Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев



Pdf көрінісі
бет35/53
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#5608
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53

лездеме тақта деп атадық. Түсінбеген кісілер «Осы жерге тақтаның не 

қа же ті бар?» деп жататын. Бірақ ойына келіп қалған сөзді немесе кө рі-

ніс ті тежеп ұстағаннан гөрі, (мұның арты партаға немесе қа быр ға лар ға 

жазылған «туындыларға» əкеліп жатады) лездеме тақтаға жазудың пай-

далы жағы да болды. Бəрі бірден мəдениеттілік деңгейіне көтеріле ал-

майтыны сияқты, шəкірттер шығармашылығы да түрліше көрініс тауып 

жататын. Тақталардан өз досының суретін салған, басқа бір жыл дық тың 

оқушысын туған күнімен құттықтаған т.б. сөздердің куəсі болатынбыз. 

Хал-қадірімізше бұл еңбектерді де бағалауға тырыстық. 

Шəкірттің жан сезіміне əсер етіп рухтандыру əлбетте 45 минут са-

бақ тың еншісіне ғана кірмейді. Бала шығармашылығын дəріптеп оты-

ру сандық түсініктен сапалы түсінікке əкелетіні белгілі. Мектебіміздегі 

пікірталастар, баяндамалар, ғылыми жобалар қорғау шəкірттердің шы-

ғар ма шы лық мүмкіндіктерін ашуға септігін тигізді. Оқушылардың сал-

ған суреттері мен өлеңдері, қолөнер туындылары көп алдына күнделікті 

шы ға ры лып отырады. Əр бөлменің қабырғасына ілінген өлеңдер, сөз-

жұм бақ тар, суреттер, тіпті жақсы шығарылған есептерді де көруге бола-

тын. Бір-бірінің шығарған туындыларымен танысып, мəре-сəре болып 

жататын балалар шығармашылығынан адамға ой салар мазмұндысы да, 

өзі нен басқа өзгенің түсінуі қиын дүниелер де кездесетін. Ұнамай қал-

ған туындыларын қайта алып тастап жататын жағдай да болды. Бұ ның 

өзі, əдетте, қабырғада қатып тұратын қағаздарға қарағанда əсерлі еді.

Апайдың  жетекшілігімен  құрылған  көркемөнерпаздар  үйірмесінің 

жұ мы сы да жаңаша сипат алған. Үлкен сахналарда шəрбат мақамымен 

талайды тамсандырған ұстазымыз шəкірттерінің де өнерден қара жаяу 

қал ма ға нын  қалайтын.  Сабақтардың  да  музыкамен  байланыстырылуы 

ескерілетін.  Шыңдалған  шəкірттердің  де  мектеп  сахнасымен  шектел-

мей, үлкен орталарда өнерлерін көрсетуіне жағдай жасалды. Ауыл-ай-

мақ тар ды аралап, концерттік бағдарламамызды ұсындық. Əн мен күй ге 

сусындап отырған ел-жұрт бір жадырап қалса, балалар да ауыл аза мат та-

ры ның ақ батасын алып, арқаланып қайтатын. «Өнерлі бала сүйкімді» 

деген осы болар.

Білімді игеру деңгейіне қарай базалық, жоғары жəне өте жоғары бағ-

дар ла ма жасалынды. Балалар еңбегін бағалауда да рейтинг жүйесі ен гі-

зі ліп, демократиялық қатынастардың орнауына қызмет етті. Тынымсыз 

еңбек  қабілетті  дамытатыны  секілді,  бұл  жүйеде  балалардың  ең бек те-

нуін бағалау басты назарда болды. Шəкірттердің Ел-Жер – Əлем – Мен 

ке ңіс ті гін де гі дүние танымын кеңейту осы бағдарламаның басты мақ са-

ты  болатын.  Шəкірттер  əлемтану,  елтану,  ислам  мəдениеті,  Еуропа 

мə де ние ті  т.б.  секілді  жоғары  оқу  орындарында  оқытылатын  арнайы 


351

курстармен осы киелі шаңырақта-ақ танысты. Апай қыз ба ла лар дың бо-

ла шақ ана екенін ескеріп, тек жақсы маман ғана емес, отбасының ұйт қы-

сы болуға тəрбиелейтін. Осы себепті 9-жылдықтан бастап (сынып жыл-

дық деп аталды. – С.Д.) мектебімізде қыз балаларға арналып қыз əдебі 

са ба ғы жүргізілді. Бұл пəндерді жоғары оқу орындарында білім беретін 

ұс таз дар жүргізетін. Əрине, сабақ кестелерінің ыңғайына қарай оларды 

отыз  шақырым  Алматыдан  қатынатудың  апай  үшін  оңайға  түспегенін 

айта кеткеніміз артық болмас. 

Мектепте үзіліс уақытының тиімді өтуіне ерекше мəн берілді. Апай 

айт қан дай «алақандай жұмсақтығы жоқ» шар етіп, баланы селк еткізетін 

электр қоңыраудың орнына үзілісте арнайы бағдарлама жасап, ұлттық 

əн-күйлер, классикалық музыка қоятын болдық. Оқушылар үзілістің бол-

ға нын осы қойылған музыкадан білетін. Күніне 5–6 рет құлаққа сіңген 

əуен жүрекке де жетеді. Ол əннің (күйдің) кімдікі, туу тарихы қалай – бұ-

лар дың бəрі фойеде арнайы орынға жазылып қойылатын.

Əр  бала – Алланың  ата-анаға  тартқан  сыйы,  табиғаттың  ғажайып 

құ бы лы сы. Жер-Ананың адам баласына сыйлаған тағы бір тамаша тар-

туы – денсаулық.  Оны  сақтау  да  үлкен  жауапкершілікті  қажет  етеді. 

Мек теп тің бағдарламасына сай жүргізілетін дене мəдениеті пəнінің де 

дене шы нық ты ру сабақтарынан өзгешелеу өткізілгенінің пайдасы бол-

ды. Сол кездері республика көлемінде кеңінен тарай бастаған П.Ива-

нов тың суық сумен шынығу əдісін шəкірттермен бірге ұстаздар да осы 

пəн  нің кө ме гі мен меңгере бастады. Ауыл маңындағы Шамалған өзе ні-

нен жан дүниеміз сергіп қайтатын сол бір кез... Шəкірттеріміздің қы-

ты мыр қыстың сары аязында салауатты өмір салтын насихаттау əдісін 

сол жылдары республикалық телеарналар да түсіріп, жұртшылыққа та-

ныс тыр ған. Осы əдістің үлкен жанашыры Халықаралық «Бөбек» қо ры-

ның  президенті  С.Назарбаева  ханым  да  арнайы  келіп,  ризашылығын 

білдірген.

Өзіне деген сенімді сезінген шəкірттер орынсыз ұялшақтықтан, бұ-

йы ғы лық тан арыла бастады. Жоғары жылдық – төменгі жылдық деген 

шарттылық жойылып, олардың арасында аға-іні, апа-сіңлі қарым-қа ты на-

сы орнады. Бізді де тек мұғалім есебінде емес, туған бауырындай қа был-

дай тын.  Осылайша,  ұжымымызда  жылы,  əдемі  психологиялық  атмос-

фера қалыптасты. Мектебіміз тəрбиелі отбасының үлкейген мо де лі не 

айналды десем артық айтқандық бола қоймас. Осы сыйластығымыз бен 

жылы ұямыздың тыныштығын қорғауға ұстаздар да, шəкірттер де мүд-

де лі болдық. Кез келген ұжым үшін ең басты нəрсе ішкі ахуалдың дұ рыс 

болуы десек, осы мақсатқа жеткендей едік. Үлкенге – құрмет, кі ші ге ізет 

қа лып тас ты. 

Қажыр-қайраттың  да  қаржыға  қарап  қалар  кезі  болады.  Сол  жыл-

дары  талайды  тентірете  жаздаған  тəкаппар  тапшылық  мектебімізді  де 


352

те рең тұңғиығына тартып, тығырыққа тіреді. Халықтың игілігіне ай нал-

ған мектеп нарықтың иірімінде кете барды. Қаржы мен қам қор лық тың 

аздығынан мектебіміз жабылды.

Əрине, толықтай бұл бағдарламамен жұмыс істеу бала саны көп оқу 

орындарында  қиындау  болуы  да  мүмкін.  Дегенмен  бұл  күндері  рес-

публика  көлемінде  апайдың  авторлық  бағдарламасымен  жұмыс  істеп 

жатқан мектептердің бары – көңілге жұбаныш. 

Асыл қасиеттерімен адамшылық педагогикасының дəнін еккен, алаш 

баласын өр рухты азамат етуді армандаған аяулы апай бүгінде арамызда 

жоқ. 

Төрт  жыл  білім  мен  тəрбиенің  тал  бесігіне  айналған  мектебіміздің 



тарихын таразылатқан тағдырға не шара?..

Айсұлу ҚАСЫМБЕК 

АРМАН МЕКТЕБІН СЫЙЛАҒАН АЛМА БИБІ

Қашан  кездессе  де,  шəкірттері  Алма  Қыраубайқызын  үлкен  ілти-

патпен еске алады. Біреулері «Біздің Алма апай» деп жатса, екіншілері 

«Алма бибінің» өз өміріндегі орнының ерекше екенін тілге тиек етеді. 

«Алма  апай»  студенттік  өмірдегі  жүрегімізде  жатталған  есім  болса, 

«Алма бибі» Алматы облысы Қаскелең ауданы (қазіргі Қарасай ауданы) 

Жандосов ауылында ұстазымыздың өз бастамасымен ашқан Гу ма ни тар-

лық қазақ мəдениеті мектеп-лицейінде жұмыс істеген кезіндегі оқу шы ла-

ры ның құрметті атауы еді. «Бибі, бике, мырза, бикеш» атауларын Алма 

апай өзі енгізіп, балаларға мағынасын түсіндіріп берген соң, шəкірттер 

еш жаңылыспастан «Алма бибі, Бақытжан бибі, Лəйлə бике, Бекболат 

мырза» деп атап кеткені де шынайы шындық еді.

1994 жылы Жамбыл облысы жақтан сапардан келе жатқан универ-

ситеттегі  курсымыздың  кураторы  Алма  Қыраубайқызы  сол  кезде  мен 

отбасыммен тұрып жатқан Алматы облысының Жамбыл ауданы Мə ті бұ-

лақ өңіріне арнайы келіп: «Қызым, менің арманым өз шəкірттеріммен 

бір ге мектеп ашу еді. Нағыз шынайы құбылыс болып жарқ етер, өз елі-

нің келбеті болып танылар, əлемдік деңгейде өзін Қазақ елінің тамаша 

азаматы ретінде таныта білер тұлғаны мектептегі буыны қатпаған кезі-

нен тəрбиелеп шығарсам деуші едім. Соны жүзеге асырар сəт туды. Ме-

нің жанымды түсінер шəкірттерім маған өте қажет боп тұр, бірге қыз мет 

іс теу ге қалайсың?» – деді, мен қуана келісім бердім. 

Лицейдегі шығармашылыққа толы қызықты күндер басталды. Жаңа 

басталған  істің  ауыртпашылығы  мен  жауапкершілігі  болады  емес  пе? 

Мұны ұжымның бəрі сезінді, дегенмен Алма бибінің ұйым дас ты ру шы-

лық қабілеті мен əр адамға көңіл бөлетін мейірімділігі күш беріп, на-



353

мы сың ды жанып отыратын жұмсақ та жігерлі үні бізді қуат тан ды рып, 

бі рік ті ріп, алға оздырды.

Лицей ауыл өміріндегі көрнекті оқиға болып танылды. Ауыл адам-

дары  лицейде  болып  жатқан  жаңалықтар  мен  əрбір  оқиғаны  шынайы 

кө ңіл мен қабылдап, ауыл өңіріндегі тамаша да жағымды дүние ретінде 

қа ра ды. Апай сабақ беретін «Тілашар» сабағында жаттаған Құран үзін-

ді ле рін оқып, Құран əңгімелерінің желісін тартымды əңгімелеп отырған 

бүл дір шін туралы əр ата-ана мақтанышпен, ауыл адамдары сүйінішпен 

айтып отыратын. 

Балаға тиімді əдіс-тəсілдермен сабақ беру ізденістері ұстаз үшін ал-

дың ғы  орында  екенін  Алма  апай  үнемі  айтып  отыратын.  Бір  үзілісте 

Алма бибі, Айхан бике мен Нұрсұлтан мырза өзара «Тілашар əліппенің» 

қан дай болатыны туралы қызу талқылағаны есімде. «Бұрын болғанды 

қай та ла май жаңа атауларды қатыстыра отырып, оны əсемдікпен үй лес ті-

ре білген жөн. Ұлттық нақышпен қатар ұлттық рухқа негізделген көр не-

кі лік тер қажет. Оны қалай жасаймыз, ол балаға қалай əсер етпек? Түр лі 

түсті суреттер əлемі баланы қалай баурайды?» – осы сұрақтар тө ңі ре гін-

де гі тартымды пікірлерге біз де өз ойымызды айтып қосыла кеттік. 

Алма бибінің 1-жылдықта өткізген «Ү» əрпіне қатысты ашық са ба ғы-

на қатыстық. Өзі талап қойғанындай, сабақ əр баланың кө ңіл күйі, қы-

зы ғу шы лы ғы мен зейініне құрылғаны көрініп тұр. Са бақ та қа ра па йым-

ды лық, бүлдіршіннің түсінігін байыту мақсаты ай қын бай қал ды. Жаңа 

са бақ  тапсырмасы  ретінде  Алма  бибі  «Үкі»  та қы ры бын да  кішігірім 

əң гі ме дайындап келген екен. Балалар алдын ала қызығушылығын ту-

дыру сұрақтарына жауап беріп жатып: «Үкі қыз балалардың басындағы 

бөр кін де болады» немесе «Үкіні тіл-көзден сақтау үшін бөбекті бесікке 

бө ле ген де,  төсек  басына,  келін  келгенде  шымылдыққа  тағады»  деп  өз 

білгендерін ортаға салып өткен соң, Алма бибі «Үкі – қасиетті құс. Хал-

қы мыз оны киелі деп санайды. Айтқандарыңның барлығына менің де қо-

са рым бар. Үкінің мені қызықтыратын бір қасиеті – түскен əр тал қа уыр-

сы нын жерге көміп, көрсетпеуге тырысады. Қазақта «үкідей қызғанады» 

деген сөз бар. Қыз да осындай өзін-өзі үкінің қауырсынындай үл піл де-

тіп, сырткөзден қорғауы керек» деген сөздермен аяқтады. Тірек сөз де рі 

ар қы лы  оқушылардың  есте  сақтауын  тексере  отырып,  өз  ойларын  ай-

туына мүмкіндік туғызды. Үзілісте Салтанат бикеш, Динара бикештер 

бір-біріне «Біз үкінің қауырсыны сияқты əдеміміз, өзімізді-өзіміз үкі дей 

жақ сы көруіміз керек» деп мақтанып жатты. 

«Қызықты қазақ тілі» сабақтарын да Алма бибі бастауыш жыл дық-

тар қызығушылығымен қабыстырып, қабылдау ерекшеліктерімен бай-

ланыстыру  қажеттілігін  айтып,  бағыт-бағдар,  кеңесін  аямайтын. 1995 

жылы  қазан  айында  қазақ  тілі  мен  əдебиеті  пəнінің  мұғалімдері  ара-

сында байқау ұйымдастырылды. Алма бибі осы байқауға қатысуға ке-


354

ңес беріп, менің «Дыбыстар əлемі» сабағын өткізу əдісім мен аудитория 

психологиясын меңгеру машығыма аса назар аударды. Сабақтың форма-

сы дəстүрден тыс болып қана қоймай, ұлттық бояуға қанық, аза мат тың 

ұлт тық көзқарасы мен ұлттық санасына əсер етер тағылым дəрістері бо-

луына баса назар аударған жөн деп отыратын. 

Республикалық  байқау  Алматы  қаласындағы  Республикалық  ұс таз-

дар білімін жетілдіру институтында өтті. Байқау сабақтарына əр облыс-

тан келген ұстаздар қатысып отыруы да жауапкершілік жүктегендей. 

Байқауға дайындалған тапсырмаларыма кірісіп кеткенмін, алдыңғы 

қа тар да  отырған  Алма  бибі  лицейдегі  оқушылардың  қимылын  салып, 

түр лі психологиялық жағдайларға жолашар сұрақтар берді. Күтпегенмен 

өзі ме-өзім тез келдім де, берілген 10 минуттың аясында бұл жайларды 

ше шуім  қажет  екенін  ойладым.  Əсіресе  «Айсұлу  бике,  Шəміл  мырза 

Мақ  пал бикештің шашынан тартып қалды» немесе Ділдаш бикеш болып 

«Алтыншаш бикеш маған сағыз бермей қойды» деп бала құсап қыс ты ры-

лып, ескерту жасап жатқанда мен өзімді, шындығында, өз жылдығымда 

са бақ өтіп, үйреншікті ортамда тұрғандай сезілді. Көз алдыма өжет, ба-

тыл, шалт қимылды Мақпал бикештің Шəмілді төмпештей жөнелетінін 

елестетіп, сабырмен «менің есіме бір жай түскені» дедім, мұндайда ба-

лалар маған қарай қалатын. «Менің өте жақсы бір танысым алдындағы 

ақ бантикті қыздың шашынан көп тартушы еді, ал қазір мектептен «Еділ 

шашымнан тарта береді» деп ренжіп қайтқан қызына əкесі: «Мен де ма-

маң ның шашынан тартушы едім, өйткені мамаң ең əдемі қыз болатын. 

Мен ертең Еділмен сойлесейінші, ол жаман бала емес, сені бұдан былай 

мазаламас» деп тоқтау айтып жатса, екіншісі «Гүлжатай, біз ол Еділді 

өз қызына ақыл айтатын азамат етіп шығарамыз» деп ақыл айтып жат-

қа нын көрдім. Қазір тыныштық сақтайық, бұл жайында əлемтану са ба-

ғын да кеңірек əңгімелесерміз» деп өз тоқтамымды айттым. (Мұндайда 

балалар  күнделігіне: «Əлемтану  сабағында  Гүлжан  мен  Еділ  туралы 

естиміз», – деп  жазып  алады).  Ал  сағыз  бермеді  деп  реніш  білдірген 

«Діл дəш – Алма бибіге де» сағызды шайнау реті мен мəдениеті туралы 

қыс қа ша ескертілді. Осының бəрінде əр баланың бұл жауапты қалай қа-

был дай ты ны аз уақыт ішінде есептелініп үлгеруі керек. Мақпал бикеш 

əр жауаптың өмірден алынатынына назар аударар болса, Назгүл бикеш 

өзі не берілетін жауапта дəйексөз болуын ұнататын. Шəміл өзіне дауыс 

кө тер мей, сабырмен ескертуді қаласа, Ділдаш өз еншісі – еркелік деп тү-

сі не тін бала ретінде, өзгеше қарым-қатынасты қажет ететін. Алма бибі 

бала психологиясы, əр баланың өзіндік ерекшелігі, яғни өзінің «Ұстаз 

тоқ там да рын да»  көрсетілгендей, «Əр  бала – ханзада  мен  ханшайым» 

екені алдыңғы кезекте тұруы керектігін үнемі ескертетін. 

Байқау  барысында  жүлделі  орынға  лайық  деп  танылдық.  Қазылар 

тобы бірінші кезекте сабақтың бала жаны, танымы жəне қы зы ғу шы лы-


355

ғы мен үйлесімділігіне тоқталды. Алма бибі «Бұл – мектептің, ең бек етіп 

жатқан ұстаздың жұмысына берілген баға. Бұл жүлде – мектеп-ли цей-

дің бірінші жүлдесі, алғашқысы Айсұлу бике болса, ендігі бай қау мен 

жүл де лі  биіктен  көріну – міндетті  түрде  Самал  мырзаның  еншісінде, 

Да ри ға, Сымбат бикелер де осылай жарқырай көрінетіні сөзсіз» деп үл-

кен  қуаныш,  толқу  сезімін  қатар  жеткізді.  Ұстаз  көрегендігін  мен  Са-

мал Дəрібаев республикалық байқаудың жеңімпазы атанған кезде тол қи 

отырып еске алдым.

Біз сүйікті лицейімізге оралып, жұмысымызды жан-жақты қарап то-

лық ты ру ды  ойға  алдық.  Алма  бибі  практикалық-бейнелеу  сабақтарын 

қол ға  алуға  кеңес  берді.  Республика  мұғалімдері  арасында  бұл  кезде 

көп те ген шығармашылық ізденістер бел алған. Дəстүрден тыс сабақтар 

жө нін де өз жинақтаған материалдарымыз бойынша үнемі пікіралмасу, 

əдістемелік  кеңестер  өткізіп  отыратынбыз.  Алма  бибі  тіл-əдебиет  са-

бақ та ры нан  ізденісте  жүрген  ұстаздардың  əдістемелерімен  таныстыра 

отырып: «Жаңа нəрсе ойлап табу емес, өз жүрегіңіздегі жаңашылдық ой-

ла ры ңыз ды батыл қолдануыңыз үшін шығармашылық ізденіс қажет. Са-

лыс ты ры ңыз, өз шəкірттеріңіздің жеңіл, жылдам жəне теориядан ал шақ 

кетпей қабылдауы үшін керекті қажеттіліктерді сараптаңыз» деп ескер-

тетін. Алма бибінің бұл тұрғыда ойының үстінен түскен математика пə-

ні нің мұғалімі Гүлжан бике еді. Қазақ мемлекеттік университетінің соң-

ғы курс студенті Гүлжан бикенің математика сабағын оқушылар ға жап 

əлем ге енгендей қызығушылықпен қабылдайтын. Кез келген оқу шы бұл 

са бақ тар ды  еркін  игеріп,  тіпті  үзіліс  кезінде  Гүлжан  бикемен  таласа-

тармаса есеп шығарып, келесі сабаққа əрең кіретін. Алматы об лыс тық 

мамандар кəсібін дамыту институтының ұжымы лицейде бол ған семи-

нар барысында сынып бөлмелерінде оқушылармен пікір алмасып, ба ла-

лар дың есеп пəндері бағытындағы біліміне шынайы риза бол ған еді.

Алма бибі практикалық-бейнелеу сабақтарының бірі – көркем бейне-

лер арқылы жан сезіміне əсер етіп, рухтандыру деп отыратын. Бұл тұр-

ғы да əсіресе 6–8-жылдықтар арасында лицей шəкірттері Алма би бі нің 

ежелгі əдебиет сабағында театрландырылған сабақ үлгілерін өт кіз ге нін 

ұнататын.  Тіпті 1995 жылы  мұғалімдер  күнінде  «Өзін-өзі  басқару  кү-

нін» ұйымдастырып, оқушылар өздері өткізетін сабағының өткізілу əді-

сін қызу талқылап, кім қалай жүргізетінін айтып, пəн мамандарынан ке-

ңес алып жатты. Біз оқушы ретінде сабаққа қатыстық. Бұл жөнінде 1996 

жыл ғы  мұғалімдер  күні  қарсаңындағы  «Қазақстан  мұғалімі»  газетінің 

санында «Айсұлудың ақ бантигі» атты Алма бибінің мақаласы жария-

ланды. 


Күткен күніміз жетіп, оқушылар белгілеген жылдықтардан өз орны-

мызды алдық. Үзілісте, сабақ өткеннен кейін өз көргенімізді айтып та-

уыса алмадық. Алма бибі Мұхит мырзаның сабағынан өте риза болып 


356

шық ты. 6-жылдықта  өтіп  жатқан  ежелгі  əдебиет  сабағындағы  Зарина 

бикеш пен Мəди мырза үй тапсырмасы ретінде дайындап келген үзін ді-

сін көрсетіп жатқан кезде Мəдидің анасына айтар кейіпкердің сө зін айту 

үшін басын көтеріп, кейіпкердің сөзінің орнына көздерін кең ашып: «Ал 

мен өз сөзімді ұмытып қалдым» деген сəтін əңгімелеп, ра қат та на кү ліп 

қо йып, «Сондағы  Мəдидің  бақырайған  көздері  ұмытып  қал дым  деген 

қор қы ныш қа емес, мен Заринаны ұятқа қалдырдым-ау деген жа уап кер-

ші лік ке толы болды, азамат ретінде есейгенін білдірген осы сəт ті еш қа-

шан ұмыта алмаспын», – деді. Ал осы сөйлемдер айтылған сəт ті мен де 

ұмы та алмаймын, себебі Алма бибінің көзінде өз ісінің нə ти же сін көр-

ген жанның бақытты сезімінің ұшқыны мен шуағы тұ нып тұр еді.

Келесі  əдістемелік  кеңесте  баланы  бұйығылық  сезімнен  құтқарып, 

се нім сіз дік комплекстерін жою тəрбиесі жөнінде ой қозғалды. Бұған се-

беп «Елу баланың ығынан шығамыз деп ұстаздық ұстанымнан ауыт қып 

барамыз ба қалай?» деген мұғалімдер арасындағы пікірлер болды. Алма 

бибі Бекболат мырза, Самал мырза, Бақытжан бибі, Айхан би ке лер дің 

пі кір ле рін тыңдай келе, лицейдегі əр баланың мінез-құлқымен санасу, 

оның еркелігін шыңдау емес, қайта сол мінезін тани отырып, баланы оң 

тəр бие ге  баулу  ізденістеріне  жол  ашады  деген  ойларын  ортаға  салып, 

осы  орайда  өзінің  «Сенім»  бағдарламасын  қолға  алғанын  айта  ке ліп, 

қай та өз тəжірибелеріңіз тұрғысынан ой қоссаңыздар қуанар едім деген 

өті ні шін жеткізді.

Баланы  сенімсіздік  комплекстерінен  арылтар  құралдар  ретінде 

«Үшбу  хат»  əдісі,  практикалық-бейнелеу  сабақтары,  мəдениет,  өнер, 

бала  жанының  үйлесімі  қарастырылатыны  жөнінде  таныстырып  өтті. 

Бұл бізге көп ой салды. Жұмыстан қайтып келе жатып, Алма бибі: «Біз-

дің мектеп – болашақ қазақ мектебінің алғашқы қарлығашы. Заманынан 

ерте келген құбылыс. Мен бұған сенемін. Осы шəкірттерімнің сенімді, 

батыл, білімді қазақ азаматы болып танылғанын көрсем – сол мен үшін 

ең үл кен бақыт. Ал заманның қиындығымен қатар келген біздің бұл ең-

бе гі міз – өзге қазақ балаларының бақытына бастау болар қазақ мектебі 

моделін жасау ізденісіне үлес қосу. Біздің бұл ісіміздің керектігін, мəнін 

уа қыт төрелейді», – дегені есімде.

1996 жылғы «Қазақстан мектебі» журналының №4 санында «Қазақ 

баласы  өжет  болсын,  білімді  болсын  деп...»  атты  Алматы  облыстық 

мамандар  кəсібін  дамыту  институтының  директоры  Т.Баймолдаев  пен 

Алматы облыстық мамандар кəсібін дамыту институтының пе да го ги ка-

лық технология жəне инновация кабинетінің меңгерушісі Ж.Нұр сə лі мо-

ва ның алғы сөзімен Алма бибінің «Сенім» бағдарламасы жарық көр ді. 

Бұл ұстаздар қауымы арасында талқыланып, оң бағаға ие болғаны жө нін-

де Алматы қаласы мектептерінде, Балқаш ауданы, Ұйғыр ауданы ұс таз-

да ры мен кездесулерде пікіралмасуларда хабардар болдық. Шы ғар ма шы-


357

лық қа жаны құмар мектеп ұжымдары бастаманы негізге алып, кейінде 

Батыс Қазақстан облысында жалғасын тапқаны жөнінде Алма апай қуа-

ныш пен хабарлаған.

Мектебіміздің  шын  мəніндегі  мəдениет  мектебі  болуы  үшін  жан-

жақ ты  жұмыс  бағыттарын  тереңдеттік.  Бастауыш  сыныптарға  қазақ 

та ри хы ның алғашқы əліппесі – «Елтану», дүние-жаратылыс əліппесі – 

«Əлем та ну», мəдениет ілімінің бастамасы – «Əдеп» сабақтары енгізілді. 

Жүргізіліп жатқан «Ислам мəдениеті» сабақтарына қосымша «Шы ғыс 

мəдениеті», «Еуропа  мəдениеті», «Славян  мəдениеті», «Грекия  мə де-

ние ті», «Ағылшын-Америка  мəдениеті», «Сөйлеу  мəдениеті»  са бақ та-

ры ның бағдарламалары дайындала бастады. Осы тұста біздің Алматы 

қа ла сын да ғы Орталық спорт стадионы маңында орналасқан аме ри кан-

дық  мектеппен  тəжірибе  алмасу  байланысымыз  басталды.  Əлі  есім де 

сол  мектепте  істейтін  бір  əріптесіміз: «Сіздердің  мектептің  балалары 

са бақ қа үлкен қуанышпен келетін болар? Алма Қыраубайқызы өз мек-

те бі нің «Қуаныш мектебі» болғанын мақсат тұтамын деген еді», – деп 

қы зы ға сұраған. Мен балалардың лицей қабырғасында өздерін ерекше 

кө ңіл күйде сезінетінін айтып өттім. Біз əдеп сабақтарын оқыту əдістері 

туралы пікір алмастық.

Алма  бибінің  жетекшілігімен  əдеп  сабақтарының  да  оқушылардың 

жас  ерекшелігіне  қарай  адами  қарым-қатынастан  отбасылық  қарым-

қа ты нас қа дейін қарастырылатын кең көлемді бағдарламасы жасалды. 

Қыз бала мен ер бала тəрбиесіне аса көңіл аударылып, баланың ха лық-

тың тəрбие құндылықтарымен бірге замана талабына қарай өзіндік көз-

қа ра сы болуына ықпал ету алдыңғы кезекте тұрды. Бұл орайда қыз ба-

ла ның нəзік жан, өмірді жалғастырушы ана, отбасының сəні екеніне көз 

жеткізер он саусағынан өнері тамған Зиба бибінің сабақтарының орны 

ерекше болды. «Шіркін, Самал мен Рахым мырзадай болсам ғой!» деген 

бала арманы көзінен танылатын сəттерде Алма бибінің шəкіртке ұла ғат 

болар ұстаздар қауымын жинағанын жүрегімізбен сезінуші едік. «Ал ға-

дай» тобы туралы ойлары да ерекше еді.

Бала жаны жөнінде кеңескен сəттерде сол кездерде еліміздегі теле-

дидарды жаулай бастаған түрлі сериалдардың бала тəрбиесіне əсер етуі 

жөнінде тартысты пікірлер орын алды. Алма бибі «Сериалдарға қы зы-

ғу – баланың танымдық қызығушылығы екенін ескеріп, көрген нəр се сі-

нен безіндіру емес, керекті пікірді түюіне жол ашуға ұмтылыңыз» деп 

үй ре те тін. Мөлдір, Гүлмира, Жамал бикештер сериалды талқылап, ойын 

ор та ға салғанды ұнататын. Ой алмасып отырған сəттерде айтылған ой-

лар дың салмақты түйіні бізді қатты қуантатын. 

Алма бибі үшін лицей ғажайып əлем еді. Алматыдан шаршап-шал ды-

ғып келген ұстаз лицей табалдырығын аттағаннан бəрін ұмытатын. Шə-

кірт те рі қаумалап жатқанда əрқайсысына ерекше мейіріммен қа рау шы 


358

еді. Əр баланың көзіндегі мұң, сұрақ, қуаныш Алма бибінің назарынан 

сырт қалмайтын. «Олжас мырза, Сіздің ғана қолыңыздан келер тапсыр-

ма бар еді. Елдар мырза, Сіздің есімшенің жұрнақтарын есте сақтау əді-

сі ңізде өзінше бір тапқырлық бар екенін мойындаймын. Зарина бикеш, 

Сіз ге бір кітапша алып келдім» деген сөздері, «Алмас мырза, Сізге мына 

сурет ұнай ма? Сіз де маған өзіңіздің жаңа салған суреттеріңізді көр сет-

се ңіз, қуанар едім. Келесі сабақта Сіз мынадай тақырыпқа да йын дал са-

ңыз  қайтеді?  Ділдаш  бикеш,  Сіздің  көңіл  күйіңіз  қалай?  Су ре ті ңіз де гі 

ой ла ры ңыз маған қатты ұнады, кейінгі суреттеріңізді көрсетпейсіз бе?» 

деген  сұрақтарынан  кейін  осы  балалардың  көзінен  «Маған  Алма  бибі 

арнайы  тапсырма  берді,  сенім  артты,  мені  мақтады»  деген  мақ та ныш 

се зі мі байқалатын.

Бүгінгі  күнде  лицей  шəкірттері – Қазақстанның  түкпір-түкпірінде. 

Қа шан да сағынысып жүздескенде міндетті түрде əңгіме басы Алма би-

бі ден басталады. Алма бибінің ертегідей елес мектебінде тəлім ал ға нын 

қай бала болсын мақтанышпен айтады. Осы мақаланы жазу кезінде мек-

теп-лицейдің бір кездегі шəкірттері, лицейдің алғаш ашылған ке зе ңін де 

1-жылдыққа  барған  оқушыларымен  кездестік.  Алғаш  мектепке  қа дам 

басқан Мақпал, Майра, Венера, Алтыншаш бикештер – бұл күнде жо ға-

ры оқу орнының студенттері. 

Лицейге «Алма бибінің лицейінде оқығым келеді» деп жүрек қа ла-

уымен келген Назгүл, Салтанат бикештер де лицейдегі қызықты күн дер-

ді  сағына  еске  алды.  Біз  лицейдегі  қызықты  қазақ  тілі,  тілашар,  елта-

ну, əлемтану сабақтары жөнінде пікір алмасып, еске түсірдік. Күт пе ген 

жерден Салтанат бикеш: «Мен өзіммен оқыған достарыма лицей жай лы 

əңгімелеп бергенде оқушылар қызығып: «Сен қандай бақыттысың, он-

дай мектепте оқу арман ғой», – дейді. Бізге ешқашан қай та лан бай тын, 

еш  мектепке  ұқсамайтын  арман  мектебін  ашып,  оқытқан  Алма  бибіні 

мақ тан тұтам, сағынамын. Өзіңіз айтыңызшы, қай мектептің 1-жылдық 

оқу шы сы ғылым кандидатынан дəріс алып, онымен күнде бірге болу ба-

қы ты на ие болды? Ертегідей ғажап күндерді сыйлаған Алма бибіге бас 

иемін, қиналған сəттерде лицейдегі күндерімді еске алып батыл шешімге 

бет бұрамын. Ол бізге батыл болуды, білімді мен ақылды болып, өмірді 

сүю ге үйретті», – дегені. Біз үнсіз қалдық. Мен шəкірттерімнің жүзіне 

қа рап  едім,  кірпіктеріне  балалық  шақтың  сағыныш  тамшылары  іліне 

қал ға нын байқадым. Көктемнің əдемі жылы лебі есті. Құлағыма Алма 

би бі нің 12 жыл бұрын мəдениет үйі ғимараты жанында айтылған «Осы 

шə кірт те рім нің сенімді, батыл, білімді қазақ азаматы болып танылғанын 

көр сем – сол мен үшін ең үлкен бақыт. Біздің бұл ісіміздің керектігін, мə-

нін уақыт төрелейді» сөздері қайталап естілгендей болды.

Иə, уақыт шəкірт аузымен айтқызған пікір – жас ұрпақ тұрғысынан 

берілген баға. Алма Қыраубайқызының отандық білім саласын өр кен де-


359

ту ге өз үлесін қосқаны, тарихта ізін қалдырған білім ордалары се кіл ді 

Алма бибінің мектебінің маңыздылығы жан-жақты зерттеулерді қа жет 

ететіні, оны ұлттық мектеп моделі ретінде қарастыруға болары – дау сыз 

шындық. 1999 жылғы «Ұлт тағылымы» атты ғылыми-педагогикалық ба-

сы лым ның №1 санынан бастап «Гуманитарлық қазақ мəдениеті мектебі 

тə жі ри бе сі» атты мақалалары жариялана бастады. Алма апай өзінің ұлт-

тық  сананы  қалыптастыру  мен  ұлттық  мектеп  туралы  батыл  ойларын 

ор та ға сала келіп, мектептің іс-тəжірибесінен мысалдар келтірген. Анық-

тай қараған адамға кеңестік мектеп тəжірибесіне ұқсамайтын тəрбие үр-

ді сі айқын көрінеді. Ұлттық бояуы қанық тəрбиенің тек қазақ баласына 

ғана емес, Қазақстан мектебінде оқитын əр бала үшін де қажеттілігі ай-

тыл ған. 

Болашаққа батыл көз тігіп, заман қиындығынан тайсалмастан жаңа 

үл гі де гі ұлт мектебін құруға ұмтылған Алма бибі – уақыт тудырған тұл-

ға. Алма Қыраубайқызы ғылыми ізденістегі шəкірттері үшін ұстаздық 

шы ғар ма шы лық ты ұштау мектебі болса, Алма бибі – лицей шəкірттері 

үшін арман мектебін ашып, таңғажайып əлемге есік ашқан аяулы ұс таз. 

Бүкіл болмысымен Ұстаз деген ұлы атқа лайық жанның бейнесі алыс та-

ған сайын асқақтай береді. Өзіңіз тəлім берген шəкірттер Сіздің есі мі ңіз-

ді ту ғып көтеріп, жүректерінде желбірете береді, аяулы Алма бибі! 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет