АЙТШЫ НЕДЕН?
Айтшы неден көңіліңді қалдырдым
Айтшы неден үмітіңді талдырдым,
Тұрушы еді жанарыңнан таң күліп
Айтшы неден тағатыңды алдырдың.
Айтшы алдыңда нəзіктіктен бездім бе,
Айтшы оқыс мінезімді сездің бе?!
Отыңа ұдай өртенумен келемін,
Бақыт іздеп сенсіз түнді кездім бе.
Жүдесем де бір сен үшін жүдедім
Көктем болып гүл аттым да түледім
Өмір жолы кейде терең жарқабақ
Қайда жүрсең сау болғай деп тіледім!
170
171
АСТАНА
Астана арманысың бабалардың ғасырлар бойғы,
Аспандағы ақша бұлттай желпіген ойды.
Желменен желбіреген қыран туым айбынды қандай,
Асқақтаған заңғарларға теңеген бойды.
Қайырмасы:
Арайлы күндер,
Алаулы түндер,
Тыныстап жатыр
Тербеліп шеңбел.
Саялы кеште,
Самал жел ессе,
Арудай ерке
Ырғалып гүлдер.
Астана Есілімнің бұйраланған толқынын кешіп,
Шаттанады қиял түннің ескегін есіп.
Қарайды қабағына қазағымның көп азап шеккен
Жүрегінде тербетеді туған жер, бесік.
Қайырмасы.
172
173
ҚАРТТАРЫМ
Сенімменен сертіне берік шеттен,
Біздей емес қиялға еріп кеткен.
Қайран біздің, қарттар-ай, тау тұлғалы,
Ауылымды солар ғой көрікті еткен.
Əзілі де өзара жарасымды
Жомарттығы секілді дала сынды.
Қайран біздің, қарттар-ай, қыран тектес,
Бөліп ішкен бір жұтым қара суды.
Өшпес көрген іздері азабыңның,
Тегін бе еді ауғаны назарымның.
Қарағайдай қайыспас, қарттарым-ай,
Шежіресі емес пе қазағымның.
Болмысымен танытып тектілігін,
Ізгіліктің санаға екті гүлін.
Қабырғама батады, қарттарым-ай,
Қатарларың сирексіп кетті бүгін.
Дүние жалған ұршықтай шыр айналған,
Жанарыңнан кеудеме құлайды арман.
Ұрпағың бар ізіңді жалғастырар,
Кəрілікті мойындап мұңаймаңдар.
Көрген бəрін азапты, ақтабанмен,
Сəйгүліктей даласын баптаған кең.
Көзі тірі халқымның тарихы деп,
Өздеріңмен, қарттарым, мақтанам мен.
АРНАУЛАР
МЕН
МАҚАЛАЛАР
176
ƏБДІЛДА АҒА
Ақын аға,
Айналған аты аңызға,
Салтымыз,
Сəлемдесу атамызға.
Сіздердей ұлы ақынды сыйламасақ,
Іс оңалып, ілгері басамыз ба?..
Ақын аға,
Айналған аты аңызға,
Бар шығар қалт жіберген қатамыз да.
Шегі жоқ ұлылықтың кеңдігінде,
Ақындар, тіл табыспай жатамыз ба.
Қанша жыл мұң толқынға жүзе жүріп,
Бұл күнде арманнан кім үзеді үміт.
Ақын аға,
Алуға ақ батаңды,
Алдыңа келіп тұрмын тізе бүгіп.
1960
жыл
177
ТƏУЕЛСІЗ ЕЛІМЕ ТАҒЗЫМ
Ел қостап, атқа қонып азаматым
Жатқанда асқақтатып қазақ атын.
Əлемді дүбірлеткен жаңалықты
Ой толқып, жүрек тулап, жазады ақын!
Басынан өткерген көп қасіретті
Табанды қазақ халқы қасиетті.
Емес пе мұның өзі асқан ерлік,
Дақпыртым құрлық, мұхит басып өтті!
Тəуелсіз бастап жүріп еліңді өрге,
Ғаламат ие болдың сенімдерге.
Нығайтып ел мен елдің татулығын,
Ант еткен батыр қазақ шегінбеуге.
Айтпауға бар ма халқым, шыны керек,
Байтақ ел тыныштыққа тұнып ерек –
Бас қосты Ақордада əлем жұрты
Діні де, салт-санасы, тілі басқа...
Жастанып ұлы таулар, жайсаң жерін,
Тұрғанда алтын діңгек –
Арқаңда елің.
Елдік пен келісімнің арқасында,
Қашанда тартар өрге көшім менің!
Қазағым көпті көрген көне халық,
Ту етіп ата арманын келеді атып.
Теңдессіз бірлігімнің арқасында
Жасайды Еуропаға төрағалық.
Мол байлық арқасында қазынаның,
Қосылмас енді айтқан сазыма мұң.
Бақытқа ие болдық қол жетпеген,
Кешегі Кеңес,
Бүкіл Азияның.
Сыр бар ма айтшы, жұртым, сенен бүккен,
Даналық, қырағылық, тереңдікпен.
Отыр ғой қол жеткізіп зор мақсатқа.
Бұл күнді біз ғана емес,
Əлем күткен!
Ерсің сен!
Ел тілеген тілегіңді.
Кімнің кім екенін жұрт біле білді
Түсінді қазақ тұрғай,
Төркүл дүние,
Тыныштық үшін соққан жүрегіңді!
179
МАХАББАТ ЖЫРШЫСЫ
(ƏЗ-АҒАНЫҢ РУХЫНА)
Кешіп жүріп қан майдан алапатын,
Алпарысып жауменен таң ататын.
Толас тапсаң, өзекке өлең өріп,
Сүйеу болды,
Ақыл ман парасатың.
Сыршылдықты серік қып жастайынан,
Сусындадың,
Сұлу жыр бастауынан.
Қарлы түнде қалғымай,
Қиялдадың,
Аумай қалған аруды аққайыңнан.
Жалынына оранып жастығыңның,
Жүрегіңнің түбінде жатты бір мұң.
Сол сұлуға ақыры қолың жетті,
Куəсі боп бар ауыл шаттығыңның.
Дамылдар ма кеудеге дауылдар жəй,
Биік еді Сіз шыққан, тауың қандай.
«Ақиқат пен аңызға» арқау еттің,
Хас Батырын қазақтың
Бауыржандай!
Еңбек еттің аянбай білек түріп,
Сізге тəн қасиет еді, ізеттілік.
180
«Махаббат, қызық мол жылды» жазу үшін,
Керек еді білгірлік,
Жүректілік.
Күні кеше, соғыстың селін кештің,
Шек қоя алмас махаббат, сенімге ешкім.
Қатарыңнан қалыспай,
Қайсарлықпен,
Сіз, алдында жүріпсіз, өмір – көштің.
Бұл сөзімді, Əз-Аға, теріс деме,
Өрең биік,
Бай едің өріске де.
Тəж-Махалды Кеңсайға орнатыпсың,
Халима атты махаббат періштеңе!
Қадірі асып жұртына, құрбысына,
Ұшып кетті, айналып жыл құсына...
Туған елі риза, туған елі,
Əз-Ағаңдай,
Махаббат жыршысына!
Елемеген батыл ең тосқауылды,
Үлкенге ізет, өмірі жасқа үлгі.
Ұлы Мұхтар Əуезов театрында,
Тойлап жатыр,
Толағай,
Тоқсаныңды!
Алматы, 18. 11. 2013
181
КҮЛЛІ ТҮРКІ РУХЫН ТУ КӨТЕРГЕН
(Мұстафа Өзтүрікке)
Өмір кешкен өрелі өрлікпенен,
Жеңістердің жемісін көрдік сенен.
Ататүрік елінде даңқың асты,
Бағалаған пір тұтып,
Ерлікті ерен!
Тыңдасам деп жұртынан сөз сұлуын,
Түндер бойы алмаған көз шырымын.
Күллі түркі рухын ту көтерген,
Ұмытпайды ел,
Мұстафа Өзтүрігін!..
Қалып қойып қанатты құстар жолда,
Жеңістермен оралдың Стамбұлға.
Мəрмəр теңіз,
Тербесе толқынында,
Мейірлі махаббат бар,
Қысқан қолда.
Тиген сəтте табаның туған жерге,
Қанша жылдар аңсауға тұнған кеуде –
Тулап еді-ау,
Арманшыл, отты жүрек,
Атажұртпен қауышып тұрған кезде.
Жеңістермен оралып жер түбінен,
Төрткүл дүние,
Таңғалды серпініңнен!
Арулардың арманы өзің болып,
Ғажап кескін-келбетке –
Көз сүрінген...
Ұйқысынан оятып санаң жанды,
Алатау, бетін бұрды саған мəңгі.
Түріктің еңкеймейтін ордасындай,
Артыңда –
Ақ тілекпен,
Анаң қалды!..
183
CАФУАННЫҢ
САЯНЫ
Əкенің жаны жаралы,
Шешенің жаны жаралы.
Кеңсай жаққа күрсініп,
Сағынышпен қарады.
Жарының жаны жаралы,
Айтатын əні қаралы...
Арманындай Саянның,
Ақ бұлттар жөңкіп барады.
Сұм ажал кімді аяды,
Тербейді мұңлы əн даланы.
Жасқа толып жанары,
Қанатын жүрек жаяды.
Мақтанышы еді-ау қазақтың,
Сафуанның Саяны.
Сайыста озып ел ара,
Жастарға болдың сен аға.
Арманда кеткен арысын,
Əлдилеп жатыр Жер-ана,
Есіне алып Ел-ана.
184
ЖЕҢІСТІҢ БИІГІНЕН
ҮН ҚАТАДЫ
(Киевтен алған əсер)
Кешегі кездестіріп майдандасын,
Толқып жүр ортамызда,
Қайран Қасым.
Оранған от жылдарды партизанға,
Ақ бұлтын дастарқан ғып жайған ба шың.
Қарамай тұрғанына құйып жауын,
Карпаттың кетті кезіп биік тауын.
Соғыстың саздарымен сабақтасып,
Айықпай жүрегінде жүріпті-ау мұң.
Тұр екен Карпат тауы тосып көптен,
Дауысын жаңғырыққан қосып көппен.
Күй жетті көкірегіне бір ерекше,
Кешегі іздерінен басып кеткен...
Тау қанша ұстағанымен өзін биік,
Ол дағы тұрды ерекше сезімге ұйып.
Қазақтың қайсар ұлы қарай берді,
Дегендей қалай кетем көзім қиып.
Көз жетіп сертіне кір жуытпасын,
Карпат тұр батыр ұлға иіп басын.
Алтайдың ақиығы алдымызда,
Аршындап бара жатыр жігіт Қасым.
Жылдарға алдырмаған жарқын жаны,
Ержүрек, қайтпас қайсар, партизаны.
Жеңістің биігінен үн қатады,
Қаһарман, батыр аға нар тұлғалы.
186
ҚҰТТЫ БОЛСЫН ТАЛТҮСІҢ
(Қасым-Жомарт Тоқаевқа)
Бір ерекше төгілдіріп талтүс нұр,
Ақ Ордадан үн қатқанда
Алпыс бір –
Алатаудың тымық түнін тербетіп,
Күмбірлеген күй шертілді шалқып бір.
«Ат айналып табады алтын қазығын»,
Жалғыз сөзде жатқан жоқ қой аз ұғым.
Тайбурылдай дүбірлетіп келесің,
Жетісу мен
Сарыарқаның жазығын.
Тіледі Анаң, шалмасын деп шаң жүзін,
Таң шапағын шашты саған алқызыл.
Шын жүректен құттықтайды Жыр-Аққу,
Халықтың ұлы,
Кемел Аға, жалғызын!..
Тоқсанында Кемекең жатса аунап бір,
Сырттай ұлын қорғап жүрді аруақты үн.
Иесі де,
Киесі өзің білгенге,
Ақ Ордадай қасиетті шаңырақтың!
Жөні бөлек он жетінші мамырдың,
Бұл-дағы бір сүйген күні Тəңірдің.
Ер Қабанбай қайталадың ерлігін,
Қазағыңның халқы үшін.
Сарқылмасын,
Жан бауырым,
Жан күшің!
Алматы, 17. 05. 2014
188
ДҮНИЕ ЕСІГІН АШЫПСЫҢ
АҚПАНДАТЫП
(«Қазығұрт» баспасының бастығы
Темірғали Көпбаевқа)
Жеткізбес қусаң-дағы шапқан уақыт,
Уақыттан – кейбіреу сор, тапқан бақыт.
Қаймықпай бұрқаған қар, қатты аяздан,
Дүние есігін ашыпсың ақпандатып.
Тізгінін сəл-сəл тежеп шапқан уақыт,
Сол кеште қызыққа ауыл жатқан батып.
Темірдей берік болсын деп үлкендер,
Балаға ат қойыпты астарлатып.
Қарсы алып ару көктем, ақпандарды,
Сырластың қарлы шыңмен жатқан мəңгі.
Пырағын поэзияның баптай жүріп,
Ұнаттың тереңнен ой ақтарғанды.
Ұласып сəби үні ақ дауылмен,
Жұрт көрді кезіңді де атқа мінген.
Баспаның «Қазығұрттай» жүгін тартып,
Жүргенің елге қызмет атқарумен.
Көрсең де келетіндей көре бергің,
Көбейттің киізкітап сөрелерін.
Қауышып алты Алаштың арысымен,
Көншіді көңілдері өрелі елдің.
Қазақтың жыр қазына асылдарын
Алтынмен аптап жүрсің ақындарын.
Қастерлі Қазығұрттың қойнауында
Қаншама тұнған тарих, жатыр дарын...
Қазығұрт беткейінде жыр шуақтап,
Келеді ақын қыздар гүл құшақтап.
Сəкен, Ілияс, Мағжандар аңсап кеткен,
Үміттерін бəрінің жүрсін ақтап!..
190
БІЗДІҢ ЖАҚАҢ...
Біздің Жақаң жазады, жазып қалған,
Жан-жүрегі
Жазудан азықтанған.
Ел тағдырын тереңнен тербер ме еді,
Қонбаса егер
Көкейге нəзік талғам.
Жақаң келген қазақтың көшін бұрып,
Көшіп жүріп жазады,
Көсілдіріп.
Киіз кітап қаншама
Халқы жайлы,
Бұл шындықты қаламыз несін бүгіп.
Жақаң жазар,
Жазбасқа шарасы жоқ,
Шарпып жатқан шақтар ол, даласын от...
Қазақ елі ғасырлар өмір кешкен,
Жаралы мекен тұр ғой,
Қарашы деп.
Шіркін сезім, тектен-тек дір еткен бе,
Дамылдауға шараң жоқ
Жүрек сенде.
Туған елдің тағдыры ойға салған,
Қырандары ұшатын
Түлеп төрде.
Артық айтқан лепіріп мақтан да емес,
Сенің өмірің асулар,
Жатқан белес.
Шөл даласын Тарымның кешіп жүрген,
Көз жібере күрсіндің шақтарға елес.
Тағдыр қанша тосқанмен уын маған,
Ойларымды шектер ме туындаған.
Елімді де, Ерімді жырлап келем,
Уақытпенен жарысып зуылдаған.
192
ҚАЗАҚ АҚЫНЫ МАРФУҒА АЙТХОЖА
«РАДУГА» ГАЗЕТІНЕ
ДАЛА ƏУЕНІ
(Болгар тілінен аударылған)
Өткен аптада Врачанскіге Қазақ Советтік Социалистік Рес-
публикасынан делегация келді. Қонақтардың арасында қазақ-
тың белгілі ақыны, тамаша адам, «Литературная газетаның»
тілшісі Марфуға Айтхожа бар. Біздің əңгімеміз сол кісі туралы
болмақ.
Қырық үш жастағы қаракөз, қараторы келген, биязы, ақжар-
қын əйел өзінің нəзік даусымен бір қарағанда кісіні баурап
əкетеді. Одан ақындық рух бірден сезіледі. Ол кісіні тыңдамау
мүмкін емес. Оның Отаны Қазақстан – ССРО-дағы ең бай жəне
əдемі республика. Туған жерін ақын бала кезден сүйіп өскен,
əр кез сапардан оралғанда, бала құсап туған жердің топырағын
сүйетін.
Марфуға Айтхожа Алматы қаласында университеттің фи-
лология факультетін бітіріп, содан кейін «Литературная газета»
баспасында жұмыс істей бастады (1966). Ол көп сапар шегіп,
өлеңдер, очерктер, репортаждар жазады. Ақын өлеңдерінің
11 жинағы шығып, оның үшеуі орыс тіліне аударылды. Оның
өлеңдері қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың өлеңдері сияқты
əуен жазуға жеңіл келеді. М. Айтхожаның өлеңдерінің əуенін
ақын жəне композитор, өзінің өмірлік жары жазатын. Олар-
дың біріккен творчестволарынан көптеген бірегей туын-
193
дылар туды. Оның астықты Қазақстан елі туралы, кең дала
самалы мен еркіндік туралы əндерін елі беріліп айтады.
Марфуға Айтхожа:
– Менің ата-бабамның тарихы өте бай. Сондықтан менің поэ-
зиям халқымның болмысына, оның мінезі мен жаратылысына
сай негізделген. Фольклор – шығармашылығымның өзегі. Бар
болғаны сол ғана.
– Марфуға Айтхожа, сіздің творчестволық ұстанымы-
ңыз қандай?
– Ақын қоғамда өмір сүреді, ол халқының бір бөлшегі.
Менің лирикамның кейіпкерлері қарапайым адамдар. Менің
поэзиям кең ауқымды, ол туған жерге арналып, махаббатты,
еңбеккерлерді, замандастарды жырлайды. Əрбір адам, əсіресе
ақын, өзінің халқын, оның өтпелі тарихын, бұрынғысы мен
болашағын білуі тиіс. Олай болмаған жағдайда оның еңбектері
нашар жəне саяз болып, сезім тудырмайды.
Классик – ұлы тұлға. Егер ол өз халқын шын сүйсе, елімен
бірге қуанып, бірге жылайды. Менің өмірімде көп қиындықтар
болды. Алайда мен өз мақсатымнан таймадым. Осы жол мені
нағыз ақын етті. Əдетте, төрт құбыласы сай, бақытты əйел ақын
болмақ емес. Десе де əйелге тəн – ананың, сүйікті жардың,
əпке-сіңлінің кейпі менің поэзияммен біртұтас. Мен соғысты
көрген жоқпын, алайда ол туралы өлеңдер, балладалар,
дастандар жаздым. Менің халқым көп қасірет шекті, əлі күнге
соғыстан оралмаған ұлдарын күтуде.
Мен адамзаттың болашағын жиі ойлаймын. Сондықтан ме-
нің өлеңдерімде болашаққа үмітпен қарау, сергектік сарын бар.
Дегенмен, маған лирикалық, нəзік поэзия жақын.
– Сіз өлеңді қалай шығарасыз?
– Мен көп саяхаттаймын. Негізі өте əсершілмін, көргенімді,
бастан кешкенімді тез електен өткіземін, сөйтіп тақырып
өздігінен туындайды. Өлең жолда туады. Əр сапардан соң
міндетті түрде өлең немесе өлеңдер топтамасын шығарамын.
– Бұған не себеп деп ойлайсыз?
– Адам аяғын басқан əрбір жерде басқан сайын із қалады.
Мысалы, Ленинградты советтік-қазақстандықтардың қорға-
уынан кейін маған «Батыр қала» өлеңдер топтамасын жазбас-
қа болмады. Ульяновскіге барып қайтқан сапарымнан кейін
Ленин туралы өлеңдер топтамасы жарық көрді.
Мен адамдармен араласқанды жақсы көремін, оларсыз
өмір көмескі жəне қызықсыз. Əр сапардан кейін, қайтып келе
жатқанда, бəрін ой елегінен өткіземін. Өзім туралы айту қиын.
Кіммін мен? Бəлкім, менің болмыс-бітімімді жақында ғана
шыққан «Дала əуені» атты өлеңдер жинағым дəл жеткізер.
Мен – дала жолдарын жырлайтын, кез келген сəтте оны сүйікті
аспабым домбыраға қоса шертетін ақынмын.
«Зов Отечества» газетінің оқырмандарына қандай тілегіңіз
бар?» деген сұрағымызға Марфуға Айтхожа былай деп жауап
берді: «Менің тілегім, біздің өміріміз əрқашанда жарқын да
бақытты болса екен деймін. Мен болгар халқын сүйемін жəне
оны сүйе бермекпін».
Светлана Евгеньева
195
Марфуға АЙТХОЖА
БАҚЫТ – БЕСІГІ
Қандай адам болмасын, ерте ме, кеш пе, оның өмірінде елеу-
лі өзгеріс болмауы мүмкін емес... Ол өзгеріс – ұлы ма, əлде
иненің жасуындай кішкентай ма, əйтеуір, сол адамның бүкіл
тағдырына өз əсерін тигізетіні сөзсіз...
Жас кезімізден-ақ көңілді алаңдатқан үлкен арман болды,
ол – туған ел мен жерге деген сағыныш. Мүмкін, шыр етіп
жарық дүниеге келгеннен бастап құлаққа сіңген, сезімге
ұялаған аяулы əн болар бұл. Есейе келе сол бір əнді тыңдап
қана қоймай, ата-анаммен, ауылдастарыммен қосылып өзім де
айтатын болдым. Міне сол əн жетелеп келді емес пе ақыры...
1958 жылдың күз айы, елге қайтуға рұқсат қағазымыз келді.
Қуанышта шек жоқ, көп жылдар күткен үміт пен көз талдырған
арманның бір күнде орындалуы мүмкін бе?!.. Қолдарында
заңды шақыру, рұқсаты, екі елдің келісім қағазы тұрса да
əкем Ғали мен үлкен ағайым Шаяхмет сенер-сенбестерін
білмеді.«Қорыққан да, қуанған да бір» деп, халық текке айтпаса
керек. Сенбейтіні – алдында бір кететін болып жиналғанда, аяқ
астынан өзгеріп жібермей қалған, қашан шекарадан өткенше
көңілде тыныштық болмайтыны да орынды еді...
Біз отырған жеңіл машина таң қылаң бере Ешкіөлмес
тауының етегіне ілінді. Таңғы салқын, көліктен шыкқанда
денең тітіркенеді. Тау етегімен жалғасқан түзу жол əлі де
барар жерді мезгей кеңінен көсілді. Ешкіөлмес ұйқысынан
ояна алмай манаурап, жонданып жатты. Біраз жер жүргеннен
196
кейін, манадан үнсіз ғана, төңіректен көзін алмай, ойлардың
жетегінде толқып отырған əкем тіл қатып, көлікті тоқтат
деді. Бізден соңғы жүк тиелген машиналар да тоқтап, ондағы
отырған кісілер де елеңдесіп қалды. Ал, балалар болса, тəтті
ұйқы құшағында, оларға қайда келгені бəрібір.
Күн де қызыл алауымен тау үстін көмкере бастаған. Шөп
басы тұнық шыққа көміліп тұр, сəл самал шайқаса көздің
жасындай төгіліп кетуге дайын... Біз үнсіз ғана əкемізге қарап
қалдық. Жерге түскен соң, еңкейіп бір уыс топырақ алып
алдымен құшарлана иіскеп, сонан соң кеудесіне басты... Ол
бізден бетін бұрған қалпында ұзақ тұрды, екі иығы дірілдеп,
əлдене деп естілер-естілмес күбірледі. Оның осы қалпына қарап
жылап тұрғанын аңғардым. «Қасиетті, туған жер, енді сенің
бір уыс топырағың бұйырып, құшағыңда өлсем армансызбын»
деген сөзін анық естідім.
...Қаншама жыл Гоминдаң өкіметінің қатал да қанды
түрмесінде отырғанда, қаншама қысым көріп, денеге отты
қалақтар соғылып, басына шеңбер салып, көзін шарасынан
шығарып, немесе тілгіленген денеге ыстық май мен тұзды су
құйып, тырнақтың көбесіне темір шегелер қағылып жатқанда
бəріне төзіп, қайсарлықпен өмір кешкен əкем енді көз алдымда
жылап тұр... Солай болатын да реті бар шығар. Əке жанын ол
кезде онша түсініп, балалықпен мəн бермеген басым, кейін
ұғындым... Көп ұзамай, өмір бойы армандаған туған жерінің
құшағына мəңгі бақи берілді... Қандай өкініш десеңізші, біз
ол кісіден көп нəрсені біле алмадық, сұрап ұғуға мүмкіндік те
болмады. Мен келесі жылы (1959) қалаға – Алматыға оқуға кетіп
қалдым, содан қайтып жолымыз қосылған емес. Бірақ, көзінің
197
тірісінде ақыл-кеңесін айтып, «əке балаға сыншы» дегендей,
оқып ізденгенімді жөн көрді. Мені алғаш кітапқа баулыған да,
поэзияға деген құштарлығымды терең сезініп соған жол ашқан
да əкем болатын. Өйткені ол кісінің өзі аса кітапқұмар, орысша,
арабша оқыған сауатты, білімді кісі еді. Мен үшін ең асыл мұра
– əкемнің қолтаңбасы бар, арабша, қазақша басылған кітаптар...
Ол кітаптарды Қазақстаннан алдырып отырған. Мен кейде сол
кітаптарды қолыма алып, сарғая бастаған беттерін ашқанымда,
əкемнің маған мейірлене қарап, «қарағым, оқы, сенем, зор үміт
күтем» дейтін жылы да, қоңыр, майда үні құлағымда тұрады.
Тұлымымды сипай, жанарымен аймалай отырып, бес жасымда
арабша-қазақша хат танытқаны да əлі күнге есімде. Кейін əкемді
қанды түрмеге жапқанда, қалаға көшіп бардық, апам маған
хат жаздыратын əкеме... Ал, шешем болса, арманның отына
өртеніп жүріп, өмірдің талай-талай тартыс-тауқыметтерін көре
жүріп, біздің сезімімізге, санамызға туған жерге, елге деген
шексіз де қасиетті сезімді құймадай құйып өсірді. Шешем
кейде ұзақ таңдарға зарлатып əн айтатын еді, əрбір айтқан
əнінде үлкен сағыныш, сарқылмас мұң, шексіз арман жататын.
Сол ақ бесікте, ана сүтімен мұңсыз нəрестенің бойына тараған
пəк сезім, сол бір үзілмей келген қоңыр əн – туған жерді аңсау
əні ешқашан құлағымнан кеткен емес. Мен үлкен жолдарға
аттанғанда да, сан сапарлардан сəтті оралғанда да, барлық
уақытта да сол əн мені адастырмай бастап жүретін сияқтанады.
Мен сол əнді ұмытқан күні адамшылықтан айрылатындай
сезінемін. Өйткені, сол бір қасиетті əннің құдіреті ғой мені
туған Атамекеніме бастап келген!.. Мені ақындық өмірге
жетелеген де сол əн. Егер менің жырларымда сол əннің тұла
198
бойындағы сансыз қасиеттің бірде біреу ширығып тұрса, менің
кішкентай жүрегімді туған халқымның үлкен де ізгі жүрегімен
жалғастырып жатса, басқа тілегім бap ма?!
Мəскеуден оқу бітірген соң елге оралдым, онда мені
аңсай күтіп отырғандар баршылық еді. Соның бірі – əкемнің
əлі де болса топырағы кеппеген қабірі болатын... Тірлігінде
көре алмай, жүрегімді үлкен өкініш отына орап кел ген мен
саналуан ойлардың толқынына соғылып, толғанып қайттым,
өлеңдер жаздым. Ол кейін «Баянжүрек» деген атпен жарық
көрді. Артынша «Бір уыс топырақ» атты топтамалар жазылды.
Орыстың талантты ақыны Т.Кузовлеваның аударуымен Мос-
квада тұңғыш рет «Горсть земли» атты шағын жинақ шықты.
Оның алғы сөзін халқымыздың көрнекті ақыны, Мемлекеттік
сыйлықтың лауреаты – Жұбан Молдағалиев ағамыз жазған
болатын... Бұл өлеңге кейін орыс композиторы – Каликин əн
шығарып, оны одақтық радиода оркестрмен орындап жүрді.
Кейінірек Қарақалпақ композиторы Дарико жазды, оның басқа
да отызға жуық əні бар. Мен мұның бəрін мақтану үшін айтып
отырғаным жоқ, орайы келгенде орынды аударылып, менің
аяғым жетпейтін Отанымыздың басқа аймақтарында айтылып
жүргенін еске салғым келеді.
Қаншама артық болса да басқа қала,
Жетер ме өз туған жер, тас Қораңа
1
.
Алыс жүрсең құс болып сағынышың
Құшақтай ма жартасын, жастана ма.
Əлде одан өрім өмір бастала ма,
Əлде оған сырлы, ыстық жастама ма?!.
1
Қора – жайлаудың аты
199
Əлде одан көтере ме тұңғыш рет,
Шырылдап жатқаныңда асқақ ана.
Əлде адам сарқып барып бар тірлігін
Бір уыс топырағын жастана ма...
Қазақстанға келген соң менің өміріме үлкен жол ашылды.
Талай-талай өлең кітаптарым жарық көрді, басқа туысқан ұлттар
тіліне аударылып, тіпті біраз шет тілдерінде де жарияланды.
Адамға деген осындай қамқорлық бар жерде ойлайтын ойың
да орамды, аңсаған арманың да биік болуға тиіс.
Туған Республикамыздың көңілге қуаныш үйіріп, жырыңа
арқау болар, тіпті асқақ дауыспен айтатын жетістіктері көп-
ақ! Осы жылдар ішінде қол жеткен ерен еңбекті, сол еңбегі
жанған ерлерді, заманымыздың асыл тұлғалы азаматтарын
қалай жырламасқа. Уақыттың өзі алдыңа көлденең тартқан
көп сыйы бар. Ең бастысы – ақ бесігіңде тəтті ұйқы құшағында
шалықтап жатқан нəрестенің тыныштығы, бейбіт күннің
қуанышы мен мейіріне бөленген ана жүрегінің шексіз бақыты,
қажырлы жандардың ой мен қырды түлетіп кең даланы тербетіп
жатқан орасан еңбегі. Міне, осының бəрі де ақын жүрегіне ой
үйіріп, шабыт шақырады. Қанатыңды кең жайып, құс болып
шарықтағың, көгілдір аспанда ақша бұлтпен араласып жүргің
келеді.
Мен туған еліміздің талай жерлерінде болып, орман-
көлдерін, асқар тауларын араладым. Қайда барсам да алдымнан
құшақ жая қарсы алған тамаша жандарды көрдім, солармен
сырласып, солар жайында жыр шумақтарын төгілттім.
Əсерлі кездесулерден кейінгі терең тебіреністер, бүгінгі
жа-сампаз өміріміздің қарыштап басқан қадамы мені де
200
ілгері құлшындырып, өмірге деген құштарлығың одан сайын
тереңдейді. Отанға, елге деген шексіз алғысыңды жүрекпен
сезініп, жырмен жеткізсем дейсің. Осындай əсерден туған,
ертеректе жазған бір өлең оралады еске:
Шоқ гүлің боп шайқалармын төсінде,
Қалармын мен əнің болып есіңде.
Сені сүйген жүрегімді кірлетсем,
О, туған ел, кешірме!...
Бір кезде мен үшін қол жетпес армандай болған асыл ортаға
келіп, есімдерін жазған шығармалары арқылы жасымыздан
жаттап өскен əдебиетші қауыммен араластым.Осының бəрі
кейде таңғажайып түске ұқсайды. Аты ел аузында аңызға
айналған ержүрек ағаларымызды көргенде, оларға іштей ізет
білдірдік. Иə, олардың Отан алдындағы өшпес ерліктері,
болашақ ұрпақ үшін от кешкен өмірлерін кім бағаламайды.
Мейірімді де жылы бауырына баули тартқан елім – туған
анамдай аялады алақанда. Өмірдің сан тарау тосқауылдары да,
тағдырдың тəлкегі де өз жөніне қала берді...
«Көрмеген көлде – естімеген құстың дауысы бар» демекші,
Республикамыздың қайсы түкпіріне бармайын, еңбегі жанған
адамдармен кездестім. Сондай жандардың бірі – Зылиқа
Тамшыбаева. Бұл есімді Отанымызда білмейтін кім бар. Кеше
ғана өмір жолын комсомолдардың сауын фермасынан бастаған
отты қыз, өршіл жан – бұл күнде еліміздің мақтанышына
айналды. Қазақстан миллиардының көшін көріктендіріп келе
жатқан асыл ағамыз Жансұлтан Демеевпен таныстырған да
далақұдіреті. Құйын көшкен құла даланың енді адам айтса
нанғысыз көркін көргенде қалай сүйсінбейсің!
201
Жадыра сияқты жалынды жаспен жақындатқан да қазағым-
ның қасиетті даласы. Өмірге қайта оралып, қайта құлшынып,
қорланбай, екі аяғы сау құрбыларымен іштей бəсекеге
түсіп, ақыры өз дегеніне жеткен өжет қыздың ерлігіне қалай
таңданбайсың! Ол туған даламен, сол қасиетті даласы аяулы
да, дарқан еліне танытқан өжет қыздың өмірі – өзегінде өлең
болып туласа, өмірі – өзгеге үлгі болса, ақын үшін бұдан асқан
мерей бар ма.
Жүйрікке озып келген маңдай жарып,
Дүйім жұрт қалсын қарап таңдай қағып.
Сен бүгін туган елдің аспанында –
Қаларсың, сүйіп айтар əнге айналып! –
дейтін, Жадыраға арналған біp тұтас дүниенің тамшыдай
жолдары еңбек адамына деген ықылас, ілтипат емей немене.
Жадыра жайында қалам тартқан ақындарымыз баршылық.
Кешегі ат жалында ерке желмен жарысып, еркін өскен қазақ
қыздарының бүгінде темір тұлпарды тегеуріндеп, байтақ
даламызды бабына келтіре жаратып жүргені, жаратып қана
қоймай бəйгеден келіп жатса Кəмшат сияқтанып, оның
тұлпарының қиқуына құлақ салмай отыра алар ма жер
шарының еңбек сүйгіш өрендері!
Шын мəніне келгенде біздің еліміз бақыттың қасиетті
құндағы, бақыт – бесігі! Шабыт – бұлағы. Татулығы жарасқан
қаншама ұлттар мекендейді бұнда, бірақ, бəрінің де мақсат-
тілегі біреу. Алатаудай достыққа құшағын жайған алып күмбез-
дің іші қашанда мəнді, қашанда сəнді.
Алатау шыңдарынан алысқа жолдар жалғасып жатады.
Соңдай сəтті сапардың бірі – бауырлас балгар еліне баруым.
202
Алатау мен Балқан тауының, Алматы мен София қалалары-
ның, сондай-ақ, сұлулық көмкерген бау-бақшалы даласының
ұқсастығы қайран қалдырды. Қонақжай елдің ыстық ықыласы,
қазақстандықтарға деген мол мейірі көсіліп аққан көк Дунайдан
бірде-бір кем болған жоқ. Көңіл аспанында қалықтатып, жерге
емес, қияға қондырды. Ш.Беркімбаеваның Республикамыз
жайлы айтқан əңгімелерін пейілдене тыңдап, жылы жүрекпен
қабылдады. Осының бəрі де сəні мен салтанаты жарасқан
туысқан елдердің адамдарға деген шексіз қамқорлығы емес пе.
Кең байтақ Отанымыздың көптеген республикаларында
болып, Одақ көлемінде өткізілген талай əдебиет пен поэзия
мерекелеріне қатынастым. Соның бəрі де жер көріп, тек қана
қызықтап қайту үшін емес, гүлден нəр алған арадай, ойыңа
арқау, өмірге азық алу.
Барған жерлер қанша көп болғанымен, біріне бірі ұқсамай-
тын бай табиғатымен, тынысты тірлігімен, тартымды тарихы-
мен баурап, қызықтырып отырады.
...Орыстың атақты суретшісі Репиннің «Бурлактарына»
назар аударасың. Орыстың ойға батқан бурлактары сені еріксіз
сонау ғасырға жетелеп кеткендей болады.
Қандай дауа мұншама темір жанға,
Жұлқысып барып ажал –
Жеңілді ол да.
Арқасында Ресей, ал бурлактар,
Тартып келе жатқандай өмірді алға!.. –
деп күбірлейсің...
Енді бірде анау жасыл тайга, ну орманы сыңсыған Пермь, ақ
толқындары күн көзіне шағылыса жалтылдаған Кама, еркелігін
203
асырған ақ өзен Сильва көз алдыңа елестесе, Пермь құшағын
қызу еңбекпен дүрліктіріп жатқан орыс жұмысшыларының
жалынды жүздері елес береді...
Ал, анау Түмен облысының табиғаты мен адамдары тіпті
бөлек. Алты күн бірдей пароходта тербеліп, одан ит тұмсығы
жасыл тундраға тікұшақпен ұшып, марал-бұғылардың мақ-
палдай терісінен тігілген ұлттық киімдері тал бойларына
малына жарасып, иіле бүгіліп тұрған ненец қыздарын көргенде,
жақын ағайындар арасында жүргендей сезінесің. Жасыл
тайганың ортасында жарқыраған Саматлор көлі кімді болса
да таңдандырады. Поэзия мерекесіне келген жер шарының
көптеген ұлт қаламгерлерінің көл астынан атылып жатқан
мұнайды көріп таңғалып, қызыл алау жалыны бүкіл тайганың
аспанын орап жатқан газ.
Енді бірде сыңсып тұрған жасыл орманнан түрікменнің
құмды даласына бірақ көшесің. Қарақұм каналын жағалай
қонған ел. Құм белдер, жел соқса табан астында жүрген
жолыңнан адасасың. Ал, соған қарамай ондағы мəуелеп өсіп
тұрған жемістерді көрсең ғой... Бір кездегі түйемен алысқа
тартқан керуендер əлі де сəнін жойған жоқ. Қала мен даланы
жалғастырып, жандандырып жатқан сияқтанады. Ақ сеңсең
бөріктері – ақ шатырдай көрінген сол елдегі əрбір қария, түрік-
меннің құмды даласына орнаған биік шыңдар болып көрінеді
менің көзіме!
Табиғатының қаталдау, таулы-тасты болуына қарамастан,
сол қара тастардың өзінен өмір өргізіп жатқан Тəжікстан жері
өз алдына. Оның əрбір тасынан өлең сорғалап, жыр тамып
тұрғандай.
204
Сай-сала, самал соқса ырғалып бір,
Шың-құздар шұғылалы нұрланыпты.
Бұл жерде өлең жазу қиын шығар,
Таулардың өзі өлең боп жырланып тұр...
Рудакидей жыр тəңірінің елінде, сөз жоқ, басыңды иіп
тағзым етесің. Алып Памир тауының өзі де ақынға орнатқан
табиғаттың ескерткіші сияқты, мұндай ескерткіштер ол елде
баршылық...
Қысқасы, елменен елді, жерменен жерді, жүрекпенен
жүректерді жалғастырып жатқан саналуан ұлттардың ұғысқан
дос жүректері. Қандай десеңізші, осынау күннің мол шуағының
арқасында жанымыз тыныстап, уақыттың тосқан талай
сыбағасына еншілес болған екенбіз, кейде соған орай, нендей
қайтарар жауабың бар, сен туған ел алдындағы борышыңды
өтедің бе, жоқ па, уақыт талабына сəйкес істеген ісің, жұрт
сүйсінер еңбегің бар ма деген сұрақтар мазалайды мені іштей.
Иə, барған ел де, көрген жер де көп-ақ, оның бəрін тізіп айта
беру де орынсыз болар еді.
Бір ғажабы, қаншама сапарға шыққан сайын, соншама
қалам қайраткерлерімен кездесіп, танысасың. Олардың
ойнақы да, ойлы-сырлы өлеңдерін тыңдап немесе терең
толғанысты пəлсапаларын естіп, кейбіреуінің төгілген сy
жұқпас жорға лирикасына ұйып қаласың. Ал, кешегі жалын
кешкен көк шекпенді жауынгер жырлары ше!.. Осындай бір-
біріне ұқсамайтын мінездер, бірін-бірі қайталамайтын тапқыр
ойлар, терең сезімдер – сайып келгенде бəрі де Туған елді,
оның көрікті келбетін, өмірдің қазанында қайнаған қажырлы
жандарды, олардың берік махаббатын жырлайды.
205
Уақыт өткен сайын біздің оқырман қауымның талғам-
тілегі де арта түсуде. Олар оқып қана қоймайды, ойлы дүниені
таңдайды, таңдап қана қоймайды, терең мəнді сын көзімен
қарайды, ерекше екшеп, талғампаздықпен таңдайды. Олардан
алған хаттарға қарап отырып, бүгінгі оқырман қауымың қатал
сыншы екенін білесің. Сары майдан қыл суырғандай ойлы
өлеңдер мен ойнақы сезімдік əсерлерді саралап отыратынын
қайтерсің. Міне, осының өзі де ақын міндетін ауырлатып,
асар беліңді биіктендіреді. Халық қашанда өз жүрегіне жол
тауып, жанына жақын жыр жазған ақындарды бағалаған жəне
олардың көреген көздері алыстан көрген де. Халықтың үлкен
сезімін, саған деген ықылас-ниетін аңғарған адам ғана үнемі
іздену, өрлеу жолында болса керек.
Ақын тағдырын, əсіресе, əйел ақындардың арындап бастап,
орта жолда тастап кетуінің өзі де байыптап қараған адамға
үлкен мəні бар. Отбасы жағдайының əртүрлі кедергілері,
поэзия жолдарының бұрылыс, соқпақтары, оқыс кездесетін
жəйттер, өмірдегі сəтсіздіктер, осының бəрі де əсер етеді. Бұл
жолға белін бекем буып, мақсатын берік ұстанған адам ғана
ақырына дейін бара алады...
Бұл күндері сан саңлақ, жырдың алуан түрлі жүйріктері бар,
мақсат – қатардан қалмау емес, көңілден, өмірден өшпейтін
өлең жазуда...
Жуықта ғана бip сапардан оралдым. Жақын жер болса да
бұрын барудың сəті түспеген екен, сапарымыз сəтті, жанымдағы
серіктерім де аса оңды кісілер болды, жолаушы үшін бұның өзі
де үлкен олжа ғой. Халқымыздың небip ғұлама, нағыз талантты
ұл мен қыздары бар. Ақын Мұқағалидың шалқыта жырлаған
206
аршалы, шыршалы жасыл алқап, Шалкөдесіне, мыңғырған
Мыңжылқысына барып қайттық. Хантəңірдің жасыл шатқалды
бөктеріне барғанда, менің көз алдыма туып өскен сонау қиыр
Шығыстағы Талқытауы елестеп кетті. Дəл осы тұста басы төмен
қарап сұлап жатқан үлкен қарағайды көрдім. Бұл қарағайдың
өн бойын тұтас мүк басып, жерге қадалған бұтақтарынан өрім-
дей ұсақ қарағайлар өсіп келе жатқанын көрдім. Менің
қасымдағы кісілердің бəрі ұзаңқырап кетті. Ол кісілерді бір
жасыл алаңға апарып, төселген құрақ көрпелердің үстіне
отырғызып, алдыларына жайылған дастарқанда сары қымыз
сапырыла басталды. Ал, мен болсам жаңағы қарағайдың қына
басқан бұтағына отырып, қойын дəптерімді алып өлең жаза
бастадым. Осының алдында ғана атақты ақын Ілияс Жансүгіров
жайында əңгіме болған. Ілекең осы Хантəңірінің бөктеріне
келіп, өзінің атақты «Құлагер» поэмасын жазған екен. Шамасы
бұл жерде екі айдай болса керек. Артынан көп ұзамай Ілиясты
«халық жауы» деп ұстап кетеді. Менің көз алдыма сол бір
өткен өмір елестеді. Қазақтың Ілияс тектес ақпа-төкпе ақыны
көз алдыма келіп, өзім бұтағында отырған тұла бойын қына
мен мүк басып кеткен қарағайды Ілиястың тағдырына ұқсат-
тым. Сөйтіп «Қына басқан қарағай» өлеңі осы жерде дүниеге
келді:
Салмағын салса да оған мынау аспан,
Күлместен,
Күңіренбестен, жыламастан,
Беткейде жатыр сұлап бір қарағай,
Өн бойын жасыл түкті қына басқан.
Қарашы, жатыр тұтас бөлінбестен,
Қарамай тағдырына өлім кешкен.
207
Қадалған оның жерге бұтағынан,
Көрдің бе, өркендері өрімдескен...
Қашаннан жатыр солай қыбыр етпей,
Қиылып қыршынынан күні жетпей.
Қиды екен қандай дауыл құлатуға,
Осынау мықтылықты құдіреттей!
Тағдыр да қайтара алмас бетін өктем,
Беу, ғажап қарағайлар,
Жетік өскен!
Бəрінің ортасында бұл алыпты
Қалайша, шіркін өмір жетім еткен.
Соңынан қаулаған соң тілегі өріп,
Кетпепті қарағайдың жүрегі өліп.
Таянып бұтақтарын сол қарағай,
Сияқты келе жатқан түрегеліп.
Мінекей, сапарларға шыққанда өлең жазатын əдетіммен
«Қына басқан қарағай» топтамасы жазылып еді.
Дала қостарында, қарағайы қалың тау қапталдарында
отырған малшы ауылдарында болдық. Қайда барсақ та көңіліміз
көтеріліп, жұртпен əңгімеміз жарасты. Əсіресе, халқымыздың
аса дарынды ғұламасы, филология ғылымының докторы,
академик Рахманқұл Бердібаев ағамыздың тарихымыздан
терең қозғай сөйлеген сөздері, мағыналы-мазмұнды əңгімелері
халыққа сонша терең əсер етті. Сөз арасында қоңырлата
шертетін шертпе күйге де кезек беріліп отырды. Сонымен бірге
208
ақын Нүкеш Бəдіғұлов өзінің туған жерге арналған «Боздатып
сағыныштың боз ботасын...» атты атақты өлеңдерін халыққа
оқып жүрді.
Елдің ықыласы жақсы екен, мол өнім, береке-бірлік қашан
да көңілді тасытады ғой. Халқын іске жұмылдырып, берекелі
еңбек жемісіне қол жеткіздіртіп отырған ауданның бірінші хат-
шысы – Рауан өзінің іскерлігін, ұйымдастырғыш қабілетінің
ерекшелігін аңғартқандай.
Жері ерекше, шұрайлы, шүйгін, еміп тұр. Əсіресе, адам
мен мал аяғы баспайтын жерлер де көп. Осынау табиғаты
тұнған қалың қарағайлы алқаптың қайсы жеріне, қайсы шаруа-
шылығына барсақ та тартылған темір торлар қоршаған, одан
əрмен өтуге хақың жоқ, бұның аты шекара. Сол шекараның
тыныштығын, амандығын сəт сайын сақтап бағып отырған
жандар. Самал да шөп басын шайқаудан, ағып жатқан өзен де
арындап қатты тасқындаудан, ондағы жайылып жүрген аңдар
да, құс екеш құстар да қатты дауыстап сайраудан сескенетін
сияқты, айнала тыныштық мүлгіген тіршілік.
Біздің ең соңғы тоқтаған ауылымыз нағыз сол жасыл тауды
қақ бөліп тұратын темір сызықтардың дəл жанына орналасқан,
үй іргесінен арындай аққан өзені бар, Күркілдекке жайғасқан
Қыдырақынның үйі еді. Бұл «Қызыл шекара» совхозының
жекелеу қондырған отауы. Алыстан келген жолаушылар осы
үйге ат басын тірейді екен. Жиырма жылдан бері табан аудармай
осы шекараның түбінде, иен тауда қаннен қаперсіз, ешнəрседен
үрейленіп үрікпей отырған қалпын байқадық. Біріне бірі
ұқсаған өңшей қарадомалақ балалар қонақ екен деп жатсын-
бай, еркелей бауырыңа тығылады. Осы бір көріністің өзі де біз-
дің қазақ халқының ерлігін, бауырмалдығын танытады. Мен
209
бұл жолы да біраз өлеңдер жаздым, соның бірі Кыдырақынға,
оның жұбайы, жанары жалтылдаған, жүзінен нұры тамған,
аққұба өңінде титтей де кейістіктің ізі жоқ, мейлінше мінезі
жайдары жас келіншек – Бибинаға арналған өлең. Бұндай
жандарға өлең тұрғай үлкен дастан арнасаң да көптік етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |