Айгүл Кемелбаева: – Сіздің өлеңдеріңізде өткенге тағ-
зым мен ата-баба кешкен тіршілігін асқақтату бар. Бір ке-
йіпкеріңіз («Мəңгүрттің монологы») «Бұл қазақ деген ұлт
емес, дүрмек пе дедім» деп мұңаяды. Бұл сөздер кейбір ке-
рауыздың нысанасына да айналды. Арыз айту – Абайдан
қалған парыз. Болашаққа сенімнен артық қазаққа ештеңе
керек емес. Бұрынғы тарихты көксеген əлсіздіктің нышаны
деседі. «Күн түбіне жортқан» (Доспанбет жырау) еркіндікті
аңсау қанымызда бар.
361
Күн астынан керуен көп,
Шөгергендей түйесін.
«Сарайшық».
Біздің көзіміз осы көріністі əлі сағынатынына қайран қа-
лу қажеті жоқ, бұл дүниетанымдық мораль.
Нақты адамдар, тарихи тұлғалар, Ер Едіге, Барақ батыр,
Исатай батыр сынды алаштың ардақты ұлдарының соң-
ғы сəті трагедиялық пафоспен берілген. Қаһармандық қасі-
ретпен тікелей байланысты болғандықтан, батырға ажал
төнген шақты эстетикалық биікке көтеру заңды құбылыс.
...Тамған қаннан тас өртеніп барады.
«Едіге тауы».
«Қара шаңырақ» атты топтамадан сезілмей қалмас бір
сыр бар, ол зиялы қауымның жүрегіндегі ат басындай шер,
мына шер ненің белгісі? Ұрпақ қамы ма, əлде ақындық бей-
маза жүректің дабылы ма?
Қара Ертіс, маған ай-күнсің,
Қай күні бізден айнырсың?
Қай күні теріс ағар деп,
Қан жұтқан менің қайғымсың.
«Қара Ертіс».
Қазақтың күлшелі баладай сүйкімді кейпі, болашағы не-
ге байланысты? Тілдің тағдырын неге өзгелерден көре бе-
реміз?
Ұлықбек Есдəулет: – Адамды көбірек ақын ететін – қайғы
мен шер. Қуаныш пен шаттықтың жеп-жеңіл үлес салмағы
ешқашан да қайғы-шердің зілмауыр жүгімен теңесе алмайды.
Оңаша жыр жазып отырған кезде жаныңда жалқылық ба-
сым болады. Қайғы-мұңың да жалқы, көбіне жеке өз басы-
ңа ғана тəн. Ендеше, «мен мына өлеңімде халқымның
мынадай мұңын мұңдап едім» деп бəлсінуім артығырақ.
Заман тудырған «Заман-айдың» жөні басқа. Жалпы, кейбір
362
тұлғаларға ұқсап, «Уа, халқым» деп меншіктеп сөйлеуге,
неге екенін білмеймін, именшектей беремін, иемденуге əлі
хақым жоқ сияқты көремін. Олай сөйлеу біздің буынға емес,
жасы үлкен ақсақал-абыздарға жарасатын тəрізді.
Поэзия – адам жанының революциясы, көңілдің көктемгі
төңкерісі, сананың нəзік сілкінісі. «Жүрегім көтеріліс жасап
жатыр» деп Мұқағали ақын текке айтты дейсіз бе?
Замана құбылып, екі қоғамдық формация алмасар қарса-
ңындағы, алмасқан тұсындағы жəне алмасқаннан кейінгі
кезеңдегі біз бастан кешкен ауыртпашылықтар алда көп ро-
мандарға жүк болары анық. Бізге қарағанда прозашылар
толғағы түйенің толғағындай ғой. Ақын – толқын болғанда,
халық – дария. Егер дарияға дауыл тисе, толқын қайтпек? Бір
мезгіл дүние асты-үстіне шығып, ертеңге, жақсылыққа деген
сенімнің шаңырағы шайқалып кетті. Мақсат адастырды, ұр-
пақ алданды. Күн тұтылды, артың тұман, алдың күмəн кезең
өтті.
Осы жылдары біз қазіргі бірталай игілікке қолымыз
жетпес бұрын қолда бар қыруар қазынамызды жоғалттық.
Жоғалтқанымыздың ішінде ет-жақын қимас адамдарымыз
да бар. «Өліарада өмір сүруді жауыңа да тілеме» деген нақыл
бар екен. Біз сондай өмірді сүріп жүргенімізді байқамай да
қалдық. Ал, жүрек шіркін осының бəрін көруге, осының
бəріне төзуге мəжбүр болды. Арып-ашыған шығармыз,
азған-тозған болармыз, көрмегенді көріп, қиналған, ашынған
кезде кейде шерлі, кейде зəрлі, ызалы жырлар туған сияқты.
Мен бұл өлеңдерді қашан, қалай жариялаймын деп ойланған
жоқпын, толғағы келген шақта қолыма түскен дəптерге
жаздым да, суырмаға тастай бердім.
Қара Ертіс тағдырына алаңдаушылық оның суын Қытай
елінің басқа арнаға бұра бастауына байланысты туған. Бұл
қауіп əлі де бар. Солтүстік мұзды мұхитқа құятын бұл ұлы
өзен менің туған ауылымның іргесінен ағып өтеді. Оның жа-
ныма ерекше ыстық болатыны содан. Ертіс – қазақ жерінің бір
күре тамыры болғандықтан да, оған жүрек ауырар жөні бар.
«Қазақтың болашағы неге байланысты?» деген сұраққа
«Қазақстан, сен өлсең...» деп басталатын өлеңімде шетжаға-
363
лап жауап беріп кеткен екенмін. Оны қайталап жатпайын.
Тек «күлшелі баланың» күлшесі өзгенің «майшелпегіне»
айналып кетпесін деп тілейік. «Майшелпек туралы баллада»
осындай ниеттен туғанын айтып жатпайын. Тек, мынадай
пікір қосар едім.
Біз қазір құқыққа негізделген, зиялы, ашық қоғам құру-
ға талпынып жатырмыз. Ашық қоғам болғандықтан, жаһан-
данудан тыс қала алмайтынымыз ақиқат. Бізде келе жатқан
жаһандануды төніп қалған əлемдік топан су немесе апшыны
қуырған құрғақшылық сияқты апат ретінде көзге елестету,
үрейлену басым. Өйткені, жаһанданудың не екенін бізге ба-
жайлап түсіндіріп беріп жатқан не бір саясаткеріміз, не бір
философымыз жоқ екен. Əрине, ұлттық көзқарас тұрғысынан
алғанда, енді ғана ел болдық па, өз дербес мемлекетімізге
қолымыз жетті ме деген кезде бұл аузы күйген біздер үшін
қайтадан əлдебір бүкілəлемдік «колхозға» кіру секілді сезі-
летіні рас. «Пешке бір күйіп қалған мысық енді қайтып ыстық
пешке отырмайды. Тіпті суық пешке де...» деген қанатты сөз
бар еді ғой. Дейтұрсақ та, өркениетке бет түзеген қазақ пен
Қазақстанның болашағы ендігі жерде əлемдік дамудан тыс
қала алмас.
Американ əлеуметтанушысы, Колумбия жəне Гарвард
университеттері профессоры, антимарксистік «идеология-
сыздану» жəне «постиндустриалды қоғам» тұжырымдары-
ның авторларының бірі Даниел Белл «Америкалық модель:
келешекке кереғарлық» деген кітаптағы мақаласында бола-
шақта əлемде «постиндустриалды қоғам» болады, деп
өндірісте жəне ақпарат білім алмасуда компьютерлер мен
телекоммуникациялар билік құратын заманды айтыпты.
Ол бұл қоғамның 11 жаңа өлшемін санамалап берген екен.
Оның ішінде теориялық білімді орталықтандыру, жаңа
интеллектуалдық технология жасақтау, еңбек сипатын өз-
герту, білім өндірушілер табының қалыптасуы, тауар өнді-
рісінен қызметшілік (услуга) өндірісіне көшу, əйел рөлі,
жаңа деңгейдегі ғылым, зəруліктің жойылуы, ақпарат эконо-
микасы, ситостар мен меритократия деп кете береді. Бұл –
жаһандануға барар жол, соның формуласы.
364
Бірақ, қарап отырсаңыз, мұнда ұлттық мүддеге ешқандай
орын жоқ. Егер өндірістік қоғамға дейін немесе кеше адам
баласы табиғатпен етене жақын болса, өндірістік қоғам
тұсында, яғни, бүгін – адамзат жасанды ортамен, машина-
техникамен қойын-қолтық араласып, жақындасып кетті, ал
енді бұл өндірістік қоғамнан кейін, яғни ертең адамзат тек
компьютермен кірігеді. М.Шахановтың «компьютербасты»
қазағы бүгінгі күн болмысы емес, келешектің қаупі. Бұл –
америкалық модель, бұл – болашақ қоғам – ең алдымен
технологиялық қоғам, сондықтан онда біздің төл мəдение-
тіміз бен ұлттық санамызға қандай орын қалатынын айтқым
келмей отыр. «Бидайдың барар жері – диірмен» деген...
Міне, біз осы диірменнен аман қалғымыз келсе, өзіміздің
ішкі рухани ресурстарымызға жүгінуіміз керек. Сондықтан
біздің мемлекеттік идеологиямыз ұлттық мұрат тұрғысынан
қалыптасуы тиіс. Бұл орайда қазір қолға алынып жатқан
«Мəдени мұра» бағдарламасы аса маңызды, қажетті шара
екенін сезінеміз. Біраз, бұл да аз.
Біздің шаңырағы шайқалған туған тіліміздің тағдырын
өзге біреулер түзеп бере алмайды. Тіл тағдырын шешетін
заңнамалардың ең негізгілері əлі дүбара күйінде. Тілге
қатысты департамент дайындап ұсынған əжептəуір қаулы-
қарарлардың жобалары бесіктен белі шықпай жатып кү-
зеу-түзеуге ұшырайды. Себебі, бұл бағдарламалар мен қау-
лылардың жобаларын қабылданар алдында сараптан өткізе-
тін министрліктердің (Əділет, Қаржы, т.б.) жəне Үкіметтің,
қала берді Президент Əкімшілігінің басшыларының басым
бөлігі қазақ тілін білмейді немесе шорқақ. Сондықтан да,
олар мұндай құжат жобаларындағы өздеріне жəне өздеріндей
орыс тілдестерге тиімсіз баптарын өзгертуге мəжбүр ететін
тұжырымдама беруге тырысады. Соның кеселінен қаулы-
қарарлардағы мемлекеттік тілдің бағын ашатын баптар
жол-жөнекей өзгертіліп, немесе қырқылып қалып жатады.
Бұл мəселеде сөйтіп, үнемі, əлгі, «Тау толғатып тышқан
туды» дегеннің кері келеді де шығады. Қазіргі «Тіл туралы»
заң да, қаулылар да, бағдарламалар да осындай қияметтің
қылкөпірінен өткен құжаттардың шалажансар нұсқалары
365
десем, саған – өтірік, маған – шын. Біздің басшылыққа
алып, пайдаланып жүргеніміз – тіл туралы заң емес, жү-
нін жұлған тауық! Туған тіліміздің өгізі өліп, арбасы сы-
на беретіні осыдан. Тілдің заңын ойдағыдай түземей жа-
тып, тілдің қамын жеу бос əурешілік. Сондықтан, бұл
мəселеде көзқамандарға мөлтектеп-жалтақтамай, «Тіл тура-
лы» заңды ұлт мүддесі мен ана тілі аяққа тапталмайтын
деңгейге жеткізіп, толықтырып, жетілдіруді Елбасының өзі
қадағаламай тіліміз оңбайды... Əйтпесе, тілге бөлініп жат-
қан қыруар қаржының орасан бөлігі еліміздегі көптеген
этникалық ұлт-ұлыстардың тілдерін дамытуға, олардың
жексенбілік мектептерін дамытуға жұмсалуда. Жалпы,
менің ұғымымда, бір тілде сөйлемеген қоғамда бірлік
болмайды, бірлік болса да баянды, берік боларына кепіл-
дік жоқ.
Өз Отаны бар басқа тілдер мемлекет қамқорлығына
дəл қазақ тіліндей зəру емес. Сондықтан, тіл заңын түзе-
туді қайта қолға ала отырып, ерте-кеш деместен туған рес-
публикамызды жуық жылдарда тұтастай мемлекеттік тілге
көшірмесек, келешектегі ішкі тұрақтылымызға сенімді бола
алмаймыз ба деп қауіп етемін. Өйткені, бізді іштен ірітуге
мүдделі сыртқы күштердің ықпал-ызғары қазірдің өзінде
сезіліп отырған жоқ па? Сондықтан, еліміздегі негізгі екі-үш
дəстүрлі діннен басқасына қолайлы жағдай туғызуды заң-
мен тоқтату керек. Құдайға шүкір, бейбітшіл мемлекет ре-
тінде əлем алдында қалыптасқан имиджіміз бұдан бұзыла
қоймас.
Айгүл Кемелбаева: – Сіздің жырларыңызда күнделік
бар, ақынның өзінің ғана емес, заманы мен елінің тұрмыс-сал-
ты. Сонда байқағаным, өлеңдеріңізде полярлық екі ұғым
бар: ол өнер мен саясаттың, биліктің ымыраға келмес сəйкес-
сіздігі жəне содан туған кішкентай қасірет. Өлеңдеріңізде
тым ашық жансыз, кейіпкеріңіз сыр жасырмайды. Əкім мен
ақын – антипод.
Есуас заман,
папуас тағдыр...
366
Меңінше, тап осы теңеу шығармашылық қауымға тиесі-
лі, богеманың «алданбасқа алданған, сағым қуған» кескіні.
Өйткені, сөзіңіз ауызыңызда: Ақындық ол – Ешкіммен кел-
мес тағдыр алмасқым – қос мағыналы сөз. Сондай-ақ:
Уақыт – ісмер, – дейсіз.
Осыны біз, шығармашылық адамдары, өзіміз иемденіп
алсақ қайтеді? ақынды Алла сүйеді, дарынды өзі берген соң
солай болғаны.
О, Жаратқан,
Сен ақынсың мен білсем,
Бар əлемді ұйқастырып бердің сен.
Мұхаммед пайғамбарды күдік келтірушілер ақын деп қа-
былдады. (Құран, Əнбия сүресі, 4 аят).
Өлара заманы екен өлерменнің,
Қаздым да жүрегімді өлең көмдім.
«Ұлықбек Есдəулет – ұлттық ақын дəрежесіне көтерілді»
деп жазды Несіпбек Айтов «Қазақ əдебиеті» газетінде, осын-
дай пікірді Серік Тұрғынбеков артынша «Егемен Қазақстан-
да» талдап-таратып берді.
Өнері, əдебиеті мемлекеттік идеологияға, ұлттық идея-
ға айналса сол халықтың бағы зор. Қазақ əдебиетінің көк-
жиектерін қайдан елестете алар едіңіз?
Ұлықбек Есдəулет: – Өнер мен саясаттың сəйкессіздігі-
нен туатын қасірет кішкентай болғанмен, зардабы үлкен
келеді. Суворовтың айтқаны бар ғой: «Он рет жарақаттан-
дым, бес рет соғыста, бес рет сарайда. Соңғыларынан өлім-
ші болдым», – деп. Биліктің коридоры кімді адастырма-
ған? Əскери өнердің бас білгірі соғыстан гөрі сарайдағы
саясаттан оңбай таяқ жеген. Соңғысы – жасырын соғыс.
Біздің кешегі ақталған арыстарымыздың бəрі – саясат құр-
бандары. «Ақын мен халықтың арасында саясаткерлер
тұрмаса ғой!» деген пікірді М.Цветаева тегін жазбаған
шығар.
367
Өлеңдегі тым ашықтықтан опық жеген сəттерім аз емес.
«Өлеңнің өсекшілігін» біле тұрсақ та, ішке сыймаған сырды
ақ қағаздан басқа тағы кімге ақтарарсың? Дегенмен, кенерелі
Кеңес заманы көп ой-пікірімізді астарлап, тұспалдап, бейне-
леп, меңзеп жазуға үйретті емес пе? Сондықтан, мендегі ой-
дың бəрі ашық-шашық жатыр дегенге келіспеймін.
Біздің бүгінгі əдебиетіміз бен өнеріміз тұтастай мемле-
кеттік идеологияға айнала алады деп айта алмаймын. Деген-
мен, мемлекеттік идеологияны жаңа заманға сай қайтадан
қалыптастыру кезінде қазіргі əдебиетіміз бен өнеріміздегі
тəрбиелік мəні терең, озық ой-пікірлер, философиялық үздік
көзқарастар негізге алынарына дау жоқ. Біздің арғы-бергі
қоғамдық болмысымызға, ұлт болып ұйып, мемлекет боп
қалыптасуымызға теңдессіз қазынамыз – ауыз əдебиетінің,
екі-үш мың жылдық поэзиямыздың, Абай жырларының,
оның «Қара сөздерінің» тікелей қатысы, ықпал-əсері бар деп
білемін. Идеология дегеніміз – мəдени, саяси, құқықтық,
əдет-ғұрыптық, моральдық, діни, эстетикалық жəне филосо-
фиялық көзқарастардың жиынтық жүйесі болса, оның
бір ғана əдеби-өнер шығармалары негізінде жасала қоюы
мүмкін емес. Қоғам дамуын жылдамдата түсетін немесе
тежей алатын қуаты бар құдіретті жүйе негізіне ұлттық
идея алынса, бөркімізді аспанға атар едік. ««Идея» деген
терминді «мұрат» деп алайық», – дейді сарабдал қаламгер,
тіл білгірі Кеңес Юсупов ағамыз. Сіңер болса – алайық.
«Қазіргі ұлттық мұрат, мемлекеттік идеология жаңадан
қалыптаса бастады, аяғын кеше ғана тəй-тəй басты» дей-
міз, бірақ, соның есейер түрі көрінбейді... Тіпті, əлі сəби
қалпында, тұсауы кесілмей-ақ қойды. Уақыт болса өтіп
жатыр. Осы он екі-он үш жыл, яғни, бір мүшел бойы біздің
жас ұрпақ дүбəра мəдениеттің, өз халқымызға тəн емес ба-
тыстық идеологияның əсерімен тəрбиеленіп келеді. Бұл –
бүгінгі қазақ халқының тұтас бір буыны ұлтсыздық дертіне
шалдықты деген сөз. Мұндай олқылықтың орнын толтыру
қиын. Осыдан отыз жыл бұрын ойшыл шалдардың бірі
Ғ.Мұстафин айтқан «Біз ұлтшылдықпен күресіп болдық, ен-
ді ұлтсыздықпен күресуіміз керек» деген пікір бүгінгі күні
368
тіпті аса зор мəнге ие болып отыр. Ал, мемлекеттік «Мəдени
мұра» бағдарламасы келешек ұлттық идеологияның түп қа-
зығына айналарлық дəрежеге жетуі тиіс деп білемін.
Қазақ əдебиетінің алтын ғасыры артта қалды дегеніміз-
бен, ертеңінен үмітсіз емеспіз. Орыс əдебиетінде алтын ғасыр-
дан соң күміс ғасыр дүниеге келген. Сол заңдылық бізде де
қайталануы мүмкін. Жалпы, бізде ұлттық əдебиет жасалуы
жасала берер, сонымен қатар томаға-тұйықтықтан да сақтанған
жөн. Рухани провинциализм шеңберінде қалуға болмайды.
Қазір «Аударма» баспасы құрылып, көркем əдебиеттен əлем
классикасын, Нобель лауреаттарын өз тілімізде шығара бас-
тады. Құптарлық-ақ қадам. «Мəдени мұра» бағдарламасы
бойынша əлемдік классиканың 100 томы түпнұсқадан қазақ
тіліне аударылмақ. Бұл – қыруар қазына. Бірақ, біздің бүгінгі
əдебиет шетел тілдеріне аударылу мəселесінде жербауырлап
қалды. Сондықтан, ендігі уақытта қазақшадан тікелей ағыл-
шын, француз, неміс, қытай, жапон, хинди жəне өзге де əлемдік
тілдерге көркем тəржіманы мықтап қолға алған жөн болар еді.
Жұмылдыра білсек, өз тілмаш мамандарымыз да қаулап өсіп
келеді. Былтырғы Ресейдегі Қазақстан жылына орай оншақты
автордың кітаптарының дайын тəржімасын шығардық де-
месек, аударма деңгейі мəз емес. Сондай-ақ, миллиард оқыр-
маны бар қытай тілін жете меңгерген өз отандастарымыз бен
оралмандарымыздың қабілет-қарымы мен дарынын пайдала-
нуға жете мəн берілмей жүр.
Кім не десе о десін, біздің бүгінгі қазақ əдебиеті – ба-
тыс пен шығыстың озық үлгілерінен үйренген, ұлттық жəне
классикалық мектептердің синтезінен жаралған, синкре-
тизмнің көркемдік əдістерін молынан меңгерген əдебиет дер
едім. Дара дарындар мен кесек тұлғаларға бай біздің əде-
биетіміздің ең шоқтықты, хрестоматиялық шығармалары
ағылшын тіліне өз дəрежесінде аударылар болса, əлем оқыр-
мандары əдеби ренессанстың қай тұста екенін бағамдап та
қалуы ғажап емес.
– Тəңір жарылқасын!
«Жас алаш» газеті, № 34-35. 20 наурыз 2004 жыл.
369
Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ
ҚҰС ҚАНАТЫНДАҒЫ ЖЫР
Ақын Ұлықбек Есдəулеттің «Киіз кітап» атты
жыр жинағын оқығаннан кейінгі туған ой.
Ұлықбек Есдəулеттің «Киіз кітап» атты жыр жинағын
қолға алғанымда, ең алдымен менің есіме ақынның «Жұл-
дыз жарығы», «Алтайдың алтын тамыры», «Ұлыстың ұлы
күні», «Ақ ке руен» «Жаратылыс» секілді туынды ла ры түсіп,
сол кездегі толқыған сəттерім мен алған əсерлерім санамда
қайтадан тірілді.
Намаздыгерде қолатта
Ырдуан арба ырғалып,
Қопаңдап қойып қорапта
Ылдимен үйге құлдадық.
Бұл ақынның «Жұлдыз жарығы» деген алғашқы жинағы-
на шыққан, əдебиет əлеміне келуге жолдама алған тырнақ-
алды туындыларының бірі. Осы өлең жолдарын оқығаныма
жиырма жылдан астам уақыт өтсе де, əлі күнге дейін ұмыт-
паппын. Бəлкім, өлеңнің өміршеңдігі деп көп ретте осыны
айта тын шығармыз. Ойы жинақы құрылған ақынның миниа-
тюралық өлеңін соңы на дейін оқығаныңызда, ең алдымен
Ұлықбек Есдəулеттің өз жүрегінің сүз гісінен өткізген, таби-
ғат тылсымынан басқаша түйін жасауға тырысатын, өз геше
ойлайтын ерекшелігін аңға расың. Ен даланың төсінде арбаға
ДІҢГЕК
370
мініп келе жатқан, қырмызы жүзбен батқан күнге көзін сүзіп,
қызыға қарап отырған ар ман шыл немересіне атасы:
«Батысқа, балам қызықпа,
Батқан күн – біздің күніміз,
Көкжиек деген сызыққа
Сіңгенше ғана тіріміз.
Уақыт зулап улы оқтай,
Уатып өтер төзімді.
Сондықтан балам күн батпай,
Айтып қал айтар сөзіңді»
деп, ақыл айтады. Атасының немере сі нің құлағына құйған
ақылынан кейін, тамылжыған табиғатты суреттеген жыр
жолдары сізді басқа бір əсердің бесі -гіне бөлеп, түйсікпен
ғана түсінетін өзгеше бір əлемнің есігінен енгізіп жіберген-
дей күй кешкізеді. Ақынның лирикалық кейіпкерімен бірге
тұңғиық ойдың тереңіне батасың. Табиғаттың керемет бір
қас-қағым сəтін суреттеген ақынның сөз кестесіндегі тіл
байлығына тəнті бола отырып, ырғалған арбаның үстіндегі
шалдың немересімен бірге есейе түсесің.
Қарашығында мұң тұрды,
Аядым қартты құнысқан.
Қайырылып артқа күрсінді
Таң іздегендей Шығыстан.
Асылы, поэзия дегеніміздің өзі адам мен табиғаттың
арасындағы гармо ния лық байланысты іздей отырып, оқыр-
ман күтпеген ой айту, сол арқылы оның жүрегінде жаңа бір
сезімнің шырағын жағу емес пе? Осы өлшемнің биікті гі-
мен қарағанда Ұлықбек Есдəулеттің өлең дері (оқырманның
жүрегіне жол тапқан деген əбден жауыр болған сөз тірке-
сін қолданбай-ақ қояйық) ақын Марина Цветаеваның айт-
қанындай, «өз кезегі келгенде ашылатын қымбат шараптар
секілді, өз уақытын күтіп жат қан жырлар». Сондықтан да
біз осы мақаланы жазу барысында Ұлықбек Есдəулеттің
371
ақындығын бүге-шігесіне дейін талдап беруді алдымызға
мақсат етіп қойған жоқпыз. Борхестің «өнерде тек мəңгілік
бүгін ғана бар» дегені рас болса, біз осы мақаланы жазу
арқылы өз заманы келгенде ашылатын алтын қазынаның
кілтін іздейтін ақынның болашақтағы сыншыларына қозғау
салатын ой тастауды ғана мұрат еттік.
Шындығын айтсақ, мүмкін, біз ақын Ұлықбек Есдəулеттің
шығармашы лығы туралы бұл əңгімені қозғамас та едік. Алай-
да соңғы жылдары баспасөз бет теріндегі ақынның атына ай-
тылған кейбір жөнсіз сындар еріксізден қолы мызға қалам
алғызды. Əсіресе, ақын ның кейбір өлеңдерінің мағынасы
бұрмаланып, оқырманға басқаша тү сіндірілгенде, «мұндай
да сұмдық бо лады екен-ау» деп, жағамызды ұстадық. Уақы-
ты келгенде əдебиеттегі бүгінгі айтыс-тартыстар да сарапқа
салынып, бəлкім, бізден гөрі əдебиетке адалырақ қарайтын
зерделі сыншылардың ой талқысына түседі. Міне, осы
кезде, сол уақыттағы əдебиетшілер пендешілік тұрғыдан
айтылған пікірлерге, бақай есеппен жазылған сындарға не-
ге жауап бермеген деген заңды сауал туады. Сон дықтан да
мен бұл мақаланы қазақ поэзиясында ойып алатын орны
бар Ұлықбек Есдəулеттің ақындығын қор ғау үшін емес,
келешекте біздің де атымызға келуі мүмкін кірден сақтану
үшін жазып отырмын. Орыстың əйгілі сыншысы Дмитрий
Мережковский «Əрине, талғам туралы таласуға бола ды.
Алайда таластың да кейде мағына сыздыққа ұшырайтын
кездері бар. Мысалы, сіз ешқашан да мысыққа ше гіргүлдің
(фиалка) хош иісінің, шүйгін шөптің (валерянка) иісінен
əдемі екенін дəлелдей алмайсыз. Мұны түсіну үшін өмірге
мысық болмай жаратылу керек» (Д.М.Мережковский, В
тихом омуте, Мəскеу, «Советский писатель». 1991 жыл, 13
бет) деген екен. Басқасын айтпағанда соңғы он жылдың
көлемінде, сынның ауызсыздығын пайдаланып, баспасөз
беттеріндегі Мұхтар Мағауин, Əбді жə міл Нұрпейісов,
Қабдеш Жұмаділов, Қалихан Ысқақ… секілді қазақ əде-
биеті нің классиктеріне қарсы орын -сыз жұмсалып жатқан
сойылдар, біздің кейбір сыншылардың əдебиетке биік өл-
шеммен емес, мысықтың көзімен қарай алатындығын ғана
372
аңғартады. Тəуелді-тəуелсіз басылымдардың бет терінде ай-
тылған сындардан (егер осылай айтуға болса) биік пара-
саттан гөрі өшпенділіктің айқын лебі сезіліп, топ-топқа,
жік-жікке бөлініп, бір-бірі нен кек алуға көшкен кейбір əде-
би топтардың мысықтілеулес пиғылы бай қалады. Əрине, ке-
лешекте бұл туралы мəдениетті пікірталас ұйымдастырыл-
са өз пікірімізді білдіруге дайынбыз, əзір ше біз мысыққа
шегіргүлдің (фиал ка) де хош иісінің бар екенін дəлел деу -ді
қажет санамадық.
Əңгімемізге қайтып оралсақ, Ұлық бек Есдəулет тырнақ-
алды туындыла рымен-ақ əдебиеттің есігін ақын бо лып
ашып, поэзия дейтін жұмбақ əлем нің алтын сарайына емін-
еркін кірді. Емін-еркін дейтініміз, ақынның тырнақалды
туындыларындағы жүре гінен жыр болып төгілген кестелі
сөз бен көркем ой, оның қабілет-қары мын ғана танытып
қоймай, болашақтан үміт күттіретін үлкен талант иесі екен-
дігінен хабар берді. Сондықтан да өзін дік қолтаңбасымен
танылған Ұлықбек Есдəулет алғашқы жырларымен-ақ өлең
əлемінде өзгеше жол табуға ұм тыл ды. Əсіресе, ақынның осы
ерекше лігі оның махаббат лирикасынан ай рық ша көрінді.
Ғашық жанды əлдилейтін əн керек,
Ғашық жанның басындағы хал бөлек.
Жаңбыр жауса тырсылынан оянам,
Іздеп келіп, есік қаққан сен бе деп.
Қашан болсын қайғы көрмей,
жүр аман.
Тағдырдан мен басқа тілек сұраман.
Күн астында сыңғырласа күміс су,
Сенің күлкің естілгендей қуанам.
Ақынның жүрегінен төгілген ақ жар ма сыры сезім пер-
нелерін дəл ба сып, кім-кімді де бей-жай қалдырмайды емес
пе? Лирикалық қаһарманның табиғат көріністерінен, атап
айтқанда, жауған жаңбыр, жарқыраған күн, сың ғырлаған
күміс судан ғашық жанына тəн үйлесімділік іздеуі əрі та-
биғи, əрі шы найы шыққан. Өлеңді оқыған кезде, өзің де
373
ақынның лирикалық кейіп ке рімен бірге, ғашықтық дертіне
шал дыққандай əсер аласың. Ғашықтық дертіне шегенделген
сезім пернелері нің осылайша бұлқынуының заңды лық еке-
ніне еш күмəнданбайсың.
Ұлықбек Есдəулеттің «Киіз кітап» жыр жинағына алғы-
сөз жазған жазу шы Əбіш Кекілбай «Ақынды шындап түсін-
гің келсе, туған жерін барып көр» деген қағиданы алдыға
тартып, шын таланттың шығуына, кіндік қаны тамған то-
пырағындағы тамылжыған əсем табиғаттың зор ықпалы бо-
латын дығына айрықша тоқталыпты. Сөз жоқ, ақынның
лирикалық жырларына, бала кезінде көріп, көңіліне түйген
көрініс тердің зор əсер қалдыратындығы рас. Бірақ соған
қарамастан, ақынның жан əлемінің сұлу болуы, кіндік қаны
тамған туған топырағындағы табиғаттың əдемі де, əсем бо-
лып жаратылуымен ғана байланысты емес. Алланың құді-
ретіне шек келтіруге болмайды. Кейде ит байласа тұрмайтын,
қу далада зəулім бəй теректер өсіп шығады, кейде алапат күш
уата алмайтын қара тастың өзін гүл жарып шығады. Сол
себептен де ақын Ұлықбек Есдəулеттің «Киіз кітап» жыр
жинағындағы өлеңдерінің сұлулығы, ең алдымен оның жан
əлемінің мөлдір табиғатымен байланысты.
Шындығын айтсам, Ұлықбек Ес дəулеттің «Киіз кітап»
жыр жинағын қолға алғанымда, бұрынғы оқыған кі тапта-
рындағы сыршыл əлемімен қайта қауышам ба деген үкілі
үміттің жүре гімде қылаң бергені рас. Жалған тірші ліктің
қиындығынан шаршағанда:
Түсіме бүгін кірді ауыл,
Түсімде жүрдім бала боп,
Басымда ой жоқ зілмауыр
Жанымда мұң жоқ, нала жоқ.
Пəтерден көшкен пəтерге,
Ақыны емес қаланың,
Тойынған бал мен шекерге
Еркесі екем даланың.
Емшектен шыққан балама,
Жүргем жоқ тіпті сүт те іздеп.
374
Кілегей тартқан анама
Тұр екем деймін «жұтқыз» деп,
бала болуды армандайтын ақын ның қиялшыл кейіпкерлерін
қайта кез дес тірем бе деп ойлағам. Бірақ қа телесіп пін. «Киіз
кітапты» соңына дейін оқып шыққанымда, бұрын соңды
адам бала сының аяғы баспаған жаңа бір əлемнің қалың ор-
манына кірген дей əсер алдым. Ақынның жан дүние сінің
есейіп кет кенін байқадым. «Киіз кітаппен» бірге менің де
ойым өсе түс кендей болды. Ел дің, жердің, ең қор қы ныштысы
рухани құндылықтардың азып-тозып бара жатқанын ерекше
бір сезімтал дықпен суреттеген ақынның жыр жолдарын
оқығанымда, зарлық пен мұңлықтың қайғылы үні құлағыма
жеткендей, жон арқама кірпі ауна ған дай, тұла бойым түрші-
гіп кетті.
Бақ дегенім сорға айналды,
тақ дегенім көрге айналды,
көкірегіме шер байланды,
толайым.
Жер дегенім кебенек пе,
ел дегенім ебелек пе,
ер дегенім көбелек пе,
ағайын?!
Атамекен – алып тозақ,
мойыныңды қамыт қажап,
мойыдың-ау, ғарып қазақ,
аһ ұрып.
Құдайым-ау, ақын Ұлықбек Ес дəу леттің жүрегінен жыр
болып төгілген бұл өлең жолдарында, ақтабан-шұбы рынды
заманындағы Қожаберген жы раудың жанын күйдірген
ызалы мұң ғана емес, көкірегі шерге толған бүгінгі уақыттың
қасіреті жатыр ғой! Бүгінгі уақыттың! Маған сенбесеңіз,
ақынның «Киіз кітап» жинағындағы тағы бір өлеңіне зейін
қойып, Ұлықбек Есдəу леттің тартылып қалған Аралды көр-
ген сəтіндегі жан күйзелісіне құлақ түрі ңізші:
375
Жүрегімді кім бар екен жебейтін,
тілегімді кім бар екен елейтін.
қапелімде қарап қалып айнаға
өзімді емес,
көрдім Арал шөлейтін.
Мен – кемемін қаңсып қалған
жапанда,
мен – керегім жоқ жиһазбын
Отанға,
мен – денемін Құс жолында адасқан.
мен – келемін індет болып жаһанға.
Тұла бойыңызды түршіктіретін, қор қынышты сурет емес
пе бұл? Ақын ның осы жыр жолдарын оқығанда Арал ғана
емес, рухани дүниесі жұтап, тыны сы тарылып, шөлейт далаға
айналып бара жатқан əлем елестейді көз алды ңызға. Ақын
шөлейтке айналған Арал ды жыр арқауы ете отырып, бүгінгі
таң дағы адам баласының жан əлемінің экология сының азып-
тозғандығын керемет бір сезімтал шеберлікпен бей нелейді.
Сондықтанда «Киіз кітапты» оқыған адамға, жаралы Барақ
батырдың зары, кешегінің емес, қазақтың бүгінгі жара лы ру-
хының символдық көріні сіндей əсер қалдырады.
Кеудеме менің күйдіріп
киіз басыңдар,
бұл жара сонда асқынбас,
туырлықты түріп, түндікті
түре ашыңдар,
тамағыма да тас тұрмас.
Жарылған басқа қарама,
мойында қалса болғаны,
тұсап жіберші далаға
жорықтан келген жорғаны.
Беу, аспанның асты кең дейді,
бесікке сыйып, есікке сыймай жүрсек те,
беймезгіл ажал келмейді
жабысқанымен тірсекке.
376
Маңдайға берген
қарағайдайын мүйізді
қалаған шақта өзі қағады жаратқан,
баса түсіңдер, аяймысыңдар киізді,
аяймысыңдар Барақтан?!
* * *
Ақын Иосиф Бродский «Бірден де төмен» (Меньше еди-
ницы) атты əдеби эссесінде поэзияның ерекшелігі туралы
айта келіп, «ақынның өмірін оның өмір баянынан емес,
өлең жолдарынан іздеу керек» деген ойын білдіріпті. Айтса
айтқандай, расында да, ақынның ешкім білмейтін, көпшілік
үшін беймəлім жан сыры оның өлең жолдарының аста рын да
көміліп жатады емес пе? Ақынның көміліп жатқан ойының
құнарына те рең бойлағанда ғана сен оның тағдырын түсініп,
алтын сарайының кілтін та ба сың. Сондықтан да Ұлықбек
Есдəулет тің дəуір тынысын суреттеген «Киіз кітабын» ақын
əлемінің баррометрі деп қабылдау керек. Біз Ұлықбек Есдəу-
леттің өлеңдерін тілге тиек ете отырып, оның өзіне дейінгі
ақындармен үн дес тігін əдейі іздемедік. Əр ақынның бір əлем
екендігі рас болса, оның шы ғармашылық лабораториясына
үңіл ген сыншы, кез келген жыр сүлейінің туындысынан
ең алдымен ешкімге ұқ самайтын өзіне ғана тəн бояуын та-
буға тырысады. Адам баласы жаратылған кезде, жалған
дүниенің есігін онымен бірге өлең болып ашқан, мыңдаған
ғасырлық тарихы бар дана поэзияда қайталанбайтын ой,
қайталанбайтын идея, қайталанбайтын оқиға жоқ. Шын
талантты ақындар, осының бəрін өз жүрегінің сүзгісінен өт-
кізіп, өзіне тəн бояуымен өрнектеп, басқаша дүние жасайды.
Неге екенін білмеймін, атақты жазу шы Франц Кафканың
шығармаларын оқыған кезімде, оның туындыларынан əйгілі
суретші Шагалдың картиналарын көргендей əсерді басымнан
кештім. Мұны айтып отырған себебім, ақын Ұлықбек Есдəу-
леттің «Киіз кітабын» оқу барысында салғаннан-ақ менің
көзіме, қазақ тарихының суреті салын ған ғажайып картина
377
елестеді. Сол се бептен де ақынның «Қалы кілем» атты анти-
жарнамасындағы:
Жоқ,
бұл кілем сатылмайды,
сатылмайды,
оқырман,
жұтқан кезде ақын қайғы,
көз жасынан тоқылған,
деген шындығынына риясыз сендім. Ұлықбек Есдəулеттің
«Киіз кітап» жыр жинағы маған, темірдей төзімділікпен
жазған ақынның ұзақ жылдар бойғы ізденісінің жемісіндей
көрінді. Сон дық тан да ақынның:
Кемпірқосақ – түрлі реңде,
көзді жаулап құбылар.
көре білсең бұл кілемде
жүрегімнің түгі бар.
Əр өрмегі
сезімменен,
сағынышыммен боялған,
бұл кілемді
көзім дер ем,
көрмеге оны қоя алман, –
деп, айтуға толық қақысы бар ғой деп ой лаймын. Орайы
келгенде айта кете тін əңгіме ақын Ұлықбек Есдəулеттің
ұлтжанды азамат Иманғали Тасмағам бетовке арнаған өле-
ңі кейбір сыншылар өтірік гөйлетіп жүргендей, жағымпаз-
дықтың жалауын желбірету үшін жазылған жартыкеш туын-
ды емес, ақын ның өз досына арнаған шынайы да, шыншыл
сезімінің көрінісі. Қазақ тың мəдениеті мен əдебиетіне шын
жүрегімен жаны ашып, қолынан келген қамқорлығын аямай
жүрген Иманғали Тасмағамбетов сынды азаматтың та биғи
болмысын, ақын символдық тұр ғыда, Жайықтың жағасынан
қазып ал ған, көненің көзіндей болып қалған қыш құмырамен
салыстырады.
378
Сарайшықта
Сақталғандай ұлы күш.
Сайын ханның көзі емес пе бұл ыдыс?
Сайрандар мен
Ойрандардан сау жеткен,
Құмыраның кейпіндегі құбылыс.
Жайық жатыр жұртын құшып қаланың..
Жаға кезген жалаңаяқ бала кім?
Сыры кетіп,
Сыны қалған,
Сар көзе,
Сарғайған бір суретіндей сананың.
О, Сарайшық,
Тоғыз жолдың торабы.
Саған сіңген сартап сүрлеу сорабы.
Ыдыс деген
Ырымы ғой ырыстың,
Қазағымның құты қашқан жоқ əлі!
Өлеңді оқып шыққан соң, «шіркін-ай, билік басында-
ғы атқамінерлердің бəрі де Иманғали ағам секілді өз ұлтына
жанашыр азамат болса, қазіргі таңдағы сананың тоқыра-
уын басымыздан кеш пес пе едік» деген ойға қалдым. Ақын
ағам Ұлықбек Есдəулетпен бірге қа за ғымның құтының əлі
де болса қаша қой мағандығына шын жүрегіммен сен гім
келді.
Ұмытпасаңыз əңгіме барысында, Ұлықбек Есдəулеттің
«Киіз кітабының» ақынның бұрынғы жыр жинақтарына
мүлде ұқсамайтын өзгеше көркем дү ние екендігін сөз қыл-
ғанбыз. Образды түрде айтсақ, осы жыр жинақты зейін салып
оқығанымызда, мақаламыздың тұсаукесерінде мысалға кел-
тірген ақын ның тырнақалды туындысындағы атасымен
бірге ырғалған арбаның үс тінде келе жатқан арманшыл бала
Ұлықбектің енді өзінің де атасы секілді кемелденіп, ойының
толысқанын көр дік. Енді ақын табиғаттан тек көр кемдік-
ті ғана іздемей, жанын мазалаған терең ойдың сəулесіне шо-
мады.
379
Найзағаймен тілгіленген тастарың,
Жұлдыздармен шегеленген аспаның.
О, Ұлытау,
Ұлар үнді дастаным,
Маған қабақ ашпадың.
Жартастарың жарақатты жүректей,
Зымыраған ғасырлар-ай қас-қағым.
… Тамған қаннан тас өртеніп барады!
Таңатұғын кім бар мына жараны?
Талқан болды тоғыз көзді кіреуке,
Тарс айырылып дүниенің талағы,
Қарс жабылды қаралы аспан қабағы.
Бұл ақынның Едіге батырдың жаралы бейнесін суретте-
гені. Енді ақын ның ұшақта келе жатып, туған жері Зайсан-
дағы зілзаланы естіген сəт тегі күйзелісіне назар бұрыңыз-
шы:
Ет-жүрегім түскен сынды пышаққа,
мен отырмын,
неге отырмын ұшақта?
Ақша бұлттар сырғып жатыр əйнектен,
сəл ұмтылсам толатындай құшаққа.
Мен отырмын көк аспандай жыртылып,
жанарыма жас кеп қалды іркіліп.
сонау-сонау…
ақша бұлттар астында
жатыр менің туған жерім сілкініп..
Əділіне жүгінсек, «Киіз кітаптағы» тарихи тұлғалардың
кеудесіне сый ма ған мұң-шер бүгінгі қоғамның шынды ғы-
нан хабар берген қазіргі аласапыран уақыттағы жаралы
рухтың көрінісі іс петтес. Өз басым Ұлықбек Есдəулеттің
«Киіз кітап» жинағын, құс қанатына жазылған жырға теңер
едім. Мына ала сапыран заманда Ұлықбек Есдəулеттің жыр-
лары, мамық бұлттардың қасында жүрген киелі қарлығаш-
тың шырылын еске түсіріп, көңіліңе мазасыз ой са лады.
Неге екенін білмеймін, жалған тір шіліктің у-шуынан жа-
лығып, сағына күткен жалғыздығыммен бетпе-бет қалған
сəттерімде Ұлықбек ағамның «Киіз кітабындағы» мына бір
өлең жолдары кеудемде құс секілді сайрайды да тұрады:
Өмір,
саған
келдім-кеттім
сонда нені тындырдым? –
зерін теріп зеңгір көктің,
ботананы тұндырдым.
Өмір,
саған
бардым-қайттым,
таңғы шықты мекендеп,
Құдайыма қайғыңды айттым,
Құлақ түрер ме екен деп…
381
Достарыңызбен бөлісу: |