнеп шырқырады, 
Жан-дəрмен атылып көкке.
Бiр жұлдыз төмен қарай 
Түнектi ұшты жарып, 
Өрмегi бұзылды ма екен? 

308
Қотанға түстi ағып 
Сабағы үзiлдi ме екен?
* * * 
Қотанда кенет
Кездесе қалсақ бетпе-бет.
Кiнəлi жандай
Қымсынатыны бар оның.
Бiрер күн жүрсем
Ұшыраса алмай шеткерек,
Өкпелеп,
Тiптi қырсығатыны бар оның.
Соншама сенгiш,
Қиял шақ па едiң, махаббат?
Соншама мөлдiр,
Ұялшақ па едiң, махаббат?
* * * 
«Отырған шақта күй тыңдап 
Алса егер сазы сиқырлап 
Бақыт деген осы ма? 
Отырсақ бiздер елтiп бiр
Болашақ жайлы шертiп сыр,
Шаттық деген осы ма?» –
Осылай деп ең,
Қалқам-ай,
Ойымды таптың дəл қалай?
* * *
Бəске түсiп,
Мысты сен алтын дедiң,
Ал алтынды мыс санап,
Нарқын жедiң.
Зергерге егер
Мұрагер бола алмасаң,

309
Зерек көзсiз
Бiлмексiң парқын ненiң?
* * * 
Көк төсiнде бiр нажағай
Жарқ еттi.
Егер бұлтты жел түрмесе
Мүмкiн, арты ақ жаңбырға
Айналар;
Көңiлiмде бiр ғажап ой
Жарқ еттi.
Егер уақыт сөндiрмесе
Мүмкiн, арты тарлан жырға
Айналар.
САРҚЫРАМА
Сол сарқырама осы ма,
 
 
көзтаныс бала жасымнан? 
Жiби ме жүрек көз салсаң
 
 
маржандарына шашылған? 
Шынымен кеудең кеңи ме,
 
 
тыңдаған шақта сарынын? 
Қарап ем аттың үстiнен
 
 
көзiме оттай басылған.
Көрiндi маған бай Хангай
 
 
ақ жiбек хадак жайғандай, 
Көркiне тəнтi ұлдарын
 
 
дəл солай қарсы алғандай. 
Көрiндi маған шыңнан ол
 
 
сүт құйып аппақ армандай
Сол сүттен аңқып жаңбыр, күн,
 
 
шөп иiсi мұрын жарғандай.

310
Жақындай бердiм, қалдым ба
 
 
сарқырама үнiн сағынып, 
Көрінді маған жатқандай 
 
 
бұрқырап бура шабынып, 
Сатыр да сұтыр шапқандай
 
 
мыңдаған аттар сабылып, 
Ышқынып дауыл соққандай
 
 
таулардан төмен ағылып 
Ұрғандай бұршақ тоқталмай,
 
 
күркiреп аспан жарылып.
Мұздай су күзгi қымыздай,
 
 
уысым толды тосқанда, 
Қарығанынша ернiмдi
 
 
жұттым да шаштым аспанға. 
Бойыма менiң əл бiттi
 
 
қажыған тау мен тастарда, 
Ұқсады шаршап-шалдыққан
 
 
шағымда шабыт қосқанға. 
Жаныммен ару Хангайдың
 
 
шапағатына шарпылдым,
Магнитiндей шаттықтың
 
 
сарқырамаға тартылдым. 
Сарқырама – жiп қой жалғаушы
 
 
жерiммен менiң жанымды, 
Туған бесiгiн қорғаған
 
 
ерлiгi ол менiң халқымның.
* * *
Алқынып атым менiң
Тау асқанда,
Көзiмдi тiге бердiм көк аспанға.
Астында табанымның
Талай биiк
Төмендеп қалды көзге қораш сонда.

311
Төменнiң –
Биiктерден басталарын
Ұқтым мен,
Төбем көкпен таласқанда.
Арынды ат
Алып ұшты ойға қарай,
Тұяғы тамам тастан тайғанамай.
Əлгiнде
Табанымда жатқан биiк
Асқақтап,
Көкке қарай заулағаны-ай. 
Айығып мұнарынан жасыл далам,
Төселдi тұяқтарға тасырлаған.
Биiктiң –
Төмендерден басталарын
Ұғынып,
Көңiлдегi басылды алаң.
Ойландым,
Үзеңгiмдi тебiндiм де;
Ылдиы,
Өрi бар ғой өмiрдiң де,
Оның да
Ой мен қырын бағындырдым,
Қиялға осы бiр сəт берiлдiм де.
Бар адам құлдилаумен,
Өрмелеумен
Есейiп,
Кемелденбек кейiн мүлде.
* * *
Жоқ па əлде
Əдетiмiзде,
Жоқ па əлде
Қажетi бiзге,

312
Жетпей жүр ме жазуға ескеруiмiз,
Аз неге бiздiң
Замандас жайлы естелiгiмiз?
Замандас деген бiр сөзде:
Айрылмас
Жан достарым бар,
Тағдырлас
Жолдастарым бар, –
Эрдэнэт пенен Дарханда
Сонау бiр кезде жолыққан
Айнымас алмас дарындар.
Ең тұңғыш операмызды жазған жан –
Маған
Өзiнiң өмiр жолдарын айтқан,
Ең тұңғыш ариямызды созған жан – 
Маған
Мақсатын, арман, толғамын айтқан.
Назарынан тыс
Оқырмандардың,
Бұл сырлар тiптi өзгерек едi.
Түсiне де кiрмес
«Соқыр» жандардың,
Көруге зергер көз керек едi.
Қасында жүрiп,
Ескермеймiз бiз,
Көздерi тiрi достарымызды дана.
Естелiк айтсақ,
Дес бермеймiз бiз,
Еске алып iшкен тостарымызды ғана.
Жоқ па əлде
Əдетiмiзде,
Жоқ па əлде
Қажетi бiзге,

313
Жетпей жүр ме жазуға ескеруiмiз,
А
З
 неге бiздiң
Замандас жайлы естелiгiмiз?
АПА 
Найзадай мүйiзiн кезенiп,
Елерiп,
Түсi безерiп,
Сүзеген өгiз тап берген шақта өзiме
«Апа!» – деп,
Айғай салғанмын,
Жаңғырып даусым
Қойнына сiңген заңғардың.
Қандай күш сонда
Жан-дəрмен «Апа» дегiзген?
Шақырдым неге
Сол жанды нұрын емiзген!
Шақырдым дағы
Аяулы асыл анамды
Құтылғам сонда
Сүзеген тажал өгiзден.
Өтсе де анам
Қартаюға да үлгермей,
Əлi де менi
Қатерден қорғап жүргендей.
* * * 
Шалғынды
Айналдырып сахнаға
Өлеңiн
Оқып кеттi ақын аға.
Кең-байтақ
Сақи дала залға айналды
Өзгермей
Дала деген аты ғана.

Көгiлдiр
Бар кеңiстiк тыңдап қалды,
Аспанға
Асқақ дауыс жырлап барды,
Көмiлiп
Күк мұнарға қыр да тынып,
Жыршыға
Бар жұпарын гүл де ақтарды.
Қарт ақын
Жыр оқудан ерiнбеген.
Даланың
Қанат қақты көгiнде өлең.
Жоқ мұнда
Қатарласқан көп орындық,
Отырған
Көрермен де көрiнбеген.
Жiгiттер
Ат үстiнде күлiмдестi,
Асқақ жыр
Əр жүрекке дiрiл қосты.
Сауыншы қыздар дағы
Шелек ұстап,
Елiтiп,
Таңғажайып ғұмыр кештi.
Есiнде,
Бұл өлкенiң есiнде əлi
Шабытты
Қарт ақынның асыл жаны.
Есiнде,
Кең даланың есiнде əлi,
Ақынға
Аспан қалай бас ұрғаны.

315
ОРМАН ТУРАЛЫ ЖЫР
Долы жел соқса үдерiп 
Құламас үшiн қарысып, 
Тамырын терең жiберiп 
Табандап жерге жабысып;
Қылқанын күнге тосып бiр 
Табиғат құйған қоладай. 
Қасқиып, 
Жерде үсiп тұр 
Күзiрлi қайсар қарағай.
Қылқанды сан мың сiңлiсi
Қаз-қатар самсап қасында
Бiр бiрiн демеп,
Күллiсi
Барады беттеп асуға.
Мiне ендi 
Орман қоюлап,
Жамылып желек жасылдан, 
Ылдиды түгел оюлап, 
Жартасты тұтас жасырған.
Əр ағаш дербес,
Дара əлем
Өз тiршiлiгi өзiнде.
Бiрақ та ортақ ауамен
Тыныстар күннiң көзiнде.
Аптабы да ортақ шiлденiң
Қыздырған,
Күйiп-жандырған,
Суы ортақ жердiң,
Жүлгенiң
Сусынын талай қандырған.

316
Тату дос олар,
Себебi
Сабақтас үмiр сүредi.
Не көрсе бiрге көредi,
Ортақ қой шаттық, үрейi.
Долы жел, бəлкiм, соғар да, 
Жыға алмай бiрақ тынады. 
Адамдар құсап олар да 
Бiр-бiрiн сүйеп тұрады.
Жасырмас ешбiр сырды олар 
Бiрiне-бiрi жеткiзер. 
Естiлсе суық бiр хабар 
Барлығын елең еткiзер.
Ағаштың бəз бiр дiңiне 
Қаттырақ соққы тигенде, 
Селк етiп қалмай бiрi де 
Абыржиды орман бiр демде.
Бiр-бiрлеп бүкiл ағашты 
Құлатар едi-ау қазiр-ақ, 
Ынтымағынан жарасты 
Қалса олар бiр сəт ажырап. 
Дегенмен. 
Жалғыз тамырға 
Қалса егер балта сермелiп, 
Мыңдаған тамыр жанында 
Жабыса түсер жерге нық.
Қурағандары қартайып 
Қабығын тастап өздерi 
Құлайды еппен жантайып 
Құлатпас үшiн өзгенi.

317
Тыйылып сол сəт құс əнi, 
Мұң жайлар ағаш арасын. 
Құшағына орман қысады 
Өзiнiң бала-шағасын.
Толтырып орнын қазаның 
Керiш пен тасқа қарамай, 
Қарын шашындай баланың 
Бас жарар балғын қарағай.
Толықси сонда күн шығып 
Орманға нұрын боратар, 
Ағаштар оны құлшынып 
Бiрiне бiрi таратар.
СЕН ҚАНДАЙ ДОССЫҢ?
Сен қандай доссың?
Қалайсың
Тұруға шындық жағында?
Айтады ел сенi, –
Досыңның қызметi өскен шағында,
Рюмкаға ұқсап түйiсiп
Ауыз жаласып,
Сүйiсiп,
Екi елi қалмай шырғалап,
Үйiрiлген деп жанында.
Азғана уақыт өткенде, 
Табынып жүрген жалпақтап 
Төмендеп досың кеткенде, 
Досыңнан қашып,
Жалтақтап,
Қалыпсың жүнiң жығылып,
Қасқырға ұқсап
Жортақтап,

318
Бейсауат сөзге iлiгiп
Қаламын ба деп қорқақтап.
Айтуынша елдiң,
Сүйесiң
Арам ойыңның күйесiн.
Жағуды жұрттың бəрiне
Қарамай жас па,
Кəрi ме.
Ұнамай қалса,
Кiм болсын,
Қаралапсың ғой, шын ба осың?
Айтуынша елдiң,
Жүрмепсiң
Қарғыс пен жала қоздатпай,
Көлденең жұртты күндепсiң,
Өсектен өзге сөз жоқтай.
Жақпаса саған,
Кiм болсын,
Қаралапсың ғой,
Шын ба осың?
Үш жылға тарта екеумiз
Табақтас болдық, таныстық;
Үш жылға тарта екеумiз
Бiр домбодан шай iштiк.
Осы бiр жылдар iшiнде
Болғам мен сенi танып шын.
Мəлiм ғой сырың,
Iсiң де,
Алақанымдай анықсың.
Күндейсiң күйлi ошақты, 
Күндейсiң сыйлы қосақты. 
Күндейсiң жақсы жұмысты, 
Күндейсiң жатты,
Туысты.

319
Кiмдердi тiлдемессiң сен, 
Шарласаң мынау ғаламды, 
Жалғыз-ақ 
Күндемессiң сен 
Табытта жатқан адамды.
Күншiлдiк,
Кектен көздерiң
Тұмандап,
Iшiң күйедi.
Жаныңа даңқы өзгенiң
Инедей болып тиедi.
Шынында, 
Сенде,
Көршi үзiң,
Зерденiң жоқ қой жұғыны. 
Көрмейсiң жердi қол созым, 
Жырақты көрмек түгiлi.
Шынында
Саған
Саңылау
Бiтпептi-ау алға қарарлық.
Өзендi қойып,
Жаным-ау,
Бұлақтан өткел табарлық.
Жүрегi жұмсақ Жер ғана,
Əзер деп шыдап келедi.
Шуағын Күн де зорлана 
Аяғандықтан себедi.
Сен қандай доссың?
Қалайсың,
Тұруға шындық жағында?

320
КƏУСАР БҰЛАҚ
Шiлiңгiр жаз аптабында 
Ақ күмiстей жарқырап, 
Асқар Алтай ақ қарынан 
Жаратылып сарқырап; 
Ақты бұлақ 
Шың-құздардың 
Салқын демiн тартып ап.
Сары аязда 
Ақ қырауға 
Омырауын толтырып, 
Бұрқ-сарқ қайнап, 
Шапқылауда 
Асау бұлақ жөңкiлiп. 
Көз алдыңа 
Жер-ананың 
Қан тамырын келтiрiп.
Кəусарынан жұтқандардың 
Дауысы ешбiр қарлықпас.
Өр Алтайға шыққан жанның
Бiрi шаршап, шалдықпас.
Үнi – үнiндей домбыраның
Бал бұлаққа болдық мас.
Суын iшсе –
Неге ғана
Əндеткенiн шал да ұқпас.
Қазақ қызы
Жанарының
Түнге ұқсайды-ау қарасы,
Өкше соққан қара бұрым
Қандай əсем қарашы –
Өз бояуын сол бұлақтан
Алған болар, шамасы?

321
Жiгiт көкпар тартқанында 
Аттың белiн сынатқан 
Қыз қууға шапқанында, 
Жас жiгерi гүл атқан; 
Сонша қуат қайдан келдi – 
Алған болар бұлақтан?!
ТЕЛЕГРАФ БАҒАНДАРЫ
Таудан да асқан қадамдары, 
Тарта берген одан да əрi, 
Түйе сирақ, 
Алшаңдаған 
Телеграф бағандары.
Асып не қыр, не төбеден,
Алға аттаған төтеменен.
Күн астында
Болат бұйда
Керуендердi жетелеген.
САХА ПОЭЗИЯСЫНАН
Платон ОЙУНСКИЙ
«НҰРГҮН БАТЫР ЗЫМЫРАН» 
қаһармандық дастанынан
АЙЫЫ УМСУУРДЫҢ СӨЗІ
Жарандар-ау, жарандар, 
Құлақ салып, қараңдар. 
Баран атын айдаған,
Бұлттың астын жайлаған,

322
Балғын Нұргүн батырдың,
Білектерін байлаған,
Дуалы жіпті шешіңдер,
Кісендерін кесіңдер!
Босатыңдар бұғаудан! 
Бұл күйінде жіберме, 
Бұл күйінде жіберсек, 
Көк аспанның əлемін, 
Көк тебендей көктейді ол, 
Жер астының əлемін, 
Қопармаса кетпейді ол. 
Тоғыз қабат аспанға 
Топан судай тер төгер, 
Жаһаннамдай жер астын 
Тегенедей төңкерер. 
Қырық пышақ жер үсті, 
Қырғын болып өртенер. 
Тас-талқан боп төңірек, 
Таусылмайтын сор төнер.
Менің Нұргүн бауырым, 
Дүниеге келгенде, 
Көктің жүзі гүрілдеп,
Жердің асты дүрілдеп, 
Қақ айырылып қара жер, 
Қорыққан еді дірілдеп.
Бойына оның күш кірсе, 
Бұлшық еті бұлтылдап, 
Буындары сыртылдап, 
Асып-тасып қайраты, 
Басынғанды бұқтырар, 
Арыстандай айбаты 
Аспан астын ықтырар.
Албастының ауылын, 
Ақырып бір шаппаса, 

323
Аспан астын адақтап, 
Өзіне тең таппаса, 
Күші сыймай бойына, 
Келгенін жасап ойына, 
Бірдеңені бүлдірер, 
Бүлдіргені бəле боп, 
Соңынан ақтап кім жүрер? 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет