Бағдарламасы бойынша жарық көрді Кітапты жүйелеп, баспаға əзірлеген немересі Нəзік Мəми Айтхожа М



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата27.03.2017
өлшемі4,59 Mb.
#10437
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ҚОҢЫР КҮЗ
Қоңыр күз келдi нұрланған,
Алтын дəн тасып қырманнан.
Ақынның жаны тебiрендi,
Жаудырып жапырақ жырлардан.
Қоңыр күз келдi ырысты,
Кеңiнен алып тынысты.
Жаз күнi жатыр қоштасып,
Қимастық жанда тұр ұшқын.
Қоңыр күз келдi нұрланған,
Салқын жел есiп қырлардан.
Iрге тептi күз-ғұмыр,
Жүрекке ұйып сырлы арман.
Жеттiң бе аман, алтын күз,
Қабағы ашық, жарқын жүз.
Тiл тауып əлi-ақ кетермiз,
Өмiрдiң бұзбай салтын бiз...

36
ЖАҒЫЛДЫ ҮЙГЕ БIР ШЫРАҚ
Күн артынан күн шұбап,
Жаныңды қасiрет шымшылап.
Жүргенiңде бауырым,
Жағылды үйге бiр шырақ.
Күн артынан күн шуап,
Кiрпiгiң жасқа түн шылап.
Жабырқап, жасып, жүргенде,
Жағылды үйге бiр шырақ.
Маңына төгiп алауын,
Iңгəлап жатқан жаңа үн.
Өмiрдiң қайта көтердi,
Желбiретiп жалауын!
Күрсiнбе ендi, мұңланба,
Шырағың жанып тұрғанда.
Сəулесiн төгiп шырағың,
Сая болсын жыр жанға.
Қайтадан кiрiс өлеңге,
Өлеңсiз iсiң өнер ме?!.
Шырағың жанған сөнбесiн,
Арысың қайтып келер ме?!.

37
КӨЗ ЖҰМҒАНША...
Қашан-дағы табыласың қасымнан,
Сырың, шының жоқ қой менен жасырған.
Жылы сөйлеп жүрмесем де жаныңда,
Iштей үнсiз сипап келем басыңнан.
Жапырағын сыбдырлатқан орманның,
Толып жатыр, бiздерге ортақ арман-мұң...
Ақындық пен адамдықтың белгiсi ол,
Арман-мұңмен артымызда қалған күн.
Өкпек жел де өткен күн көп өтiмнен,
Өкiнбеймiн, дəнеңеге өкiнбен!..
Байлығым да, атақ-абырой, бəрi сол,
Көз жұмғанша өлең отын өшiрмен!
Көз жұмғанша өлең отын өшiрмен,
Кеңдiгiмнен көп нəрсенi кешiргем.
Тəкаппар да, қарапайым күй кешiп,
Туған жұртым, шықпай келем есiңнен.

38
ОЯНДЫҢ БА...
Ояндың ба ұйқыңнан, ояндың ба,
Күн шұғыласы көк шыңды бояр нұрға. 
Сенiң де жүрегiңнiң жылы нұры,
Үзiлмейтiн мəңгi арқау,
Болар жырға.
Ояндың ба ұйқыңнан, бақ түр гүлдеп,
Жүрек отын самалың жатсын үрлеп.
Үн қосамын аққудың сыңқылына,
Айта алмаймын бұл үндi,
Ақтық үн деп.
Бiр өзiңсiз қуаныш,
Шаттығым жоқ.

39
СҰЛУЛАРДЫҢ СҰЛУЫ
Арылмайтын жүрегiнiң жылуы
Сүйген жарың –
Сұлулардың сұлуы.
Елiм үшiн зор мақтаныш емес пе,
Ер жiгiттiң сендей болып жүруi!
Төрт құбыланы түгендеген талтүсiң,
Шаттық күйде өтiп жатыр Алпысың.
Алда талай асулардан аса бер,
Байтақ дала,
Қазағымның халқы үшiн!
Шалқи берсiн, қуанышың, шаттығың,
Дос сүйiнiп, таңырқасын жат бүгiн.
Мерейiңдi биiктетiп тұр қандай,
Азаматтық,
Ақындық пен пəктiгiң!..

40
НЕ ЖЕТСIН КЕҢ ДАЛАМА
Кең дүниенiң есiгiн ашып далада,
Өмiр кешiп келемiн мен қалада.
Байтақ дала, алатын мол тынысым,
Сол даладан –
Сəуле түскен санаға!
Далада өсiп, бауыр бастым қалаға,
Қанша уақыт өтiп кеттi арада.
Қанып iшпей –
Кəусарынан даланың,
Айтшы, шөлiм қана ма?..
Кең даланың таулары да биiк тым,
Ержетiп ем,
Лағындай боп киiктiң.
Кең даланың жарысып жүрiп желiмен,
Кең далада табысып ек, сүйiктiм.
Тал-бесiктi тербетiпсiң, жан Ана,
Кең даласыз бақ-жұлдызым жана ма?
Алматыдай, асқақ,
Ару қалада,
Өмiр өтiп, күн еңкейiп бара ма,
Не жетсiн кең далама!..

41
БЕУ, ЖҮРЕГIМ
Есейгенде жабырқағыш баладай,
Сəл нəрсеге көңiл жасып қалады-ай...
Мөлдiр, Нəзiк «апатайлап» отырар,
Жанарлары –
Жаудыраған танадай!
Арман-асқақ, жетем бе деп асықтым,
Жарық дүние,
Саған мен де ғашықпын.
Күздiң күңгiрт күндерiндей күрсiнiп,
Өр еңсемдi отыр неге басып мұң?..
Беу, Тəңiрiм, жабырқатпа, жасытпа,
Жете алмаймын, туған ауылым қашықта.
Мейлi жасып, мейлi тасып жүрейiн
Жыр – Аққуын,
Алуға, ажал, асықпа...
Беу, жүрегiм, тулама сен, дүрлiкпе,
Ол саған жат,
Қасiреттенiп сыр бүкпе.
Өшпесiмдi бiлемiн мен,
Өшпеймiн,
Жер бетiне қойған мен де бiр нүкте!

42
ТƏКАППАР, СҰЛУ ДҮНИЕ
Тағдыр – жалған сыңғырлы үн,
Сағымды талай сындырдың.
Жыласам да шын жылап,
Күлсем-дағы шын күлдiм.
Тағдыр – тарпаң тұлпардай,
Көсiле жүйткiр бұлтармай.
Талай əнiм тұншығып,
Iшiмде жатыр шырқалмай.
Ақын болып жаралып,
Отырмын ойға қамалып.
Сəуiрдiң ескен самалы,
Келдiң бе алып жаңалық.
Елтимiн көктем күйiне,
Бақытқа, айтшы, кiм ие?
Көзден ғайып боларсың,
Тəкаппар,
Сұлу дүние!

43
ЖАНАРЫНАН ҚАРАУЫЛДЫҢ 
ЖЫР ҰШТЫ
Жалғастырып Батыспенен Шығысты,
Алады еркiн ақын бүгiн тынысты.
Айдын көлге оралғанда,
Жыр – Аққу,
Қарауылдың жанарынан жыр ұшты!
Уақыт зулап, айлар, жылдар ауысты,
Жетсем-ау деп, төзiмдi де тауысты.
Құрманғазы оркестрi дүбiрлеп,
Ұлы Абай,
Аруағымен қауышты!
Қасқабұлақ – туған жерi Абайдың,
Дүниеге сонша арайлы –
Тарайды үн!
Жусан иiсi бұрқыраған далаға,
Орнатылған құлпытасқа қараймын...
Тағзым етiп, ұлы жандар, басына,
Ағылды жыр, жұрт мерейiн асыра!
Қарлығаштар, қанат қағып төбемде,
Тебiрендi, Жидебайдың тасы да!
Жиналды жұрт, үлкен-кiшi, бар ауыл,
Күйлер кешiп бастарынан жаңа бiр...

Жас Абай мен Тоғжан ару, серуендеп,
Айлы түнде толқып тұрды,
Қарауыл!..
«Бiз ұлылар ұрпағымыз, ақынбыз,
Сеңгiр таулар, көк аспанға жақынбыз!
Жалғастырған –
Шығыс пенен Батысты,
Қадамыңа нұр жаусыншы,
Ақын қыз!..»
– Деп, үлкендер, айтып жатыр алғысын,
Тағдырынан көрген ел ғой, сан қысым...
Қас-қабағын бағып тұрған халқының,
Қарт Сеңгiр мен
Шыңғыс қалай, қалғысын!..

45
ҮЛБIРЕГЕН ҮЛБIНIҢ ЖАҒАСЫНДА
Бiр ерекше ұшқын ойнап көзiнде,
Толқындардың тулап жатқан кезiнде –
Беу, құдiрет,
Су да адам секiлдi,
Берiледi теңдесi жоқ сезiмге.
Текке өтiп жатпағандай бұл күнiм,
Толқытады жүрегiмдi сырлы үнiң.
Ойға шомып, қарап тұрмын жағада,
Толқынына,
Үлбiреген Үлбiнiң!
Толқындар-ай, бұратылған қыз-бұрым,
Тiл табысып жатқандаймыз бiз бүгiн.
Үнсiз ғана аймаладың жанымды,
Сен де аңсап қалыпсың-ау,
Түз гүлiн!
Ұмытылмас, қимас кезең, бұл кезең,
Құшақтасты –
Ертiспенен Үлбi өзен.
Серуендетiп жүр жағада, бауырлар,
Елiне ыстық,
Төркiндеп келген қыз деген...

«Жыр – Аққуын» айдынына қондырып,
Ойлардың да пəктiгiне шомдырып.
Күн еңкейдi көкжиектен болдырып,
Айналама –
Жаны жайсаң толды жұрт!
* * *
Ақын жанын сезiмтал жырлатып сан,
Толқындардан тулаған –
Тыңдатыпты əн.
Арналары қауышып, құшақтасқан,
Ертiс, Үлбi, бiлсеңiз,
Шын ғашықтар!..

47
ЖАПЫРАҚТАН ЖАС ТАМШЫЛАП
(Мағжан рухына)
Сұрапыл заман өттi аласұрып,
Қасiреттi кеш,
Зарлаған таң атырып...
Отырсыз, Түркi елiне ой асырып,
Қасыңда толғанайын, қала тұрып.
Айналайын кетсең-дағы асқар шыңға,
Есiңнен туған жұртты тастарсың ба.
Толқындап бұйра шашың қара ормандай,
Кешегi көрiнесiз жас қалпында.
Тербетiп жүректе жыр – ғашығыңды,
Арнадың, Алты алашқа, асылыңды.
Жанардың тереңiнде жаудыраған,
Бiр сезiм,
Сiзге деген жасырынды.
Ол күндер, өтiп кеттi жоқ қой айшық,
Ол қасiрет, оралмайды ендi қайтып.
«Аруды Ұйқыдағы» аяласаң,
Сыңсиды, аққайыңдар,
Жоқтау айтып...
Қалайша, қиянатқа жан шыдайды
Өткерiп тас түрмеде сансыз айды.
Арудан аумай қалып жоқтау айтқан,
Мөлтiлдеп, жапырақтан –
Жас тамшылайды...

48
ЕЛIМНIҢ ТЫНЫШТЫҒЫ
ҚЫМБАТ МАҒАН
Жүректi ащы ойлармен құндақтаған,
Таң атып, кездер болды күн батпаған.
Қаншама ерлiктермен қолым жеткен,
Елiмнiң тыныштығы қымбат маған!
Баулыса батырларын, шыңдап далам,
Жатыр ғой батыл үнiн –
Тыңдап ғалам!
Желiмен Желтоқсанның жеткен бiзге,
Елiмнiң тыныштығы қымбат маған!
Бөктерiн Алатаудың гүл қаптаған,
Ақ бұлты үкiдейiн бұлғақтаған.
Қанша ұлттың басын қосқан,
Берекелi,
Елiмнiң тыныштығы қымбат маған!
Аққуы əнге бөлеп айдын көлiн,
Ескекжел,
Жеткiзуде жаздың демiн.
Қырағы, даналықтың арқасында,
Күн сайын көркеюде, айбынды елiм!
Тұратын биiк шыңын күнi шалып,
Жəй емес,
Қазақ дейтiн ұлы халық.

Қайсарлы, ұлылықтың арқасында,
Келемiн туған елден тыныс алып!
Қаныма жалын құйып, дарын құйып,
Далада еркiн өстiм,
Дауыл киiп!..
Туған елiм мерейлi, тыныш болса,
Жарандар, менiң дағы тауым биiк!
Тауыса алмай жырлағанмын, көп мұңымды,
Тастадым терең көмiп, кектi күндi...
Қызыға қарап отыр əлем бүгiн,
Бұлт емес, шуақ шалған Шоқтығымды!..

50
АСТАНА ТӨЛ ПЕРЗЕНТI ЕЛБАСЫНЫҢ
Тұрғанда бодандықтың сұмдығы үдеп,
Бұлқынған бостандыққа мұңды жүрек.
Сол кезде-ақ айтқан екен батыр бабам,
«Ақмола қазақ жерiнiң кiндiгi» – деп!..
Жел де емен, құзар да емен, тасқын емен,
Кеудемде тулап, толқып жатсын өлең.
Тəуелсiз қазағымның Астанасы,
Он асу, айбынданып асты белең!
Көз тартып, көкке бойлап Бəйтерегiм,
Өресiн көрсетiп тұр қайсар елдiң.
Он жылда Астананы əлем танып,
Тəкаппар елдерменен бой теңедiм!
Жол нұсқап ерлiгiмен батыр бабам,
Шуақтап нұрлы күнге жатыр ғалам.
Намысын қашан-дағы қолдан бермес,
Мəрттiгiн ел екенбiз жасырмаған.
Елменен жалғастырып елдi бүгiн,
Келемiз аспандатып кеңдiк үнiн.
Жайнатып, жарқыратып, Ақорданы,
Асқақтап көрiнетiн келдi күнiң!

51
Жаңғыртып жер мен көктi тасқын үнi,
Астана, он асудан асты мiне.
Есiлдiң өзенiндей есiлiп бiр,
Ақынның буырқанып жатшы жыры!
Асырып аруағын Астананың,
Тербейдi төрт құбыланы асқақ əнiм.
Рухы бабалардың тұр ғой қорғап,
Астана, бұлт шалдырмай қас-қабағын.
Шындықты керегi не жасырудың,
Келесiз көшiн бастап ғасырымның.
Тербейдi ұлы дала, байтақ елiм,
Бұл күнде əлем бiлген асыл ұлын!
Асырып Ақордадай қала көркiн,
Қалықтап, хас қыраным барады еркiн.
Астана, мерейiңдi биiктетiп,
Жұлдызы маңдайыңның жана берсiн!
Ойларың бастау алып бұлақтардан,
Жұртыңа жаның адал сыр ақтарған.
Астана –
Елбасының төл перзентi,
Жаралған шұғылалы шуақ таңнан!

52
КҮН ТҰРСА ТӨГIП НҰРЫН
Бүгiнгi сайлау – ертеңгi жарқын күнiң,
Мəнiсiн терең ойлан, халқым мұның.
Ер үшiн Ел басқарған жеңiл болмас,
Қайыспай қалың жұрттың тарту жүгiн,
Мəнiсiн терең ойлап халқым мұның!..
Бүгiнгi сайлау – ертеңгi тыныштығың,
Бұлақтардың сыңғыры күмiс бұрым.
Тəуелсiз ел, таңдай бiл қалауыңды
Шықсын десең шыңдардан күлiп күнiң!..
Бүгiнгi сайлау – нұрлы, ашық келешегiң,
Келешек жайлы өзiңмен кеңесемiн.
Тəуелсiз Елбасшысы, елдi ойласа,
Көк аспан, сеңгiр таумен теңесемiн!..
Кең Арқаға орнатқан Ақордасын,
Еңсесi биiк елге тағар ма сын?!.
Тəуелсiз қазағымды үлгi тұтқан,
Толқыттым, татулықтың мол арнасын!..
Жылдарды бастан кешiп алашапқын,
Халықтың қамын ойлар болашақтың.
Күмбiрлi домбырадай шертiлуде,
Елi үшiн тебiренген парасатты үн!

Сол үннен əсерлендiм, елiм, деген,
Сол үннен төгiлдi жыр, өрiлдi өлең!
Елдi ойлар Ерлерiмнiң арқасында,
Тəуелсiз Қазақ көзге көрiндi əрең!..
Бүгiнгi сайлау – ертеңгi көрiктi күн,
Көрiктi күн тұрса екен, төгiп нұрын!
Халықты адастырмас адал жанға,
Халайық, үн қосайық сенiп бүгiн,
Бал бөбек, жүрсiн қырдан терiп гүлiн!
Ақтайтын ел сенiмiн нелер күткен,
Бойлайтын болмысынан тереңдiкпен.
Ойы озық, тұғыры биiк, тұлға керек,
Санасар бүкiл нұрлы əлем бiткен!

54
«АЛТЫН ЖҮРЕК»
Қасқайып көзге тура қарап келем,
Халқымның кəдесiне жарапты өлең.
Жаудырып жүректен жыр күнi-түнi,
Сəттермен санаспадым, сағатпенен...
Еңсемдi тiк көтертiп еркiндiгiм,
Еркiндiк арқасында серпiлдi үнiм.
Тойлаған Астананың он жылдығын,
Туған ел, көз тартады көркiң бүгiн!
Билетiп сезiмдерге жанды ғажап,
Ақын тұр, айналаға ойлы қарап.
Жар салып дүниеге – «Қазақ елi»,
Аспанда Самұрық құс жайды қанат!
Көсiлiп төрт құбылам жатыр аман,
Қалайша, тебiренбей отыра алам.
Қазақтың айбат шектi батырлары,
Жауынан жанар оты жасымаған!
Келедi ұлы көшiн халқым түзеп,
Қойылып «сақ дəуiрiнен» жарқын күзет.
Мəңгiлiк махаббаттың сырын шертiп,
Дүрсiлдеп соғып тұрды,
«Алтын жүрек!»

55
«ҚАЗАҚ ƏДЕБИЕТI»
Үнi жеткен далама байтақ, алып,
Бұл газеттiң жұртына айтары анық.
Жиырма жыл араға уақыт салып,
Үш мыңыншы сан келдi
 
 
 
қайталанып.
Кезiң бар ма, толастап, тыным көрген,
Ұлылардың жаңғырттың үнiн өрден!
Əдебиет, өнердiң жанашыры,
Ақындардың желпiдiң,
Жырын желмен!
Оқырманмен сырластың ойың бөлiп,
Өрiстедiң, өркендеп,
Өрiң кеңiп...
Қаламгердi халқымен қауыштыру,
Қашаннанғы арманың сенiң берiк.
Ортақтасып қуаныш, мұңына да,
Шығып едiң,
Шуақты шыңына да.
Ел мен жердiң тағдырын тынбай
 
 
 
 
шертсең,
Əлдиледi сенi де ұлы дала!

56
Асулар-ай!
Өмiрдiң, қалай биiк,
Өткерсең де басыңнан талай күйiк –
Қазағымның Тəуелсiз халқы үшiн,
Қабағыңнан келесiң, арай құйып!
Күйiн шертiп өлiнiң, тiрiнiң де,
Ғасырлар тебiренiсi тұр үнiңде.
Сен халықтың,
Қазақтың əдебиетi,
Қақың жоқ, ешқашан да сүрiнуге!..
* * *
Үрейленiп орнымнан түрегелдiм,
Iштей налып, көп екен,
Жүдеген күн...
Бар-жоғымды бiреулер ұмытқанмен,
Ал, жырларым,
Есiнде жүредi елдiң!
Болмаған соң көңiлдiң күйi бөтен,
Көп сырыңды көкейге түйiн етем.
Қанша қиын болса да бұл өмiрдi,
Сол қалпында қабылдап,
Сүйiп өтем!..

57
ЖАПЫРАҚТАР ЖАУДЫРАП...
Алтын өрнек күз келдi күбiрлесiп,
Жатты үлкендер, бұл да бiр ғұмыр десiп.
Төрт мезгiлдiң бəрiн де бiрдей көрген,
Тербетiлген –
Жер-Ана,
Жұмыр бесiк!
Жайма шуақ қоңыр күз шашып нұрын,
Толқытады сезiмдi ашық бiр үн.
Самал ессе, сəл ғана
Сағағынан,
Жаудырады жапырақтар, ғашық сырын.
Жұпар иiс жапқандай алма бағын,
Алма бақтан жетедi, салған əнiң.
Табиғаттың күзi де ойлы келер,
Самалы соқты үзiлмей
Сары даланың...
Дүбiрлетiп дүниенi желпiп жеткен,
Кеткенi ме алыстан,
Көкшiл көктем?!.
Қоңыр күздiң көктеммен орны ауысты,
Айта алмаймын жүгi оның
Жеңiл, – деп мен.

58
Қоңыр күзiм түрғанда шуақ төгiп,
Ол да маған жатқандай қуат берiп.
Көк тырналар барады,
Көк жүзiнде,
Көңiлдi көктемменен шұбап келiп.
Əндерi-ай, əуелеген тырналардың,
Үнiмен ақындардың нұрланар мың.
Өмiрден тырналардай қайтқан күнi,
Жыр өлкемде,
Жыр болып,
Жырланармын!..
* * *
Жаудырып жаз күнiне алғысты айтып,
Құйылды жапырақтар,
Сарғыш тартып.
Сағынып келiп едi көктемеде,
Барады жылы жаққа
Сан құс айтып...
Келгенде ажар берiп, жарасып ең,
Кеткенiңде
Тартқандай дала сүрең...
Сəуiрдiң бұлты емес,
Жауып өткен,

59
Құстар ғой,
Жыр төгiлткен қанатымен!..
Болғанмен қаншалықты сыр-күшiмiз,
Қалдырған болса-дағы нұрлы iсiмiз –
Бiржола ұшып кетер,
Мезгiл жетсе,
Тiрлiктiң бəрiмiз де бiр құсымыз...
* * *
Мен өзiңе сенбесем, сенем кiмге,
Тамыры сенiмдердiң терең мүлде.
Сенбесем мен өзiңе, ертеңiме,
Айналар, қансыз, жансыз денем күлге...
Жатады қасiретiмдi жасырып түн,
Шығады қасиетiмдi асырып күн.
Адамдар, саған сенiп ақтарылам,
Сырымды сен ұқпаған
Ғасыр ұқсын!
Жанымды қалтыратар шуақсыз күн,
Сүреңсiз əндерден де құлақ тұнды.
Түңiлдiм жандардан да көп жалтарғыш,
Кететiн төңкерiлiп
Сынап сынды...

Қайтер ең, сонша менi алдамасаң,
Көңiл қалды бəрiнен əлдеқашан...
Жұртына тастап өлең кетер ме едi,
Жанымды жалшыдай ғып жалдамасам!..
Мен өзiңе сенбесем, сенем кiмге,
Сенiмдердiң тамыры терең мүлде.
Тiрлiктiң бағыбаны сияқтымын,
Су сеуiп, мəпелейтiн өнер – гүлге!..

61
ЗАМАН – АҒЫН
Көктем ару, құлпырып, келсе гүлдеп,
Биiктейдi көңiл де,
Еңселi көк.
Алып келдi бұл көктем жырға шабыт,
Бұл бақыттың ақынға өлшемi жоқ!
Болғанымен күндерiм жапалы да,
Бас имедiм ешкiмнiң атағына.
Келе бермес басына көрiнгеннiң,
Шуақ күннiң шомылдым шапағына!..
Жүргеннен соң жұртыма болып сыйлы,
Сиқыр күштен жүрегiм толықсиды.
Осы емес пе, ақынға
Атақ деген,
Мен халқымды,
Ал, менi халық сүйдi!..
Шалқыса да сан қилы заман-ағын,
Жүрегiмдi жаңғырттым,
Жаңаладым.
Маған деген халқымның махаббатын,
Бəрiнен де биiк деп бағаладым!..

62
АЙНАЛАЙЫН
Айналайын,
Баураған бауырыңнан,
Баурайыңда айыққан ауру жан.
Туған ауыл тынысын,
Тiршiлiгiн,
Тыңдадым күнде соққан дауылыңнан!
Айналайын,
Мейірiмдi жүрегiңнен,
Мейiрiңнен нəр алып жүремiн мен.
Жүрегiңнiң лүпiлiн үзбей тыңдау –
Адам үшiн бақыт қой, бiле бiлген.
Анаға тəн аңғарғыш бала сырын,
Сол сырға қанық жаның, қарашығың.
Шын мейiрiң жүретiн аңсаттырып,
Сол аңсау ғой, өзгермей қалатұғын.
Жалғыз сөзiң жанымды тынықтырар,
Бiр өзiңдей жан күйiн – кiм ұқтырар.
Күнiң дағы ерекше,
Күлiп шығар,
Көлдерiң де
Көлдерден тұнық шығар?!.

Құстардың қанаттары-ай, зуылдаған,
Еш пенде, армансыз боп туылмаған.
Өмiр берiп келедi сол жылылық –
Алақанның табы тұр, суынбаған...
Мөлдiретсе таңдағы дала шығын,
Сөзсiз, сенiң менi еске алатының.
Суынбайды,
Сол бiр тап алақаннан,
Жұмылғанша көзiмнiң қарашығы...

64
ЕСКЕК ЖЕЛI ЕРЕКШЕ
Ескек желi ерекше есiп өткен,
Əсерiмен оралды, осы көктем!
Жұлдыздары жымыңдап, жылу шашып,
Кетер емес, тым ерке кешi де естен!
Кетер емес, шiркiннiң кешi де естен,
(Сазды үнiне даусымды қосып өскем). 
Жастығымның күндерi елес бердi,
Көз ұшында көлбеңдеп көшiп өткен!..
Көктем сырын əдетiм шерту көптен,
(Қозғаудың қажетi не, дертiмдi өпкен...) 
Толқып келем арындап, өз арнамда,
Толастамас екпiнiн –
Көрсiн деп мен!
Жалбарынып көрмедiм күйсiзбiн деп,
Жүрегiмнiң Түбiнде үнсiз мұң көп.
Күйсiз күнiм өмiрде көп болғанмен,
Сенiм берген жаныма жырсыз күн жоқ!..
Күй деген не,
Көңiлдiң құстары ма,
Қонары да белгiсiз, ұшқаны да.
Құстарға көп қарадым қалықтаған,
Көңiлiмнiң айналған құштарына!

65
Самғау үшiн берiлген құсқа қанат,
Көңiлiмдi келемiн құсқа балап.
Құс емеспiн, пендемiн тiрлiк кешкен,
Тiрлiк дейтiн бiр көрген түс пе ғажап?!.
Толқынына жүретiн шомып терең,
Құс боп менiң басыма қоныпты өлең!
Үркiтiп алмау үшiн сол құсымды
«Ит құстың»
Бəрiнен де қорып келем!..
* * *
Беу, өмiр!
Сен қандай ағынды едiң,
Аласұрған ағынға бағын дедiң.
Бағынбадым еркiңе,
Басымды иiп,
Ешкiмнiң қолында емес бағым менiң.
Бағым да өз қолымда, бақытым да,
Бiлген бiле жатады уақытында.
Басымдағы зор бақыт –
Еркiндiгiм,
Байлық та,
Керек емес жақұтың да.
Керек емес атақ пен мəнсап деген,
Атажұртқа алыстан аңсап келгем.

66
Аңсаған арманыма қол жеткенде,
Көгiнде бiр жұлдыз боп жансам деп ем.
Бұлақтай мөлдiреген күмiс үндi,
Тыңдаттым жұртыма өз тынысымды.
Көлдерiн жаудыраған көзге теңеп,
Жетiсудың деп келем шыңы сырлы...
Содан ба, биiктерге қарайтыным,
Содан ба, сиқырлыға арай-шыңың,
Содан ба, алабұртып, өлең жазып,
Өмiрдiң өткерiппiн талай түнiн.
Жүзiмдi таң шапағы шайып нұрмен,
Өзiңе қанатымды жайыппын мен.
Санамды жаппасын деп қара түнек,
Жарыса оянамын жарық күнмен!..
* * *
«Көбi кетiп, өмiрдiң азы қалды...»
Болмайды екен адамның жазы мəңгi.
Жиып-терiп осынау тiршiлiкте,
Халқыма арнадым Жыр – қазынамды.
Жылу алды жүрегiм жарық күннен,
Жарық күндей жырларды анық сүйгем!

67
Қарапайым осынау халқым үшiн,
Ойда, бойда барымды сарықтым мен.
Сүзiп iшкен жан едiм, тұнықтан көп,
Ұмытпаймын түгiңдi,
Ұмытқам жоқ...
Самалы есiп
Сайрамның желпiндiрген,
Жүрушi едiм мен ақша бұлттай боп!..
Бүгiн тағы түнедiм шың басына,
Биiк шыңдар,
Жанымның сырласы ма?!
Қанша биiк болса да ұлы таулар,
Жақын ба екен олар да мұңға, сiрə?!.
Неге мұнша қамықты, көңiл неден,
Ақтарылды, толқыды,
Төгiлдi өлең!..
Күрес пе едi, «итжығыс» мынау өмiр,
Күндерiме ризамын, жеңiлмеген!..
«Көбi кетiп өмiрдiң, азы қалды!..
Болмайды екен, адамның жазы мəңгi.
Жиып-терген осынау тiршiлiкте,
Халқыма арнадым
Жыр – қазынамды!..

68
ӨЛЕҢ-ТАҒДЫР
Туған жер, көз жазып сан туысымнан,
Келгенбiз, сонау Күннiң шығысынан.
Жүрсем де талай асқар асу асып,
Тағдыр-ай!
Шыға алмадым уысыңнан...
Келемiн құтыла алмай қыспағыңнан,
Тосылып,
Тосқауылды, тұстарыңнан.
Келемiн жiгерiмдi тасқа қайрап,
Осынау өлең-жырға құштарымнан.
Жiбiмей қойды неге қаталдығың,
Қалыңдап қаталдықтан жатар мұңым...
Арбалып тiршiлiкке жүргенiмде,
Арманда менiң-дағы батар күнiм!..
Қаншама қалың торын жайсын азап,
Күндер де өтер-кетер сайқымазақ...
Тағдырым, өлең менiң таңдағаным,
Ақын емес дер екен қайсы қазақ?!.

69

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет