Біртуар
Сәндікке киетін киімді «біркиер», асқа, тойға мінетін жақ-
сы атты «бірмінер» дейді. «Біртуар» дегенді де құлақ шалады.
Бірақ әуезелеп айта бермейді. Біртуар азамат ілуде біреу ғана.
Соны тұспалдағаны. Жақсылар мен жайсаңдар да бар ел
ішінде. Атқамінерлер де жетіп артылады. Бүгінше айтқанда,
әкімдер, депутаттар, түрлі салада қызмет істейтіндер. Оқыған-
дар /интеллигенция/ жыртылып айырылады. Ғалымдар, өнер
саласының дүлдүлдері қаншама. Жазушылар, ақындар, серке
сөздің саңлақтары қаншама. Осыларды топтап, зиялы қауым
деуіміз, бір есептен орынды. Алайда, солардың бәрінен зиялы-
лықты талап етуіміз, табиғат заңына қайшы. Бүгінде халық
бұларды «зиянды қауым» деп те атайды. Оған жұқарудың
қисыны жоқ. Ақ пен қара, жақсы мен жаман алмасып келмей
ме. Біреулердің ісіне сөзі, мінезі үйлеспесе, «Есектің еті арам,
күші адал» дей саламыз.
Осы айтылғандардың сыртында дегдар, кемеңгер, даныш-
пан, дана, ойлы деген анықтамалар бар. Халықтан шыққан сөзді
жатырқаудың қисыны жоқ. Несі бар, халық деген анадан, Алла
абзал жаратқан жұмырбастылардың арасынан айтулы саңлақ-
тар шығып жатса, жағасынан алмай, аяқтан шалмай, құп алуы-
мыз керек емес пе. Қазақта данышпаңдық Абайға қонған, мұны
мойыңдауымыз керек. Кемеңгерлік әркімде бар қасиет. Дегдар
да арамызда жүр. Даналық та бар. Халық данасымен, ойлылары-
мен ұлы. Ойлылық өсер жасқа жөргектен дарыса, басқа қонады,
санаға сіңеді. Менің осы балам бай болады, әкім болады деген-
нен гөрі, ақылды болады, данышпан болады десек, кәнекей?!
Халық артық кетпейді, кем де түсіп жатпайды. Не айтса да,
орнымен келістіреді. Парасат-пайым, білік-біліміне,
қайраткерлігіне, ұлтжандылығына, талант қарымына, елжан-
дылығына баға бергенде жұрт назарындағы азаматты «Тұлға»
дейді халық. Тұлға, былайша көп айтыла бермейді. Жапсырма
атақ — депутат, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат»
орденінің иегері, «Халық қаһарманы» дегендерге жұрттың
192
құлағы үйренген. Ел-жұртқа есті жандар керек, дарынды да
алымды халықты қысылшанда қиыннан жол тауып алып шы-
ғатын, жарқын заманға бастайтын, алған бетінен қайтпайтын
табанды да қайсар азаматты не десек екен?! Кісілігін былай
қойғанда, кішіктігінің өзі жас ұрпаққа үлгі. Елге қылған қайы-
рымы, жылағанды жұбатып, қайғырғанға сүйеніш болатын
елгезектігі, ерінбейтін бейнетқорлығы қандай! Баршылық
мұндай қайраткерлер. Халықтың ондайларға беретін бағасы —
Тұлға! «Түсі игіден түңілме» дегенде жұртқа қамқор бола
білетін тұлғаны меңзегені. Тұлғасыз жұрт - тұл. Тұлғалы аза-
маттары бар елдің ертеңі жарқын. Жайлауы өрісті, мінгіші
желісті, қыздары қылықты, жігіттері білікті.
Тұлғадан да асып түсетіндерді халық «Біртауар» дейді.
Біртуар да ет пен сүйектен жаратылған. Анадан туған. Бала
болған, келе-келе даналыққа жеткен, халықтың көшбастар
бірегейі болып шыққан. Бұлар кімдер? Оны халықтан сұрау
керек. «Біртуар азаматым мынау» деп бірден айтып салмайды.
Онысы арда күрең азаматын тіл-көзден қорғаштағаны.
Біртуарлар көп те емес, аз да емес. Халық деген ананың
құрсағы кең. Кең құрсақтан біртуарлар шықпай қоймайды.
Біртуар да, тұлға да, түптеп келгенде, Ел жақсысы. Бәрі-бәрін
жинақтағанда азаматқа келіп тоқайласады. Қазақ ұғымында
азаматтан өткен дәріпті анықтама, сірә да, жоқ-ау! Жігіттік те,
батырлық та, көрегендік пен кемеңгерлік те, халыққа тұлға
бола білу де, біртуарлық та - бәрі-бәрі Азаматқа келіп
тіреледі. Ең бір жігітке лайықты сөздер де азаматтан асып
кетпейді. Бойдағы қабілет-қарым, талант, қайраткерлік, аза-
маттық қасиетке лайықты болуға тиісті. Бұл - әлгі төлқұжатта
жазылған азаматтан бөлекше атау. Орыстың «гражданиніне»
келіңкіремейді. Бас куәліктегі азамат пен біз мәністеген аза-
маттың арасы жер мен көктей.
Халық ұл-қызынан жақсы сөзді аямайды. Мерейін өсіріп,
не бір әсерлі сөзбен көтермелеп жатады. Даралық қабілетімен
жұртының мерейін тасытып, мәртебесін биіктетіп, мәрттігі
мен мырзалығы қара халыққа жұғысты болып жатса, елім деп
езіліп, жұртым деп қабырғасы қайысып тұрса, мұндай
бірегейді ел-жұрты «Азаматым сол!» деп төбесіне көтереді.
Ата-бабалар сөзіне құлақ қойсаң, азаматқа берер бағасы
мейлінше жоғары. Екінің бірін «азаматым» деп айтпайды. Ел
аузында, ежелгі әдебиет үлгілерінде «Алаштың азаматы» деген
анықтама бар. Олай болса, әр саналы қазақ азаматы «Алаштың
азаматы» деген бағаға лайықты болсын. Ауыз әдебиетінің өкілі
Базар жырау былайша толғайды: «Жасаған өзі жарылқап, жер
13-2628
193
жарылып, көктейді, Берейін десе жігітке, талабын құдай
ептейді. Азамат ерден қол үзбе, күндердің күні болғанда, ба-
сыңа қиын іс түссе, қайырылып саған кетпейді. Арғымақтың
баласы мойны жалсыз болса да, қараны көрсе өктейді. Үйірде
құтпан жалды айғыр, жанына ерген саяғын, құлағын жымып
теппейді...»
Достарыңызбен бөлісу: |