Қоштасудың түрі көп. Ұзатылған қыз төркін жұртымен
қоштасады. Майданға аттанған боздақ ел-жұртымен қоштасады.
Жат елге қоныс аударғандар ауыл-аймағымен қоштасады. Бәрі
де ұрпақ тәрбиесіне жұғысты, мағыналы болып келеді. Жүректі
жұмсартуға септеседі. Ажалға бет бұрған жанның қоштасуы,
әрине, аса аянышты да азалы. Шәкәрімнің «Қош, жұртым» атты
өлеңі де қоштасудың ең бір мазмұнды үлгісіне жатады:
Шарлайсың ойым, шарлайсың,
Алыста нені барлайсың.
Таяу тұр ажал алдыңда,
Сарынға салып сарнайсың.
Мақсұтың не ендігі?!
Қоштасу сөз — үгітілме мұңға, зар-налаға толы болса,
кейінгі буынға тиетін әсері солғындау соғады. Тәрбиелік мәні
кемшін тартады. Соны жақсы білген ақын арттағылармен қош-
таса отырып, халқының бойына біткен кемшілікті де есіне са-
лады. «Арман емес өлгенім, кейітер істің кемдігі» деп арттағы-
ларға алаңдайды. Ол нендей кемдік еді?
... Қазақтың жайнар даласы,
Жетілер оқып баласы.
Шошынтады мені сол —
Олардың күндес, таласы.
Дағдысы сіңген бойына.
Ақын ілгеріден үміт күтеді. Сол себептен кейінгі ұрпаққа
арнайды қоштасуын. «Тастандар күндес, мақтанын, көрген соң
таңның атқанын» деп адасқан халқын жаңа заманға бой ұсынуга
шақырады. Таусылып, құрып кетпеу үшін «Нұр құйып елдің ой-
ына, Баста адал жолға елді» деп билікте жүргендерге ой салады.
Мен кетемін, келеді,
Тағы өмірге мендей.
Олар мінін көреді,
Қисық жерін жөндей.
Бара-бара айқындалып ақтық істің анығы,
Адасқанмен ақиқатқа қоймақ емес сенбей...
Құран сөзіндей адал сөз ақынның айтып отырғаны. «Жал-
пы адамзат адасуда» делінген Құранда. Мақсат біреу —
ақиқатқа көз жеткізу. Ақын аңсап кеткен ақиқатқа қол
жеткіздік. Тәуелсіз еркін ел болдық.
Достарыңызбен бөлісу: