Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет60/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   77
Байланысты:
Tuqyr

Үш арсыз 
Біреу  қайғыға батып жатқанда, екінші біреу күліп отыра-
ды. Соғыста жауынгерлер әбден  қалжыраған кезде  ұйқыдан 
басқаны тілемейді екен. Сәл тыныста тұрған жерлерінде 
құлай-құлай кетіп, бірден  ұйықтап кететін көрінеді.  Қу 
құлқын бәрінен өткен  қажеттілік. Үрей — адамның асқынған 
сезімі. Шыбын жанға  қатер төнген сәтте пайда болатын ауыт-
қушылық. Судың тасуы, селдің басуы, өрттің өршуі, жер 
сілкінісі, мұның кез келгеніне төтеп беру оңай емес. Үрейдің 
ең жойқыны - аштық. Аштық, бірінші кезекте, бойдағы  қуат-
ты азайтады, ақылдан ада етеді. Күш-қуаты мен ақылынан 
ажыраған адам бос қауақ тәрізді. Ажал қармағына тез ілінеді. 
300 
Күлкі - ет пен сүйектен тұратын кез келген адамға тән 
қасиет.  Қайғы-қасіретке берілмеудің,  қиындықты елемеудің 
амалы болып табылады. Күлген сәтте адамның ойы сергіп, 
бойы жеңілдеп қалады. Көңілің көтеріліп, денсаулығың жақса-
рады. Ал осы күлкіңіздің өзі барып тұрған арсыз. Жақыны 
өліп, жер бауырлап жатқан  қаралы адам жылап отырып, күле 
салуы әбден мүмкін. Оны өзі де сезбей  қалады. Демек, күлкі 
қажеттілік екен. Ауа жұтпасаң тұншығасың, ас ішпесең ашы-
ғасың. Сонымен, үш арсыз -  ұйқы, күлкі, тамақ болғаны ма? 
Бұл үш арсыз ет жүректі пенде өмір сүре алмайды. Жер басып 
жүруі екіталай. Соның ішінде күлкі рухани  қажеттілікке жата-
ды. Халық педагогикасы күлкінің тәрбиелік жағына ерекше 
мән берген. Күлкі дегеніміздің өзі адамның мінезінің бір 
көрінісі. Күлкінің де мәндісі мен мәнсізі бар.  Қазақтың  қара 
өлеңінде: 
Жігітке өлең де өнер, өнер де өнер, 
Жүйрік ат өрге шапса өршеленер. 
Барында оралыңның (жағдайыңның) ойна да күл, 
Шамшырақ мың күн сөнбей, бір күн сөнер, — 
деп келетін жолдар бар. Басы жұмыр пенденің ғұмырының 
мәні — торқалы той мен топырақты өлім екендігі мәлім. Бұл 
екі міндеттен өзгесі әншейін көңіл желігі ғана. Торқалы той 
ойын-сауықпен ажарланады. Күлкімен көмкеріліп, шаттыққа 
ұласады. Шаттықтың шашуы - күлкі. Ата-бабадарымыз 
бүлдіріп сөйлегенді жек көрген. Сөзі бұзықты «қанжырық» деп 
жағымсыз атаған. Күлдіріп сөйлейтінді «ақкөңіл», «ақжарқын» 
деп іш тартқан. 
Күлкінің бастау көзі - орынды әзіл-қалжың. «Әзілің жа-
расса, атаңмен ойна» деген нақыл содан  қалған. Күлкінің де 
түр-түрі бар. Күлкі орынды жерде жарасымды. Надандықтан, 
ойсыздықтан туындап жатса, жыртақайлық болып табылады. 
«Басында ми жоқ, өзінде ой жоқ, Күлкішіл кердең наданның» 
дегенде Абай нені меңзейді? Абайша айтқанда, бос дырдуға 
үйірлер ойсыз, надан келеді екен. Күлкіге үйірсектік мінездің 
ауытқуына, соңы аярлыққа, алдамшы  құбылуға апарып соғуы 
кәдік. Ішінің арамдығын күлкімен бүркемелеп, залымдығы мен 
зымияндығын байқатпауға тырысатын көлгірлердің күлкісі 
«арам күлкі» делінеді. 
Күлкі де бір сарын ғой, 
Кекесіннің  ұшқыны. 
Күлкі де бір залым ғой, 
Мертіктірер мықтыны. 
301 


Осы жолдар еріксіз іш жадырады. Демек, кулкіде мағына 
болғаны. Адам ішкі түйсігін, басқаларға деген көзқарасын, 
жан түбінде жатқан пиғыл-ниетін күлкімен аңғартады екен. 
Күлкіден кісінің мінезі байқалады; мінездің айнасы іспетті. 
Мінезді күлкі соған жатады. Уытты күлкі - ішкі бұлқыныстан 
туындағанда кекесіннің  ұшқынына айналып, мықтымсыған 
кекірдің өзін «мертіктіре» салады. 
Кайғылының күлкісі - Түтініндей көмірдің, 
Ақкөңілдің күлкісі - Ақ маржаны көңілдің. 
Ақымақтың күлкісі - Ойбайындай баланың, 
Адал жанның күлкісі - Татыр соған бар әнің! 
Адам  қанша болса, күлкі де соншалықты түрленетіні осы-
дан байқалады. Ақкөңіл жан ойсыздау бейбіт күлсе де, ақжар-
ма адал ниетінен хабар бергені. Ақымақ дарақылықпен даңға-
заланады; ойсыз жыртақай күлкінің шақпағын тұтатады. 
Ақылды күлгенде де ойшылдықтан жаңылмайды.  Құлаққа ән 
әуеніндей жағымды тиеді. 
Халық -  ұлы  ұстаз. Күлкінің денсаулыққа пайдалы екенін, 
көңілді демдейтін адамшылық қасиет екенін жақсы білген. Жүзі 
жылы адамдарды ақ пейіл, ақжарқын деп іш тартып, жақсылар-
дың санатына  қосқан. Жыртақайлық жеңіл жүректілікке жата-
ды. Жүрегі жеңілдер ойсыз далаң келеді. Не болса соған күле 
салу мінездің тайыздығына жатады. Орынсыз күлкішілдік ер-
кекке жараса  қоймайды. Ерсілікке басқан күлегешті  қариялар: 
«Жігіт адам қатынша күлмес болар», — деп тыйып тастар еді. 
Халық бос сөзге үйірлерді «бәтуасыз мылжың» деп 
қыжыртса, орынсыз жыртақайлықты ерсілік деп білген.  Қара-
лы  қазада, әйтпесе, түрлі-түрлі келеңсіз жағдайда  қисынсыз 
күлгендерге: «Күлкің көмір болсын!» - деп зекіп тастағанын 
сан көрдік. Күлкінің де реті бар. Өтірік күлетіндер жағымпаз-
дардың тобына жатады. Нағыз табиғи күлкі судың сыңғырын-
дай,  құрақтың сыбдырындай  құлаққа жағымды естіледі. Адал 
күлкі ән әуеніндей естіледі. Біреулер жырқ-жырқ, әйтпесе, 
тырқ-тырқ күліп, ерсілікке  ұрынып  қалады. Ондай күлегештер 
өз ойынан хабар беріп, ішкі пиғылын білдіріп алады. Бейбіт те 
жарасымды күлкі жанға жайлы келеді, әндей әуезділігімен 
көңіліңді желпіп, жүрегіңе жұмсақ тиеді. Әйел затына күлкі 
жарасады. Дегенмен, әсте-әсте. «Кеп күлген к...ң соры» деген 
тыйым ауыздан тегіндікпен шықпаған. 
Өз мінезіңді жөнге салудың бір  ұштығы күлкіде жатыр. 
Орнымен күле білген де, бүгінгі тілмен айтқанда, мәдениет-
тіліктің белгісі болып табылады. 
302 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет