АУЫЛЫҢ АЛЫС
ҚАЛҒАНЫ-АЙ!
Қос жанарың ақылдың ұясындай,
Жан емес ең, басқаға қиятындай.
Қол созсам да биігің жеткізбейтін,
Көрінуші ең,
Көзіме қия-шыңдай!
Қайырмасы:
Беу, арман-ай,
Ауылың алыс қалғаны-ай,
Жалған-ай, арман-ай,
Арман-ай!
Тілеуші едің, дариға-ай, маған бақыт,
Көңілімді қойдың-ау алаңдатып...
Тұнығындай Сайрамның жанарыңның,
Тереңіне тұңғиық барам батып.
Қайырмасы.
Бір өзіңе арналды күй, арманым,
Көрсем-ау деп, өзіңді қиялдадым.
Таулар жатыр арада бөгет болып,
Сағыныштың жаңбырын тия алмадым.
Қайырмасы.
114
115
АҚ БЕСІГІМ
Қандай жақсы жүргенің дала құшып,
Құс серпіліп көңілден барады ұшып.
Туған жердің, бетіңді жуған жердің,
Шіркін, адам тұнығын қана ма ішіп.
Қайырмасы:
Өркештеніп,
Өріліп жатса жоны,
Өркешіне өрмелеп таспа жолы.
Салдыртып сəйгүлікпен шығар болсаң,
Өз алдына оның да басқа жөні.
Ерке бұлақ естіртіп қаншама үнді,
Алып кетер аударып аңсарыңды.
Ақ бесігім, аяулы туған жерім,
Жұтсам шөлім қанар ма кəусарыңды.
Қайырмасы.
Сары белден көшіріп сан сағымды,
Самалыңнан сұранам əн салуды.
Сағынышпен өзіңе келіп тұрмын,
Қанша күнді сабылтып, қанша жылды...
Қайырмасы.
2 рет
116
117
АҚ ЖЕҢЕШЕМ
О, дариға, жарын күткен жас келін,
Ол кезде сен гүлдей нəзік, жас та едің.
Түнгі аспанда жұлдыз күліп, ай туса,
Көзалдыма келер сенің қас-көзің.
Қайырмасы:
О, дариға, жарын күткен, жеңешем,
Жыр толғасам, артық айттың деме сен.
Жүректегі сезіміңді лаулаған,
Айып етпе, нұрлы күнмен теңесем.
О, дариға, аңсаттырған күндер-ай,
Ақ жүзіңді алау еткен түндер-ай,
Ата-енеңнен сағынышты жасырып,
Ақтарылып айттың екен кімге жай.
Қайырмасы.
Жаным толқып бар ойымды айта алман,
Орның сенің бөлек-ақ қой жайсаң жан.
Ақ тілеуің болар ма екен көкемді,
Қан-майданнан аман-есен қайтарған.
Қайырмасы.
118
119
БІР УЫС ТОПЫРАҚ
(Романс)
Қаншама артық болса да басқа қала,
Жетер ме өз туған жер тас қораңа.
Алыс жүрсең құс болып сағынышың,
Құшақтай ма жартасын, жастана ма,
Əлде одан өрім өмір бастала ма,
Əлде оған сырлы, ыстық жас тама ма.
Əлде одан көтере ме алғаш рет,
Шырылдан жатқаныңда асқақ ана.
Əлде адам сарқып барып бар тірлігін,
Бір уыс топырағын жастана ма.
Құшағы бұл даланың қаншама алып,
Қиырына құс қанаты талса да анық.
Бір уыс топырағы үшін туған жердің,
Жатады қантөгіс қып қанша халық.
Өзіңнен арман аулап, бақыт тауып,
Өмір озар желдіртіп, бірді шауып.
Аяңнан алыстасам, о туған жер,
Ораламын өзіңе аңсар ауып.
120
121
ЖАЗҒЫ АСПАН
Жадырайды, жаудырайды жазғы аспан,
Ақша бұлттар баурайында қаз басқан.
Алдым заңғар жолы жатыр бұралаң,
Таймау үшін келем көзді жазбастан.
Төгеді кеп мол арайын шаңқай түс,
Ұмтылдырған мені ілгері бардай күш.
Жүгіремін өкпем өшіп ілгері,
Үзбе тағдыр, жолым қашық жалғай түс.
Албырайды ашық аспан ақшамда,
Сұлу дүние ұқсайды сыр ашқанға,
Шүйке бұлттар саусағындай шебердің –
Өрнек салып бара жатыр аспанға.
122
123
Қарлығаш келіп қайтадан,
Күбірге толып сай-салам,
Жібектей желі желпініп,
Жапырақтарын шайқаған.
Тəкаппар болып тұратын,
Шуақтап жатыр қия-шың.
Сайраған сəнді қарлығаш,
Салып жүр үйге ұясын.
Қайырмасы:
Қиялап асу, көк көлден,
Қиындық жолдан көп көрген.
Құштары артып жеріне,
Қарлығаш келді көктеммен.
Жеттің бе ерте оралып,
Тосылмай тағдыр өткелден?!.
Тауысып төзім, тағатын,
Сағыныш билеп санасын,
Қарлығаш қайтты ауылға –
Қанатын таңнан қағатын.
Аңсаған бізді былтырдан,
Қарлығаш келді құлпырған.
Құбылтып сонша сайраса,
Қызыға қарар сыршыл жан.
Қайырмасы:
Дегендей үнін тыңдасын,
Ұшып жүр маған тым жақын.
Перзенті балғын көктемнің,
Қанатың нəзік сынбасын.
Əніңнен сонша əсерлі –
Сезімтал жүрек туласын!
ҚАРЛЫҒАШ ҚАЙТТЫ
АУЫЛҒА
124
125
МАРФУҒА
Сен қарайсың мен бе деп,
Жаралғанды айтуға.
Мен қараймын сен бе деп,
Желбіреген бар тауға.
Қайырмасы:
Ей, сырлы саз, сырлы саз,
Мөлдіреген Марфуға!
Сендей қызға сыйлық аз, –
Өмір керек тартуға!
Жақұт па едің япырмау,
Жанарымды жасқаған.
Бір бұлқынып Атырау,
Жағаға əкеп тастаған...
Қайырмасы.
Боялды аспан сан түске,
Кеш қойынын мекендеп.
Мен шошындым тал түсте
Сөніп кеттім бе екен деп...
Қайырмасы.
126
127
МҰХТАР АҒА
Жасқаған айшықтары жаттың көзін,
Шағылып күн нұрына ақ күмбезің!
Жер шарын дөңгелеттің алдында бір,
Дабылды дүниеге қақтың да өзін!
Намыс қой, арнамаса ақын өлең,
Тауы да бұл даланың, тасы да өлең!
Жүз жылда дүбірлетіп дүниені,
Əлемге кетті даңқың, асып ерен!
Қайырмасы:
Ойынан шуақ шашқан жұртқа дана,
Шыңына Ұлылықтың шыққан Аға!
Халқыңды аспандаттың сыртқа жаңа,
Қазақтың мақтанышы –
Мұхтар аға!
Қазақтың қалмасын деп халқы жүдеп,
Қасіретті болмасын деп жарты жүрек.
Күн бойын көтереді шұғылалы,
Шыңына Шыңғыс таудың артып иек.
Тілекті тілемейік қысқа қылып,
Тартқан кез болды ұшқын құста күйік!..
Бесігі Ұлылардың, байтақ дала,
Түсірмей өр еңсеңді ұста биік!..
Қайырмасы.
128
129
АРУ АЛМАТЫМ
Бақшада бұлбұл сайрайды,
Ырғалып гүлдер жайнайды.
Сыңғырлап аққан бұлақтар,
Ақмаржан шашып ойнайды.
Желпініп желмен тал-қайың,
Сүйейді тауға маңдайын.
Сайраған құстар даусына,
Қағады дүние таңдайын.
Құлпырған жасыл саябақ,
Серуендеп келем аралап.
Тербейді ару Алматым,
Сəбидей бəрін аялап.
Кірпігін малып шықтарға,
Шашырап шуақ шыққанда.
Аяулы ару Алматым,
Жанымды сендей ұққан ба?
Бойыңды теңеп асқарға,
Ұмтылып тұрсың аспанға.
Аяулы ару Алматым,
Сұлулық сенен асқан ба?
Ұсынған жұртқа алмасын,
Жүзіңді мұнар шалмасын.
Əлемді атың шарласын,
Алматым, ару Алматым.
130
131
ЖЕР – АСПАН...
Жер – Аспан, жан сырымен жарасқан,
Жарық нұр, жанардан таң атқан.
Нұр əлем, қыран дала,
Самғатасың сан қырларға,
Боялды жан нұрға.
Қайырмасы:
Жер – Аспан,
Жетпес маған жарығың жанап ұшқан,
Əуелеген аққудай арман дүние-ай.
Сен ғана сенерім де,
Сезімнің кемерінде,
Кеудемдегі шырағым,
Сөндірмесін тағдырым.
Жанымның мөлдіреген күміс көлі,
Көңіл құс өтеді сүйіп сені.
О, заман, тасқындаған,
Арманымның дауылымен
Жылдарым асқындаған.
Қайырмасы:
Жер – Аспан,
Жетпес маған жарығың жанап ұшқан,
Əуелеген аққудай арман дүние-ай.
Сен ғана сенерім де,
Сезімнің кемерінде,
Кеудемдегі шырағым,
Сөндірмесін Тəңірім.
132
133
ТЕРБЕЙІН ТƏУЕЛСІЗ КҮН
ТАЛБЕСІГІН
Жаныңды келсең-дағы жаралап мың,
Қазағым, қашанда сен дара жаттың.
Лүпілін жүрегіңнің шын ұғынған,
Аялап алақанға алады ақ күн!
Əлдиле тыныштықты, шың-құздарым,
Жарқырап жансын, аспан, жұлдыздарың!
Сусындат мейіріңе, мерейлі күн,
Қазақтың асау қанды ұл-қыздарын!
Тербетіп дала сырын, сан ғасырым,
Толқыған ұлы өзендер, жалғасымын.
Толғанған күні-түні елі үшін,
Тілегі қабыл болсын, Елбасының!..
Беріспей, батыр Бабам, армандаған,
Арман күн, ел-жұртына жалғанды аман.
Қаншама құрбандықпен жеткен күнді,
Əлдиле, байтақ елім, орман – далам!
134
135
ЖАПЫРАҒЫН ШУАҚҚА
ЖАЯДЫ ҮМІТ
Жаныма бір өзіңді сая қылып,
Жапырағын шуаққа жаяды үміт.
Өтіп жатқан əр күнім
Жанарымнан –
Көңілдің құбылысын қалады ұғып.
Жаныма бір өзіңді сая қылып,
Жапырағын шуаққа жаяды үміт.
Қиял – қыран
Қиырға қанат қақса,
Арман құсым қиядан барады ұшып.
Жаныма бір өзіңді сая қылып,
Жапырағын шуаққа жаяды үміт.
Көктемдегі сеңдейін – ой ыдырап,
Жүректің арнасына барады ұрып.
136
137
БАРАДЫ САЙРАМ КӨЛДЕН
САҒЫМ КӨШІП
Барады Сайрам көлден сағым көшіп,
Сайрам көл!
Тербетілген нағыз бесік!
Өзіңді жырлай-жырлай,
Туған мекен,
Келемін сағыныштың сазын кешіп...
Қайырмасы:
Уау, Сайрам көл – Сайрам көл,
Барады Сайрам көлден сағым көшіп...
Жатырсың тулап-тасып кемеріңнен,
Өңім деп,
Түс болса да сенейін мен.
Аша гөр құшағыңды,
Сұлу Сайрам,
Жарайын тыныс тауып тереңінен!..
Қайырмасы.
Көп жылдар өтті сені көрмегелі,
Тұнып тұр,
Ойлағаннан шерге көңіл...
Құшайын,
Аймалайын,
Ару мекен,
Еркеле, толқыныңмен тербе мені!
Қайырмасы.
138
139
СЫРЛЫ САЗ
Шертсейші-ай, сағындым ғой домбыраңды,
Кеудеме жыршы құсты қондыр əлгі.
Сезімді сырлы сазы баурайтұғын,
Мен əлі ұмытқам жоқ сол бір əнді.
Қайырмасы:
Cырнайдың əсем сазындай,
Қайтермін сол бір назыңды-ай.
Тебіренісі сезімнің,
Қалған емес жазылмай.
Басылған шоқтай ыстық алғаш маған,
Бар еді-ау бір балғын гүл шаң баспаған,
Көңілге көрген түстей елес беріп,
Шіркін-ай, сол əн неге жалғаспаған.
Қайырмасы.
140
141
ҚҰС СЕРПІЛІП БАРАДЫ
Қандай жақсы жүргенің дала құшып,
Құс серпіліп көңілден барады ұшып.
Туған жердің,
Бетіңді жуған жердің,
Тұнығын, шіркін, адам қана ма ішіп.
Өркештеніп,
Өріліп жатса жоны,
Өркешіне өрмелеп таспа жолы.
Салдыртып сəйгүлікпен шығар болсаң,
Өз алдына оның да басқа жөні.
Ерке бұлақ естіртіп қаншама үнді,
Алып кетер аударып
Аңсарыңды.
Аяулы ақ бесігім, туған жерім,
Жұтсам шөлім қанар ма кəусарыңды.
Сары белден көшіріп
Сан сағымды,
Самалыңнан сұранам əн салуды.
Сағынышпен өзіңе келіп тұрмын,
Сабылтып қанша күнді, қанша жылды...
Жұпарыңнан жұтамын құмарлана,
Ерекше сезімге орап тұрар дала.
Көз алдымда бəрі де өзгеріпті,
Өзгертпеген тұрағын қыран ғана...
142
143
ДАЛА ҚҰСЫ
Қаршығадай қағылез өлең ілген,
Қанат қағып саяңда келемін мен.
Тарландарын тарихтың алға тартып,
Өлеңімен ақынмын өре білген!
Қайырмасы:
Бұлт шалмас асқарымды,
Нұр құшқан аспанымды.
Баулыған достарымды,
Ел болам асқақ үнді!
Ел де, жер де тəуелсіз қысылмаймын,
Еркін ұшқан даланың құсындаймын!
Тағдырым –
Табыстырды Атажұртқа,
Өлең жырды мен қалай ұсынбаймын.
Қайырмасы.
Көңілі шалқар қазақтың, даласы кең,
Мəрттігімен аузыма қаратып ем.
Елдігімнің бейне сол белгісіндей,
Ту көтеріп қыран тұр қанатымен!
Қайырмасы.
144
145
МАХАМБЕТ СЕМСЕРІ МЕ...
(Иманғали бауырыма)
Ықпайтын, орнын беріп еңселіге,
Балаймын бір мықтыға мен сені де.
Ел десе, кесіп түсер өткірлігің –
Деп қалам,
Ер Махамбет семсері ме?!.
Қайырмасы:
Сөйлетіп тылсым жатқан ғасырымды,
Тірілттің Махамбеттей батыр ұлды!
Жас десе жас,
Көп көрген қариядай,
Өзіңнен талай тағлым жатыр үлгі!
Өнердің жетелейсің көшін өрге,
Сен қайда жүрсең-дағы –
Есің елде...
Келесің, Бейбарысты жалғастырып,
Сезбесем, онда өзімді кешірем бе?!
Қайырмасы.
146
147
КӨТЕРІП КӨЛЕҢКЕМДІ...
Жүрсе де жанарымды шоқтап қайғы,
Самал жел желпуін бір тоқтатпайды.
Тағы да маза қашып толқиды жан,
Талқыда өткен күнді жоқтап жайлы.
Ояндым көрген талай түсімді айтып,
Ел үшін елжіремес ішің қайтып.
Тағы да Талқы жаққа қарап тұрмын,
Тағдыр-ай, оралмады-ау құсым қайтып.
Қиялға батып əзер көзімді ілем,
Талқының көк шыңдарын кезіп жүрем.
Көтеріп көлеңкемді кетіп барам,
Қалдырып туған жерге өзімді мен.
148
149
КҮНДЕР ӨТІП БАРАДЫ...
Күндер өтіп барады, күндер өтіп,
Қалың ойлар, қаптайды түнделетіп.
Өткел бар ма өмірде, бар ма белгі,
Көзді жұмып адаспай жүрген өтіп?!.
Қайырмасы:
Өткел бар ма өмірде, бар ма белгі,
Көзді жұмып адаспай жүрген өтіп.
Күндер өтіп, күндер өтіп,
Барады, күндер өтіп...
Мен бір жанмын өмірді сүйген ерек,
Көтеремін көңілді күйге бөлеп.
Жүрек отын жағамын жалындатып,
Жалыны жоқ тірлігің кімге керек!
Қайырмасы:
Қалдырған ойларынан аңғарасың,
Бұл өмірден жатқанын кімдер өтіп.
Күндер өтіп, күндер өтіп,
Барады күндер өтіп...
Күндер өтіп барады, күндер өтіп,
Қалың ойлар қаптайды түнделетіп.
Өткел бар ма өмірде, бар ма белгі,
Көзді жұмып адаспай жүрген өтіп?!.
Қайырмасы.
150
151
ОТЫРМЫН СЕНЕН БЕЙХАБАР
Өтеді-ау көктем
Жанымды өпкен,
Өтеді-ау, жастық күндерім!..
Еседі самал,
Мұңайып жанар,
Қараймын кеткен жағыңа.
Қайырмасы:
Алыстап əнің,
Аңсады-ау, жаным,
Не күйде жүрсің бұл күнде?!.
Оңаша налып,
Отыңа жанып,
Отырмын сенен бейхабар...
Қырандай шолып,
Қиялға шомып,
Кеземін жалғыз түн ішін.
Жарқыра жұлдыз,
Қалғиды шың-құз,
Батамын ойға тұңғиық...
Қайырмасы.
Қайран сол көктем,
Көз жасын төккен,
Еске алып сені егілдім!..
Сағыныш кешіп,
Үмітім өшіп,
Талды ма арман қанатым?!.
Қайырмасы.
152
153
ТОБЫЛҒЫ БҮРЛЕГЕНДЕ
Сен келіп ең тобылғы бүрлегенде,
Өрнек болып қалыпты бұл да өлеңге.
Туған жердің көзіндей, қайран құрбым,
Енді қайтып өзіңді бір көрем бе?!.
Қайырмасы:
Сен жетіп ең құстардың қиқуымен,
Сонда мен де сергігем сиқыр үннен.
Сол сəттерді ойласам сағым сынды,
Менен аулақ қашады ұйқы мүлдем.
Cен келіп ең аспанның ашығында,
Арманым да, қимасым, асылым да.
Бала кездің бал дəмін бір тартып ек,
Көңіл қайта көруге асығуда.
Қайырмасы.
Көп қараймын тербелген құрақтарға,
Құрақтайын жаным бір шуақтар ма.
Асыр салған кеудемде асау күндер,
Кетіп бара жатырсың шулап қайда.
Қайырмасы.
154
155
ҚАЙРАН ҚҰЛЖА
Мен Құлжаға барамын, жерге туған,
Оны ойласам,
Жанымды тербетуде əн!
Туған елім біледі шалғай жатып,
Аласа ма,
Талқыдай, өр ме тұлғам?!.
Қайырмасы:
Құлжадай қала бар ма, самал ескен,
Арманым сен дегенде,
Жанады өшкен!..
Атыңнан айналайын,
Қайран Құлжа!
Ешқашан шығармайды, балаң естен!..
Мен Құлжаға барамын, жерге туған,
Қызықтаймын гүлдерін өрде тұрған.
Самалына –
Сайрамның аймалатып,
Сергітемін кеудемді шерге тұнған...
Қайырмасы.
Жолаушы емен, кездейсоқ, тосын жүрген,
Ел-жұртыммен қауышам,
Тосып жүрген!..
Алматыда жүрсем де,
Туған жерге жүрегімді жібергем,
Қосып жырмен!..
Қайырмасы.
156
157
ЖАЙЫҚ ЖАҒАЛАУЛАРЫ
Жайқалып жатыр, Жайықтың жасыл жағалаулары,
Жалтылдап ұшқан, бұлттарды құшқан шағала-ау бəрі.
Атпашы мерген, жалынам саған, жазықсыз құстың
Жер-анаға тамады-ау қаны.
Жайқалып жатыр, Жайықтың орманы атыраулары,
Жүзіп бір өткен жігіттер анау – батыл-ау жаны.
Жалданып аққан, жалтылдап жатқан толқындар қандай,
Сол ма еді əлде ақын арманы.
Сыбырлап жатыр Жайықтың күміс толқындары,
Жағаңа келдім, жанымды сырға толтырғалы.
Жалбырай қалып жапырақ-шашы, ару қайыңның,
Су кешті аппақ балтырлары.
Жайқалып жатыр, Жайықтың жасыл жағалаулары,
Жалтылдап ұшқан, бұлттарды құшқан шағала-ау бəрі.
Атпашы мерген, жалынам саған, жазықсыз құстың
Жер-анаға тамады-ау қаны...
158
159
ҚАЙДА СОЛ БІР
МƏҢГІ ЖАС...
Қайда сол бір сен теретін,
Мен шашатын қызғалдақ,
Қайда сол бір дала əуені,
Айтылатын бізге арнап.
Қайда сол бір жарқын кездер
Ақ сағымдай жалт еткен,
Қайран күндер көзден таса
Е, дегенше бізді алдап.
Қайырмасы:
Қайда сол бір көктемдегі
Ұя салған қарлығаш,
Қайда сол бір тынымсыз түн,
Қыз-жігіттер «қаңғыбас».
Қайда сол бір биік шынар
Жапырағы өрілген,
Пəк махаббат белгісіндей
Тұрса дейтін мəңгі жас.
Қайда сол бір ғашық жандар,
Елеңдеткен қызық үн,
Тентек қайны жеңгесінің
Барымта еткен жүзігін.
Қайда сол бір сүйкімді жан,
Төгілетін əн болып,
Енді отырмын жалғай алмай,
Сол бір əннің үзігін...
Қайырмасы.
160
161
ӨТЕР ЖАСТЫҚ,
КЕЛМЕС ҚАЙТА ОРАЛЫП
Бір кеудеде үміт-күдік, өр талап,
Келем тынбай соны ұдайы арқалап.
Өмір жолы біркелкі емес, біл соны
Кейде түзу, кейде терең жарқабақ.
Күй боп тасып, тулап жатқан кеудеде
Бір ағын күш бар еді ғой менде де.
Махаббатпен уланса егер бұл жаның
Дауасы жоқ, əуреленбе, емдеме.
Өтер жастық, келмес қайта оралып
Өтер күлкі, өтер қайғы ол анық.
Өтер бəрі, шын махаббат мызғымас
Қалғаныңша жер көрпеге оранып.
162
163
Күбірлеп іштей күрсіндім,
Өтіпті қанша жырсыз күн.
Жосалап, тіліп барады,
Жүрегімді тілсіз мұң.
Сырт көздер қайдан аңдасын,
Түседі салмақ жанға тым.
Күндерім зулап барады,
Жүзіме салып таңбасын.
Қайырмасы:
Іздері жатыр маңдайда,
Дəмдері татып таңдайға.
Не күйде жүрген жəйіңді
Сұрайтын бүгін,
Сұрайтын бүгін жан қайда?!
Беттерін бұрап шалғайға,
Қиырға құстар самғай ма?
Ауырлық артқан күндердің,
Іздері жатыр маңдайда.
Қайырмасы.
КҮРСІНДІМ
164
165
АЙНАЛАЙЫН
Айналайын,
Баураған бауырыңнан,
Баурайыңда айыққан ауру жан.
Туған ауыл тынысын,
Тіршілігін,
Тыңдадым күнде соққан дауылыңнан!
Қайырмасы:
Айналайын,
Мейірімді жүрегіңнен,
Мейіріңнен нəр алып жүремін мен.
Жүрегіңнің лүпілін үзбей тыңдау –
Адам үшін бақыт қой, біле білген.
Анаға тəн аңғарғыш бала сырын,
Сол сырға қанық жаның, қарашығың.
Шын мейірің жүретін аңсаттырып,
Сол аңсау ғой, өзгермей қалатұғын.
Қайырмасы.
Жалғыз сөзің жанымды тынықтырар,
Бір өзіңдей жан күйін кім ұқтырар.
Күнің дағы ерекше,
Күліп шығар,
Көлдерің де
Көлдерден тұнық шығар?!.
Қайырмасы.
166
167
АЛАРСЫҢ ЕСКЕ
Алыстап ұшқан, аумайсың құстан, арманым,
Алды ма тосып, тілегін қосып алда күн.
Күнді де шыққан, өзің деп ұққам, алаулап,
Үнің ғой сенің, құлақта тұнып қалған үн.
Қайырмасы:
Сайрамның салқын, саялы кеші, самалды,
Сарғайтты сонша, сағыныш билеп санамды.
Аларсың еске,
Аларсың еске, сағынып салған сол əнді.
Жапанда мынау, қалғандай жалғыз жайым бар,
Құласаң құзар, нағылған терең, уайым – жар.
Қайда сол күндер, күрсінбей күліп жүретін,
Айтыңдар ару,
Айтыңдар, сыршыл қайыңдар!
Қайырмасы.
Ай туды жаңа, сызылып сонша шалқалай,
Айымдай асқақ, қол жетпей кеткен, қалқам-ай!..
Аңсаумен сені, сағыныш көлі толқындап,
Жанарым талды, аңсаудың дерті тарқамай.
Қайырмасы.
168
169
Достарыңызбен бөлісу: |