Тосын қаза
Үлкендерден ұққан сөз: «Қонақ болжаусыз, өлім болжау-
сыз». Төрелеп келсе, оған шүкір дейсің. Төтендеп келген ажал-
ға не шара?! Осы еңбекті аяқтап, компьютерге теріп жатқанда,
суық хабар жетті. Алаштың ардақтысы, қазақ сөз өнерінің ма-
рғасқасы, ұлт жоқшысы, бірегей тұлға, айтулы ғалым Ақселеу
Сланұлы опасыз жалғаннан жүз бұрған. Ой қуаты мен бой
қуатын тең ұстаған біртуар азамат бақиға сапарлап кете барды.
Халық Алаштың арда күреңі Ақселеуін ұмытпайды.
Топшысынан қайрылып,
Торға түсті қыраным.
Әділет үшін айқастың,
Жүйткіп алға пырағың.
Тағдырға қарсы кім келер,
Шыңырауға құладың.
Еңсем түсіп егіліп,
Жоқтап сені жыладым.
Мінәжат етіп Аллаға,
Иманын бер деп сұрадым.
Алаш үшін тер төктің,
Ғасыл болып мұрадың.
Текті туған ер едің,
Жәннатта болғай тұрағың.
Ақселеуі қазақтың,
Сынығы едің тазаның.
Алаш - сенің тағдырың,
Алладан соңғы азаның.
Азаттық үшін айқасып,
Тарттың соның азабын.
Сендей жақсы адамға,
329
Оғы тиді қазаның.
Қайда ұштың, ақсұңқар,
Қалай іздеп табамын?!
Қамын ойлап ерте-кеш,
Халқыңменен санастың.
Үлгі тұтып өзіңе,
Жақсыменен жанастың.
Адал едің достыққа,
Сенген соң сыр аштың.
Арыстандай айбар боп,
Намысын жырттың Алаштың.
Арманын көптің ойлаған,
Ақылмен терең бойлаған.
Қалдырып бәрін солардың,
Қалайша сен қыр астың?!
Көңіл айтам қазаққа,
Бәйтерегің құлады.
Аза тұтып қалың ел,
Көздің жасын бұлады.
Көңіл айтам жарыңа,
Шүкіршілік ет, жасыма.
Сағынарсың зарыға,
Амандық берсін басыңа.
Көңіл айтам бәріңе,
Жасың менен кәріңе.
Орында бар оңалар,
Тәуба делік тәңірге.
Достарыңызбен бөлісу: |