ТАРИХИ ШЫНДЫҚТЫҢ КӨРКЕМ ШЫНДЫҚҚА
АЙНАЛУЫ
«Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесінің алғашқы иде-
ясы Сəкеннің «Ғабдолда тірі екен» деген мақаласынан
(1920) бастау алып, «Октябрь төнкерісінің құрбандары»
(қа раша, 1922) деген мақаласымен жалғасады. Күншығыс-
та партизандар қатарында болған Абдолла Асылбековты,
төңкеріс кезінде құрбан болған Шəймерден Əлжанұлы,
Бəкен Серікбайұлы, Ысқақ Көбекұлы, Əділбек Майкөт -
ұ лы, Нұрғайын Бекмұхамедұлы, Хəкім Маназарұлы, Нұр-
ға ли Құлжанұлы, Аманкелді Иманұлы, тағы басқаларды
атай келіп, Бəкен Серікбайұлының Колчак түрмесінде хал
үстінде жатып, Сəкенге «біз өлсек те сен тірі қалсаң жақсы
болар еді. Сен газетке, кітапқа жазып, біздің не үшін, кім
үшін өлгенімізді айтар едің»
1
дегені есіме түске ні жəне
«Ардақты, естен кетпес жолдастар! Сендер өздерің өл-
сең дер де қасиетті есімдерің өлмес! Қасиетті тілек терің
өлмес! Топырағың жеңіл болсын бауырларым!.. Ендігі
тірі жүрген жолдастардың міндеті – осы айтылған шаһит-
тердің есімдерін ұмытылмайтын қылу. Ол үшін Қазақ-
станда кейбір школға, мектеп, медресселерге, оқуха на ларға,
көшелерге осы айтылған ерлердің есімдерін қою керек.
Бұған күллі Қазақстандағы жолдастар кірісу керек. Сөйт-
сек біздің мойынымыздағы борыш, жолдастық ақы ақта-
лады»
2
деп жазған жəне оны орындауға белсене кірі сіп,
1923-26 жылдары «Қызыл Қазақстан» журналының бір-
не ше сандарында «Тар жол, тайғақ кешудің» үзінділерін
жариялады. Бұл қолға қару орнына қалам ұстауға мүмкін-
дік туғанда орындала бастаған алғашқы азаматтық парыз
еді.
1
С. Сейфуллин. Шығармалар, 1962, 4-том, 204-бет.
2
Бұл да сонда, 1963, 5-том, 298-бет.
199
Сонымен қатар роман-эсседе суреттелген өмір көрі-
ністерін ескерер болсақ, онда 1917 жылы жазып, 1918 жы-
лы мамырда Ақмола жастарының сахнасына шығарған
«Бақыт жолына» пьесасының оқиғасы 1916 жылғы патша
жарлығына байланысты қазақ даласында болған зорлық-
зомбылықты əшкерелейтінін, ал 1920 жылы жазып, 1922
жылы кітап етіп шығарған «Қызыл сұңқарлар» драмасы
ның негізгі сюжеті контрреволюциялық төңкерісте қол-
ға түскен совдепшілдердің, жаңа дəуір қаһармандарының
абақтыда отырып халықтың келешегі туралы ойлаған
арман-тілектері баяндалатынын жадымыздан шығарма сақ,
онда Сəкеннің шығармашылық тұрғыдан «Тар жол, тайғақ
кешуді» жазуға дайындалып, іштей толғанып жүргенін
байқаймыз.
«Каждый большой писатель находит свою тему. Баль-
зак ищет ее в обществе, Диккенс – в семье, Достоевский
– в индивидуальных переживаниях личности»
1
– десе,
Сəкен Сейфуллиннін жазушылық тағдырына дүниенің
астан-кестеңі шығып жатқан төнқеріс дəуірі бұйырыпты.
Поэзиясында да бұл бағыт басым жатқаны өтірік емес. Де-
мек, жаңа заманның ықпалы Сəкендей алып суретшіні өз
иіріміне тарта білді.
Сəкеннің бақыты ма, əлде соры ма, ол еңбекші көпші-
ліктің сөзін сөйлеймін, кешегі құл-құтан болғандарға ба-
қытты заман орнатамыз, билікке қолын жеткіземіз деген
коммунистік идеологияның жақтаушысы ғана емес, жар-
шысы, ұраншысына айналды. Оны ешкімнен жасырған
жоқ, теріс жолға түстім-ау деп ойлаған жоқ, зор сенім мен
қайраткерлік көрсетті. Соның айрықша белгілерінің бірі –
«Тар жол, тайғақ кешу» атты роман-эссе екені қазақ əде-
биеті тарихында ғана емес, бүкіл азаматтық тарихында ха-
лықтың ұғымтал жадында айшықтала жазылғаны белгілі.
Азаматтық парызды орындау мақсатымен қаламды қол-
ға алған Сəкен «Ұлы өзгеріс», «Ұлы асу» деген аттар ойыма
келіп еді. Көзбен көргендерім кітапта көбірек айтылған соң,
«Тар жол, тайғақ кешу» деген атты лайықтырақ таптым
2
–
1
Цейтлин А. Г. Труд писателя. М., 1968, стр. 342.
2
С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу. Қызылорда, 1927, 3-бет.
200
деп өз шығармасына тақырып табуға сонша қиналма-
ға нын аңғартады. Өйткені, өмір шындығын жəне ойындағы
бірнеше тақырыпты талғап, таңдап алғанын байқаймыз.
Өз басынан өткенді жазу оңай болып көрінгеннен, орын-
далуы оңай емес. Солай бола тұрсада тақырып таңдау да,
шығарманың идеялық нысанасын айқындауда шешуші
себепкер болады. Ғабит Мүсіреповше айтсақ: «Тар жол,
тайғақ кешу» – бұған дейінгі, бұдан кейін де ешкім жаза
алмайтын тақырып. Ол – Революция кезінде револю ция-
ның алдында қазақ халқына енген тап тартысы, əр түрлі
партиялардың бағытын, бет алысын анықтап берген кітап»
1
– дегенін есте тұтқан абзал.
Сəкен өткен өткелден, асқан асудан талай азаматтар
өтті емес пе? Оның ішінде алаш қозғалысына қатысқандар
бар емес пе? Қаламы қалыптасқан алып ақын-жазушылар
дың дауылды, жауынды кезең жайлы қалам тартпауының
себебі не?
Алаш азаматтарының бұндай тарихи шырғармаға
қалам тартпауының бір себебі жаңадан қалыптаса бастаған
идеологияның қырын қабағынан болса, екінші, алаш қоз-
ғалысының ұлттық мүддесі бүгінгі күн тұрғысынан дұ-
рыс болғанмен, жалпы қазақ съездерінде қаралып, дұрыс
шешімін тапқан кейбір мəселелер жөнінде Сəкен Сей-
фуллиннің өзінше көзқарасы барлығынан болса керек.
Тапшылдар, төңкерісшілер ұлттық тұрғыдан жазылғанға
жабыса кеткен уақытта сол кездегі қоғамдық күштер мен
əкімшілік əпербақандықтың мүмкіндігін де жоққа шы-
ғармау керек. Ол əрқашанда тиімді бола бермесі анық.
Орыстың əдебиеттану ғылымында өз орны бар А. Г. Цей т-
лин тақырып таңдаудағы жазушы шеберлігі жөнінде:
«Отыс кать свою тему может лишь тот писатель, которому
она подсказывается всей совокупностью его жизненного
опыта»
2
– дегені М. Горькийдің «тема – это идея, которая
зародилась в опыте автора, подсказывается ему жизнью, но
гнездится вместелище его впечатлений не оформленно в
1
Мүсірепов. Дəстүр мен жаңашылдық. «Сөзстан» альманағы 8-кітап,
«Жалын», 1987, 4-бет.
г
Цейтлин А. Г. Труд писателя. М., 1968, стр. 343-бет.
201
образах, возбуждает в нем позыв к работе ее оформления»,
– деген пікірімен өзектесіп жатса, оның белгілі бір тен-
ден цияда жазылуы туралы академик жазушы, зерттеуші
3. Қаб доловтың: «Суреткер белгілі бір қоғамда өмір сүреді,
белгілі бір қоғамдық коллективтің мүддесіне ортақтасады,
сондықтан оның творчествосында да белгілі қоғамдық мəн
жəне мазмұн бар. Бұл даусыз шындық! Жалғыз-ақ, осы
шындықты əр көзқарастың өкілі əр түрлі түсінуі ықтимал»
1
,
– дегені əсіресе «Тар жол, тайғақ кешуге» арнап айтылған
сияқты.
Сəкен Сейфуллиннің осы роман-эссесінің тақырыбы-
ның өзінен-ақ дəлдікті аңғарған ғалым Рымғали Нұрға лиев:
«Романның «Тар жол, тайғақ кешу» деген аты авторлық
идеяны ашуда образдық, символдық роль атқарса, жеке
тарауларға берілген аттарда саяси, көркемдік дəлдік бар»
2
деп біледі.
Сондықтан да болар «Тар жол, тайғақ кешудей» өмір-
шең романның аты күні бүгінге дейін қанатты сөздей жиі
қолданылады.
Аталмыш роман-эссенің тақырыбын дөп тапқан автор,
көп қаламгерлер басынан өткізетін шығарма фабуласын-
дағы қиыншылыққа да кезікпеген. Оның өзіндік себебі
де жоқ емес. Бай фабуланың қайнар көзінің бірі – тарих
дейтін болсақ, роман-эссенің тарихилығы соған айқын
дəлел. Бұл – бір.
Екінші бір себебі, «Самым широким источником фа-
булы является современная писателю действительность,
бытовой уклад и отдельные реалии, свидетелем которых он
является.
Чрезвычайно полезно, в основу положить факт действи-
тельной жизни» – деген тұжырымға қуат берген тарихи
оқиғалардың басы-қасында автордың болуы дер едік.
Үшінші, «Особое значение для создания фабулы имеют
публикации газетной хроники и судебных процессов, по
большой части помещаемых на страницах той же газеты»
3
–
1
3. Кабдолов. Сөз өнері. 1992, 14-бет.
2
Р. Нұрғалиев. Қазақ революциялық поэзиясы, 1987, 102-бет.
3
Цейтлин. А. Г. Труд писателя. М., 1968, 345-бет.
202
яғни бұл да автордың шығармасына мол пайдаланынған
материал екені даусыз.
Енді осы жайларды рет-ретімен шығарма арқауынан
шығарып алып отырсақ, көркемдік шарттарының орын-
далуын анық анғарар едік.
Бай фабуланың қайнар көзінің бірі – тарих, екіншісі –
тарихи оқиғаның бел ортасында сол автордың болуы
десек, оны ел-жұртқа жеткізу үшін жазушының шеберлік
қажеттілігін көреміз.
Сол бір жиырмасыншы жылдарда əдебиетке көркем
шежіре болып түскен шығарманы дүниеге əкелудегі мақ-
сатын Сəкен жасырмаған: «тарихи қозғалыстың, ұлы өзге-
рістің, революцияның Қазақстандағы өзім көрген, өзім
білген оқиғаларынаң баспа жүзінде із қалдыруды»
3
көз-
дегені еш уақытта əбестейтін қылық емес.
Бай фабуланың үшінші кезі мерзімді баспасөз болса,
жазушы өз шығармасында газет материалдарын орынды
пайдалана білген. Сəкен Сейфуллиннің деректерді молы нан
алған негізгі газеті – «Қазақ».
Сөздің ыңғайы келгенде айта кетейік, бүгінгі таңда
алаш қозғалысының ақиқатын анықтауда да, тарихын тара-
зылауда да көпшілік ғалымдардың сүйенері де, негізге
алары да осы «Қазақ» газеті екені рас
1
.
Жазушының баспасөзден келтірген материалдары –
алаш қозғалысын ұйымдастырушылардың жолдаған теле-
грамма тексі, жазған хаты, қалың көпшілікке арнаған
мақа лалары, көсемсөздері, бірінші, екінші съездердің қау-
лы-қарары, алаш азаматтарының большевиктер мен «Үш
жүз» партиялары, олардың жеке өкілдері туралы көзқа-
расын көрсететін деректер.
Сонымен қатар Сəкеннің өзінің қарақан басынан өткен
оқиғалардың бəрі күрес жолына өзі бастап апарғаны да
белгілі, алайда адалдықты аяқ асты еткен, жағымпаздық-
пен күн кешкен Сəкенді тарих білмейді. Сондықтан өз қо-
лынан шыққандардың бəріне де жауапты боларын сезген,
білген, тарих сотына түсуге мүмкіндігі барын бір сəтке
ұмытпаған қаламгер.
1
Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1927, 3-бет.
2
Қараңыз. Ө. Əбдімановтың «Қазақ» газеті деген монографиясы, 1993.
203
«Халық өмірінде терең із қалдырған оқиғалар болады,
олардың жаңғырығы көпке дейін үзілмей, санадан берік
орын алады, əдебиетке де көркем шежіре болып түседі»
1
– деген пікірді ғалым Рахманкұл Бердібаев Сəкен Сейфул-
линнің «Тар жол, тайғақ кешу» романына байланысты
айтқан.
Қазан төңкерісіне дейін ақындығымен танылып келген
Сəкен Сейфуллиннің ұлы өзгеріс, тарихи қозғалыстың ізі
суымай жатып-ақ тартысы мол тарихи шығармаға қалам
жебеуінің өзі үлкен батылдық екені сөзсіз.
Автордың сөз етіп отырған шығармасының бір ең бас-
ты арқауы сол кездегі қазақ зиялыларына қатысты екенін
сезген, сондықтан оған үлкен мəн беріп, жауапкершілікпен
караған. Себебі, қазақ интеллигенциясына қатысты тарихи
қозғалыстың ұрымтал сəтті-сəтсіз кезінен сөз толғаған «Тар
жол, тайғақ кешу» 1927 жылы жеке кітап болып шыкқанда
қазақ қауымы аман-есен, зиялыларының төрт көзі түгел
екенін ескерсек, Сəкеннің тарих алдында жауап беруге даяр
екендігін көреміз, анық аңғарамыз.
Сондықтан болар, Сəкен Сейфуллиннің қаламдас, өк-
шелес інісі Ғабит Мүсірепов «Тар жол, тайғақ кешу» бұған
дейін де, бұдан кейін де ешкім жаза алмайтын тақы рып.
Сəкен көрген-білген материалдармен біз қаруланып, енді
қайтадан ешқайсымыз оралып жаза алмас едік»
2
де гені
əшейін айта салған пікір емес. Бүгінгі күні Сəкен өнер-
паздығын əңгімелегенде ақиқаттың ауылы, тарихи шын-
дықтың шырайы осы шығармаға байланысты ашылады
десек артық болмайды.
Академик 3. Қабдоловтың «əдеби шығарма туралы
əңгі мені тақырыптан бастаған жөн. Өйткені, тақырып –
өнер туындысының іргетасы» деп табады да «Жазушының
шындық болмыстан таңдап, талғап алып, өзінің көркем
шығармасына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының
тобын тақырып дер едік»
3
дегенінен көз жазбаған абзал.
1
Р. Бердібаев. «Роман жəне заман», 1965, 8-бет.
2
Ғ. Мүсірепов. Дəстүр мен жаңашылдық «Сөзстан» альманағы, 1987,
8-кітап, 4-бет.
3
3. Қабдолов. Сөз өнері, 1992, 147, 149-беттер.
204
Осындай құнарлы, терең ой саларлық пікірлердің
негізінде біз Сəкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу»
романындағы ұлы өзгеріс, тарихи көзқарастан хабардар
ете тін көркем шығармалардағы тарихи деректерді оқиғалар
ағымына қарай салыстыра баяндап, көркемдік шындықтың
ажарын келтіру қажет деп білеміз.
Роман-эссенің көркемдік нышандарын əңгімелеуден
бұрын шығарма оқылып болғаннан кейін оқушы жадында
айрықша жатталып қалатын жайларға шолу жасаған абзал,
өйткені көркем дүниенің эстетикалық əсері мен таным-
дық сипатын масштабты көлемде де аңғарып алудың үлкен
қажеттігі бар.
Кітаптың соңғы беті жабылғанда оқушының ең алғаш
сезінетіні – бүкіл қазақ даласының майдан алаңына айнал-
ғандығы. Майдан тек қолына қару ұстағандардың арасын-
да ғана емес, санада, идеология саласында болып, өліспей
беріспейтін күйге жеткенін сеземіз, көреміз.
Россия империясының отаршылдық саясаты шын-
бай ға батқаны сонша, Кенесары көтерілісінен кейін рухани
ұжданы божырап, белі үзілгендей күй кешкен қазақ халқы
1916 жылы «Əйтеуір өледі екенбіз» деп дүр сілкінуі, түгел
болмағанмен ер-азаматының атқа қонуы, оған ұйымдық
сипат берер күштің болмауы, «билік дəмін» татып қал-
ғандардың шен-шекпенге сатылып, елді қан қақсатулары,
алаш қозғалысы қауырт өріс ала бастағанда əр қилы төң-
керістер топалаңына кездесуі, əке баладан, бала атадан
безіп ақ пен қызылдың қырқысуы, қазақ даласының соғыс
алаңына айналып, аяқ асты болуы, 1921 жылғы аштықпен
қосып есептегенде сегіз жүз мыңдай қазақтың қырылуы,
осындай қиямет-қайымға кезіккен елді қалай аман алып
қалудың амалын іздестірген Алашорда үкіметінің, сəтті-
сəтсіз қадамдары, басшылары мен көсемдерінің алас
ұруы, кейіннен орасан зор қайғы-қасірет əкелген жаңа
өкімет-совдептердің ашылып құлауы, қайтадан ұзақ уа-
қытқа орнауы, теңдік, бостандыққа қолымыз жетеді деп
дəмеленген еңбекші көпшіліктің алдануы, большевиктік
үгіттің күшейіп, жалған интернационализм туының көте-
рілуі «Тар жол, тайғақ кешуді» оқып шыққаннан кейін ой
жүзінде болса да көз алдына елестемей қоймайды. Осы
205
тұрғыдан алғанда шығарманың тарихи сипаты өзінен өзі
айқындалып шыға келеді.
Орыс империясындағы толып жатқан саяси күштер
мен партияларды, əсіресе кадеттер мен коммунистерді,
меньшевик, эсерлерді былай қойғанда қазақ халқының
жо ғын жоқтайтын, мұңын мұңдайтын «Алаш» партиясы-
мен қатар социалистік типтегі «Үш жүз» партиясының
болғандығын, олардың арасында елге ықпал етудің екі
тү рлі амал-айласы қолданылып, басшыларының талай ай-
тыс-тартысқа түскенін, қазақ зиялыларының тығырықтан
шығар жол іздегенін, бірақ, дегеніне жетуге пролетарлық
жалаумен келген төңкерістер жол бермегенін оқып білеміз.
Осы тұрғыдан келгенде «Тар жол, тайғақ кешудің» саяси
сауат ашу сипаты көрінбей қалмайды.
Роман-эсседегі көп кұбылыстың ортасынан кең жазира-
да жалғыз өскен шынардай болып Сəкен образы айрық-
ша көзге түседі. Жалпы көріністен дараланып шығу үшін
автор өз басынан өткенді жүйелеп емес, хронологиялық
тəртіппен айтып беру арқылы-ақ көздеген мақсатына
жеткен. 1922 жылы Қоңыр, 1928 жылы Нəзір айтқандай,
Сəкен өзін көрсетемін деген ойымен емес, өзінше көрініп
мақтанып қалу үшін емес, оқиғалардың даму барысымен
осындай көркем бейнеге көтерілгенін өзі де сезбей қалған.
Өйткені, оқиғалардың тоғысуы автор қиялынан тыс болған
құбылыстар. Əшейінгі баяндау тəсілінің өзі эстетикалық
сипатқа ие боларын «Тар жол, тайғақ кешу» роман-
эссесінен анық көреміз. Эсселік тəсілдің өзі осы тұста
шешуші демегенмен, тұтас көркем дүние жасауға көптен-
көп жағдай жасайтындығын аңғартады.
Расында да, Омбыдағы оқытушылар семинариясын
бітіріп, келіп, Бұғылыдағы жаңадан ашылатын мектепке
мұғалім болып тағайындалған Сəкен күн көрістің қамы-
мен Бүкілресейлік мал санағын жүргізуге келісім береді.
Шабыра жайлауына барып ырғалып-жырғалып отырған
елдің рухани байлығымен танысып, қазақ қыздарының
мұңды гимні болған «Əупілдек» əнін естіп, оны орындаушы
Қабибаны суреттеуі, Қанжығалы еліне келгенде патша
жарлығынан дүрліккен елді көруі, Ақпан төңкерісінен
кейін саясат майданына араласуы, «Жас қазақ» ұйымын
206
ашып, «Тіршілік» газетін шығаруы, алаш басшыларының
ықпалында болған Ақмола облыстық қазақ комитетімен
тіл табыса алмауы, қоғамдық даму жайындағы түсінік-
талғамдарының өзгешелігі, айтыс-тартыстары, Қазан төң-
керісі тұсында жарлы-жақыбайларға бақытты заман орна-
тамыз деп дауылдатып, дуылдатып келген совдепияға іш
тартуы, біраздан кейін соның белсенді қайраткеріне, жыр-
шы-ұраншысына айналуы, бай-манап, қулақтарды ауыз-
дықтауға кірісе бастағанда контрреволюциялық көте ріліске
ұшырап, абақтыға жабылуы сияқты өмір өткелдері біраз
адамның басынан өткенімен Сəкендей суреттеп бергені
некен-саяқ, қазақ ішінде тіпті жоқ деп айтсада бол ғандай.
Ал Колчак түрмесіне түсіп, 500 шақырымдағы Қы-
зылжарға жаяу-жалпы айдалу, одан қаңтар-ақпан айла рын-
да Сібірдің сақылдаған сары аязында атаман Анненков-
тың ажал вагонында 47 күн «серуендеу», о дүниедегі тамұқ-
ты бұ дүниеде көзімен көріп, тəнімен сезуі, яғни:
Қараңғы, суық зынданды
Жатақ қылды тəніміз.
Қылыштың жүзі, мылтықтың,
Аузында болды жанымыз.
Бір шұңқыр су, түйір нан,
Үйреншікті ас болды.
Күл, көмір, қиқым, тоң-төсек,
Жастығымыз тас болды.
Қол аяқта көк шынжыр,
Жыланша жалап, жаралап.
Жауыздардың тозағын,
Көрдік, қорлық азабын, –
деген күйді кешуі, Омбының сүзек жайлаған лагерінде 6-7
жолдастарынан өлідей айырылып, қашып шығуы, Колчак
қылышы жалаңдаған өлкемен Омбы – Татарка – Славгород
– Кереку – Баянауыл – Сарыадырға дейін қашқын кей-
пін де көктемнің көк салпағында 800 шақырымы жыртық
шұлықты етікпен жаяулатып өтуі, еліне жетуі, онан екі ай
1
С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1960, 315-316-беттер.
207
үдере көшкен тама-тарақты елімен Бетпақдаланы кесіп,
– Шу өзеніне қарық бола жаздап азаттық орнаған Əулие-
атаға жетуі өмір бойы естен кетпейтін көрініс. Сол қасірет
соқпақтарының қақ ортасынан Сəкеннің сом тұлғасын кө-
ру бір шығарма үшін аздық ететін көркемдік табыс емес.
Осындай қиямет қайымды елемей бір күндік айғай шу
үшін сомдап соғылған көркем дүниеге шоқпар ала жүгіру,
жұқалап айтқанда, жетеліліктің белгісі бола қоймас.
Жалғыз Сəкен ғана емес, оның Абдолла Асылбеков,
Бəкен Серікбаев, Захар Катченко, Жұмабай Нуркин сынды
қанды көйлек жолдастарының да көркем бейнелері əр тұс-
тан көлеңдейтінін де ұмытпаған абзал. Сонымен қатар
алаш қозғалысына қатысқандардың көркем бейнесі таса да
қалмай-ды. Роман-эсседен əрқайсы əр қилы қияпатта көр-
кем шығарма əдісімен бейнелегендігін көреміз.
Сонымен «Тар жол, тайғақ кешуді» ойша шолғанда
оқушының жадында өшпес із қалдыратын жалпы пано-
раманы баяндау арқылы ішіне кіріп, эстетикалық талдау
жа сай алсақ құдайдың бергені болар еді. Тарихи шындық
негізінде жазылған шығарманың жанрлық сипаты əр алуан
пікір туғызып келгендіктен құжат пен суреттеудің, баян-
дау мен бейнелеудің, мəлімет пен пернелеудің ара жігін
ажырату да оңайға түсе қоймасы белгілі. Алайда «Тар жол,
тайғақ кешудің» оқушы қызығып, құмарланып, саналанып
оқитын көркем шығарма екендігін көрсету лəзім.
Ойланбаған адамға, тарихи шындықтың көркем шын-
дыққа айналуы десек те, көркем шығармадағы тарихи
шын дық десек те, екеуінің негізі бір сияқты болып көрінуі
мүмкін. Біздіңше осы жерде тарихи шындықтың көркем
шындыққа айналуы процесін қадағалайтын категория еке-
нін ескерсек, онда ғылымның эстетика саласына бармасқа
амалымыз жоқ. Ал көркем шығармадағы тарихи шындық
дейтін болсақ, онда өмірде болған шындықты негізге алу
шарт. Өйткені, көркем шығармадағы өмір көріністерінің
тарихтағы шындыққа қаншалықты алыс-жақын екендігін
анықтау, құжаттар негізіндегі шындықтың өзі сюжеттік
желіге айналып кете баратын сəттерін қадағалау арқы-
лы өмір мен өнердің тоғысар сəттерін бағдарлай алсақ, ел
елерлік, құныға оқырлық шығарманың қалай дүниеге келу
жайын суыртпақтап шығару сонда қиын бола қоймас.
208
Көркемдік те, тарихи өзгеріс, деректер де, шындық та
өмірдің өз көрінісіндей болса деген мақсатпен Сəкен қолы-
на қалам алған, жанрлық, жаңалық ашқан, алайда қазақтың
жазба əдебиетінің сол кездегі өнерпаздық қауқарына лайық
деңгейінде қаламгерлік танытқан.
Бұл жөнінде С. Қирабаев «Тар жол, тайғақ кешуді» жа-
зарда Сəкен оған жанрдың қатып қалған формалары тұр ғы-
сынан емес, дəуір талабы тұрғысынан қарағаны айқын»
1
–
деп біледі.
Прозаның қай түрі болса да «Тар жол, тайғақ кешуден»
еркін бой көрсетті жəне тарихи негізді қатаң сақтап отыру-
ға тиісті болды. Сондықтан бүгінгі өскен қазақ əдебиет тану
ғылымында дəл анықтамасы табылмай келе жатқан ұлы
туынды өзінің алдына қойған мақсатты əр салада жарқыра-
та көрсеткен шығарма болып, халық санасынан берік орын
алғанын ескере отырып жəне алдындағы баяндауларда ро-
ман-эссе деген атауды əдейі қолдануымыздың себебін ашу
үшін осы ұлы шығарманың жанрын алдымен əңгімелеп
алған жөн сияқты.
Қоғамның əр қилы саласындағы міндеттерді тұтас бі-
рік тіре атқарған «Тар жол, тайғақ кешудің» жанрлық таби-
ғатын тану күні бүгінге дейін айқындалмай келе жатар.
Өйткені, өмір туғызған, оның бүгінгі шындығына жауап
берген шығарманың шығармашылық кескін-келбеті жай-
ында академик М. Қаратаев бастаған əдебиетшілердің
көп шілігі тарихи-мемуарлық роман деп атап келеді. Ал
Б. Кен жебаев пен Ш. Елеукенов оны очерктер циклі десе,
Т. Кəкішев роман-хроника деп біледі. Ал Қ. Əбдіқадыров-
тың «қазақ даласында болған төңкерістің справочнигі»
дегені бар. Оның бəрін бір атауға сыйдыру да қажет емес
шығар, өйткені өмірдің өзінен ойып алынған туындының
өз сыр-сипатымен əлі талайларды ойландырып-толғанды-
рары сөзсіз.
«Тар жол, тайғақ кешудің» оқиғасы бірнеше шығар-
маға арқау болары сөзсіз, осындай кең құлаштылығын ес-
керіп «роман» екендігіне əзір ешкім күмəн келтіре қойған
жоқ. Ал Б. Кенжебаев пен Ш. Елеукеновтің «очерктер
1
С. Кирабаев. Сəкен Сейфуллин, 1962, 249-бет.
209
циклі» деген пікірі мансұқтауға жатпайтын ой болғаны-
мен, шығарманың жалпы табиғатынан тумайтыны тағы
белгілі. Бұл пікір туралы 1962 жылы «Қазақ əдебиеті» га-
зетінде, кейін «Сəкен Сейфуллин» атты монографиясы-
ның «Революциялық күрестің шежіресі» атты тарауында
С. Қирабаев «Тарихи-документтік, мемуарлық роман деген
орынды деп ойлаймыз»
1
, – деп тұжырым жасаған болатын.
Сəкеннің өзі роман оқиғасына тікелей араласып отыр-
ған соң «мемуарлық» қасиеті бардай көрінгенмен газет-
журналдардаң, архивтен алынған деректердің молдығы ол
ауқымда қалдырмайды.
Эссе – «прозаическое сочинение небольшого объема
и свободной композиции, трактующее частную тему и
представляющее попытку передать индивидуальные впе-
чатления и соображения. Внося индивидуализирующие
тенденции в различные жанры не обязательно только
литературные, сочитая аргументы и термины разных
дисциплин, эссе могут иметь философский, историко-
биографический, публицистический, литературно-крити-
ческий и беллестристический характер»
2
деген анықтама
үлкен совет энциклопедиясында толығынан сақталғанмен,
эссенің табиғаты еркін болатындығына «выражающее
индивидуальные впечатления и соображения по кон-
кретному или вопросу заведомо не претендующее на
определяющую или исчерпывающую трактовку предмета.
Как правила, эссе предполагает новое, субъективно окра-
щенное слово»
3
деген қосымша қосуы эссенің эстетикалық
табиғатын толтыра түсіп, анықтаманың ғылыми негізін
қоюлатары сөзсіз.
«Тар жол, тайғақ кешуге» осы ғылыми эстетикалық анық-
тама тұрғысынан қарайтын болсақ, ең негізгі талаптарға
толық жауап беретіндігін анық көреміз. «Сочинение неболь-
шого объема и свободной композиций» деген шартқа келетін
болсақ Сəкеннің көрген-білген, кездескен оқиғаларының
үзік-үзік болуынан қашсақ та құтыла алмаймыз, оның бəрін
1
С. Қирабаев. Сəкен Сейфуллин, 1962.
2
Краткая литературная энциклопедия. 1975, 9-том, 961-бет.
3
Большая советская энииклопедия, 1978, 30-том, 252-бет.
210
Сəкеннің қарақан басы ғана біріктіріп тұр, сондықтан да
шығармада ойдым-ойдым суреттер көп.
Ал «индивидуальные впечатления или соображенияға»
келер болсақ, онда «Тар жол, тайғақ кешудің» тұла бойы
осыған тұнып тұрғаны анық. Ал «не претендующее на
опре деляющую или исчерпывающую трактовку предмета»
дегені бұл шығарманың еркін жазылуынан, тарихи дерек-
терді бұрмаламай баяндап, ой түюінен жəне оны əсірелеп,
боямалап өзінше көрсетуге ұмтылмайтындығынан көреміз.
Ал сипатына келер болсақ, «беллестрический характері»
күшті екені еш дау тудырмайды, өйткені таза көркемдік
шартымен кетуге тарихи деректер мен, газет-журналдар
мағлұматы жол бермейді. Міне, сондықтан осындай замана
дауын арқалаған ауқымды да кесек шығарма – «Тар жол,
тайғақ кешуді» роман-эссе деп атаса орынды болар-ау деген
ой көкейге орала береді.
Осы орайда академик Ə.Х. Марғұланның жазушы
М. Сəр секеевпен кездескенде айтқан бір ойын дəл осы
арада еске алғанның артықтығы жоқ.
«Деректі шығарманы жазу оп-оңай деп ойлайды кей-
біреулер. Ал ол əдебиеттің өте қиын жанрларының бірі.
Себебі, деректі шығармада екі-ақ қаһарман болады: бірі –
автордың өзі, дəлірек айтқанда, оның дүние танымы, біл-
гірлігі, жазып отырған тақырыпқа көзқарасы; екіншісі –
шындық! Иə, иə, деректі шығармада тарихи шежіре тəрізді,
шындықтан ешқайда ауытқуға болмайды»
1
дегені еленбей
қалатын ойлар емес.
«Тар жол, тайғақ кешудің» эсселік сипаты жайында ғы
ойларды енді романға бұратын болсақ, онда шығарма
сюжетінің желісі айналып-үйіріліп автор, яғни Сəкен төңі-
регінен шықпайтынын көреміз. Əрине, көркем образ жа сау
үшін кейіпкердің барлық болмысын қамтитын ұзақ-со нар
суреттеулер кездеспегенмен ойдым-ойдым миниа тю ра лар-
ға кезігіп, Сəкен қаламгерлігінің ұшқырлығын ғана емес,
шеберлігін де танып отырамыз. Автордың өзі негізгі
кейіпкерге айналғандықтан шығарманың композициялық
тұтастығын, сюжеттік желісін нық сақтап отыруы оған
1
М. Сəрсекеев. Қуғындалған. «Сəтбаев», «Шабыт» баспасы, 1994, 17 бет.
211
романдық қасиет дарытады. Соңдықтан «роман-эссе» де-
генді ғылыми тұрғыдан заңдастырсақ артық болмас еді,
өйткені ол қазақ əдебиетшілерін жанрлық ізденістердегі əрі
тарт, бері тарттан құтқарар ма деп ойлаймын.
Қазақ прозасы көркем очерк пен əңгімеден өрбіп, кейінде
ғана жанрлық ішкі түрлерімен толыса бастады. Расын айту
керек, прозаның алғашқы туындыларында психология-
лық талдаулар, көркем образ, типтік суреттеулер жетіспей
жатты. Олай болған себебі, біріншіден, көп жазушылар дың
көркемдік шеберлігі белгілі деңгейге көтеріле қоймаған
балғын күш болса, екіншіден, қазақ əдебиетінің проза
жанрында «атадан балаға» дегендей, мирас болып келе
жат қан дəстүр де аз еді. Сонымен қатар талай ылаңмен
негізі жаңа қалана бастаған жаңа заманды насихаттаудың,
орнықтырудың жөн-жосығы жас ақын-жазушыларға түсі-
ніксіз болса да, идеологиялық талаптың тепкісі қатты
болатын. Сондықтан тапшыл үгіт-насихатқа септігі тиетін
шығармаларға өкіметтік қамқорлық жасалып жатты.
20-жылдардың екінші жартысынан былай қарай жас
кадрлардың қанаты қатайып, қатары молығуы, іріктелуі,
ұйымдасуы нəтижесінде əдебиеттің əр жанрында ізденіс-
тер күшейе түседі. Оның ішінде прозаның да зор қадам
жасағандығы айқын аңғарылады. Сəкеннің «Тар жол, тай-
ғақ кешу» романы қазақ прозасының дамуы жолындағы
этапты белестердің бірі болғандығы да содан. Өйткені, «Тар
жол, тайғақ кешу» уақыт сынына төтеп берген, шындық-
ты мөлдірете суреттеген, заман ағымының оңы мен солын,
жарығы мен көлеңкесін, ойы мен қырын сарапқа салып,
оқушыны толғандыратын туынды.
«Тар жол, тайғақ кешу» – қазақ халқының тарихында
əлеуметтік мəні үлкен мəселелерді жинақтау принципі-
мен шешуге талаптанған шығарма. «Бақытсыз Жамал»
мен «Қамар сұлу», «Шұғаның белгісі» атты шығармалар
əйел теңдігі ұраны төңірегінде қоғамдық пікір туғызып,
шығар жолды бере алмай, сыршыл реализмнің дəстүрін
сақтап жатса, Сəкеннің бұл шығармасы басқаша көркемдік
əдістің, кейіннен социалистік реализм деп аталған тəсілдің
тапшылдық тар аумағында жазылғанын аңғармау аңғалдық
болар еді. Əлі буыны қата қоймаған жаңаны орнықтыру
212
принципі көркемдік нанымдылық пен шешімін түгелдей
таппағанымен жарқын болашаққа деген сенімнің зор екен-
дігі анық сезілетіні сөзсіз.
Жаңа қоғам мен ескі қоғам арасында «кімді-кім
жеңеді?» деген мəселе əлі түбегейлі шешіле қоймаған
уақыт та халыққа тарихтан хабар беріп, уақыт талқысын
түсін діретін, алға басқан қадамының айқын бағытын
аңғартатын публицистикалық сазы қалың роман-эссені
өмір дің өзі тудырғанын аңғармасқа болмас. Əлеуметтік
күрделі оқиғаларды қамтыған роман-эссенің шын көркем
шығармалар қатарынан орын алатын қасиеті де осында.
Мемуарлық сипаты қалың сақталған роман-эссе өз
оқушысын баурап алып, халықтық шығармаға айналғаны
тегін емес, «Еңбекші қазақ» газеті «Тар жол, тайғақ кешуді»
таныстыру мақсатымен жарияланған бір мақаласында «бұл
күнге шейін қазақша шыққан кітаптардың ең көрнектісі.
Оның материалдары келешек тарихшыға аса қымбат бо-
луында дау жоқ. Бұл жағынан Сəкен жолдастың еңбегі –
қымбат еңбек»
1
деп жазса, 1929 жылы 15 сентябрьде Əбділ-
дə Тəжібаев шығарманың көркемдік қасиетіне, əлеуметтік
мəніне тоқтала келіп, «жаңа өрбіп келе жатқан жастарға жол
басшылығы мол туынды» деп білді.
Роман-эссенің көркемдік шарттарына толық жауап бе-
ретіндігіне тартымды да сұсты фабуласы ғана емес, жеке-
леген оқиғалардың жанды суреттелуі, деректердің қызықты
қиюласуы ғана емес, адам образын жасауға талаптанған
жəне көпшілік жағдайда ол мақсатына жеткен тараулары-
нан анық көреміз, құмарлана оқимыз.
Біздің бұл зерттеуіміз роман-эссенің жазылу тарихы,
əр алуан басылымдарын салыстырып, өзекті арнамен ай-
туды көздегендіктен Сəкеннің өзі көптеген өзгеріс жасап
отырғанын көрсете кеткен орынды деп білеміз. Мəселен,
1924 жылы «Қызыл Қазақстан» журналының №3 санын-
да жарияланған «1918 жылы Ақмолада совет үкіметінің
құ лауы» деген тарауында Сəкен өзін пəтеріне келіп тұт-
қынға алған сəттегі ауа райын, ереуілдеген атты жандай-
шаптар ды, елеңдеген қала көрінісін: «Күн ашық, жылы еді.
1
«Еңбекші қазақ», 21. 06. 1928.
213
Шаңқыл дап, жаңғырып анда-санда атылған мылтықтың
дауысы қақ тулаққа тиген сабаудың дауысындай. Ерсілі-
қар сылы шапқан атты кісілердің дүбірі, əр жерде шулаған,
ереуілдеп самбырлаған жұрттың дауысына қосылып қала-
ны сəйгел тиген сиырға ұқсатты»
1
– деген суретпен бас-
талған.
Ал осы тарау 1927 жылы шыққан кітапта едəуір кеңей-
тіліп, толықтырылып берілген, өзінің тұтқынға алынғанға
дейінгі сəтін де біршама баяндай жазған.
«Түн ортасына дейін жазу жазып отырып, кеш жатып,
кешірек тұрдым. Жатқан пəтерім Мұқымбай деген сарт-
тың жесір қатынынікі еді. Жуынып болып шай ішіп отыр-
ғанымда, жатқан үйімнің бір кішкене баласы жүгіріп кіріп
келді.
– Қазақ-орыстар станицада жиналысып жатыр. Бəрі қы-
лыш-мылтық асынып алыпты. Бір тобы Совдепке кетті.
«Совдепті ұстаймыз» – дейді. «Омбыда, Қызылжарда
Совдеп құлапты дейді...» – деді.
– Не дейді? Бар, біліп кел, – деп баланы қайта жібердім.
Бала жүгіріп кетіп, тез қайтып келді.
– Совдепті барып қамап, есіктерінің алдында тұр. Сов-
депке барып отырған Бочак, Павловтарды ұстап əкетті. Енді
бір топ аттылар Кубриннің үйіндегі қызыл əскерлерді қамап
тұр»
2
– деген жайлар баяндалыпты. Роман-эссенің 1936,
1960, 1977, 1988 жылдардағы басылымдары осы бірінші
1927 басылым негізінде, яғни кеңейтілген түрінде басылған.
Бірақ сөйлем мағынасында пəлендей өзгеріс болмаған-
мен кейбір сөздерге соңғы басылымдарында қалам ұшы
тиген, кісі аттарын алып тастаған тұстары бар. Бұндай
жəйт ке арнайы мəн беріп, əңгімелемегенмен адам аттары-
ның өзгеріске түсуі роман-эссенің əлі айтары аз емес екенін
аңғартқандай. Мысалы, Шүкен Тіналин (1927, 192-бет)
кейінгі басылымда Білəл Тінəлин (1977, 143-бет), Шəріп
Ялымовты, 1924 жəне 1927 жылдары, тіпті 1936, 1960 жыл-
ғы басылымдарда аты аталған кісіні кейін литоның өкілі
не редактор қаламының ұшымен сыза салған жайлар жиі
1
«Қызыл Қазақстан», 1924, №3, 152, 153-беттер
2
С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1927, 192-бет.
214
кездеседі. Сəкеннің авторлық құқын аяқ асты еткендеріне
не деріңді білмей қайран каласың. Олар өздерінше Сəкен-
нің «қатесін» түзетпек болып «аюдың жақсылығын» істеп
отырған жоқ па екенбіз деп те ойланбаған.
Роман-эссенің «Совет үшін күресте» деген тарауы ның
«Көңіл» деген бөлімшесінде «Бірлік» жастарының 1918
жылы 20 сəуірде алған қаулысын келтіреді де, 1924, 1927
жылдары «Міне, осы ант уəделерін мықтап ұстаған. Жəне
Семей жастарының өкілі Мұқтар Əуезұлы Совет үкіметі-
не қарсы болған» (1927, 188-бет) деп жазып, 1936 жылы
шығарғанда сол кездегі идеологиялық қысымды ескере
отырып былай «толықтырады». «Міне, ана «Алашшыл»
жастар осы «ант-уəделерін» мықтап ұстаған. Жəне Семей
жастарының өкілі Мұхтар Əуезұлы Совет үкіметіне қарсы
болған» деп жазғанда «ана алашшыл жастар» деп 1936
жылы да, онан кейін үшінші 1960 жылғы басылымында
ешкімнен именбей жариялағанмен, 1977 жəне 1988 жыл-
дар дағы басылымдарда Мұхтар Əуезовтің есімі алынып
тасталған. Мұны айтқанда Мұхаңа əдейі айналып соғу үшін
емес, жалпы мұра мəселесіне кешегі кезде жеңіл-желпі
қарап, ойымызға келгенді істегенімізді көрсете кету қажет
деп білдік.
Əрине, осы мысалдардың өзі-ақ «Тар жол, тайғақ ке-
шудің» əр басылымының өз тарихы, өз қасіреті бар екендігін
аңғартса керек.
Сəкен Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эс-
сеге кіріскенде көркемдік шартын сақтайды. 1916 жылғы
санаққа шығу жəйін əңгімелегенде көркем прозаның айла-
амалдарын толық қолданады. Əсіресе қазір халықтық əнге
айналып кеткен «Əупілдек» хикаясын барынша тартымды
да ажарлы суреттейді.
Сəкен 1916 жылы мамыр айында елмен етене араласқан
кезінде «ел іші – өнер кеніші» деген ұлағатты қағиданы
дəлелдей, нақтылай түсетін оқиғаға тап болған.
«Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесінің бірінші бө-
лімінде Шабырада, яғни казір Ақмола облысының Атбасар,
Астрахан, Макин жəне Алексеев аудандарының түйісер
тұсындағы 12 болыс елге мал санағын алуға барады. «Бұл
ел – бай, Бай ел – күйлі» деуіне қарағанда Сəкен бастаған
санақ комиссиясы біраз аялдаған сияқты.
215
Шабырадағы елдің санаған алып болып, аттануға ниет-
теніп жатқанда «Болыс пен тілмаш, старшын бір-екі күн
жатуымызды сұраған соң, бір-екі күнге тоқтадық. Қара са-
баның жанды құмар қылатын тəтті, мес исі аңқыған сары
қымызы. Бағлан тоқтының еті. Таза ауа, көк орай шалғын,
сыңсыған бай бейбіт ел кімді айналдырмайды»
1
– дейді.
«Өзін қоршаған өмірден əрқашан тың құпиялар іздеп,
айрықша əсер алу, көз алдындағы құбылыстарды ерекше
сезіну, нəзік түйсіну, сезінген-түйсінген шындығына бей-
тарап қала алмай, тербеле тебірене, көкірегінде көл-көсір
сыр ұялату, – бəрінен бұрын ақынға тəн қасиет»
2
– деген
тұжырымға сүйенер болсақ, суреткерге тəн осы ерекшелік
автордың жан тебірентер «Əупілдек» əнін суреттеуінен
байқалады.
Жерінің көркіне елінің бақыуаттылығы нəр берген,
сылаңдаған сұлулары əр берген Шабырадағы кешкі ойын-
сауықта орындалған «Əупілдек» əні Сəкеннің «Тар жол,
тайғақ кешу» роман-эссесінің тартымды тарауы. «Əу-
пілдек» əнін бұрын-соңды естіп жүрсе де осы кештен
кейін Сəкеннің санасында, эстетикалық танымында адам
тағдырымен тамырласып жатқан көркемдік дүниесінің
өшпес із қалдыруының сыры неде деген сауал еріксіз өзінен
өзі қойылады.
XX ғасырдың басында қазақ зиялылары қыз мұңы, қыз
зарына ерекше қарағанның өзінде де, мұңлы қыздардың
атымен аталатын зарлы өлеңдердің сол кезде дүниеге көптеп
келгені, соны жаны нəзік, сезімтал Сəкеннің талай естігені
кім-кімге де аян болар. Солай бола тұрса да Сəкеннің əн мен
қызды, «Əупілдек» пен Қабибаны қабаттастыра суреттеуі
қандай көркем шығармаға болса да ажар бітіретінін аңғар-
мау аңғалдық болар еді. Сəкен көрген-білгенді хабарлап
қоюдан гөрі роман-эсседе суреттеп жеткізуге айрықша
құмартқан, сөйтіп өзінін жазушылық қолтаңбасын аңғар-
тып тастап отырған. Мұндай машық пен оңтайлы сəттер
шығармада өте көп кездесетінін ешкім де жоққа шығара
алмаса керек. Міне, соның нақты үлгісі осы əнмен қызға
арналған «Əупілдек» тарауы.
1
Сəкен Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1927, 6-бет
2
З. Қабдолов. Сөз өнері 1992, 12-бет
216
«Көкпеңбек болып жайнаған жаз. Жаздың барқыттай
жұмсақ кеші. Неше түрлі, кілем, түскиіз, перде ұстаған, без-
еген отау. Арқаның жұтынған, көлбеңдеген сұлулары. Бəрі
қосылғанда кімді мас қылмас, кімді балқытпас. Түрлі ойын
ойналып жатыр. Ойынның шарты – өлеңмен. Домбыра қол-
дан қолға көшеді.
Бір кезде Байсейіт екеуіміздің арамыздағы қыз əн салды.
Орта бойлы, қап-қара көзді, қара торы жастау қыз. Жасы не
15, не 16, көп болса 16–17 жаста.
– Қабиба домбырамен айтсын, домбырамен! – деді
жиналғандар. Өзге қыздар домбырамен айтқан жоқ еді.
Қабиба қолына домбыраны алды. Дуылдап отырған
жұрт теп-тегіс тына қалды. Жас қыз ұшатын лашынша сəл
жөнделіп, қозғалып қойды. Мен де қозғалып, Қабибаның
орнын кеңейттім, Қабиба маған қарап жымиып;
– Отыра беріңіз бұрынғыдай, – деді.
– Кəне, кəне, шырағым бөгелме, ана қасында отырған
жігіт лебізіңді естісін, – десті.
Қабиба домбыраны даңылдата бұрап, күйге келтіріп
алды да, əдемі сүйріктей саусақтары лашынның қаққан қа-
натындай ойнап, пернелерді сыдыртып, екінші қолының
саусақтары күміс табақта алтын бұршақ атқылағандай
домбыраны шертіп, қағып-қағып жіберді.
Кеудесін қозғап, ілгері керіңкіреп тастап Қабиба
домбырамен бірге шырқап қоя берді. Үйдегі лық толған
жұрт тым-тырыс. Барлығының көзі Қабибада. Сылдыра-
ған əдемі дауыспен Қабиба шырқады. Əннің, дауыстың
ырғағына домбыраны билетті. Жаз күні жырлаған бозтор-
ғай мың құбылтып, құйқылжытып көкке қарай өрлейді.
Боз торғайдың жыры маужыраған жер мен көкті тербетеді.
Міне, тап сол бозторғай Қабиба сұлу даусын көкке өрлетті,
Отырған жұрт əнге сұқтанды. Əдемі дауыс иесі Қабибаға
сұқтанды. «Тағы да, тағы да» деп жұрт дабырлады. Тағы да
үш-төрт əнге салды. Тебіреніп отырып «Əупілдекті» айтты.
Енді Қабибаның əнінен басқа əн естігіміз келмеді. Ойын
қызды, жұрт Қабиба əнінің əсерімен желпініп, əуеленіп
алды»
1
– деген суреттеуді əдейі тұтас келтіріп отырмыз.
1
Сəкен Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1977, 11-бет.
217
Біріншіден, Сəкен қаламының ұшқыр да оралымды,
сөзбен қандай сурет салуға да құдіреті жететіндігін көрсе-
ту болса, екіншіден, осы картинаны көз алдымызға түгел
елестете алатындай көркемдік бояуы мен іс-əрекет барын
көреміз. Үшіншіден, Сəкен осы роман-эссенің өн бойында
талай рет көркемдік нақышына келтіре суреттейтін, көзге
көрсете баяндайтын талай оқиғаларды жазушылық тұрғы-
дан құмарта жазғанын байқаймыз.
Олардағы сөз бен бояу əрқашанда сезіммен, көңіл
күйімен астасып, оқушыны еріксіз баурап алады. Ал мұн-
дай қасиет шебер қаламгердің қолынан шыққан ажарлы
шығармаларға ғана тəн болады. Қалың көпшілік Сəкеннің
«Тар жол, тайғақ кешуін» ең əуелі терең тарихилығы үшін,
саналандырған қасиеті үшін, сонан кейін шын көркем
шығарма жасап бергені үшін қастерлейді, қадірлейді дей-
тін деріміздің бір сыры осындай көркем полатноларға бай-
ланысты.
Алдын ала ескертетін бір жай, жазушы Сəкен өзінің ро-
ман-эсесін жазып отырғанда тарихи шындықты дəлелдей-
тін құжат пен деректерді, əсіресе газеттерде жарияланған
мақалаларды келтіргенде тұсалған атша сезінетін тұстары
өте көп. Сондай жайлардан босап кеткен шақта қаламды
еркін сілтеп, талай тартымды хикаяларды шертіп-шертіп
жібереді. Тіпті қиял қысқан кездерде тарихи оқиғалардың
өзіне сыздықтап отырып əп-əдемі бояулар жағып, роман-
эссенің көркемдік қуатын күшейтіп отыратын сəттері аз
емес.
Сəкен «Əупілдек» эпизодын суреттеген уақытта əннің
тарихынан гөрі əнді орындаушының сырына көп мəн бер-
ген «Əупілдек» əнін нақышына келтіре орындаған əнші
Қабибаның тіпті образ деңгейіне көтеріліп бара жатқанын
аңғарғандаймыз. Егер Сəкен əнші қыздың образын жасау
мақсатын көздесе Қабиба біздін сүйікті кейіпкерімізге
айналып кетеріне шүбə келтіру қиын.
«Тар жол, тайғақ кешу» романының 1927 жылғы ал-
ғашқы басылымын қараған кезде əн тарихының негізі
орындаушыда жатқан сияқты. Осы төңіректе бұрын-соң ды
сөз болған болжамдардың қисындылығын да тарата баян-
даған орынды болмақ.
218
Шығарманың бірінші басылымында ойын-сауықтың
бас талуы, Қабибаның төгілдіре əн салуынан кейін Сəкеннің
қасындағы татар жігіті Ғалымжанның қазақ болмағанына,
ең болмаса қазақ ішінде өспегеніне өкінумен «Əупілдек»
жөніндегі əңгіме аяқталады.
Ал осы тарихи туындысын автор 1936 жылы қайта
толықтырған тұста, ойын-сауықтан кейінгі əн əсерін оқу-
шысына сездіріп қоймай, осы əннің аты болған «Əупілдек»
көлінің де, оны орындаушы Қабибанын да бар сырын оқу-
шының көз алдына елестетіп, есіңде ұзақ сақталатындай
əсерлі етіп суреттеген.
Шығарманың бірінші 1927 жылғы басылымында
Қабибаның өңді орындау шеберлігін «Боз торғайдың жы-
рын тыңдайсың. Жалғыз сен емес, бозторғайдың жырын
жер мен көк те тыңдайды. Боз торғайдың жыры маужыра-
ған жер мен көкті тербетеді... Міне, тап сол боз торғай Қа-
биба»
1
деген көріністі Сəкен 1936 жылы əлдеқайда дамытып
ең бір лирикалық бетке айналдырған.
1936 жылы: «Аққудың сыңқылдаған сұлу, мұңлы үні
сыбызғының күйіндей естіледі. Оның үні көл үстін сыңғыр-
латып сызылып, қалтырап əдемі толқындалып естіледі»
2
–
деген суреттеулермен жалғастыра келіп: «Менің де қосқан
жырларымның əрбір үзінділері қиялыма келіп тізбектеліп
жатты»
3
– деп «Əупілдек» əнінің əсерімен өзі жазған алты
шумақ өлеңін келтірген.
Əрине көркемдік тұрғыдан жетілу, толысу жағынан
келер болсақ, 1936 жылғы редакция «Тар жол, тайғақ ке-
шудің» оқушыға жетер арналарын кеңітіп, мол тынысты
шығарманы шыңдай түскені сөзсіз. Сондықтан да қалың
оқушыға осы редакциясы совет заманында саяси тұрғы-
сымен қатар көркемдік жағынан да айрықша қолайлы
болды. Өркендеп келе жатқан қазақ прозасының кестелі
қоржынына түсер олжаның ажарлы болуын, сөз жоқ, Сəкен
қалады жəне аянбай еңбек етті. Соның бір көрінісі осы
«Əупілдек», Қабибаға арнаған беттері.
1
Сəкен Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1927, 9-бет
2
Бұл да сонда, 1927, 13-бет
3
Бұл да сонда.
219
Енді осы проблемаға пенделік көзбен де қараған оғаш
бола қоймас. 1916 жылы кездескен Қабибадай сұлуды араға
он бір жыл өткен соң, яғни 1927 жылғы бірінші басылы-
мында онша көріне қоймаған аруды 1936 жылы үстеме-
лей суреттеудің қандай сыры бар? Біздіңше, біріншіден,
өз шығармасына көркемдік сипатты көбірек дарыту мақ са-
тын көздесе, екіншіден, сұлулықты, ажарлылықты, əсем-
дікті айрықша ардақтайтын Сəкен Қабибаның шын си-
патын көркем образ деңгейінде көрсетуге талаптанғаны
ерсі қылық емес. Т. Кəкішевтің «Сəкен аялаған арулар»
1
атты эссесінде Қабиба – Сəкен байланыстарының жаңа бір
арқауы болар детальдардың шеті көрінеді. Оны «Сарыарқа»
журналында Сəния Əбен келіні «Шабырадағы «Əупілдек»
əні», немесе «Тар жол, тайғақ кешу» романындағы «Қабиба
қыз хақындағы дерек» дегенде қызық жайлар бар.
Сəния Қабибаны 1955 жылдан бері біліп, талай сөй-
лескен. Ел-жұрт «Сылқым кемпір» деп атайтын Қаби ба-
ның 1955 жылғы кескінімен де таныс болайық.
«Байыптап қараған адамға жасы елуден асып (ол кісі
1901 жылы туған), егде тартқанына қарамастан аққұба өңі-
нің қаны таймаған, көзінің оты мейірленіп тұрады екен.
Шетін күміс шатырамен өрнектеп киген ақ шəйі кимешек
жарасым тауып, көрік берген. Аппақ жұмыр екі білегінде
нағыз зергер арнап соққан өрнекті қос білезік, он саусағында
əрқайсысы құнан қойға бергісіз жүзік»
2
киген «кемпірді»
көзге елестетіп көрудің өзі Сəкенді еріксіз еске түсірсе
керек.
Осы суреттемедегі қызықты деректерді сол журнал-
дың 89–90-беттерінде «Əупілдек» деген атпен жариялан-
ған мақаланың түсіндірмесі жəне 17 шумақ өлең жалғас-
тырып, жаңа шығармаға арқау болғандай. 1916 жылы Ша-
бырада болған ойын-сауық тарқар кезде Қабибаның Сə-
кенге:
– «Əупілдек» əнін ұмытып қалсаңыз ертең біздің үйге
келіңіз, əрі қонақ болыңыз, əрі əн үйреніп кетіңіз, – деген
қуақы сөзді екі шумақ өлеңмен:
1
«Жалын» журналы, 1994, № 7-8, 96-171-беттер.
2
Сəния Əбен келіні. Шабырадағы «Əупілдек» əні, «Сарыарқа» 1994,
№ 3, 75-бет
220
Достарыңызбен бөлісу: |