Кешу алысу
Тәубе — адамгершіліктің жиынтық ұғымы. Жамандықтан
безініп, жақсылыққа бет бұрудың тәсілі. Біреуді біреу күстана-
лағанда «тәубасы жоқ» деп кінә артады. Кешу алысу — тәубеге
келісудің, райдан қайтудың ең соңғы мүмкіндігі. Тәубешіл
адам кек сақтамайды. Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистерінде: «Мұсыл-
ман адам бір-бірімен татулықта болсын. Сонда оның иманы
молығады» делінген. «Ұрысқандар бас араздығын үш күннен
асырмасын» деген тәмсіл және бар.
Бұрынғы өткен әкелеріміз ажал жастығына бас қоярдың
алдында тұстастарынан, ауылдастары мен туыс-туғаннан ары-
лып кешу алысқанды бұлжытпаған. Мұны қазақы жалпақ
тілмен қоштасу десек те болады. Қазақ әдебиетінде өзіндік
орны бар атақты Кемпірбай ақынның:
Кеудемнен көкала үйрек «қош» деп ұшты,
Сол шіркін кәрі жолдас өлең, білем... —
деп термелегені қоштасудың классикалық үлгісіне жатады.
Кешу алысу — бұлжымайтын үрдіске жатпайды. Сүйегіне
қарысқандар беті әрі қараған қалпында «қош-қошын» ішінен
айтып қана тіршіліктен жүз бұрады. Бұл да кешірімді. Өмірде
көріп жүргеніміздей, хал үстіндегі адаммен сау адам кешу алы-
сады. Оны талай естідік. Түйіндегенде былай; «Тіршілікте
ілгері-кейіңді ғұмыр кештік. Үнім тисе, тілім тисе, артық-ауыс
қатемді кеш, жарқыным». Сырқат та шешілуге тиісті. «Сен
кешсең, мен кештім. Алланың аманат жанын тапсырғалы жа-
тырмын. Ел-жұртқа, көз көргендерге менен сәлем айт. Қателік-
кемшіліктерім болса, кешсін. Пендеміз ғой, дұғада болсын.
Қабіріме топырақты шіміркенбей, ықыласпен салсын».
Белгілі тұлғалар туған елімен, жерімен қоштасуды қағазға
түсіріп кеткен. Бәрімізге аян бір жайт: «Адам біткен өмірдің аз
күн қонағы». Өмір мен өлімнің мәнін терең сезінген Шәкәрім
ақын өзінің қалдырған қоштасуын «Кешу сөз» деп атаған.
Сәлем де барша ауылыма,
Жеңгем мен кәрі бауырыма.
Балаға шейін қарғадай,
Айтқанмын, өлсем жылама деп,
Туған жан өлмей тұра ма деп.
Жер қояр кімді жалмамай?! —
дейді Шәкәрім.
Ақынның ойы айқын. «Кешу» сөзге де, қоштасуға да жатады.
322
Өсиет
323
Қазақстан бүгінде дербес мемлекет. Осы еркіндікті баянды
ету үшін қайтпек керек?!
Ақ жүрек пен таза ақыл,
Қылсаң адал еңбек,
Бәрінен де сол мақұл,
Артқыға жол бермек.
Арсыздардың арам ойы
Түкке тұрмай жойылып,
Аяғында ақиқатты
Бұл үшеуі жеңбек.
Шәкәрім ақын ағасы Абайдың ойын әрі қарай дамытады.
Жаңалығы бар ма? Тың шешімге барды ма? Барды, әрине.
Әйтпесе, Шәкәрім бола ма?! «Адамның таппасы жоқ» дейді
ақын. Ол қандай ниеттегі адам болуға тиіс? Айнымайтын ақ
жүрек. Ақылы сарабдал. Жан дүниесі кіршіксіз.
Шәкәрім, әдетте, қатқыл сөзден қашады. Жұмсақ тіркес-
терді көп қолданады. Онысы - адам жұмсақтығынан ғана опа
табады дегені. Шәкәрімнің қоштасу өлеңдері кілең өнегелі
сөзге бай болып келеді.
Басқа да сөзге ұста, өлеңге шебер жыраулар мен данагөй-
лер қалай қайырған кешу сөзді?! Толып жатыр. Мәндісі де,
мәнсізі де бар. Қазақ ауыз әдебиетінің алыптарының бірі, зар-
заман әдебиетінің жарқын өкілі Шортанбай жыраудың қошта-
суы да «көңілге түрлі ой салады»:
Қалықтаған сұңқар ем,
Қанатым сынды ұша алмай.
Қиядан қуға түсе алмай.
Нәпсім қарар таптың ба,
Дүниеге тоймайтын.
Бір шыны шай іше алмай.
Жалғаннан дәмім таусылды,
Жарылқа құдай артымды...
Кейінгі туған балаларға деп: «Ендігі туған балалар, Атаң-
ның сөзін бұзбаңдар» деп өсиет айтады. Үлкендерге арнап:
Қадірің кетер еліңе,
Қарауыл қой сөзіңе.
Қанша нәрсе өреді,
Өлгеннен соң өзіңе, -
деп ақыл-кеңес береді. Болашақтың сұрқын болжағандай
уайым жейді:
324
...Атаның тілін ұл алмас,
Ананың тілін қыз алмас.
Айта беріп қайтейін,
Өлінің тілін тірі алмас.
Жақыннан шыққан жақсыны,
Ағайын-жұрты көре алмас.
Заманақыр белгісі -
Бірге туғаң бауырың,
Тату да болып жүре алмас.
Осы жолдар талдауды қажетсінбейді. Бүгінгінің амалын
дөп басып тұр. Ақын өзі өмір сүрген кезендегі қоғамдық
үрдістің ауысуынан туындап жатқан келеңсіздікті көріп, соған
іш жияды. Табиғаттың өзіндей таза, еркін де бейбіт халықтың
сәбилік санасы бұзылатынын дөп басқан.
Саудагермен ілесіп қызылды-жасылды дүние келеді. Дүни-
еге тоймайтын ашкөздік өршиді. Жырау соның шет жағасын
көрді. Көрді де, күңіреністі гөй-гөйге басты. Дүние - адамдар-
дың арасын ашатын, азғырынды әзәзіл екенін діни сауаты мол
исламшыл ақын жақсы білді. Бүгінгі амал - соған жақын.
Қоштасу үлгілері әдебиетте көп кездеседі. Әсет ақынның,
Біржан салдың соңғы сөздері қоштасуға да, өсиетке де келеді.
Қарасу есік алды ылайланды,
Бай болмақ, кедей болмақ құдайдан-ды.
Қамзолдай келте пішкен дөңгеленіп,
Дүние өтерінде шыр айналды, -
деп үш жүзді әнімен тамсандырған Біржан сал да ақтық сөзін,
қоштасуын пәлсапамен тәмамдаған.
Әсет Найманбаевтың кешу сөзі де мән-мағынаға толы,
көркемдік құндылығы жоғары:
Ел-жұртым, аға-інім көңіл қосым,
Бәрі бір мейлі дұшпан, мейлі досым.
Артымда тірі қалған үлкен-кіші,
Бәріңе ақтық рет айтқан қошым, —
деп қоштасуды кешу алысумен тұжырымдайды.
Тіршілікте ет жүректі пенде алыспай-жұлыспай жүре ал-
майды. Ақын өлім сағаты соққанда дұшпанына да кешіріммен
қарағанды жөн санаған.
Билер мен шешендердін өсиеті зарлы келеді. Қазақтың
шешендік өнерінде өзіндік орны бар тарақты Тұяқ шешен
өлеңге де шебер болыпты. Тұяқ шешеннің Айбала қызбен ай-
тысы сақталған.
325
Туяқ:
Дегенде шөңге деймін, шөңге деймін,
Көнбейсің Айбала қыз жөнге деймін.
Болғанда тісің бүртік, ернің шүртік,
Демігіп тоқтамайсың сөзге деймін.
Шіркін-ай, Айбала қыз бұласың-ау,
Сен-дағы бір күңдері тынасың-ау.
Болғанмен тісің - маржан, қабағың - қыс,
Ұрысқақ қатын болып шығасың-ау.
Достарыңызбен бөлісу: |