Бағдарламасы бойынша жарық көрді Сақ Қ. С 17 Алаш мұрасы./ Қ. Сақ. Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2014



Pdf көрінісі
бет6/37
Дата31.12.2021
өлшемі1,34 Mb.
#22411
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
«ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІН ТІРІЛТКЕН 
ҚҰНДЫ ЖИНАҚ
ХХ  ғасырдың  басында  қазақ  зиялылары  ұлт  сөзін  сөй-
лейтін тəуелсіз басылым шығаруға бірнеше мəрте талаптан-
ды. 1907 жылы  шыққан  «Серке», «Қазақ»  газеттері  бірер 
санынан  кейін  тоқтап  қалса  да,  осы  үлкен  ниеттің,  таудай 
талаптың  тамшыдай  нəтижесі  еді.  Күллі  қазақ  даласына: 
«Газет – халықтың көзі, құлағы һəм тілі» деп ұрандап, ұлт 
көсемі  Ахмет  Байтұрсынұлы 1913 жылы  «Қазақ»  газетін 
шығарғанша,  кең-байтақ  қазақ  сахарасында  жаршының 
рөлін атқарған – «Айқап» журналы мен «Қазақстан» газеті.
1911-1913  жылдар  аралығында  əуелі  Бөкей  ордасында, 
кейіннен  Орал  қаласында  шығып  тұрған  қазақтың  тұңғыш 
басылымдарының  бірі  «Қазақстан» – екі  жарым  жылдай 
уақыт  барынша  жүйелі  шығып  тұрған,  мерзімді  басылым 
ретінде толық қалыптасқан алғашқы қазақ газеті. 
Біздің ойымызша, «Қазақстан» газетінің ерекше тоқталып 
айтатұғын бірнеше ерекшелігі бар.
Біріншіден, газеттің атауы «Қазақстан» болуы – басылым-
ды  шығарушылардың  қазақ  халқын  дербес  ел,  ерікті  мем-
лекет  ретінде  қалыптастыруды  мақсат  тұтқанын  көрсетеді. 


33
Патшалы  Ресейдің  отарлық  езгісінде  тұншыққан, «қазақ» 
деген өз атауы айтылмай, «киргиз, киргиз-кайсак» деп бұр-
маланған  ұлттың  озық  ойлы  азаматтары  осыдан  жүз  жыл 
бұрын «Қазақстан» деген атауды тарих сахнасына алғаш рет 
батыл шығарып, ресми жария етті. Алаш арыстарының ар-
маны арада тура 80 жыл өткенде жүзеге асты. 1991 жылғы 
16 желтоқсанда Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің сессиясын-
да  өз  тəуелсіздігін  жариялаған  қазақ  мемлекетінің  атауы 
«Қазақстан Республикасы» болып бекітілді. 
Екіншіден, «Қазақстан» газеті сол кезеңдегі өте прогрес-
сивті идеяларды көтерген, халыққа өнер-білім жолын ұсын-
ған, отырықшылыққа шақырған, нақты кəсіби кеңес берген 
озық ойлы басылым болды. Газет мақалаларында көтерілген 
мəселелердің арада бір ғасыр өткенде де өте өзекті екендігі 
анық көрінеді. 
Үшіншіден, «Қазақстан»  газеті  бір  ғана  бөкейліктің  не-
месе  Қазақстанның  батыс  өңірінің  мəселелерімен  шектел-
мей, күллі қазақ жұртының түйткілді түйіндерін тап басып 
танып, тұтас қазаққа ортақ жəйттерді көтерді. Газет редак-
циясына  хат  жазған  авторлардың  əр  өңірден  болуы,  басы-
лымды  қаржылай  қолдаған  демеушілердің  де  əр  қиырдан 
шығуы  «Қазақстан»  газетінің  сол  кездегі  қазақ  жұртының 
ортақ басылымы болғанын көрсетеді.
Төртіншіден, «Қазақстан»  газетінің  бастауында  тұрған 
Ғұмар Қараш, Елеусін Бұйрин, Шəңгерей Бөкеев, Бақытжан 
Қаратаев,  Сейітқали  Меңдешов,  Ғабдолғазиз  Мұсағалиев, 
т.б. Алаш арыстары – күллі қазақ мойындаған ағартушы тұл-
ғалар.  Олардың  «Қазақстан»  газетін  шығарудағы  қажыр-
қайратынан бөлек ұлты үшін еткен еңбегі де жетерлік. 
Əрине,  қазақ  баспасөзінің  бастау-бұлағында  тұрған  ал-
ғашқы  басылымдар  туралы  зерттеулер  баршылық.  Соның 
ішінде  осы  басылымдарда  жарияланған  мақалаларды  топ-
тап, жинақ етіп шығару да қолға алына бастағаны құптарлық 
іс.  Соңғы  жылдары  Алаш  баспасөзінің  жарияланымдарын 
жинақ етіп шығару жүйелі қолға алынуда. Бұл іске, əсіресе, 
астаналық  ғалымдармен  бірге  өңірлердегі  зерттеушілер 
атсалыса  бастағаны  қуантады.  Мысалы,  Оңтүстік  Қазақ-


34
стан  облысындағы  Саяси  қуғын-сүргін  құрбандары  мұра-
жайының  директоры  Ханбибі  Есенқарақызы  апамыздың 
мұрындық  болуымен  «Ақжол»  газеті  мен  «Таңшолпан» 
журналының  материалдары  бірнеше  том  болып  жарық 
көрді. Орал қаласындағы бір топ азаматтың құрастыруымен 
қолдарыңызға  тиіп  отырған  «Қазақстан»  жинағы  да  қазақ 
баспасөзінің  тарихын  зерттеушілерге,  жалпы  көпшілікке 
ерекше құнды еңбек болары талас туғызбайды.
Бұл жинақтың бірнеше ерекшелігі бар: 
Біріншіден,  жинақта  «Қазақстан»  газетінің  Ресей  мұра-
ғаттарында  сақталған  он  алты  санының  ксерокөшірмесі 
түгел берілген. Бұл – сол кездегі «Қазақстан» газетінің толық 
көрінісін, құрылымын, сипатын көз алдымызға əкеледі. Зерт-
теушілерге де алысқа ұзамай, өз үйінде отырып-ақ түпнұсқа 
газет тігіндісімен танысуға мүмкіндік береді. Айта кету ке-
рек,  осы  кезге  дейін  шыққан  жинақтарда  мақала  мəтіндері 
аударылып қана берілетін. 
Бұл жинақтың тағы бір құндылығы – кітапта «Қазақстан» 
газетін шығарушылар туралы да барынша мəлімет берілген. 
Сонымен  бірге,  осы  кезге  дейін  «Қазақстан»  газеті  туралы 
жазылған азды-көпті зерттеу еңбектердің біразы осы жинақ-
қа топтастырылған. 
Түйіндеп  айтқанда,  осыншалық  құнды  жинақты  құрас-
тырған азаматтардың еңбегі жоғары бағалауға əбден лайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет