Бағдарламасы бойынша жарық көрді Есдəулет Ұ. Е 78 Үш томдық шығармалар жинағы./Ұ. Есдəулет. Алматы



Pdf көрінісі
бет4/17
Дата31.03.2017
өлшемі1,12 Mb.
#10892
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

КЕНТАВР ХИРОН
Түсіме енеді
Жылқының кісінегені... 
Кеңдікке құштар сəйгүлік жанымды менің 
жылқы мінезді адамдар түсінер еді.
Арғымақ қайда? 
Мінер ем қарғып-ақ тойда 
Сыртымнан біреу мырс етіп сөйлесін мейлі: 
«Атқа мінбей-ақ ақындар жанды бақпай ма?»
Мазақтаса да
жанымды азаптаса да
Жылқы дегенде шыдаман!
Бəйге деп өлген
шабандоз көрсең егер де – қазаққа сана!
Түсіме енеді
Жылқының кісінегені...
Цирктің атын көргенде жүрегім жылап,
Абайша айтсам «сыртым сау, ішім өледі».
Қала тарылды!..
Аңсаймын Қараталымды, 
қамшының табы, жылқының тер иісі сіңген 
(балконда отырып) иіскеймін алақанымды.
Тарылды дала!..
Мүжиді жанымды жара,
ипподромда ит болған жүйрікке қарап, 
кеңдікті іздеп соғамын санымды ғана.
Торыған аңша
Түскендер соңыма қанша,
Шабандоз қазақ деп білсін
ғасырда алғы
Кентавр Хирон көлденең жолыға қалса!..
1989

67
БАЯНӨЛГЕЙ
Алтайдың келіп саласына мен, 
керуен де керуен сөз артып, 
Баянөлгейдің ауасыменен 
қолқамды тұрмын тазартып.
Тілі де таза, ділі де даңғыл, 
діні де əлі дуалы, 
ағада – бата, ініде – əн-жыр, 
думанға толы дуаны.
Ибалы жүз бен иманды көңіл 
иіліп жастық болғандай, 
қонақкəдеден қиналды небір 
өнерсіз мендей сормаңдай.
Өрістен есен сарлығы қайтып, 
табаққа салып тəуірін, 
«Мұңлығы менен Зарлығын» айтып 
мұңайған менің бауырым.
Сыбызғыларын суарып алып, 
күй шалып тұз бен шекерлі, 
«қонақ келді!» деп қуанып анық, 
аңсайды ата мекенді.
«Көшеміз, дейді, Қазақстанға!..» – 
жігіттер жанып көздері. 
Баянда, бірақ базары ұшқанға 
ұқсамай тұр-ау өздері!
1989

68
ТҰСКИІЗ
Баянөлгейде қалған апамыз
Қатипа Байторықызына
Кеденде тұрған
 
 
кесір шал теңселе басқан, 
теңімді қиып,
 
 
жүгімді өршелене ашқан. 
«Тұсыңа іл» деп
 
 
Сіз берген тұскиізді алып,
– Өткізбеймін! – деп
 
 
құшақтап кеңсеге қашқан.
Қызара бөртіп,
 
 
қырсық шал қызған-ақ екен,
– Сыйы еді бұл, деп, апамның! –
 
 
 
 
шыжбалақ етем.
архиға тойып алғанмен өзі де қазақ,
қазақтың сыйын қазақтан қызғана ма екен?..
«Бүтін жаралған
бауырды екіге бөлген,
шекара деген осы-ау» деп өкіне бергем.
Мас пенде емес сол жерде
 
 
 
сау тəңір тұрса:
– Ұлтымның басын қосшы!.. –
 
 
 
деп өтінер ем мен!..
1989

69
МАҢЫРАҚ
Даланы көр де бізді көр –
телқоңырдаймыз,
ешқашан біздер тұмсықты желге бұрмаймыз.
Бетеге, жусан – 
жауығып, тиісер еліміз, 
бағымыз біздің – 
жусаған, күйсегеніміз.
Қасқыр тоқ болса –
біз де аман,
тамаша нағыз,
еркек тоқтыны құрбанға шала саламыз.
Шопан атаға – шаруам жоқ – есем кете ме, 
біздерді сеніп тапсырса көсемтекеге!
Құлқын бар жерде біздердің нарқымыз биік, 
терімізді де жүрсіздер жалпыңыз киіп.
Атаусыз арам қатқаннан жұтап, қырылып, 
бізге өлу – арман ақ адал пышаққа ілініп.
Өліара өтіп, жасарса жадырап дала, 
ақырын əнге саламыз маңырап қана.
Жапанда бізге кім бар-ау пар келетұғын, 
тұяқ та серппей, тіс жармай жан беретұғын! 
1989

70
ГОЛИАФТЫҢ АУЫЛЫ
Түршігесің қарадай,
қара да тұр,
бұл өңірге келген бе заманақыр? – 
жон үстінде жосылған жолдың бəрі, 
жолдың бəрі... 
зиратқа бара жатыр!
Шатастырдым көз жасын бұршақпенен, 
бұл əлемде қалып па ынсап деген? 
бұзылмаған ниеті біреу бар ма?.. – 
пəк көңілге іңкəр боп сусап келем.
Есіл күші секілді Голиафтың,
керегі жоқ ешкімге ар-ұяттың.
Кеш батқасын
көзіңе шұқиды кеп,
шамсыз, айсыз, жұлдызсыз қаңырап түн.
Қаңырайды дəл солай өз кеудең де...
бəрі – бəрі бір күнде өзгерген бе? 
адамы да, заманы, қоғамы да, 
сəлеміңді алмайды кез келгенде.
Ауыл деген бұл емес мен білетін! 
бұрар-бұрмас кейінге енді бетін... 
Жүрегімнің түбінде жанып тұрған 
кез келді ме 
шырақты сөндіретін?

71
ҚАЗАҚ ТІЛІ
Ғұндарға дағы,
сақтарға дағы,
ақ сүтін берген арман тіл, 
атқанда дағы, 
шапқанда дағы
қансырап аман қалған тіл.
Жоңғардың сұсы, 
шүршіттің мысы 
еңсесін баса алмаған, 
жүрегін шоқып қырсықтың құсы 
соңынан қалмай сарнаған.
Өрт шалған тудай жаралы тілім,
желбіреп желмен шалқыдың,
қақ жарып шығып
даланың түнін,
жусан мен қымыз аңқыдың.
Фарабилер мен Бейбарыстардың 
өсиеті де өзіңде,
Махамбет сынды жолбарыстардың 
қасиеті бар сөзіңде.
Бабалар өзі байытқан тілім: 
«шұбарладың деп сен мені», 
бұйырар болдың айыпқа бүгін, 
парықсыз біздей пендені.
Қайғыға қалай бауыр баспайын,
ертерек туып,
кеш қалсам
күлкімді мұңға айырбастаймын,
Ана тілімді еске алсам.

72
«Құрыған тіл!» – деп табандағанның, 
деймісің кетпес түгі де, 
тілімді сонша жамандағанның 
шоқ түсер əлі тіліне.
Қалайша қынға көмейін сені 
қылшылдап тұрған қылышым, 
құдайдың тілі демейін тегі 
табиғаттың өз тілісің!
1989
ТАҒЫ ДА ТУҒАН ТІЛІМЕ
Етектегі тасыңды
 
 
өрге апарсам деп едім, 
есіктегі басыңды
 
 
төрге апарсам деп едім,
өз елінде өгейлі,
 
 
кісі үйіне кегейлі,
кенезелі күйіңе
 
 
көл қотарсам деп едім.  
Бұлт басқан көгіңді
 
 
нұр жайнатсам деп едім,
тереңдегі кеніңді
 
 
күнге ойнатсам деп едім,
кеуіп қалған көніңді
 
 
қымыз құйып жібітіп,
құлақ құрышын қандырып,
 
 
сырнайлатсам деп едім.
Көгендегі қозыңды
 
 
жамыратсам деп едім,
ошақтағы қозыңды
 
 
тағы жақсам деп едім,
қорамсаққа қол салып,
 
 
қозыжауырын жебеңді

теміренін тебірентіп,
 
 
жауыңа атсам деп едім,
терезеңді теңелтіп, 
 
 
керегеңді кеңейтіп, 
қабағыңды қайтадан 
 
 
жадыратсам деп едім, 
қайран, Ана тілім!
2000

74
«ТЕРІСҚАҚПАЙ» топтамасы
(Ирониялық өлеңдер)
ЕМЕННІҢ ҚИСЫҚ БҰТАҒЫ
Қояйын-ақ дегенмін, 
баспасөзге беруді 
бұтағындай еменнің 
қисық өлеңдерімді.
Уды балап шекерге, 
сор жинағам тұз егіп, 
балталаса – кетер ме, 
қисық бұтақ түзеліп?
– Жетер, бекер қысылған, 
дейді маған, – өлең бер, 
«кəрі орыстан – мұсылман» 
шығарамын дегендер.
ОТАНЫМ
Қашқандар мен босқандардың 
панасысың, Отаным, 
асқандар мен тасқандардың 
табасысың, Отаным, 
АЛАША

75
жанарымның ағы менен
қарасысың, Отаным,
Жазылмайтын жүрегімнің
жарасысың, Отаным.
Арал болып, Семей болып, 
қансыраған, Отаным, 
көздің жасы өгейленіп, 
тамшылаған, Отаным, 
малы азайып, жаны азайып, 
қаны азайып, Отаным, 
біткен кезде кедейленіп 
хал сұраған, Отаным.
Ақыныңды өлгесін тек
аялайсың, Отаным,
əкіміңнен өңгесін көп
аямайсың, Отаным,
мешітке де, түрмеге де, 
зиратқа ұқсайтын
біздің ұрпақ салып бітпес
саяжайсың, Отаным!.. 
ДАРВИНИЗМ
Өмір қойған сұрақтарға 
өлім жауап береді, 
тағдырыңа жылап барма, 
ол да өзектен тебеді.
Тірі адамның тіршілігін 
уақыт өзі екшемек, 
құр жасықтық – күрсінуің, 
жасуға да жоқ себеп!
Табаныңның тайғақтығын 
жалтыр мұзға жаппағын, – 

76
заман өзі сайлап бүгін, 
құрып отыр қақпанын.
Өзге біреу қайғырсын, қой, 
жүре бергін еркелеп, 
сен – кешегі маймылсың ғой, 
кісімсуің ертерек...
БІР АҒАНЫҢ АҚЫЛЫ
Өренім, өкпең өшкенше
   
 
өкшелей қума шындықты, 
бұралар бір күн мойының,
   
 
болсаң да асқақ тым мықты, 
шырылдап шыққан шуақты
   
 
шыңғыртып талай түн жұтты,
мүлəйім əлем мүлгіді
   
 
сезбегендей боп сұмдықты.
Шындық пен  жалған – қос безбен
   
 
өмірдің құрған өлшемін, 
тəңірден туған тірліктің
   
 
тəрк етпе ешбір бөлшегін, 
өтірікті естіп тұрсаң да
   
 
бойыңда болсын мол сенім, 
шындықтың жетсең түбіне –
   
 
түбіңе жетер ол сенің! 
ҚАЗАҚТАР
Т. Жаманқұловқа
Қазақ деген бір ел бар атқа мінген, 
жұлдыздар мен жел тілін жатқа білген, 
құтылмаған күнəкар, күпірліктен, 
айыра алмай Алланы көк тəңірден.

Қазақ деген бір ел бар «құдай атқан», 
күн оятпай жүрегін, түн оятқан, 
саптаяқтың сабына зар болғанда, 
қарауылдап қарайтын шынаяқтан.
Қазақ деген бір ел бар жатып ішер, 
біреу атқа мінді деп тақымы ісер, 
басқа халық бар ма екен дүниеде 
батыры қан жұтатын, ақыны – шер?
Қазақ деген бір ел бар теріс туған, 
өнер қуып болған соң керіс қуған, 
қызғаныштан жем болып қызыл итке 
дайын тұрар болуға тегіс құрбан.
Қазақ деген бір ел бар маң далада, 
жемтік болған қаймана қандалаға, 
қонағының қотырын қаситұғын 
өзіндегі қарамай сан жараға.
Қазақ деген бір ел бар,
қызу халық,
қисық жолмен қайтатын түзу барып,
сойыл беріп қолына
«аттан!» десең,
ұжмаққа да кіретін бұзып-жарып.
«Қазақ деген қай ел?» деп сұрамалық, 
қылжақтайтын əдеті жылап алып, 
Сол қазақтың ішінде мен де бармын, 
ал, түсе бер соңыма шырақ алып!.. 
1990

78
БАҚЫТ ҚАЙДА?
Достиг я высшей власти;
Шестой уж год я царствую спокойно.
Но счастья нет моей душе.
А.С.Пушкин. «Борис Годунов».
Тағдыр сыйын татып көп,
патша болдым.
бақыт жоқ... 
халқым ол да – бақытсыз, 
қара көже – қатықсыз, 
қайғы ойлаймын жатып кеп.
Бақытты ма бір адам? 
байдан тіпті сұраман – 
күні өтеді күлкісіз, 
түні өтеді ұйқысыз, 
байлықты ойлап жылаған...
– Бақыт  бар ма? 
Сатып кет!
– Бұйырмасын, бақыт жоқ... 
... Іздей берсем табар ма ем, 
бақытты да болар ма ем, 
əттең, соған уақыт жоқ...
ҚАЗАҚСТАН, СЕН ӨЛСЕҢ...
Қазақстан, сен өлсең, 
жалқаулықтан өлерсің, 
аласармай өр еңсең, 
аңқаулықтан өлерсің, 
анталаған өздері, 
қанталаған көздері 
қорқаулықтан өлерсің.

79
Қазақстан, сен өлсең, 
байлығыңнан өлерсің, 
қылғындырып қол өңшең 
шайлығудан өлерсің.
Салт-сана жоқ, дəстүр жоқ, 
қамаудағы қасқыр боп, 
қайғы-мұңнан өлерсің.
Қазақстан, бүгін сен, 
Тарихыңа үңілсең: 
бабаң берген біліммен, 
тіліңменен, дініңмен 
тірілерсің – тірілсең!..
1990
ТЕРІСҚАҚПАЙ
Өмір өтер
«ерте ме, кеш пе» деме,
жабысқанның сыйы сол қос кемеге, 
адамдардың зердесін шаң басады, 
артымызда қалмайды ештеңе де.
Көз жұма сап боламыз кенет
ұмыт,
жоқтамайды көк пенен жер өкіріп,
өз қайғысы өзінде келер ұрпақ, –
«ұмытпаймыз!» дегеннің бəрі өтірік.
Қара жердің қойнында сыналанып, 
баяғыдай жатады бұлақ ағып, 
ұрпақтардың мойнына кигізілер, 
мойнымыздан шешіліп мына, қамыт.
Қожайыны сен болсаң кең даланың,
қамытыңды ала қой,

80
кел, қарағым,
жал-құйрығын жел сүзіп,
желіп кетер,
уақыт деген ғайыбың мен боламын!..
БАҚЫТТЫ ХАЛЫҚ
Осы біз неткен бақытты халық едік: 
орайын десе – егіні жоқ, 
себейін десе – көңілі жоқ,
өлейін десе кебіні жоқ,
жел сөзі менен желігі көп,
өз үйінде өзінің орыны жоқ.
Осы біз неткен бақытты халық едік: 
біреуге иек артпаса жүре алмайтын, 
өз үйін өз қолымен құра алмайтын, 
өмірді өз бетімен сүре алмайтын, 
белі тақым сағынып бұраңдайтын, 
қит етсе қырамын деп ұрандайтын, 
өзінен басқа ешкімді ұра алмайтын.
Неткен бақытты халық едік: 
Табыла алмай ту қасынан, 
елеуішпен су тасыған, 
алтын шықса құм-тасынан, 
оның өзі у сасыған.
Неткен бақытты халық едік: 
Құйрық-жалы күдіре боп, 
жүгіретін сүріне кеп, 
үй дейтұғын үйі де жоқ, 
күй дейтұғын күйі де жоқ, 
шығатұғын үні де жоқ, 
бостандықтан басқа түгі де жоқ, 
Неткен бақытты халық едік!
1993

81
ЖИДЕБАЙДА
Абай ата, келе алман күнде саған, 
Саған шақпай мұңымды кімге шағам? 
Көресісін түгелдей көріп болмай 
Күтіп тұрған көрге де кірмес адам.
Жерден сырлас таппадым сөз ұғарға, 
Көкте жүрген күштінің көзі бар ма? 
Тіршіліктен түңілген тамам үміт 
Өзін асып жатыр ғой өзі дарға!
Ақзу тілім ақ сор боп шұбарланып, 
Қыжылымды айтпадым құмар қанып. 
Гəкку əнім гөй-гөйге көп ұласты, 
Сұңқылдаған аққудай сыңар қалып.
Туған жерді тозаққа айналдырып, 
Амалсыздан аһ ұрам айлам құрып. 
Жайылымсыз өмірім қайырымсыз 
Өрісімді алыппын ойран қылып.
Жау жықпаған қазақты арақ жығып, 
Қайта басты даламды қараңғылық. 
«Қартта мейір, балада бейіл қалмай» 
Əлекедей жалаңдар арам қылық.
Намыс емес көбіміз табыс қуып, 
Өгей өстік өрліктен алыс туып. 
Тəуап еткен тасбұтым тəлкек қылды, 
Өзімді əкеп өзіммен шағыстырып.
Ала жіптен аттамай ас баспады, 
Бүйрек пенен жүректі тас қаптады. 
Жылан жылтып жүрген соң қойнымызға 
Жанымыздан жылу да қашқақтады.

82
Ар-намыстың жоғалып айылбасы 
Ұмытылды ұлы əннің қайырмасы. 
Сүтте қаймақ қалмады, қызда оймақ,
Су мен удың жоғалды айырмасы.
Жидебайда жарылса талай атом, 
Жырлап жүрген біз соны – сарай ақын. 
Ұрпағыңа «Тоқтат!» – деп тоқтам айтшы, 
Бар еді ғой аруақты Абай атың!!
1988
ҚАРА БАЗАР. ДОМБЫРА САТУШЫНЫҢ ЖЫРЫ
Өткен шығар,
кеткен шығар заманым,
біткен шығар ақылым мен амалым, 
тағдыр,
«мені қай тұйыққа қамадың, 
қай қияда, 
қай қиырда қаламын?
Меңіреу жұрт...
о мəссаған, безгелдек!
«əр Мұсаға бір перғауын кез келмек»...
көңілдердің таразысын тот басты,
күндіз-түні арамдықты безбендеп.
«Ым менен жым жең ұшынан жалғасқан, 
сұм дүние бір-бірімен арбасқан, 
көсемдердің қабақтарын қар басқан,
шешендердің шудаларын шаң басқан, 
құсы құлап, қаңырап бір қалды аспан!
Ақындардың жүрегінен қан қашқан, 
пақырлардың қалтыраған қолдары, 
Жаратқанның жағасына жармасқан.

83
Біреуді бай,
біреулерді кедей қып,
шекесінен шертіп отыр шенеунік,
көз жасымен асырайды бір бірін
егіз туған жетімдік пен өгейлік.
Пенде біткен күнəсынан арылмай
бұл дүние кеңейе ме тарылмай?
... Дəтің неткен берік еді,
Домбыра,
мұнша зардан қалай қалдың жарылмай?!.
1994
ТАП ПЕН ТЕК
«Арыстан – мысық тұқымдасқа жатады».
Қазақ Ұлттық энциклопедиясынан.
«Біздің елде тап жоқ» депті тарихым, 
жүрек содан жақсылыққа жаритын, 
сол тарихты жатқа білер бір сабаз 
асырап жүр күншілдіктің қара итін.
Жар құлағы жастық көрмей иті үшін, 
түнде бұзар талайлардың ұйқысын, 
пысықтардың піскен дəнін көре алмай 
өбектейді өзіндегі шикісін.
Тап керек пе?
Іздеме оны алыстан:
тұғыр озар тұлпарлармен жарысқан,
бұл заманда итке керуен үреді,
ешбір еркек өлер емес намыстан.

Тек керек пе?
Іздеме оны алыстан:
Тас кене мен аш кенелер табысқан.
Бір қанденге сəлем беріп шықсам деп
кезек күтіп отыр міне, арыстан...

85
ЖАРИЯЛЫЛЫҚ ЖЫРЛАРЫ
(1988 – 1990)
САУАЛ
Күнге түскен кратерлердей 
Кеше жүрекке түскен жарамыз – 
Жанымызға бүгін нұр əкелгендей, 
Жырғап қалдық қой, қараңыз...
Баяғы сөнген жұлдыздардың, 
Өлі сəулесін сүйдік алданып, 
Есімізді біздің жиғызған кім? 
Қараймыз енді таң қалып...
Жүрекке түскен жарамыз көп, 
Əттең, жазылғаннан соң санадық... 
Біреуміз жүрдік «баламыз» деп, 
Басқамыз қайда қарадық?..
1988
АДАЛБАҚАН

86
ҚАЙТА ҚҰРУ
Өзгеше өмір сүре алмаймын,
Ағайын,
Өзге өмірді қайдан іздеп табайын? 
Жаңа жүрек жасап берер кім маған, 
Ескісінің жыртықтарын жамайын.
Жүрегім бар қобызындай Қорқыттың, 
Сəл тынысқа тебіренер толқып тым. 
«Аспандағы айды əперем» дегенге 
Қолдағымды келмес бірақ қор тұтқым.
Басқа адамға айнала алман енді мен, 
«Айналам» деп жұртты қалай сендірем? 
Көкпар көріп кергіленген жүрекпен 
өмір сүрем шыққанынша соңғы дем.
Жақсылықпен болып қалам жүректес, 
Бəрі өтсе де рахымның күні өтпес. 
Жер астында сынамайды жүректі 
Жер үстінде жарылса да ол – 
Түк етпес!..
1988
БІЗДІҢ АҚЫНДАР
Бір ақын революцияны мақтаймын деп атылды, 
Бір ақын Сталинді даттаймын деп атылды.
Бір ақын ұлтымды сақтаймын деп атылды,
Бір ақын ұлтсыздықты жақтаймын деп атылды.
Бір ақын туған жерді қорғаймын деп атылды, 
Бір ақын жалғандыққа бармаймын деп атылды.

87
Бір ақын коммунизмді армандаумен өліп кетті, 
Бір ақын кеңестік қаламын бізге беріп кетті.
Ал біздер болсақ амалдап, 
Өткенді жүрміз жамандап, 
Ақиқатты айтар ақын жоқ, 
Еліміз қайдан оңалмақ?
– Бостандық жоқ! – деп нар кеуде, 
Күркіреп қояр əр-кейде.
 Азаттық үшін, апырмау, 
Атылып кетсек арман не?!. 
1990
КЕҢЕСТІК СӨЗ
Төңкеріс. Қоғам жаңаша. 
Жеңдік біз ақты, фашисті. 
Кеңестік өмір тамаша, 
Картошка, талон, сосискі...
Күн нұры шалқып жүзімде, 
Волидол ішем төсекте, 
Барамын коммунизмге, 
Міне сап сосын есекке.
Жатақта өсіп, жетсем де, 
Əкемді көрсем танимын, 
Шоқынып тіпті кетсем де, 
Мен оған əлі сəбимін.
Қанжоса қырып дұшманды, 
Жасын боп көктен түстім мен. 
Қайтпайтын қайсар, ұстамды 
Өйткені коммуниспін мен.

88
Сталин деген жауызды, 
Шатастырмаймын басқамен,
Халықтың жауы тəрізді 
Жолықса атып тастар ем.
Тоқыратты ғой бір қақпас,
Оны да сөзбен ұрамын,
Күрескермін мен мізбақпас, 
Қоғамды қайта құрамын.
Несіне оған ойланам, 
Депутатыңа айналам, 
Сайласаң дағы сайланам, 
Сайламасаң да сайланам.
Себемін сосын халқыма 
Советтік сөздің ұрығын:
– Жасасын демократия!
– Жасасын қайта құруың!..
1990
МАЙШЕЛПЕК ТУРАЛЫ ДИАЛОГ-ЕРТЕГІ
– Жерұйық пенен 
Жиделібайсын... 
жетті ғой бізге қанша ертек, 
пешенеңе оның тигені қайсы?
– Тигені жалғыз майшелпек!
– Жемейсің бе енді, шелпегің қайда, 
нəр сызбай неге ойландың?
– Жомартпын өзім, ертегім бай да, 
қонаққа сақтап қойғанмын.
– Қорлықты дəйім аштықтан көрдің, 
өзің-ақ жесең нетеді?

89
– Үш жүз жыл бойы достыққа үйрендім, 
сарқытын жесем жетеді...
онсыз да маған «əй, тентек» деуде, 
желтоқсан-жыным қысқанда. 
Келіңдер, достар, майшелпек жеуге, 
майшелпек Қазақстанға!..
1990
* * *
Жүрегімді тырнап жатыр біреулер, 
Көкірегімді қырнап жатыр біреулер. 
Бауырымды, бүйрегімді суырып, 
Ұрлап жатыр, жырғап жатыр біреулер.
Алақанға қарап енді бал ашпан, 
Алтын тұяқ қалды ма деп алаштан? 
Ақ ниетім қызыл қанға боялып, 
Бүгін міне, зеңгір көкпен таласқан.
Кеңдігінен қорлық көрген пейілім, 
Ғажайыптан күтемісің мейірім? 
Екі аяқты бір етікке тықса да, 
Сол кеңдікті сақтап қалшы, ей, ұлым!
Ақ бесігін тастаса да қырқысқа, 
Атымтай боп көрінуге жұрт ұста. 
Бабалардың қаны сіңген байрақ-жер, 
Айналып бір кетпесе екен жыртысқа?
1989

90
КОРРИДА
Үргедек ой үрейленді,
Үрікті,
Өткен шақтың бəрі бейне күдікті? 
Шындық үшін шайқастарға шыққанда 
Өтірік те бірге «уралап» жүріпті...
Сенеміз бе?
Сенбейміз бе?
Қайтеміз?
Бүгін алшы кеше түскен тəйкеміз.
– Аралым! – деп айғайлап кеп, күні ертең
деп жүрмейік «Арал деген қай теңіз?»
Өткен шақты өлгенінше сынайық, 
Өзімізге қандай баға ылайық? 
Қызыл мата көрсеткендей бұқаға 
Келешектің қарсы алдынан шығайық!
ТӨҢКЕРІС
Жаман атқа жал бітіп, 
Жақсы құлға төр тиіп, 
Ақымаққа əл бітіп, 
Аты жоққа мөр тиіп;
Жүргендерді жан күтіп, 
Тəубасына келтіріп, 
Байбатшаны қаңғытып, 
Хан, патшаны өлтіріп,
Шаш ал десе бас алды, 
Құртпақ болып құдайды... 
Құдай, бірақ қашанғы 
Тəлкегіңе шыдайды? 
1988

91
КҮПІР ӨЛЕҢ
Азаттықты айта алмадық 
Ақ найзаның ұшымен. 
– Азатпыз! – деп айқайладық, 
Абақтының ішінен.
Жалықтырды соқыртеке, 
Ойынымыз осылып... 
Іш арақты, өкірт, əке, 
Мен де ішейін қосылып...
«Құдай жоқ» деп ұстаздарым 
Қаратпады-ау құранға, 
Қайран менің қыс-жаздарым, 
Қор боп өткен ұранға.
Мас боп жатыр шəкірт жолда, 
Хақтың жолы тосылып, 
Іш арақты, өкірт молда, 
Мен де ішейін қосылып...
Шерменде боп имам өлді, 
Құрттық та оны – «көгердік». 
Тобырда жоқ иман енді, 
Қасиетке сенерлік.
Қала бердік соқыр тамда,
Ақты қара өшіріп.
Іш арақты, өкірт молла,
Мен де ішейін қосылып... 
Сұбыханалла... 
Астапыралла... 
Асылық қой, не дейін? 
Биыл мүшел жасқа шығам ба? 
Тəубама онда келейін.

92
Ер – намысын,
Əйел – ғұрпын
Көркі етелік тойлардың.
Таста ішуді,
Қой, ел-жұртым,
Ал мен болсам – қойғанмын!.
1990
* * *
Есуас заман,
Папуас тағдыр,
Есалаң болған есті өмір, 
Ешкімге жаны ашымастан бір, 
Кемеңгер күйде кеще жүр.
Іріңдеп кеткен жарамыз мынау, 
Ыңырана білмес нар едік, 
Жармасқан қолда жағамыз жүр-ау,
Жыртысқа жарап əредік.
Есіктен кіріп, 
Төріме шығып, 
Төккені аздай асымды, 
Туын да туған жеріме тігіп, 
Алшаңдап тіпті басынды...
«Тайбуырылмыз» деп тапырақтадық, 
«Шүу!» десе шаптық шын қызып. 
Арқасы жауыр шоқырақ халық, 
Кім болса соны мінгізіп...
1990

93
* * *
Ботасы өлген ғасыр інген, 
боздағанын көп көрдік, 
күнəмізді жасырумен, 
күнімізді өткердік;
бетегеден биікпіз деп, 
күпілдеп жүр жұрт əлі, 
жоғалған Жерұйықты іздеп 
шықпады Асан ұрпағы;
қасарсам-ақ халым – мүшкіл, 
қайғы көзді қарайтты, 
жаным – тəтті, 
қаным – қышқыл, 
сорған маса соны айтты.
өзіме өзім өгей болып, 
аспанды жалт қараттым, 
мырзасынып, əуейіленіп, 
жатқа шүлен тараттым.
Туған далам құнарлы еді, 
қаны кеуіп сорлады, 
жөн болар ма бұдан гөрі 
өз қанымды сорғаны...
1990

94

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет