АСУЛАРДАН АСҚАНДА
Күздiң күңгiрт күндерi басталып бiр,
Таулар жатты, ақ бұлттан жастанып сыр.
Жастық кезiн қимаған арулардай,
Жапырақ кiрпiгiнен жас тамып тұр...
Дiрiл қағып жапырақ сырғалары,
Ақ қайыңдар дамылсыз ырғалады.
Ақын жанын толқытып ой салғандай,
Қандай сырлы,
Алматым, жыр жанары?!.
Көлегейлеп көздерден қырқаларын,
Көкшiл мұнар шыңдарым қымтанады.
Өткен күзде сəбилер қаз-қаз басып,
Төсек тартқан қария,
Күн санады...
Сезiнемiн тұрғандай дала жырлап,
Даламенен көңiлiм табады ырғақ.
Көшiп кеткен күндердiң керуенi,
Жастығымды бiлдiртпей барады ұрлап...
Асулар да бiр-бiрлеп биiктендi,
Арқалаған көңiл-ай күйiк-шердi...
Елу жасты елемей өтiп едiм,
Алпыс дейтiн бал-шарап құйып бердi.
Татсам ба екен дəмiнен,
Татпайын ба,
Қолын оның қалайда қақпайын да.
Маған ұнап тұрған жоқ, амал қанша,
Оған мен де жағам ба,
Жақпаймын ба,
Тəуекел, босағасын аттайын да!..
Құрық салып асуға, ноқталадың,
Өткен күнге қия алмай, көп қарадым.
Елуiмде жетпеген жақсылықты,
Алпыс алып келер деп,
Тоқталамын...
Келсе келер, ол сыйын алып маған,
(Бəрiне де көнген ғой, ғарып балаң...).
еркелiгiм кешегi –
қайда бүгiн,
еркiн ұшқан құс едiм, қалықтаған.
Қандай күйге салады, Алпыс менi,
Бiреулерге бұл алпыс –
Талтүс пе едi?
Толқындарда ойнаған сағым едiм,
Иiрiмдер барады тартып менi...
71
* * *
Кеткендей бiр керемет тасқын жүрiп,
Қойдың-ау, арманымды асқындырып.
Көңiлдi шуағыңа жаяйын мен,
Ызғары, қытымыр қыс,
Жатсын жiбiп...
Көктемнiң буырқаған селiндей бiр,
Көңiлден келедi əлi,
Төгiлмей жыр...
Кешегi ұшып кеткен қарлығаштар,
Көзiме бүгiн неге,
Көрiнбей жүр?!.
Қайдасың, адал құсым, қарлығашым,
Тағдырың, менi ойларға қалдыратын.
Есiме қайта-қайта алдырасың,
Жүректi шоқтай қарып жандырасың,
Қайдасың, адал құсым,
Қарлығашым!..
Арманымыз ақ таңмен таласа атқан,
Сенiмен қатар өстiк бала шақтан.
Жаңғырып жатқандайын сезiнушi ем,
Үнiңнен, перiштем-ау,
Дала-шатқал!..
72
Безiнiп қастандықтан, дүлей, тылсым,
Қыстаудың шатырына түнейтiнсiң!..
Қыстау да,
Туған жер де, қиыр қалып,
Болар деп кiм ойлапты,
Жүдейтiн күн?!.
Ұяңды жүрген кезде үйге салып,
Табатын жаным тыншу, күйге қанып.
Сол күндер көктем сайын оралардай,
Жанарым жүрген жай бар,
Күнде талып...
Оралар, ойға бəрi тарыққанда,
Қиялдың шегi жоқ қой,
Шарықтауда...
Ағаш үй қыстаудағы,
Қарлығаш жоқ,
Орынын сипап қайттым,
Барып сонда...
Кеткендей керемет бiр тасқын жүрiп,
Қойдың-ау!
Арманымды асқындырып.
Көңiлдi шуағыңа жайдым, мiне,
Ызғары, қытымыр қыс,
Жатсын жiбiп!..
73
ОЙЛАДЫМ
Тағармын ба, жансерiк, өлеңге айып,
Тамырын қарағайдай,
Терең жайып –
Халқымның өнер дейтiн қазынасын,
Игерген сайын iштей,
Келем байып!..
Аяздай қабырғама жатқан батып,
Өтiптi отыз жылдан астам уақыт...
Жүрсем де қаражаяу, қара жерде,
Атымды келедi өлең,
Аспандатып.
Көргендей биiк таулар самырсынын,
Есiме сан оралар,
Тəңiр шыңым.
Еркiне бағынбасқа бар ма шара,
Осынау уақыт дейтiн əмiршiнiң.
Кiм бiлген туған жердiң мұндай мəнiн,
өзiңдi түнде ойладым,
Күнде ойладым.
Сарғайған сағыныштың азабы ма,
Тұстасымнан ертерек ұлғайғаным?!
Өзiңдi күнде ойладым, түнде ойладым,
Ойлаған сайын толқыр,
74
Тынбай жаным.
Қосайын толқынымды толқыныңа,
Кеудеңнен шыққан мен де жыр қайнарың!
* * *
Бұл үндi айта алмаймын ақтық үн деп,
Жырларың жүрек отын
Жатсын үрлеп.
Əйтпесе, кетермiн мен сөнiп бiр күн,
Заманда сергелдеңдi қақтығу көп...
Мұңым аз,
Дей алмаймын шаттығым көп,
Жүземiн жыр айдында,
Аққуың боп.
Үзiлiп сағыныштан кетер ме екем,
Жүрек отын самалың,
Жатсын үрлеп!..
Кетпейдi көздi жұмсам ұшқын-елес,
Сендей құдiрет,
Ешнəрсе күштi де емес.
Осынау аз ғұмырда түсiнгенiм,
Туған ел,
Мен өзiңсiз ешкiм емес!..
Бiлгенге мұңымды айтып, ақтарылам,
Жетер ме қанша айтсам да
Жатқа бұл əн?!
Ұшырып арманымды асқарынан,
Жүректiң жыр ағыттым шатқалынан!
Өкiнбен тағдырыма,
Өкпелемен,
Көңiлiм көл секiлдi,
Көпке деген!
Анашым туған елiн аңсап жүрiп,
Қайғының құндағына –
Көп бөленген...
Содан ба, мұңлы сазды төкпелегем,
Бəрiбiр,
Тағдырға мен өкпелемен!..
76
АТАМЕКЕН
Бөктертiп қанжығаға қаншама арман,
Құйылған тасқындайын сан сонардан –
Жалғанда одан асқан бар ма қасiрет,
Елiңдi, туған жердi аңсағаннан?!
Құралған сан түстерден, сан сəуледен,
Өмiрiң өтiптi, Анам,
Аңсауменен...
Аңсау дейтiн –
Адамның ар-ұяты,
Содан сөнiп кетерсiң,
Жансаң неден...
Төзiмдi едi қазақтың халқы қандай,
Сорынан арылмаған, тайқы маңдай!..
Жайым жоқ,
Көрге арқалап кететұғын,
Кезiнде айтарымды, айтып алмай!..
Бiреуi өзiм бе екем, сормаңдайдың,
Қамықпай өтпейдi екен,
Толғанбай күн..
Бұл қалың қазағымның қасiретi,
«Сормаңдай!» болғаныма,
Қорланбаймын!..
77
Тiрлiктiң мəнi неде, сəнi неде,
Адамның бiрдей емес, əрi неге?!.
Өркенiн өрбiтсiн деп, аз қазағым,
Əлемнiң шашты ма екен,
Бəрiне де?!.
Келетiн шуақ күнiн тосып батыл,
(Ауылы бауырластың қашықта тұр...)
Атыңнан айналайын,
Атамекен!
Бастарын сол қазақтың қосып жатыр!
* * *
Күндер өтiп жатса да
Жаңалап ай,
Жүрiппiн өзiмдi өзiм дараламай.
Жүрiппiн ешкiмге де көпшiк қоймай,
Жүрiппiн ешкiмге де ағаламай!..
Жүрiппiн көлгiрсiмей,
Жағынбай да,
Қарамаппын сор қайда,
Бағым қайда?!.
Өмiрiң өткен сайын дауылдатып,
Бұл адам жылылықты сағынбай ма!..
Қалар ма, дүние-жалған, қаз-қалпында,
Қолым жетпей өтер ме,
78
Созған шыңға.
Табиғат та тозғандай көрiнедi,
Құстар сайрап жатпаса өз даусында.
Кетсе де ұзап, қайрылмас бала шағым,
Бұлтсыз боп көрiнсе де болашағым –
Талайыңнан жүрсем де
Биiк болып,
Туған елдiң алдында аласамын!
Желпiп өткен желiндей қарашаның,
Қалтыратып жанымды –
Жанаса мұң,
Демесем де көз жазып адасамын,
Биiгiме мен де жанталасамын.
Алып берер дейтiндей өшiмдi кiм,
Ешкiмге де жоқ менiң кесiрлiгiм.
Көп нəрсенiң мəнiсiн
Кеш ұғындым,
Кiндiк кескен жерiм-ау,
Кешiр, бүгiн!..
Қызық көрдiң, бiлмеймiн, қанша менен,
Бақ-жұлдызым өзiңнен жанса деп ем.
Шыбын жаным шырқырап,
Саған ұшар,
Басқа жерде –
Бақытсыз,
Қалса денем!..
79
КӨҢIЛ КҮЙI...
Күрсiнбесем,
Келмейдi күлкiм менiң,
Қуанышсыз өтуде бұл күндерiм.
Бар қылығы тұратын қызықтырып,
Дүние-жалған,
Нағылған сүйкiмдi едiң?!.
Лəззəтiңе жан тоймас қызық па едiң,
Жүремiн айдыныңда жүзiп сенiң.
Жаудыраған –
Жастығым сен бе екенсiң,
Бұлағымды əкеткен
Бұрып менiң!..
Қонушы едi ауылым көлге жанай,
Шыдар екен бұл жүрек,
Шөлге қалай?!.
Сəлем жолдап құстардан келемiн ғой,
Ұшып кеткен күз сайын,
Елге қарай!..
Жүрегiмдi сағыныш шымырлатса,
Қарайлаумен өттi өмiр,
Қиыр жаққа...
Қиыр жақтың самалы соқпай қойды,
80
Бұл жалғанда не шара,
Бұйырмасқа.
Кетпесiн деп тектен-тек өршiл еңбек,
Ширыққан қос шектей,
Шертiлем кеп.
Сағынышым барады үдеп менiң,
Жаза алмассың,
Жанымның дертiн емдеп...
Қайран Анам!
Қайта алмай «Арғы беттен»,
Жетiсуын аңсаумен,
Зар ғып өткен...
Санамызда «Туған ел» деген ұғым,
Шегедейiн қағылып қалды көптен...
Құстар қайтып, шұбырып барады елге,
Қауышады аңсаған дала, көлге.
Алып кетер ажалдан бұрын менi,
Елге деген сағыныш –
Қара жерге!..
Сағынышты шерттiң деп кiнəлама,
Сағынбаса, пенделер,
Қуана ма?..
Қуанбаса, күлмесе, тебiренбесе,
Қалар едi құлазып,
Құла-дала!..
81
САҒЫНДЫРДЫ
Кең далаға жауатын қардай қалың,
Атажұртқа көп едi арнағаным.
Арнауымды өлеңмен өрiп келем,
Самалындай есiлiп сардаланың!
Самалындай сарқылмай сардаланың,
Кiндiк қан тамған жерге сан қарадым.
Зары емес жеке бастың,
Заман зары,
Айтпауға оны қайталап,
Бар ма амалым?!.
Жаутаңдаумен өткердiк жалын күндi,
Көңiлдi емес, сондықтан əнiм мұңды.
Мұңды əнiмдi қайталап қоңыр самал,
Аралап кеткен,
Таулар,
Сағым қырды!..
Аралап кеткен алыс, сағым қырды,
Жаным – жырлы,
Ататын таңым – нұрлы!
Болса-дағы бас кеспек,
Тiл кеспек жоқ,
Сағындырды туған жер,
Сағындырды!..
Жаным – жырлы,
Ататын таңым – нұрлы,
Барады асып салған əнiм қырды.
Көндiкпес асау едiм, амалым не,
Сағыныш менi еркiне бағындырды!..
83
АҚЫН ШАМЫ
(Таңжарық Жолдыұлына)
1-жыр
Қарайтын тағдырына таңданып тым,
Секiлдi жүрек оты –
Таңжарықтың!
Тасқараңғы,
Түрменiң саңылауынан,
Жалғасып жарық нұрмен
Шам жанып түр!..
Жылытып көкiрегiн ғасыр сазы,
Жанып тұр қараңғыда,
Ақын шамы.
Жанады, қасiреттiң бүркеп бəрiн,
Шығар күн,
Қылаңдаған жатыр таңы...
Өрiлiп шамнан алау, жатыр жалын,
Аңсатып ауылдағы –
Асыл жарын...
Аңсатып көз нұрындай балаларын,
Сезбедi ол,
Таңды қалай атырғанын.
84
Бiр күннiң өзi жылдай саналады,
Кiмге мұң тас түрмеде, шаға алады?!.
Жетi жыл,
Жетi ай мен
Жетi күнде,
Таңжарық!
Шерлi өлеңдi паналады!..
Тұрса да қанша таяп қаза жақын,
Ту қылып көтердi ол,
Қазақ атын!
Тарихын «тозақ түрме» жырлап кеттi,
Бар ұлттың,
Азап шеккен,
Азаматын!..
2-жыр
Жанына қанша жəбiр ұялатқан,
Қинаудан, қорықпады ол,
Қиянаттан.
Сол ма екен əз Тəкеңнiң кеудесiне,
Биiгiн «Арман таудың» ұялатқан?!.
Шер-мұңын төге жүрiп заманға ащы,
Өлеңмен ел-жұртына амандасты!
Талқының кезеңiне шығып тұрып,
Аруын, көрдi аңсаған
Замандасты...
85
Көкiрегi жаудырды өлең,
Жанар жасты...
Қауышып сүйген жары Бəтиiмен,
Төгiлiп сұмдық сырлар жатыр үннен!..
Күнесi күңiренген,
Аспан тауы,
Аңсаған табысып ең,
Ақыныңмен!
Жетi жыл тас түрмеде зарыққанда,
Қарайтын атты ма деп,
Жарық таңға.
Қазақтың шығыстағы батыр ханы,
Тұншыққан сол түрмеде
Шарыпхан да!..
Қызық та, киындық та, өтер бастан,
Күндермен қоштастырып əсерлi асқан,
«Айранбақ» түрмесiнде бес жыл бойы,
Қол-аяқ кiсендеулi,
əкем жатқан...
Қазақтың сол кездегi зиялысын,
Ойы – аспан, ойланғанда
Қиялы – шың!
Бəрiн де баудай қырқып түрмелеген,
Халықтың биiк тауы, құлау үшiн...
86
Бұл зұлым саясаттың сайқалдығы,
Келедi алда талай айтар күнi...
Қытайдың түрмесiнен аман шығу,
Батырдың тек батыры,
Қайсарлығы!..
Өзгеге жеткен,
Маған жетпей бақыт,
Ернiмнен уыз дəмi кеппей жатып –
Түрменiң қақпасынан сығаладым,
Күткенде жан əкемдi, өтпей уақыт.
Еңселi, жазық маңдай, нұрлы жiгiт,
Кезiнде мол құрметке
Жүрдi жүзiп...
Дегендей, «жүрегi ұшып кетпесiншi»,
Сəл қырын қарап, жүзiн бұрып...
Бiлмеймiн, қанша жылап жатқанымды,
Сұмдық сыр,
Бүгiн ғана ақтарылды.
Мен қалай ұмытайын, ұмытайын,
Қасiрет құшқан бала шақтарымды...
Мен сонда бар болғаны бес жасымда,
Жүрiппiн дауылдаған өрт қасында.
Арапша жазатынмын əкеме хат,
87
Алапат сағыныш та,
Дерт те осында!..
Ел-жұрттан аз болғандай айрылғаны,
Арманның ақ қанаты,
Қайрылды, əне!..
Аққудың көгерегi сияқты едiм,
Алаңсыз жүзiп жүрген айдындағы!
Бiз көрген көрмейдi ешкiм қасiреттi,
Көздiң де жылай-жылай,
Жасы кептi.
Жанымды қайраған да сол қасiрет,
Демейдi, менi ешкiм де,
Жасып өстi!..
3-жыр
Қалды артта қаншама əуен,
Қанша жыры,
Тұрғандай Таңжарықтың аңсап үнiн.
Күнестiң күңiренсе, тау мен тасы,
Ұмытпас, ақын ұлын
Хантəңiрi!..
Күнестей күркiреген тасқынды едiң,
Атыңды қайталамай жатсын ба елiң!
Тағдыры қандай ұқсас мықтылардың,
Тарихын жырлап кеткен,
Тас түрменiң!
От тiлдi найзағайға жанып алып,
Сөз майын –
Таңжарықтай тамызалық.
Түнегiн тас түрменiң жарқыратқан,
Ақынның тұрған жоқ па,
Шамы жанып!
89
ШАЛМАСЫН АНАЛАРДЫҢ
ШАШЫН ҚЫРАУ
Аттамай аналық зор қасиеттен,
Қаншама ару жандар,
Жасып өткен?!
Қыршыны сұм соғыста –
Құрбан болып,
Аналар!
Қартаймасын қасiреттен!
Жұлдызы жана берсiн көгiнде шын,
Тыныштық жатсын билеп,
Ел iргесiн!
Оянып шырт ұйқыдан тымық түнде,
Аналар!
Үрей билеп, егiлмесiн!..
Болсын тек аналарға қуаныш күн,
Жанарда қуаныштан тұрады ұшқын.
Арулар құлпырады қуаныштан,
Ақ таңды,
Атқызбасын, жылап ешкiм!..
Арқасын тұрмаса да таққа сүйеп,
Қашанда адал жанның
Жақтасы көп.
Тербесiн дүниенi тек тыныштық,
Адамдар!
Бiр-бiрiне атпасын оқ!..
Тыныштық тiлейдi елге, ақын мынау,
Бұл шақта жер тартысы,
Басылды дау...
Тербеген талбесiгiн аналардың,
Шалмасын қасiреттен –
Шашын қырау!..
Жүрекке татулықтың сырын құйып.
Шыңдарды күн нұрымен жуындырып.
Сыйғызып қаншама ұлтты бауырына,
Желбiреп тұрған жоқ па,
Туым биiк!
ƏУЕНГЕ АЙНАЛҒАН ӨЛЕҢДЕР
92
93
КӨМІЛІП КӨКІРЕГІНДЕ
ҚАЛСЫН БІР ҮН
Уақытқа құл емеспін басыбайлы,
Қолды да Тəңірі өзі асырайды.
Алмаса басын шыңнан арынды өзен,
Буырқанып,
Бұрқанып, тасымайды!
Кешегі бастау да емен, бұлақ та емен,
Өзенмін құздан жатқан құлап терең.
Шынайы сыршылдықпен,
Шыншылдықпен,
Жол тартты
Жүректерге шуақты өлең!
Бар шығар мықтылық та əлсіздігім,
Жанымның кімге ақтарам сансыз мұңын?!.
Сырларын айқайламай,
Сыбырлаған,
Көміліп көкірегінде қалсын бір үн!..
94
95
САЙРАМНАН
КӨШКЕН САҒЫМДАР
Сайрамнан көшкен сағымдар,
Қанатты құстай қағыңдар!
Қанатыңды қақтырар –
Жанымда менің жалын бар,
Сайрамнан көшкен сағымдар!
Сайрамнан көшкен сағымдар,
Зулайды, жыл – ағындар,
Жете алмай саған жүрген соң,
Жаным – аңсау,
Жаным – зар...
Сайрамнан көшкен сағымдар!
Сайрамнан көшкен сағымдар,
Дертіме дауа табыңдар.
Кетпейін сөніп арманда,
Өмір отын жағыңдар,
Мені іздеп табыңдар,
Сайрамнан көшкен сағымдар!
Жазылмас жанда жарам бар,
Көңілім күнде алаңдар.
Болмайын қалай алаңсыз,
Бауырыңда жатқан анам бар,
Мұң жамылған далам бар!
Алаңдар көңілім, алаңдар!..
96
97
АЙТШЫ НЕДЕН
Айтшы неден көңіліңді қалдырдым,
Айтшы неден үмітіңді талдырдым.
Айтшы неге тұтандырып бір отты,
Неге осынша жүрегімді жандырдың.
Айтшы алдыңда нəзіктіктен бездім бе,
Айтшы оқыс мінезімді сездің бе.
Айтшы неден көңіліңді қалдырдым,
Сенсіз түнді кездім бе.
Мен өмірден жараланған киік ем,
Мен үшін сен қыран шалмас биік ең.
Мен үшін сен ағыннан да тұнық ең,
Сондықтан да бір сүйіп ем.
Жүдесем де бір сен үшін жүдедім,
Көктем болып гүл аттым да түледім.
Қайда жүрсең сау болғай деп тіледім,
Айтшы, өзің кім едің?
98
99
ТУҒАН ЖЕРДІ АҢСАУ
Туған жерін аңсамайтын жан бар ма,
Кейбір кезде толқып кетсем таңданба.
Сыр ақтарсаң, есіңе алып ол жайлы,
Талай түндер жалғасады –
Таңдарға...
Қайырмасы:
Туған жерін аңсамайтын жан бар ма,
Туған жерін аңсамайтын жан бар ма,
Сыр ақтарсаң, есіңе алып ол жайлы,
Талай түндер жалғасады таңдарға,
Талай түндер жалғасады таңдарға.
Туған жерін аңсамайтын жан бар ма,
Бұл сағыныш,
Бағынбайды еш заңдарға.
Айлы кеште,
Жаз жайлаудың төрінде,
Айтылатын əнге жетер əн бар ма?!
Қайырмасы:
Туған жерін аңсамайтын жан бар ма,
Өзектегі –
Өзгермейтін мəңгі арна!
Өйткені ол ақ сүтімен Ананың,
Тарап кеткен,
Бойдағы ыстық қандарға!..
100
101
БАУЫРЛАР,
ҚАЛАЙСЫҢДАР, ҚАЛАЙСЫҢДАР
Бауырлар, қалайсыңдар, қалайсыңдар,
Тұрады бой көрсетіп талай шыңдар!
Көңілге ұяласа көлеңкелер,
Қуатын көлеңкені –
Арайсыңдар, арайсыңдар!..
Бауырлар, қалайсыңдар, жұмыс көп пе,
Пендеге берілмеген тыныс текке.
Алатын сендер менің тынысымсың,
Көк майса,
Көк балауса шығып бетке.
Жаққандай жарқырата шырақ-шамды,
Көңілім қанағатшыл қуаттанды.
Ығысып көлеңкелер көптен бергі,
Шыңдарын жүрегімнің
Шуақ шалды, шуақ шалды!..
2 рет
2 рет
2 рет
102
103
ДАРА ТҰЛҒА
Жарқылдап жанарыңда – жалын ойнап,
Жүргенің қалың жұрттың қамын ойлап.
«Нұрекең, аман болсын» – деп тіледі,
Айбынды қазақ елі,
Ару – аймақ!..
Қайырмасы:
Өзіңсің Тəуелсіз ел бəйтерегі,
Бұл дала Бəйтерексіз қайтер еді?!.
Тəуелсіз күнмен бірге бар Əлемге,
Танылды қазағымның
Қайсар елі!
Тебірентіп тауларымды асқаралы,
Тербейді əн, Алматы мен Астананы.
Қолдасын аруағы, ер Бабаңның,
Тəуелсіз Ғасыр –
Сізбен басталады!
Қайырмасы.
Жаңғыртып қаласын да, даласын да,
Еліңді бастап жүрсің жаңа шыңға!..
Аман бол, бар қазақтың бақыты үшін,
Заманнан асып туған,
Дара Тұлға!..
Қайырмасы.
104
105
ИСЛАМАБАД АСПАНЫ
Жүрегіме жеткенде талып сырлы əн,
Көз алдыма келетін алып тұлғаң.
Исламабад аспаны қандай нұрлы,
Жанарындай батырдың жанып тұрған!
Қайырмасы:
Исламабад, жасыл қала,
Ұйқысынан оянып жатыр жаңа,
Жатыр дала!..
Елеңдеген ел екен ақын десе,
Бұл елден шыққан батыл, батыр неше.
Иманына ұйытып мұсылманды,
Жайнамаздай жайылып жатыр көше!..
Қайырмасы:
Исламабад, аңсаттырған,
Орман-көлі қосылып əн сап тұрған,
Аңсаттырған!
Аңсап тұрған!..
106
107
ОЙЛАН, АҚЫН!
Ойлан, ақын,
Жөнің бар толғанатын.
Өлең сенің –
Өмірің, қолғанатың.
Жөнің жоқ,
Өлең барда қорланатын.
Туған ел,
Ақыным деп, қойған атын.
Ойлан, ақын,
Бұл бір сəт бабындағы,
Назды үнің неге ғана дамылдады.
Баурап əкет,
Бəрін де сиқырлы үнмен,
Жарқылдасын асыл ой лағылдары.
Ойлан, ақын,
Қайда сенің өмірге құлшынарың,
Қайда сенің төгетін нұр-шуағың.
Жеңе алмас сені өткінші қиындыктар,
Кеудеде тұрса
Жанып
Жыр шырағың...
108
109
САРБАЗДАР МАРШЫ
Сарбаздар!
Қазағымның мақтанысың,
Жырларым саған арнап ақтарылсын!
Ұшасың қиырларға, құзға өрмелеп,
Сенімін туған елдің ақтау үшін.
Қайырмасы:
Сарбаздар!
Туған елдің мақтаны,
Сарбаздар! Арайланған ақ таңы.
Қанатыңды, қанатыңды,
Қырандарым, қақ, қане!
Сарбаздар!
Қазағымның мақтанысың,
Жарқырап жаздың атқан ақ таңысың!
Жүресің шайқасып та, суды кешіп,
Елімді беттен ешкім қақпау үшін!..
Қайырмасы.
Елдерді жалғастырып шалғайдағы,
Сарбаздың шалғайларға,
Самғайды əні!
Туған ел тыныштығын күзететін,
Жұлдызы, жанып тұрған маңдайдағы!..
Қайырмасы.
110
111
КЕЛДІҢ БЕ, ЖАНЫМ,
КӨКТЕММЕН
Келдің бе, жаным, көктеммен,
Гүл өргенде бөктерден.
Көрмейді тағдыр қатал ғой,
Көз жасыңды төккенмен,
Келдің бе, жаным, көктеммен.
Қайырмасы:
Келдің бе, жаным, көктеммен,
Лебің де сенің өпкен жел.
Қашықтата алған жоқ,
Қаншама, қаншама уақыт өткенмен,
Келдің бе, жаным, көктеммен.
Келдің бе, жаным, көктеммен,
Гүл өргенде бөктерден.
Көк таулар тұрды қалқалап,
Көкжиекпен шектелген,
Келдің бе, жаным, көктеммен.
Қайырмасы.
Келдің бе, жаным, көктеммен,
Жанымды өртеп от деммен.
Қаңтардың қатқыл қысындай
Күндерім сенсіз өткерген,
Келдің бе, жаным, көктеммен.
Қайырмасы.
112
113
Достарыңызбен бөлісу: |