(«Қазақтың ХІХ-ХХ ғасырдағы тарихи аңыздары»,
Балтабай Адамбаев)
Бүгінгі таңда ата-анада сыншылдықтан гөрі жадағайлық
басым. Сыбайластықпен жең ұшынан жалғасу арқылы балала-
183
рын оқытып шығарып, қызметке қояды. Ақшаның күшімен
атағын шығартады. Сыншыл әкеде уайым басым келеді. Ана
байғүс баласының жолында болса-болмаса шыр-пыр. Бұларды
жаппай кінәлаудан аулақпыз.
Көрнекті қазақ ақыны Ғалым Жайлыбаймен сыр бөлісіп
көрелік. Бала тәрбиесі жөнінде не айтар екен.
Ұйқы ашылғалы не заман, жұрт ашынғаны,
Жұрт ашынғалы көгімнен бұлт ашылмады...
Ақын заманның амалын табиғатпен астастырып, образға
/кейіптеуге/ орайды. «Ұйқысы ашылғаны» тегін емес ақынның.
...Өзегімдегі өртімді өмірім жүндеп,
Өксітсе қалай айтамын өр ұлыңмын деп.
Арқаға жауған ақ қардай аяулы-ақ еді,
Қалмаса деймін қайранда көңілім кірлеп.
Поэзиядағы суреткерлікті көбіміз түсінбейміз. Көрмейміз.
Содан да ақыңдар кілең бір өңкей жамырама, жайдақ өлең жа-
зады деп үстірт топшылаймыз. Шымырлап ағатын баяу ағысты
өзендей өз арнасында бұлқынған өлең сені еріксіз еліктіріп,
өзіне тартады.
Өзгеден де бұрын ақынға жаның ашиды. Осы өлеңді өрген-
де қу жаны қалды-ау деп. «Арқада жауған ақ қардай аяулы
көңілі» неге жүдеген? «Өр ұлыңмын деп» жүрген ақынды тұса-
ған не? Ол - замана желі, уақыт екпіні. Оқиық зер салып:
Тұрамыз біздер Алматы — сауық қалада,
Сауық қалада әзірге қауіп бар ағаға...
Ақын оқырманына сырын жайып салады. Мұңдасарға жан
таппағаны ма? Есті өлеңсүйер оқырман ақынмен бірге мұнда-
сады. Мұңы ортақ екеуінің де.
Нашақор Коля түнімен ойранды салып,
Маша апай бізді апарды тауық қораға...
Керек пе өмір шындығы? Сұмдықтың көкесі емей немене?!
Кешегі кезеңде Маша апайлар бізді /қазақтарды/ тілімізді
ұмыттырып, салт-дәстүрімізден безіндіріп, «орыстандыруға»
үгіттеп еді. Енді олар бүгінгі өтпелі кезеңде көк өрім жастары-
мызды нашаның уымен улап, адамдық бейнеден айыруға
кірісті. Бұдан өткен қасірет бар ма?!
Ақын Ғалым Алматыға кешеңдеу келіп орнаған. Қалалық
емес, даланың еркін де ерке ұлы. Кезінде Сәкен Сейфуллин
қалада /Омбыда/ оқып жүргенде: «Еркін де бейбіт ауылым-ай,
184
сағындым сені бауырым-ай...» - деп ауылын аңсап, жырға қос-
қан жоқ па. Мұқағали ақын: «Алматы - сайқал қала, сайтан
қала...» - деп тегін айтпаған. Жасыратын не бар, қаланың сыр-
ты сүлу болғанымен, іші былық.
Ғалым Жайлыбайдың:
Сағымды, сәнді сары бел — Өскен тұғырым,
Қимай да қимай қол бұлғап көшкен-тін Ұлың... -
дегенде не айтқысы келді? Ал, көшсін! Кім көшпей жатыр.
Өлең «ақсақ» болып қалмасын, ары қарай оқиық:
...Сонарға сайлап жүр едім, сұр көжек болмай,
Көк бөрі болса жарады қос бөлтірігім.
Не айтты ақын? Қос бөлтірігі - ақынның қос ұлы. Ақын-
ның аңсары өзінде емес, өзгеде. Қос ұлы образ үшін алынған.
Өзгелердің /қазақтын/ ұлдары «сауық қалада» шашылып қалға-
ны ма?! ШІарап, одан қалды қара сораның түтініне елітіп
есіріктенген, жасына жетпей қартайып, ит мүжіген асықтай
ұсқыны қалмаған жастар нешік?! Ғасыр тажалы қазақтың ұлда-
ры мен қыздарын жалмап жеп, жұтып қоймай ма? Кешегі ер
түрік бабамыздың, көк бөрі әулетінің бүгінгі нәсілі айдаһардай
ысқырынған аждаһа заманның өңешінде кетіп қалмай ма?!
Өлеңді сараң өрбітетін Ғалым ақын айтар ойының оннан
бірін ғана «су бетіне» шығарады. Негізгісі «су түбінде». Ой
түбінде десек те болады. Бұл арада ақынды барша қазақтың ұл
мен қызының өкіл әкесі десек, еш қателеспейміз. Әр ата-ана
ұрпақ қамы үшін ақынша толғанып, уайымдауы керек. Сары
уайымға салынудың еш қисыны жоқ. Саналы түрде жас өскін-
нің көктей солмауына қайрат көрсетіп, бала тәрбиесін күн
тәртібінен түсірмесін.
Заманды қарғап-сілегеннен адам түзелмейді. Адам түзелсін
десек, өзімізді реттейік. Үмітсіз торықпайық. Әр адам /қазақ/
өзін ұстаз деп білуі керек. Тәрбиеші екенін ұмытпауға тиісті.
Ақынның пірі - өлең. Артықтау кетіп, заманның көлең-
келі жағын көбірек төңіректеп кеттім бе деп, сарабдалдықпен
өлеңді былайша түйіндейді. Көктөбеден арай көреді. Ол нен-
дей арай? Елдігіміздің, ертеңіміздің арайы ғой. Олай болса,
ұлды намысты, қызды арлы етіп тәрбиелеуде күйректікке
беріліп кетпей, көк түріктің нәсілдері - бүгінгі Тәуелсіз Қазақ
елінің жастарын қайсарлыққа, намысқойлыққа, табанды-
лыққа, ұлтжандыдыққа тәрбиелеп, шыңдайық. Шымырланды-
рып, шынықтырайық.
Сонымен, ақын нендей қорытынды жасайды?
185
Көктөбе жақтың баурайы көкорай белең,
Көкорай белең қырқадан көп арай көрем.
Көктерек күнге қол созар көктемі туса,
Өкпелеп жүрме біздерге, өлең-ай, өлең...
Өлеңдегі іштілік деп осыны айтады. Ақын көктеректей
алғы күндердің мәуелеп көкке бой созарынан үмітті. Қос ұлы-
ның келешегінен, барша қазақ ұландарынан үмітті. Көкбөрі
болып шығарына кәміл сенімді.
Достарыңызбен бөлісу: |