Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст



Pdf көрінісі
бет59/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   130
КMләш ӘМIРЕЫЗЫ: 
(өз 'олымен жазып жіберген 'ыс'аша өмір жолы).
Әйгілі әнші әкеміз - Әміре Қашаубайұлы Париж сапарынан 
оралғаннан кейін бір жылдан соң, яғни 1926 жылдың 
маусым айында дүниеге келіппін. Әке қызығын, оның 
аталық мейірімін өз қара басым шала-шарпы көріп қалдым.
1934 жылы әкеміз Әміре қайтыс болғанда мен әлі мектепке 
де бармаған екенмін. Анамыз Оразке де денсаулығы нашар, 
менен 3-4 жас үлкен апам Күлән да әлі жас, тек әкеміздің 
аруағын құрметтеп жәрдем көрсетумен болған үкімет 
орындары, әкеміздің көзін көрген бірі серік, бірі шәкірті 
болған, жолдас-жорандарының арқасында жетілдік, ел 
қатарында болдық.
Бала да болсам есімде, әкемнің әріптестері, қазір 
барлығы дерлік марқұм болып кетті ғой, Жұмат Шанин, 
Иса Байзақов, Қалләки (Қалыбек Қуанышбаев), әлем 
чемпионы Қажымұқан, Серке, Жүсіпбек, Манарбек ағайлар 
бірде кезек келіп, кейде бәрі бір топ боп келіп, бізге ештеңені 
уайымдатпай, жүдетпей көңілімізді көтеріп кетуші еді...
Мектеп қабырғасынан білім алып, өмірге жаңа қанат қаға 
бастаған шақта ауыр жылдарға кездестік. Ұлы Отан соғысы 
басталып кетті. Әке жолын қуғандық па, өнер жолына деген
біраз дарындылық болды ма, ақыры 1943 жылы апам Күлән 
екеуіміз белгілі композитор, өнер қайраткері Бақытжан 
Байқадамов басқарған Қазақтың мемлекеттік филармониясы 
жанындағы ән-би ансамбліне әншілікке қабылданып, 17 
жасымда әртіс боп кеттім. 
1954 жылдың жазында Қазақтың мемлекеттік 


230
хор капелласы ұйымдасты. Осыған байланысты мен 
филармонияда жеке ән орындаушы ретінде қалдырылдым.
Өнердегі қиын кезеңім енді басталды. 10 жыл ұдайы 50 – 60
кісі қатынасатын хор ұжымында жұмыс істеген маған, енді 
сырнайға қосылып, халық алдында жеке шығып, ән салуға 
тура келді. Алғашқы әншілік сапарым Қазақ ССР-ның 
еңбек сіңірген әртісі, әнші, термеші Әли Құрманов басқарған 
бригада құрамында болды. Осы сапар менің жеке басымның 
да келешегіне үлкен әсерін тигізді. Әли ағайдың ұстаздығы 
үстіне, сол бригадаға жаңа келіп орналасқан қостанайлық 
жігіт, ысылып қалған эстрадалық әртіс, көркем сөз оқушы, 
музыкадан көп хабары бар Сейтім Жақыповпен кездестім.
Бұл кісі маған жеке ән орындаудың әрқилы ерекшеліктерін 
айта отырып, тіпті сахнаға келіп-кетудің өзінде көп мағына 
барын алғаш рет санама жеткізді.
Кейін, 1956 жылы Қостанай филармониясына ауысқанда 
да осы өмірлік жолдасым боп кеткен Сейтімнің сахналық 
тәжірибесі көп, сүйенетін тірек боп кетті.
Алматы филармониясында қызмет істеп жүрген шақта 
Қазақ ССР халық әртісі Манарбек Ержановтың бригадасына 
біраз уақыт мүше болдым. Әкем тәрбиелеген белгілі әнші 
енді 20 жыл өткенде маған ұстаз болып, ағалық, тіпті әкелік 
қамқорлығына алып, ертіп жүріп, ел танытты, жер көрсетті.
Манарбек ағайдың менің әншілік өсуіме тигізген көмегі өз 
алдына бір төбе. Ешқашан ұмытпаймын. 
Қостанай филармониясында 10 жылдай қызмет еткен 
кезімде бұрын көрмеген, таныспаған аймақтарда болып, 
байтақ Республикамыздың бүкіл облыс, аудан, ауылдарын 
араладым. Қайда жүрсек те ата даңқын аздырмай, халыққа 
шын жүректен қызмет етіп, құрметіне бөлендік. Біраз 
жыл құрамында болып, ән шырқаған, ыстық-суығын 
бір көрген Қазақ эстрадалық ансамблі қазір де Қостанай 
филармониясының «Ақ бидай» атты ұжымы болып, елге 
өнер көрсетуде. Біздің орнымызды басқан, салтымызды 
жалғастырған жастарға зор абырой, ақ жол тілеймін.
останай 'аласы, 1980 жыл.
Әмірені лкен әкесі Жанайдан туан Темірбай, 
ашаубай, Есенбай, Тергеубай, Исабек атты бес аайынды 
ой. Осыларды Исабегінен туан Нымет 'ариямен де хат 


231
алысып транымды айта кетейін. 1975 жылы 15 а'панда 
жазан бір хатында ол:
...Әмiре аға туралы айталық:
Бiздiң руымыз Тарақты, оның iшiнде Алагөз – Шәку деген 
атаданбыз. Арғы атамыз Жанай деген кiсi екен. Жанайдан 5 
ұл туыпты. Олар: Темiрбай, Қашаубай, Есенбай, Тергеубай, 
Исабек деген бес ағайынды ұл. Тергеубай, Есенбай, 
Темiрбайлардан ұрпақ жоқ. Қашаубайдан қалған Әмiре едi, 
ол өлдi. Ал, Әмiреден қалған ұрпақ жалғыз қызы – Күләш.
Исабектен – мен және менiң туған қарындасым Мақып. 
Әмiре ағай менен 10 жастай үлкен болмаса кем емес едi. Ол 
кiсiнiң әкесi Қашаубай атамыз ерте күнде өлсе керек. Әкесi 
өлген соң, Әміре аға менің әкем Исабектің тәрбиесінде болып 
өскен. Әміреге Тарақты ішінде Бөкей табынан Сәрсен деген 
кісінің қызын әперді. Совет өкіметі орнардан бірнеше жыл 
бұрын ол әйелі қайтыс болды. Содан өз қалауы бойынша 
Тобықты Ермағамбет дегеннің қызы Оразке деген әйелді 
алды… Қашаубайдан бір ұл бір қыз қалған. Әміре атамыздың 
бірге туған апасы Бәтима, Әміре екеуі де әкесі өлген соң біздің 
әкейдің тәлім-тәрбиесінде болып өскен жандар. Бәтима 
Олжай деген кісіде тұрмыста еді, ол кісілер қазір жоқ, қайтыс 
болған. Олардан ұрпақ жоқ.
Әмiренiң де, менiң де әкемiз Жаңа Семейде жерлендi. 
Қазiр ол кiсiлердiң жерленген жерiндегi қабiрi үстiне үйлер, 
монша салынып кеткен. Бұрынғы уақытта Семейде ән-күй 
сахнасы, театр болған жоқ-ты, бiрақта Семей қаласындағы 
Ертiстiң аржақ, бергi жағында Әмiресiз жиын-той өткен жоқ.
Жасы 90-ға тақаған Мәдиан дейтiн ақсақал бар. Қашаубай 
атаның Семейге қай жылы келгенiн сұрағанымда, ол қария:
«Қашаубайдың кедейлiгi әлемге белгiлi. Семейге тiптi 
ертеде, салт кезiнде түсiп кеткен. Әмiренiң шешесiмен Жаңа
Семейде үйленген», – дедi.
Бертiн келе Кеңес үкiметi келген соң ойын-сауыққа 
қатысқанындағы жарнама, газет жүзiндегi фотосуреттердi 
көрiп жүрсек те, кейiн керек болады деп сақтамадық 
Әміре ағайдың мінезі салмақты, орта бойлы, маңдайы 
қасқа, қалжыңды жақсы сүйіп тыңдайтын ақ-сары 
жігіт болатын, – деп Нығмет ақсақал айта қалғандай тың 
мағлұматтарды жеткізіп тұрды.


232
Бала кезінен Әміренің жанында жүріп, шәкірті болған, 
1972 жылы «Ән атасы Әміре» атты кітап жазған Мұқатай 
Тоқжігітовтың ақыл, кеңес айтып жазған хаттарының да
Әміре шығармашылығын зерттей түсуіме септігі тиді.
* * *
Әміре атамызды кйеу баласы (Кләш Әміре'ызыны 
жолдасы) Сейтім Жа'ыпов та сол бір 'ызы'ты кезедерден 
тыс 'алмай, збей хабарласып трды. Оны «Әміре» кітабы 
жары' көріп, останай жеріне алаш тараланы жөніндегі 
толаныс хатын толыымен беруді жөн санады'. 
Қымбатты Жарқын!
...Ардақты атамыз туралы жазған еңбегің бүгін ғана 
қолыма тиді. Жуықта бұл жаққа да жеткізіп түсірген екен. Өз 
көңілім өте риза болдым. Ахмет Жұбанов ағамыздан кейінгі 
Әміренің атын халықтық деңгейге жеткізе таныстырып 
отырған, қалқам Жарқын, әйтеуір сенсің. Бар өкініші сол, 
әттең, тәтең өз көзімен көре алмай арманда кетті-ау!
Осындағы қазақ атаулы түгел жұмылып барып, аудан 
орталығындағы барлық түскен даналарын тегіс алып келсе 
де, көбіне жетпей де қалды. Қостанайға баратын кісілерге 
тапсырыс беріп жөнелтіп жатыр. Таралымы неге өте аз болды 
екен? 
Осы хат қолыңа тисе, маған дереу хат жазсаң деп едім.
Басқа да айтар жайлар бар еді. 
Әзірге хош!
Сағынышты сәлеммен ағаң Сейтім, 26 тамыз, 1978 жыл.
* * *
Іздену ұзағынан сүйіндірді. Басқа кітаптарымды 
былай қойғанда, Әміре атам жайлы ғана бес кітаптың, бір 
телепьесаның және әндері жазылған күйтабағының авторы 
болдым. Алайда қазақ атын айдай әлемге танытқан Әміре 
рухын жеріне жеткізе толығымен айшықтадым деп мен де, 
басқа да, сірә, айта алмаспыз. Ғылымның түбі шексіз. Оған 
адам баласы жетпеген. Анық белгілісі әрбір көш керуен 
ұрпағы ғылымның даңғыл жолын, оның түпсіз тереңдігін 
өзінше саралап өтеді. Ол – анау Аристотельден, Сократтан, 
Геродоттан, Фарабиден, Абайдан келе жатқан философиялық 
заңдылық. 
Ақ патша заманы Әмірені тудырды. Кеңес заманы оны


233
өсірді де, өшірді де. Ал, қазіргі заман ұрпағы Әміре рухын 
қайта көтеру үстінде. Неге десеңіз Әміре белгілі бір қоғам 
өнерінің өшпес көшбасшысы болды. Ол біреулерге ұнамаса, 
олар да көш керуенде өтеді. Ал, інжу-маржандай кіршіксіз 
таза дәстүрлі өнерін келер ұрпақ електен өткізіп, алтынның 
мөлдірлігіндей тазалап алады. Сөйтіп, әр заманның өз талқы-
талайын танимыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет