Айсұлу ҚАСЫМБЕК
АЛМА ҚЫРАУБАЕВАНЫҢ ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒАНЫҢ
ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ІЗДЕНІСТЕРІ
Қазақ əдебиетінің ежелгі дəуір мұраларын зерделеп, халыққа толайым
ой, толымды зерттеу еңбектерімен танымал, бұл күнде дүниеден өт кен
филология ғылымдарының докторы, профессор Алма Қыраубаеваның
педогогика саласындағы ізденістері – ұлт тұлғасы, ұлттық мектеп жай-
лы ой қозғағанда қайта қарап, қолға алуды қажет ететін құнды мұра.
Ға лым ұсынған «Сенім» бағдарламасы авторлық лицейде тəжірибеден
өтіп, өз кезеңінде тамаша нəтиже берді. Жоғарыда аталған бағдарлама
не гі зін де жұмыс істеген мектеп мақсаты – ұлт құндылықтарын бойына
сі ңір ген, əлемдік ауқымда ұлттық құбылыс болып таныла білер тұл ға-
ны қалыптастыру, бағдар беру. Тəуелсіз мемлекетіміз егемендігін жаңа
алып, нарық қыспағында отырған 1993 жылы құрылып, 50 шəкірт қа-
был да ған бұл мектеп жаңа заманның лебі, болашақтан келген алғашқы
қар лы ғаш тай еді.
Сонан бері он бес жыл өтті. Қазір – еліміздің егемендігі нықталып, тə-
уел сіз дік туы тік тұрған тұс, жасындай жарқ еткен жас ұрпақ қа лып тас-
қан ке зең. Ал сол тұста бұйығы мінез ауыл баласына қайтсем ұрым тал
360
сəт те ұтымды шешім табар, білімді де мəдениетті, алғыр, өзіне сенімді
шə кірт тəрбиелеймін деген ой ұстаз жанын толқытты. Қиындықтарға қа-
йыс пай қарсы тұрып, алдына келген 50 баланың жан дүниесіне те рең-
де ді. Жанындағы ұстаздарына да жаңашылдық мектебіне сай шеберлік
мектебі бола білді. Гуманитарлық қазақ мəдениетінің негізі етіп те рең де-
ті ле оқытылатын қазақ тілі мен əдебиеті, мəдениеттік ілім ба ғы тын да ғы
пəн дер белгіленді. Ең əуелгі орында неше ғасыр Қазақ елі нің тағдыры
мен тарихының туы, тұғыры, қайнар көзі болған тіл мен əде биет ар қы лы
баланың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру ізденістері басты бағ дар-
ға алынды. Кешегі кеңестік дəуірден қалған көкейкесті мə се ле – ба ла-
ның орыс тіліне бірінші кезекте басым назар аударуы қатты етек алып
тұр ған бұл тұста қазақ тілін, əдебиет мұраларын насихаттау қиын ның
қиы ны екені айқын еді. Бірақ жан-жақты ойластырылған бағдарлама
мен білікті ұстаздың тынымсыз ізденісті еңбегі шəкірт жүрегіне жетті.
Ауыл балалары (оның ішінде орыс сыныбында тəлім алып жүрген бала-
лар да бар) өз қалауымен мектеп-лицейге келе бастады. Лицей жұмысы
тө мен де гі дей үш бағытта жүзеге асырылды.
Базалық білім
мен тəрбие беру
Қазақ жəне əлем мəдениеті ілімін
меңгерту
Психологиялық ілімдері
негізінде дүниетаным
тəрбиесін беру
Стандарт тала-
бына сай бар-
лық пəндерді
игеруі
Қазақ тілі, əдебиет, ежелгі əде-
биет, тілашар, ұлттық мə де ниет
ілімдері мен ислам, шы ғыс, ба тыс
мəдениетін те рең де те мең ге ру
«Əлем жəне мен», əдеп-
та ну бағ дар ла ма ла ры-
мен жұмыс бағыттары
Алма Қыраубаева жұмыстың негізі етіп қазақ тілі мен əдебиетін қою-
мен қатар, оның маңыздылығы мен өміршеңдігін дəлелдей білді. Мек-
теп тің жаңашылдығы, қайталанбас ерекшелігі де осында еді. «Өнер
алды – қызыл тіл» деп танитын дала философиясы негізінде тіл құ ді ре-
тін дəріптеу, оқушыға мүлдем таныс емес ежелгі əдебиет əлеміне сүң гу,
əде биет ті кешегі жəне бүгінгі құндылықтармен салыстыра отырып қай-
та қарау, мəдениет бастаулары мен тұма тұнығына сүңгу, өзге өр ке ниет ті
де тани білу жəне өз халқының ұланы екеніне мақтаныш сезіміне баулу
осы мектепте жүзеге асырыла бастады. Қазақ тілін оқыу барысында Ор-
хон-Енисей жазба ескерткіштерінен бастап, тілге қатысты де рек тер дің
ба ла ның қабылдау деңгейі мен мүмкіндігіне қарай тиімді қол да ны луы
ес ке рі ліп отырды. Бұл орайда бастауыш жылдықтарда (сыныптарда)
өт кі зі ле тін тілашар сабағы ерекше орын алды. Бала ұлттық салт-сана,
ха лық тық əдеби жəне мəдени мұраларға құрылған сабақ үлгісінде тіл
құн ды лық та рын меңгере бастады.
361
Тілашар
(таңданыс-таным
сабақтары)
Тіл айшықтары мен
сөз құдіретін таныта
отырып, баланың
тілін дамыту
Əр жаңа ақпарат,
мəліметті беру
барысында баланың
ой еркіндігін шек-
темеу
Білім негізіне тіл құндылықтары,
ұлттық тағылым, өркениет
мəдениеті жəне уақыт талабына
сай бала
танымы алынды
Жоғары жылдықтарда жүргізілген «Ислам мəдениеті» «Тілашар дың»
жалғасы есебінде жүргізілді. Əл-Фараби еңбектерінен бастау алатын
бұл сабақтарда қазақ даласының кешегісінен бастап келешектің көк жие-
гі не көз жүргізер мүмкіндіктер ашылатын. Шəкірт алған білімді өз шы-
ғар ма шы лық мүмкіндігіне қарай (қарапайым ой түйіні немесе ғы лы ми
негізде қарастырып) талдай отырып, өз ойын таныту кеңістігіне шыға
алатын. Олар бұл сабақты өз əлемі ретінде танитын. Баланың сұ ра ны сы
ескеріліп, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі салыстырыла оқы ты лып,
оқушының өз тілін сауатты меңгеру арқылы өзге тілді жетік үй ре нуі не
жол ашылды. Қазақ тілін оқытудың «Бейнелі қазақ тілі», «Тіл-тұ ғыр»
(жеке мұғалімдердің авторлық ізденістеріне құрылған) бағ дар ла ма ла ры
қолға алынды.
Мектептегі əдістемелік жұмыс мүлдем жаңа қалыпта жүзеге асырыл-
ды. Мұғалімнің жұмыс бағытына бағдар берер жиырма тоқтам қа был-
дан ды.
– Бала мектеп үшін емес, мектеп бала үшін жұмыс істейді.
– Баға құнды емес, бала құнды.
– Сабақ – ұстаз бен шəкірттің адами қарым-қатынасы.
– Сабақтың мақсаты – баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін ашу.
– Шəкірттің кемшілігін көрсең, ықыласын өлтіресің.
– Импровизация – сабақтың жаны.
– Баланы сабақтың негізгі кейіпкері ете біл.
– Əр бала – табиғаттың ғажайып құбылысы. Əр бала – Ханзада мен
Ханша.
Жоғарыдағы ойлар, шынында да, сол кезеңдегі педагог түсінігімен
астаса бермейтін тың пікірлер еді. Тəрбие жұмысы, ең алдымен, мұ ға-
лім нің жан дүниесімен келген кеңестік қалыптан арылту мақсатында ұс-
таз дар мен əңгіме-сұхбат, тақырыптық талдаулар, семинар жұмыстарын
өт кі зе отырып, мектепте басқару мен оқыту, тəрбие берудің жаңа ба-
ғыт та ры жүзеге асырыла бастады. Оқу тарбие үрдісі А.Байтұрсынов,
М.Жұ ма баев, Ж.Айтмауытовтың педагогика, психологиялық пікір-ұс-
та ным да рын басты бағдарға ала отырып жүйеленді. Сонымен қатар
362
отан дық, шетелдік педагогикалық озық тəжірибелермен салыстыра қа-
рас ты ры лып, алға қойылған мақсат пен ізденіс ерекшеліктері, сынақ
пен тəжірибе барысындағы нəтиже үнемі талданып-сараланып отырды.
Ұс таз дар Ресейдегі жаңашыл қадамдар: Вальдорф бағытындағы жеке
бастауыш қыздар мектебі, Подольск қаласындағы славяндық мəдениет
мектебі, сол кезеңде тəжірибеден өтіп жатқан Владимир Библердің «Мə-
де ниет тер диалогі мектебі», келер ғасыр үлгісіндегі Джеймс Комер мек-
тебі, Набиско, Сатурн мектептері жөніндегі ақпараттармен кеңінен та-
ныса отырып, əлемдік деңгейдегі педагогикалық бетбұрыстар жөнінде
ой-пікірлерін ортаға салып отырды (яғни əлем тынысы ауыл мектебінен
айналып өтпеді). Мұғалімнің жаңаша келбетін көрген шəкірттер де осы
ар на ның ерекшелігі мен тиімділігін тани білді. Қазақ тілі мен əдебиетті
алғы орынға қойып, төл мəдениетті негізге ала отырып оқытқан Жандо-
сов ауылындағы Қазақ гуманитарлық мəдениеті мектеп лицейі ұжымы
хал қы ның тілі мен мəдени мұраларын дəріптей отырып, өз елін сүйетін
азамат, өзіндік еркін пікірін жеткізе алатын тың құбылыс – ұлттық дү-
ние та ны мы терең, кез келген ортада өзін жарқ еткізіп көрсете білер
тұл ға даярлауды мақсат тұтты. Мектеп 1993-1996 жылдар аралығында
өзі нің тəжірибе-сынақ жұмыстарын жүргізіп, жас ұрпақ тəрбиесіндегі
ұлт тық, мəдени бағытты дамыту ізденістеріне айтулы үлес қосты. Бұл
қа зақ педагогикасындағы ұлылық ұлағаты мен ұлттық дүниетанымды
дə лел деп аша білген батыл қадам, алғашқы жаңашылдық ізденіс еді.
Айсұлу ҚАСЫМБЕК
АЛМА ҚЫРАУБАЕВАНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ
«ПЕДАГОГ ШЕБЕРЛІГІ» ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім берумен қатар, бəсекеге
қа бі лет ті тұлғаның қалыптасу ізденісіне бағдар беру. Бұл бағытта пе да-
гог тің оқыту технологиясын жете білуі, үнемі біліктілігін арттырып із де-
нуі мен əлемдік даму үдерісіндегі нəтижелі озық əдіс-тəсілдермен таныс
болуы – уақыт талабы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың: «Ұлт-
тық бəсекелестік білімділік деңгейімен айқындалады. Қазіргі заманда
жас тар ға ақпараттық технологиямен байланысты əлемдік стандартқа сай
мүд де лі жаңа білім беру өте қажет» деген бағдарлы сөзі педагогтердің
алдына қойылар міндеттерді де саралайды. Бəсекеге барынша қабілетті
қо ғам ға ену мақсатын алға қойып отырған еліміздің білім беру саласын-
да нəтижелі ізденістер бастау алуда. «Білім туралы» Заңда оқы ту дың
жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, ха лық ара-
лық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеті ай қын көр се-
363
тіл ген. Осы міндеттер тұрғысынан қарағанда пəнді оқыту барысында
тех но ло гия лар дың қолданысқа тиімді, ұтымды нұсқаларын таң дап тал-
ғау алдыңғы кезекте тұрады.
Өз пəнінің шебер маманы педагогикалық технологиялардың өзіндік
болмысы мен тарихи бастауларын жете білгені жөн. Осы тұрғыдан пе да-
го ги ка лық технологиялар жөнінде қажетті деп тапқан мəліметтерді ұсы-
ну ды жөн көрдік.
Зерттеушілер американдық жəне еуропалық мектептердегі оқытуды
тех но ло гия лық тұрғыдан құруды бастау қозғалысын жылдар ортасымен
байланыстырады. Бастапқы кезде педагогикалық технология ұғы мы
оқы ту ды техникаландыру деген түсінік ретінде негізге алынып, бү гін гі
күн де көріп отырғанымыздай, кемел ізденістерге жол ашты, түр лі пе-
дагогтер мен əдіскерлердің анықтамалары негізінде кеңейе түс ті. В.Бес-
паль ко, Б.Блум, М.Кларина, В.Монахов жəне басқалардың пі кір ле рі не
сү йен сек, педагогикалық технология (нақты оқыту технологиясы) де ге-
ні міз – оқытудың ұйымдастыру формалары, құралы жəне ди дак ти ка лық
үр ді сі мен байланысты білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі болып та-
былады.
Бүгінгі күнде шетелдік ғалымдар технологияларымен танысып, бі лім
беру технологияларын өз тəжірибесінде қолданумен қатар, қа зақ стан-
дық ғалым ұстаздар өздерінің авторлық технологияларын қа лып тас ты ру-
да. Бұл жаңашыл ізденістер оқу материалдарын ұйымдастыру жолдары
мен құралдарының ерекшелігі, қағидалық құрылымы жəне оқыту жү йе-
сі нің белгілі бір əдістемелік жақтарымен айқындалады.
Педагогикалық технологиялар жайлы кейбір пікірлерге ғана тө мен де-
гі жүйеде қысқаша мысал келтіре кетсек:
ЮНЕСКО
Педагогикалық технологиялар – білім беру формала-
рын оңтайландыруға бағытталған техникалық жəне
адам ресурстарын жəне олардың байланыстарын ес-
кере отырып, білімді игеру мен оқыту процесін анық-
тау, қолдану жəне жасауға арналған жүйелі тəсіл.
Көптеген шетелдік
баспаларда кездесетін
анықтама
Педагогикалық технология – компьютер не тех ни ка-
лық оқыту құралдарын қолдану ғана емес, материал-
дар мен əдістерді қолдану, сонымен қатар қол да ныл-
ған əдістерді бағалау арқылы факторларды саралау
барысында білім беруді оңтайландыру жолдарын
қа рас ты ру жəне қағидаларын анықтау.
АҚШ-тың пе да го ги ка-
лық коммуникациялар
мен технологиялар жө-
нін де гі ассосациясы
Білімді меңгеру, проблемаларды шешуді басқару мен
игерудің, қамтамасыз ету мен жоспарлаудың барлық
аспектілерін, проблемаларға сараптау жасаудың жол-
дары мен идея, құрал жəне адамды қоса қамтитын,
кешенді, кіріктірілген үдеріс.
364
• М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясында оқы ту шы-
ның ұлттық танымы мен əрекетін негізге ала отырып, қабылдау мүм кін-
дік те рі мен материалдарды белсенді түрде меңгеруі есепке алынған.
• Н.А. Оразахынованың сатылай-кешенді талдау технологиясы бі лім-
ді сатылай кешенді талдау арқылы меңгерту барысында тұлғаның те рең
білімі мен саналы ой-пікірін жан-жақты қалыптастыру мақсатын көз-
дейді.
• Қ.Бітібаеваның ынтымақтастық педагогикаға негізделген тұл ға та-
ным дық жұмыс жүйесі ұстаз бен оқушының оқу үрдісіндегі тану, ізде-
ну, та қы рып ты тың тұрғыда игеру əрекеттерін белсенді құруға негіз-
делген.
• Оқытудың «Үшөлшемді əдістемелік жүйесі» (ҮƏЖ) (Ж.А. Қараев,
Ж.У. Кобдикова) білім берудің жоғарғы сапасын қамтамасыз ету мен
шы ғар ма шыл да құзыретті тұлғаның танымдық іс-əрекетін репродук-
тивті (өнімсіз) деңгейден продуктивті (өнімді) деңгейге дейін дамыту,
ақыл-ой мүмкіндіктерін ескере отырып, кемелдендіре қалыптасуына
жан-жақты жағдайды қалыптастыруды көздейді. Бұл технологияның
бас қа технологиялардан ерекшелігі: меңгеруге жоспарланған пəндік əр
та қы рып бойынша əр студенттің оқу жетістіктері міндетті түрде ба ға ла-
нып отырады. Бағалау балл жинау арқылы жүргізіледі. Кредиттік техно-
логия бойынша балл жинаудан ерекшелігі: егер тестінің отыз сұрағына
дұ рыс жауап бергені үшін студент жүз балл жинауға тиіс болса, онда
ҮƏЖ технологиясы бойынша тест тапсырмалары біртіндеп орында-
латын үш деңгейлік тапсырмалар түрінде іріктеледі. Бірінші деңгейде
терминдер, ақпараттық мазмұндағы қарапайым 15 тапсырма (екі балдан
əр қай сы сы), екінші деңгейде оқиғаның немесе процестің себеп-салда-
рын түсіндіруге, талдауға арналған он тапсырма (төрт балдан), үшінші
дең гей де тақырып бойынша алған білім-біліктілігін жинақтап, өз беті-
мен ереже, қорытынды шығаруға, өмірдегі жағдаяттарға қолданып, құ-
зы рет ті лі гін қалыптастыруға бағытталған бес тапсырма (алты балдан)
бе рі ле ді. Бұл бағалау жүйесінің принципі: деңгейлік тапсырмалар са ны-
ның пропорциясы 3:2:1 қатынасында сақталуы керек, сəйкесінше, əр
тап сыр ма ның балдық үлесі есептеледі.
Нəтижесінде, студенттің семестр бойы оқыған барлық тақырып бо-
йынша жинаған балдарын мониторингіге белгілеу арқылы, даму траек-
ториясы құрылып отырады.
Жоғарыда аталған қазақстандық технологиялар тұлғаның (оқу шы-
ның, студенттің) білімді меңгеру белсенділігін арттыруға бағытталса,
А.Қы рау бае ва ның «Педагог шеберлігі» технологиясы – педагог ізденісі-
не жол ашатын бағдар.
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі ұстаздық қыз-
ме тін де өзіндік ізденіс, жаңашыл оқыту жүйесімен студент жүрегінде
365
жат тал ған ұстаз педагог шеберлігін ұштау ізденісін Гуманитарлық ға лым
ұсын ған «Сенім» бағдарламасы ұлт құндылықтарын бойына сі ңір ген,
əлем дік ауқымда ұлттық құбылыс болып таныла білер тұлғаны қа лып тас-
ты ру, бағдар берумен қатар, педагогтердің де жаңашыл қалыптасуына
мүм кін дік көзі болды.
Жоғары оқу орнында жұмыс істеген ғалым алдына келген сту дент-
тер дің мектептен алатын білімінің негізді де нық болуы жайлы өз ойын
шəкірттерімен бөлісетін. Ғалым əдістемелік жұмысты мүлдем жаңа қа-
лып та жүзеге асыру жəне қазақ ұстазының уақыт талабына сай жа ңа-
шыл келбетте танылуы қажеттігін тілге тиек етті.
Ол шеберлікті арттыру мақсатында мұғалімге үш сатылы бағ дар ла ма
жасауды ұсынды:
1) Базалық білім бағдарламасы;
2) Жоғары бағдарлама;
3) Өте жоғары бағдарлама.
Мұндай қадам ұстаздың еңбектенуі мен шығармашылық өрлеу перс-
пективасына жол ашатынын атап көрсеткен. Педагогтің жұмыс нə ти же-
сі мен түпкі мұраты, қажетті қасиеттері жəне мұғалімнің жұмыс нə ти же-
сі не де тоқталып өтті. Мұғалімге қажетті қасиеттер ретінде жылылық,
тү сін гіш тік, сезімталдық, кең ойлай алуы, баланы шабыттандыра білуі,
ба ла ға адам ретінде қадірлі болуы, сабағының қызықты əрі пайдалы бо-
луы, шығармашылық ізденісінің өрістеуі деп атап көрсетіп, мұғалімнің
түп кі мұраты алдындағы тұлғаның рухани кемелденіп өсуіне басшылық
жасау деп қорытты. Педагог болмысы да, танымдық іс-əрекеті де өзін-
дік ерекшеліктерімен танылуы керек дей келіп, ұлт ұстазының ұс та ным-
да ры А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев еңбектерінен бастау алатынын атап
көр сет ті. Бұл технология бойынша ұлттық ерекшеліктерге ден қойған ұс-
таз тұлғамен жұмыс барысында, оның ішкі факторларын зерделеп, тани
отырып, сол тұлғаның дербес ашылуына мүмкіндік тудыру шеберлігін
мең ге ре ді. Ол, ең алдымен, өзінің жұмыс бағдарында технология не-
гіздерін: мақсат (ол ұстазға не үшін керек екендігін); диагностикалық
құ рал дар мүмкіндігін; педагогикалық үдерісті жобалап, бағдарлауға
мүм кін дік беретін ұстаз бен шəкірт əрекеттерінің құрылымдық заң-
ды лы ғын; педагог мақсатына жетуге кепілдік беретін құралдар мен
шарттар жүйесін; жұмыс жүйесі нəтижесі мен үдерісті талдау құ-
рал да рын меңгеруі керек.
А.Қыраубаева өзінің технологиясында педагог жұмысындағы жа ңа-
шыл ізденістерге психологиялық, əдістемелік қолдау көрсете отырып,
шығармашылыққа негізделген əрекеттерін өзіндік басқаруы мен ұйым-
дас ты руы на жағдай тудыру керек деп есептейді. Себебі бүкіл білім оқы-
ту үде рісін де гі оқытушының нəтижелі жұмыс жүйесінің шы ғар ма шы-
лық та ным дық өрістеу жолын төмендегідей бағдарлайды:
366
Педагог алдына қойылатын міндеттердің ерекшелігі технология ав-
то ры ның төмендегі ұсынған ұстанымдарынан айқын байқалады. Біра-
зын назарларыңызға ұсына кетсек. Ұстаз қызметінің мақсаты – өз пə нін
жақсы үйретуден гөрі тереңіректе: «ол – адамды жасаушы адам. Са-
бақ – ұс таз бен шəкірттің адами қарым-қатынасы. Сабақтың мақ са-
ты – ба ла ның басқаға ұқсамайтын қасиетін аша білу. Мұғалімнің сөзі
мен ісі жасанды емес, шынайы болуы шарт. Балаға сыйлы боламын
десең, баланы өзің сыйла. Импровизация – сабақтың жаны. Шəкірт –
са бақ тың негізгі кейіпкері т.б».
Педагог əр сабақта өз əрекетін жүйелеп, өрістету бағдарын тө мен де гі
кестеде ұсынады:
Сабақ
ба ры сын да ғы
педагог
əре ке ті
• Тақырыптың игерілу мақсаты мен мазмұн бірлігі;
• Жаңа сабақты игерту мақсатында жан-жақты мүмкіндіктерді
тудыру;
• Тапсырмалардың мəнділігі мен өзектілігі;
• Тапсырманы құруға студенттің өзінің қатысуы;
Алынған білім, дағды, машықты пайдалану, қажеттілігіне жарата
білу, яғни қолдануына жол ашу;
Білім нəтижесін сабақта талдай білу;
Студенттің кəсіби көзқарасқа негізделген өзіндік талдауы; бағалау
Сабақты
ұйым дас ты ру
формалары
• Жеке; жаппай; топпен; ұжыммен; жұппен;
• Кəсіби қажеттілікке құрылған жұмыс тапсырмаларын даярлау
Тəсілдері
Түсіндіру; талқылау; жалпы сипаттау
367
Оқыту
əдістері
Сөзді қолдану (əңгімелесу, сұхбаттасу, түсіндіру, оқу дəрістері,
баяндама); көрнекіліктер түрін кеңінен пайдалану (интерактивті
тақта, көрсетілім нұсқалары, бейнетаспа, деректер, теледидар,
компьютер);
Іс-тəжірибе аясындағы практикалық қолданыс (түрлі жаттығулар)
1993–1996 жылдар аралығында тəжірибелік сынақтан өткен тех но ло-
гия ның кез келген педагог маманның заман өзгерістеріне сай ұстаздық
ұс та ны мы на сын көзбен қарап, тың ізденістерге ден қойып, шебер ма-
ман ретінде қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Сол тəжірибеден өткен
15 мұғалімнің бесеуі – ғалым, ал басқалары – жоғары санатты ұстаздар.
Бұл сөзіміздің дəлелі ретінде Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни-
верситетінде жұмыс істеп жүрген, кешегі күндегі тəжірибе сынақты бір-
ге өт кіз ген, бүгінде шебер педагог ғалымдар С.Дəрібаев, Л.Мұсалы тағы
басқаларды атап өткен орынды.
Педагогикалық технологиялардың əртекті классификациясы мен
нұс қа ла рын ұсынған Г.К. Селевконың топтастыруы негізінде қа рас тыр-
сақ; ұлттық философияға негізделген гуманистік; тəжірибені игерудегі
ғылыми тұжырымға сəйкес – педагог (шəкірт) тұлғаны дамытушы; қол-
да ныс та ғы деңгейі – жалпыпедагогтік; ақпараттық-эвристикалық (шы-
ғар ма шы лық ты дамыту), қолданыс əрекетін топтастыратын; дəстүрлі
оқы ту жүйесін жетілдіру сипатына қарай гуманизм мен жариялылыққа
құ рыл ған қарым-қатынас негізінде оқу материалын дидактикалық тұр-
ғы дан қайта өңдеуге негіз болатын технология деп батыл айта аламыз.
Бұл тұрғыда біз Білім беру жүйесінің басшы жəне ғылыми педагог
кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институт жанында
технологиялар зертханасы материалдары негізінде курстық жұмыстарды
қол ға алып, шеберлік сыныптарын ұйымдастырып, автордың техноло-
гиясына негізделген оқулықтарды да ұсындық. Өз кезегінде шеберлік
тех но ло гия сы ның жоғарғы орнындағы педагог мамандар игілігіне ұсы-
ну жұмыстары да қолға алынуда.
ҚР жоғары білім саласында
инновациялық білім беру технологиялары:
республикалық ғылыми-əдістемелік конференцияның
материалдары, 21 қаңтар 2011ж.
Лəйла МҰСАЛЫ
ЖАНЫ САДАҒА...
(Алма апайды еске алғанда)
Көз жасымыз құрғап, сағынышымыз Ұстазға деген ұлы құрметке ай-
нала бастаған қазіргі сəтте ол айтқан ұлағат пен ол көрсеткен тəлімді сара-
368
лап, санамызға сіңіріп, іске асырар, жалғастырар кез де келгендей... Алма
апайдай ұстаздың алдын көрген біздер неге үйрендік, нені тə лім еттік?
Алма апай өз ұстазы Тұрсынбек Кəкішевке арнаған «Ұстаздық еткен
жалықпас» атты мақаласын былай бастайды: «Қожа Ахмет Яса уи дің
ұстазы Арыстан баба бір түйір құрманы ұртында талай жыл сақ тап
жүріп, шəкіртіне тапсырған екен. Алланың аманатын шə кір ті нің
қолына ұстатқанына бұ дүниеде үлкен іс тындырдым деп ке тіп ті.
Достарыңызбен бөлісу: |