Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет65/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   77
Айбала: 
Баласы Құмалақтың Тұяқ шешен, 
Барасың қияға өрлеп ұят десем. 
Әншейін сіңбірік боз екенсің-ау, 
Мен сені шөп асылы қияқ десем. 
Ер жігіт жер шолады аты барда, 
Көз салғыш кей есерлер шашы барға. 
Қыздардан шеккі көрген жерің болса, 
Қу бас өт бұл өмірден, қатын алма. 
Туяқ: 
Бірі деп ойлаушы едім арлы жастың, 
Әлден-ақ үйде отырып салғыластың. 
Сүйреңдеу сөзің ұшпа бейпілсің-ау, 
Жайың жоқ қатын болып оңдыратын. 
Айбада Арғынның  Қуандығынан тарайтын Кендірбай 
қалпенің  қызы екен. Тұяқтан жеңілген  қыз бұдан кейін өлең 
айтпай кетіпті.  Ұзатылып бара жатқанда «ақындығымды 
Тұяққа  қалдырдым» десе керек. Жас пері Тұяқ та «Айбаладан 
қалған өлең кімге опа берер дейсің?!» деп ақындықтан алыстай 
бастапты. 
Қара сөзге жүйріктігімен ел есінде  қалған Тұяқ шешен за-
манында Ақмола дуанын аузына  қаратып, тарақтылардың 
көшін бастаған. Шежірелік деректерде Тұяқ шешен тарақты-
ның  қыдыр бұтағына жатады.  Қыдырдан  Қаржау батыр, одан 
Есенкелді, одан Сүтемген, Меңілбай туады. Меңілбайдан же-
теу туған. Жетеудің кенжесі  Қарабатырдан - Бостан... одан 
Құмалақ туады.  Құмалақ — Тұяқтың әкесі. Тілеп деген ағасы 
болған. Сасық ырысты бай болған Шежірелік деректерде Най-
мантай мен Меңілбай бір туған деп келеді. Наймантай атақты 
Байғозы батырдың әкесі. 
326 
Меңілбайдан тілмар шешендер, өнерлі жандар көп шық-
қан. Үлкендерден  қалған бір сөз бар: «Меңілбай түс көріпті. 
Түсінде ақ түйелі әулие: «Көген аласың ба, өлең аласың ба?» — 
дегенде, Меңілбай: «Өлең алам!» - деген екен. Осы аңызға 
орай, бұл атадан билер мен шешендер көп шыққан. 
Ағайындар осы ата балаларын «Есер Меңілбай» деп 
мінейді. Керісінше, Наймантай  ұрпақтары: «Нар баласы ба-
қырмас болар», - дегенді  ұстанып, билік пен бектікке  қарай 
ойысқан. Ақмола үйезіне  қарайтын тарақтыларды кезінде Бай-
ғозы балалары билеген. Батырдың үлкен  ұлы Босмойыннан ту-
ғандар билік тізгінін  ұстаған. Босмойынның үлкен баласы 
Құлжан Кенесары  қолына  қосылып, Ақтау дуанын алу үшін 
болған үлкен шайқаста оққа  ұшқан.  Құлжаннан жалғыз Жәу-
ен  қалған. Жәуен де өз заманында билікке араласқан. Ол кісі 
атақты  қаз дауысты  Қазыбек биге жиен болып келеді екен. 
Жәуеннен кейін билік тізгінін Тұяқ шешен алыпты. Жікшіл 
топ Жәуеннің балаларын Тұяққа  қарсы айдап салған.  Қараке-
сек пен  Қуандықтың жапсарында өткен бір үлкен аста 
Жәуеннің Жәзібегі Тұяққа  қол көтереді. Осы шекісуден кейін 
екі атаның арасында рулық тартыс белең алады. Жәзібек 
билікке араласады. Ол кісі алды  қатты, бір беткей, томырық 
адам болыпты. Билік айтқанда дауға  ұластырмай, кесіп 
сөйлейгін болған. Жәзібектен де сөз  қалған. 
Бұл деректі келтіруімде мәніс бар. Кезінде ауыз әдебиетіне 
қызығушылық танытып жүргенімде өз әкемнен,  қарттардан, 
жапсарлас тоқа руының сөз білетін көнекөз  қарияларынан 
Тұяқ шешеннің толғауын хатқа түсіріп алған едім (Әкемнің 
«ағайын арасын ашады» деген сөзіне тоқтап, жарияламай 
келгенмін). Соның бірер шумағын оқырман назарына  ұсын-
ғанды жөн көрдім: 
Бұлбұлы едім тоғайдың, 
Мезгілсіз тілім  қырқылды. 
Аз дәулетке жұбанып, 
Ойламай өттім  құлқынды, -
деп келеді Тұяқ шешеннің  қоштасуы. Бізге соның жұқанасы 
ғана жеткен. 
Шөп ішінде  қияқпын, 
Жарықта әлсіз шырақпын. 
Тас қайнардың суындай, 
Бастауы едім бұлақтың. 
Ажал - жазу маңдайға, 
Алар дейсің сұрап кім?! 
327 


Арттағы қалған еліме, 
Қызылтас,  Қойтас жеріме. 
Сандал кермен шарлаған, 
Сарыарқа сайын беліне. 
Дұғай сәлем айтыңдар, 
Кешегі Тұяқ еді деп, 
Есіркеңдер мені де. 
Аз ғана ауыл тарақты, 
Қадірімді білмедің. 
Тасбақаша бытырап, 
Ұжымдасып жүрмедің. 
«Кекешіңе» сабаттың, 
Осы ма еді білгенің?! 
Опасыз пәни жалғанға, 
Кімдер келіп кетпеген?! 
Кекірден шыққан ку мойын, 
Қандасын шаптап ептеген. 
Жақсы айғырдың баласы, 
Өз баласын теппеген. 
Болар бала байыпты, 
Ой мәнісін екшеген. 
Өсиетім кейінге, 
Сөз қалдырдым ептеген 
Дәулетті деп сараңнан, 
Сый-сыбаға дәметпе. 
Опасызға сыр ашсаң, 
Қаларсың бір күн әлекке. 
Жау  қашырып жарытпас, 
Сүйегі жасық бозөкпе. 
Дауға түсіп оңдырмас, 
Бәтуасыз желөкпе. 
Жалқауға құдық қаздырма, 
Тереңнен су шығармас. 
Наданға сөзді қор қылма, 
Ақылмен танып ұға алмас. 
Есіл сөзім желге ұшты-ау, 
Жұртта қалды шын алмас. 
Тағдырдың батпан салмағы-ай, 
Өксумен өткен жалған-ай! 
Батпайды деп ойлама, 
Толықсыған толған ай. 
Баршамыз кетер жол біреу, 
328 
Ажалға себеп әрқалай. 
Керек кезде жаратқан, 
Ала берер талғамай. 
Жазбамыз кілең жыр-толғаумен өрілсе, оған кешіріммен 
қараңыз. Бүгінгілер көшелі сөзді мәністеуді  ұмытқан десек, 
онда  құдайға күпір болғанымыз. Сөзі өлген халықтың өзі де 
өледі. Шүкір дейміз, алда жарқын заман бар. Өмір бір орында 
тұрмақшы емес. Десек те, әр жан иесінің талқаны таусылар 
шақта кейінгіге  қалдыратын өсиеті (кешу сөзі) болғанына не 
жетсін! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет