Бағдарламасы бойынша жарық көрді


Сілтемелер мен ескертпелер



Pdf көрінісі
бет3/60
Дата28.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#63408
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Сілтемелер мен ескертпелер
1. Әуезов М., Ысмайылов Е. Қазақ ертегілері. – Кітапта: Қа­
зақ ертегілері: 3 томдық. – Алматы, 1957, Т.1., VII б. (Кіріспе 
ма қала).
2. Қаратаев М. Социалистік реализмнің қазақ прозасында 
қалыптасуы. – Алматы, 1965. – 127­б. 
3. Әуезов М. Уақыт және әдебиет. – Алматы, 1962. – 55­
62­бб.; Әуезов М., Ысмайылов Е. Қазақ ертегі лері. – Кітапта: 
Қазақ ертегілері, Т.1., XXVIII­XXXIV б.


[
14
]
Бірінші тарау
ФОЛЬКЛОР ЖАНРЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ 
ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПРОЗАСЫН САРАЛАУ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ
ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ЖАНРДЫҢ ТАБИҒАТЫ
Қазақ фольклортану ғылымында әлі күнге дейін толық 
зерт 
телмей келе жатқан мәселенің бірі – жанр табиғаты, 
оның дамуы және қызметі. Аса көрнекті совет фольклорисі 
В.Я. Пропп 1946 жылдың өзінде фольклорлық жанрларды 
же ке алып зерттеудің қажеттігін атап көрсеткен еді. «Фольк­
лор танудың алдындағы міндеттердің бірі, – деп жазды ол, – 
жанр категориясын бөліп алып, жеке зерттеу...»
1
. Бұл біздің 
алдымыздағы келелі міндет болып әлі тұр.
Жанр – өнердің, әдебиет пен фольклордың, бір жағынан, 
жалпы, көп қырлы (универсалды) категориясы да, екінші жа­
ғынан, нақтылы категориясы. Көп қырлы болатыны – онда әр 
түрлі әдістер мен тәсілдер көрініс табады, ал нақты болатыны – 
шығарма белгілі бір жанрдың аясында жазылады. Әр жанрдың 
өзіндік ерекшелігі, заңдары болады. Олар ды білмейінше, өнер­
дің, фольклор мен әдебиеттің жалпы сырын түсіну мүмкін емес, 
сондай­ақ шығарманы дәл танып, терең талдап, әділ бағалау да 
қиын.
Фольклортану ғылымында жанрға берілетін анықтама жа­
й ында В.Я. Пропп былай деп жазады: «Орыс әдебиет тануында 
жанр деген сөзбен тектік емес, түрлік ұғым беріледі. Поэзия­
ның тек пен түрге бөлінетіні жайында кезінде Белинский 
жазған­ды. Осы бөлініске сүйеніп, ол «орыс әдебиетінің сыни 
тарихын» жазбақ болған еді. Сол еңбектің жалғасы ретінде 
Белинский халық поэзиясы туралы үлкен тарау жазды. Онда 
ол орыс халық поэзиясының кейбір жанрларын тұңғыш рет 
анықтап, сипатын берді. Белинскийге, кейін Веселовскийге 
де, әдебиет тарихын өз даму заңдылықтарына сәйкес жасау 
үшін жанрлар мәселесі – алғашқы саты болып көрінеді. Ал 
поэзияның тек тері – эпосқа (дәлірек айтқанда – баяндау 


[
15
]
поэзия мен прозаға), драмаға және лирикаға тән екені баршаға 
аян. Тектер түрлерге бөлінеді, ал бұл түрлерді біз жанрлар деп 
атаймыз»
2
.
Алайда, бұл анықтама айтарлықтай дәл емес. Алдымен 
айтатын нәрсе – «тек», «түр» ұғымдары саралау мен жіктеу 
са ласына жатады. Ал бізге керегі – ең алдымен саралаудың 
шарттарын белгілеу. Ол үшін бірінші кезекте «жанр» ұғымына 
нақты анықтама табу керек. Басқаша айтсақ, фольклорлық 
жанрларды сараламас бұрын жанр деген не, оның табиғаты, 
ерекшелігі қандай? Міне, осы мәселелерді шешіп алу қажет. 
Жанрлар көп. Ендеше әр жанрды жеке тексеруге де, басқа 
жанрлармен қатыстыра алып та зерттеуге болады. Олай бол са, 
біз үшін алғашқы қадам – «жанр» ұғымын анықтау.
Жанр ұғымына бірден анықтама беру мүмкін емес. Жанр 
туралы бүкіл арғы­бергі дәуірде айтылған пікірлерді айтпа­
ғанның өзінде, тек совет әдебиеттану ғылымында жанрға әр­
қилы мағына мен анықтама беріліп келді. Мәселен, 1920­
1930 жылдардан бастап, осы күнге дейін кең таралған бір­
екі анықтаманы алсақ та жеткілікті: «жанр дегеніміз – бір 
үлгіге талпынудың, жүгінудің түрі», «жанр – өзгермелі және 
тұрақты элементтердің бірлігі», «жанр өзін­өзі бағындырып, 
жоққа шығарып дамиды»
3
. Бірақ бұл анықтамаларды түгелдей 
қабылдауға болмайды, өйткені оларды даму үстіндегі кез 
келген құбылысқа пайдалануға болады.
Тағы бір мысал келтірейік: «Жанр дегеніміз – барлық көркем 
түр сияқты, тұрақталған, белгілі бір әдеби конструкцияға 
айналған мазмұн»
4
, «жанр – таным процесіндегі бір кезеңнің 
шектелгенінің көрінісі табылған эстетикалық шындықтың 
формуласы»
5
. Міне, бұл анықтамалар да біржақты. Себебі 
жанр – қатып қалған тас емес. Оның мазмұны да, түрі де 
әр дәуір мен қоғам талабына сәйкес дамып, өзгеріске түсіп 
отырады. Сондай­ақ эстетикалык фор 
мула да бір жанрдың 
ішінде өзгеріп отырады.
Біздің елде «жанр» ұғымы әдебиеттану мен фольклор тану 
ғылымдарында көбінесе бір мағынада, «түр» мағынасында 
қол данылып жүр. Мысалы, Совет Одағында қабылданған әде­
биеттану мен фольклортану оқулықтарында былай делінген: 
«Біздің ғылымда «жанр» термині екі мағынада қолда 
ны­


[
16
]
лады. Көбінесе жанр деп баяғыдан бері әдебиеттің «тектері» 
болып саналатын эпосты, лириканы, драманы айтып жүр. 
Эти мологиялық жағынан келгенде бұл дұрыс – француздың 
«gеnге» (латынның «gеnus» сөзінен алынған) сөзі «тек» деген 
ұғымды береді. Алайда, бұл ертеден қалыптасқан дәстүрді 
бұзады. Ол дәстүр бойынша «жанр» сөзімен әдебиеттің тек­
терін емес, сол тектердің ішкі бөлшектерін атайтын. Мәселен, 
эпопея, роман, новелла, очерк, немесе ода, элегия, эпиграмма; 
я болмаса трагедия, комедия, воде 
виль, т.б. Міне, әдеби 
жанрларды біз осы дәстүрлі мағынада түсінеміз»
6
. Бұл – соңғы 
шыққан «Әдебиет теориясында».
Ал орыс фольклорына арналған жаңа оқулықта былай деп 
жазылған: «Әдеби (ал біздер үшін фольклорлық та) твор­
чествоның қалыптасқан үш түрі бар: эпос, лирика және драма. 
Әдетте, оларды тектер деп есептейді. Әрбір тек белгілі бір типке 
жататын шығармалар тобын қамтиды...
Тек – кең мәнді құбылыс, әрі ұғым; ол бірнеше түрді қам­
тиды, сол түрлер арқылы нақты көрінеді. Осы күні әдебиеттану 
мен фольклортануда «түр» деген термин мен ұғым тіпті қол­
данылмайды десе де болады, оның орнына әрі тер мин, әрі ұғым 
ретінде «жанр» сөзі пайдаланылады. Ал бұрын олар жеке­жеке 
мәнде болатын. Біз де жұмысқа қолайлы болу үшін «жанр» 
сөзін қолданамыз, өйткені ол «тектен» гөрі ықшамды. Сонда 
біз «тек» шындықты бейнелеу әдісі (эпикалық, лирикалық, 
драмалық) деп, ал «жанр» көркем түрдің типі деп білеміз (ер­
тегі, өлең, мақал)»
7
.
Міне, Бүкілодақтық ғылымда «жанр» термині «түр» ма­
ғынасында алынып, ол әдебиетте де, фольклорда да бірдей 
саналып жүр. Бұл пікір біздің ұлттық филологиямызда да орын 
алған. Мысалы, Қ. Жұмалиев «Әдебиет теориясында» былай 
деп жазады: «Бұрын да, кейін де «әдебиеттің тектері» деудің 
орнына «жанр» дейтін. Эпостық жанр, лирикалық жанр, 
драмалық жанр. Дұрысының өзі де осы. Профессор Л. Тимофеев 
пен Н. Венфов: «Әдебиет тегін жанр деп атау дұрысырақ», – 
дейді. Біз де осы пікірге қосыламыз. Сондықтан әдебиет тегі 
мен әдебиет жанры деген бір ұғымда қолданылады»
8
.
Қазақ әдебиеттану ғылымында әдеби жанрлардың теория­
сына қатысты пікір айтқан ғалымдардың бірі – 3. Қабдолов. Ол 


[
17
]
жанрды даму үстіндегі ұғым, нақты тарихи түр деп анықтайды
9

Автордың өз сөзімен айтсақ: «Әдебиет теориясында пішін 
(форма) бар да, түр (вид) бар. Дәлірек айтқанда, әдебиеттің 
тектері (эпос, лирика, дра ма) бар да, түрлері (роман, поэма, 
трагедия, т.б.) бар. Тек те, түр де жанр деген ұғыммен, яғни 
жанр және жанрлық түрмен мәндес»
10
.
Республикамызда фольклор жанрларының теориясына 
және жанрларды саралау мәселесіне байланысты алғаш ғы­
лыми пікір айтушылардың бірі – Б. Уахатов. Ол өзінің «Қа­
зақтың халық өлеңдері» атты монографиясында біз зерттеп 
отырған проблеманың өлеңге қатысты аспектілерін арнайы 
қарастырған. Ғалым халық өлеңдерін жанрлық тұрғыдан 
сипаттай келіп, жалпы жанрға анықтама береді.
«Жанр, – деп жазады ол, – белгілі бір қоғамдық қызмет атқа­
ратын және соған лайықты мазмұны бар, әбден қалыптасқан 
көркемдік форма»
11
.
Көптеген анықтамаға қарағанда, бұл анықтама біршама 
дұрыс. Автор жанр ұғымына терминдік сипат берумен бірге 
оның негізгі қасиеттерін дұрыс қамтыған: белгілі бір қоғамдық 
қызмет, сол қызметке лайық мазмұн. Басқаша айтқанда, Б. 
Уа хатов жанрды анықтауда басты принцип етіп оның функ ция­
сын алған. Ол өзі де былай деп жазады: «Бір сөзбен айт қанда, 
қазақтың халық өлеңдерін классификациялауда оның жанр­
лық функционалдық белгілеріне сүйену қажет»
12
.
Жанрды қалыптасқан көркемдік форма деген сөз де қазақ 
фольклортануы үшін тың пікір. Алайда, біздің ойымызша, 
жанр ды көркем форма дегеннен гөрі өмірді, оқиғаны бейнелеу 
тәсілі деген дұрыс сияқты. Себебі фольклордың барлық жанры 
бірдей көркем емес; екіншіден, форма ұғымы көп мағыналы, 
оған тәсіл де, тіл де, құрылыс та кіреді.
Әдебиет жанрларына арналған соңғы кездегі еңбектерде 
жанрды танып, оған дұрыс анықтама беруге жаңа талпыныс 
бар. Жанрды бейнелеудің предметі деп те, тәсілі деп те айтып 
жүр. Бірақ «хабарлау тәсілі» дегенде авторлар баяндаудың 
ауызша, жазбаша болып келуін айтады.
Әдебиеттегі эпикалық проза жанрын зерттеген ғалым Н.П. Уте­
хин жанрға мынадай анықтама береді:
2­278


[
18
]
«Жанр дегеніміз – әдеби шығармалардың көркемдік­бей­
нелеу құралдарына, я болмаса мазмұнына қатысты фор 
ма 
емес, әдеби тектің (әдебиет тегінің) өмір сүру формасы екенін 
мақұлдау керек сияқты»
13
.
Зерттеушінің ойынша жанр әдебиет тегінің өмір сүру 
формасы ретінде көркем шығарманың типінде көрініс табады. 
«Сөйтіп барып, – дейді ол, – әдебиет текке бөлінеді, тек жанрға, 
ал жанр шығарма типтеріне бөлшектенеді»
14
. Бұл қорытынды 
түптеп келгенде жалпы әдебиет теориясында бұрыннан айты­
лып келе жатқан Аристотель, Гегель, Белинскийдің қағи­
даларына саяды. Бірақ Н.П. Утехин өз категорияларын басқа­
ша атайды. Ол түр (вид) ұғымын басқаша мағынада қолданады.
Ескерте айтатын жайт: оның жанрға берген анықтамасы 
біршама ақиқатқа жақын. Бірақ жанрды – әдебиет тегінің 
өмір сүру кейпі дегеннен гөрі, шығармадағы оқиғалардың 
берілу, өрілу, баяндалу тәсілдері (способ разработки сюже та) 
деген дұрыс. Өйткені «өмір сүру кейпін» («форма бытования, 
существования») деген сөз «шығарма ауызша өмір сүре ме, әлде 
жазбаша өмір сүре ме, яки болмаса қаншалықты ел арасына 
тараған, әлде тарамаған ба?» деген мағынаны білдіреді.
Көркем шығарманың жанрлық сипатын анықтау 
үшін М. Бах тин хронотоп (мезгіл мен кеңістік) системасын 
қолдануды ұсынады. «Әдеби­көркем хронотопта, – деп жазады 
ол, – ке ңістік пен уақыт белгілері тұтастанып көрінеді. Мұнда 
уақыт қоюланып, тығыздалады, көркем түрде сезіліп, көрінеді; 
кеңістік сығымдалады, уақыттың, сюжет пен тарихтың қоз­
ғалысына қатыстырылады. Уақыт таңбасы кеңістікте көрінеді, 
ал кеңістік уақыт арқылы танылып, өлшенеді. Мінеки көркем 
хронотоп қатпарлардың осылай қиылысып, белгілердің осылай 
қосылып, тұтастануымен сипатталады.
Әдебиеттегі хронотоп айтарлықтай жанрлық мағынаға ие. 
Тіпті жанр мен жанрлық түрлер (бөлшектер) нақ осы хронотоп 
арқылы айқындалынады деуге де болады. Әсіресе, әдебиеттегі 
хронотопта жетекшілік қызметті уақыт атқарады.
Формальды­мазмұндық категория ретінде хронотоп адам 
образын да айтарлықтай айқындайды; бұл бейне қашан да 
едәуір хронотоптық сипатта болады»
15
.


[
19
]
Жоғарыда келтірілген жанр жайындағы ойлар мен тұжы­
рымдар, негізінде, профессионалды көркем өнерге, дәлірек 
айтқанда, жазба әдебиетке қатысты айтылған. Ал фольклор 
жазба әдебиетпен бірдей емес. Ол да сөз өнері екені рас, бірақ 
оның әдебиеттен оқшауландыратын өзіндік сипаттары да аз 
емес. Ендеше жазба әдебиеттегі жанрлар мен фольклордағы 
жанрлар табиғатында да айырмашылық болу керек. Біздің 
міндетіміз – осы айырмашылықты анықтап, соның негізінде 
фольклорлық жанрларды сипаттау, оларды ғылыми түрде 
жіктеу, саралау және жүйелеп зерттеу.
Жанрды фольклортанудың аса маңызды категориясы 
ретінде танып, оны жеке даралау жалпы фольклор табиғатының 
коллективтік екенін және дәстүрдің тарихта айқын (көрнекті, 
басты) роль атқаратынын мойындауымызға негізделген. Жанр­
дың табиғатын, мөлшерін және туыстас жанрлармен қаты­
насын зерттемей біз дұрыс қорытындыға келе алмаймыз.
Жанрды жеке­дара бөліп, шектеу үшін, сөз жоқ, оның жал­
пы теориясы болуға тиіс.
Жалпы, бір айтатын нәрсе – қазақ фольклортануында әде­
биеттану ғылымының терминдері пайдаланылатындығы. Түп ­
теп келгенде, бұл заңды да, өйткені фольклор да, әдебиет 
сияқты, сөз өнеріне жатады. Сонымен қатар фольклорды әде­
биеттен ерекшелендіріп тұратын өзіндік қасиеттері бар. Олай 
болса, фольклорды зерттегенде осы қасиеттері еске алыну 
керек, оған әдебиеттанудың терминдері мен әдеби ұғымдар 
тектен­текке телінбеуге тиіс. Бұл, әсіресе, фольклорлық жанр­
ларды анықтағанда, оларды ғылыми саралағанда басты шарт­
тардың бірі болуы керек.
Демек, фольклор жанрларын зерттегенде екі нәрсе қа тар 
ескерілуі қажет. Ол: а) фольклордың сөз өнері ретінде әде­
биетпен туыстығы, жақындығы; ә) фольклорды әдебиеттен ал­
шақтататын ерекшеліктер.
Демек, фольклор жанрларын этнографияға сүйенбей зерт­
теу мүмкін емес. Этнографиялық материалды пайдалану 
жанрлардың шығу тегін анықтау үшін ғана қажет емес. Этно­
г рафия фольклорлық жанрлардың ерте замандағы сипатын, 
алғашқы даму жолдарын зерттеуге өте пайдалы. Себебі жанр­
лардың да, сюжеттер мен мотивтердің де пайда болуы ғана 


[
20
]
емес, сондай­ақ олардың өмір сүруі мен өзгеру, даму жолдары 
да тұрмыспен, болмыспен тікелей байланысты. Бұл жерде біз 
екі нәрсені анықтап алуымыз қажет. Бірінші – фольклор мен 
әдебиеттің бірдей еместігі. Осыдан барып шығатын олардың 
пайда болуы мен өмір сүру кейпінің өзгешелігі. Бұл өзгешелік 
оларды зерттеу әдістерінің де екі түрлі болуын тілейді.
Екінші – ұғымдар мен терминдеріміздің мағынасын дәлме­
дәл анықтау. Мысалы, жанрға байланысты «баяндау тәсілі» 
(«способ изложения»), «бейнелеу әдісі» («способ изоб 
раже­
ния»), «хабарлау амалы» («способ передачи») сияқты тіркесті 
ұғымдар қолданылады. Енді осылардың қолданылу формасына 
көңіл бөлейік: «баяндау тәсілі», «хабарлау ама лы», «бейнелеу 
әдісі». Біреу (субъект) баяндайды, хабарлайды, бейнелейді. 
Фольклорда ол – жыршы, ертегіші, не өлеңші. Әдебиетте ол – 
жазушы, ақын, драматург. Сонда жанрды анықтау үшін біз осы 
күнге дейін шығарманың өз ішінен, табиғатынан шықпай, оған 
сырттан келіп жүріппіз. Дұрысы – шығармадағы оқиғаның 
«баяндалу тәсілі», «бейнелену әдісі» болу керек қой. Демек, 
сюжеттің берілу, өрілу тәсілі деп айтуымыз керек. Олай болса, 
жанр дегеніміз – шығармадағы сюжеттің баяндалу, бейнелену, 
өрілу тәсілдері.
Бұл, әсіресе, фольклорлық шығармада айқын көрінеді. Фольк­
лорда алдымен сюжет пайда болады. Сюжет – бір оқиға. Ай­
тушы өз басынан өткен бір қызық оқиғаны ағайындары мен 
жолдастарына жай ғана айтып беруі мүмкін. Бірте­бірте бұл 
оқиға біреуден­біреуге жетіп, тұрақты сюжетке айналады. 
Уақыт өткен сайын ол әсіреленіп, көркемделіп айтылады. 
Сөйтіп әңгіме (меморат) жанры туады. Бара­бара бұл әңгіме 
басқа тайпаға жай ғана тарап қоймайды, неше алуан өзгеріске 
ұшырап, басқа бір детальдармен толықтырылып, әсемделіп 
отырады. Бастапқы айтушының (әңгіме кейіпкерінің) аты да, 
айтылу ситуациясы да ұмытылуы мүмкін, бірақ сюжет – негізгі 
оқиға сақталып отырады. Ендігі айтушылар оқиғаны өзіне 
қатысты қылып немесе өзіне, көпшілікке қажетті жағдайға 
байланысты етіп айтуы ықтимал. Енді алғашқы жай әңгіме 
басқа жанрға көшеді. Ол – аңыз я болмаса хикая (быличка
болуы мүмкін.


[
21
]
Міне, алғашқы сюжет – бір ғана оқиға – әр түрлі әдіспен 
баяндалып, өрілген. Ол қалай өрілген, ол үшін қандай тәсілдер, 
құралдар пайдаланылған? Бұл жанрлардың мүмкіндігіне 
байланысты.
Осы тұрғыдан келгенде ғана фольклордағы жанрды айқын 
білуге болады.
Фольклорды сөз өнері деп қана білсек, онда жанр дегеніміз, 
әдебиеттегі сияқты, көркемдік жүйенің жиынтығы. Біз бұл 
жерде В.Я. Пропптың пікірін толық қолдаймыз. Ол былай деп 
жазады: «Жанр деп, егер кең мағынада алатын болсақ, көр кем­
дік жүйесі бірыңғай ескерткіштер жиынтығын немесе то бын 
айтуға болады. Фольклор сөз өнеріне жататын шығармалардан 
құралатындықтан, ең алдымен творчествоның осы түрінің 
ерек шеліктері мен заңдылықтарын, оның поэтикасын зерттеу 
керек... Поэтика дегеніміз – көркемдік нысананы, сезім мен 
ой сырын ашу үшін қолданылатын тәсілдердің жиынтығы, 
қысқарта айтқанда, оқиғалық және идеялық нақты мазмұнмен 
бірлікте алынған форма»
16
.
Бұл анықтама көркем әдебиет жанрларын сипаттайды. 
Осыны қабылдай отырып, фольклор жанрларын анықтауда 
тағы бір шарт бар екенін ескеру қажет. Ол – фольклордың 
әлеуметтік­тұрмыстық функциясы және осыдан туындайтын 
фольклордың өзіне ғана тән белгілер: ауызша туып, ауызша 
таралуы, варианттарының болуы; халық тұрмысымен тығыз 
байланысы; орындалу мәнері; әнмен сүйемелденуі. Бұл 
белгілердің ешбірі жеке тұрып фольклорлық жанрды толық 
сипаттай алмайды. Солай бола тұрса да бір фольклорлық 
жанрды сипаттау үшін бұл белгілердің бәрі түгел болуы 
міндетті емес. Олардың екі­үшеуі ғана басты фактор болып, бір 
фольклорлық жанрға өзіндік қасиет бере алады.
Сонымен, біздің ойымызша, фольклордағы жанр ұғымы 
әдебиеттегіден сәл өзгешелеу. Фольклорда жанр – сюжеттің 
шығармаға айналу жолдары мен елге таралу, айтылу, орындалу 
мәнері. Яғни, фольклордың поэтикасы мен әлеуметтік­тұр­
мыстық функциясы оның жанрларын сипаттап, әдебиеттен 
ерекшелендіріп тұрады.
Демек, егер біз әдебиеттің эпос, драма, лирика тектері бар 
десек, онда фольклор орындалу мәнері мен ел арасында өмір 


[
22
]
сүру жағдайына байланысты өзінше текке және жанрға сара­
лануы керек. Осы тұрғыдан келгенде, фольклорды қара сөз 
(проза), өлең (стих) және сөйлесу (диалог) деп үш үлкен текке 
бөлуге болады.
Қазақ фольклорында бұл үшеуінің алғашқы екеуі бар. Ол 
екеуін тек деп қарайтын болсақ, оларды жанрға бөлу ге болады. 
Прозалық фольклордың жанрларына миф, әңгіме, хикая, ер­


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет