– Алма апай кітапханаға жиі баратын шығар...
– Ой, уақытының көбі кітапханада өтетін. Үшеуміз бірге жүріп, бірге
тұрамыз. Тамақты да бірге ішеміз. Ол деген кітапханада қоз ғал май оты-
рады. Ол екі ортада Үміт екеуміз бір кіріп, бір шығып жүреміз. Арасында
Үміт: «Осы, сен орындыққа жабысып қалған жоқсың ба?» деп күлетін.
Табанды еді ғой. Бір нəрсені бастаса, соны бітіргенше тап жылмай оты-
ратын. Ол кезде жастар театры – университеттің жанында. Алма кітапха-
надан шыққанша, Үміт екеуміз киноға бір кіріп шығамыз. Алма ауылдан
келгенде-ақ, шығыстың қиссаларының біразын білетін. Əке сі Мүтəліп те
ақын кісі болған ғой. Қиссаларын жатқа айтатын деп, əке сі нен естіген-
дерін жатқа айтып жүретін. Содан кейін əрі қарай те рең де те берді. Əкесі
Алманы екі інісімен отырғызып қойып, өлең айтқызып жарыстырады
екен. Екі жолын əкесі шығарса, қалған екі жолын бұлар жал ғас ты ра ды.
«Кім бұрын осыған ұйқас табады?» деп жарыстырады екен. Осындай
тəрбиені көріп өскен балалар ғой. Алманың өзі де: «ме нің ақындыққа,
əдебиетке жақын болғаным – тікелей əкемнің тəрбиесі» деп айтып оты-
ратын. Кейін, 3-курстан бастап, Ленинград, Мəскеудің кі тап ха на ла ры на
барып, біраз нəрселерді ізденіп, ғалымдық жолға түсе бастады.
– Құрбы болған соң, сырын да сізге айтатын шығар..
– Сырласқанда Алма өте тұйық жан еді ғой. Көбіне бірыңғай өзінің
зерттеулерімен жүретін. Таңертеңнен кешке дейін бірге жүрген соң,
əзіл де сіп болса да, сырласатынбыз. 5-курсқа дейін ешкімге жоламай,
оқуы мен жүрді де, соңғы курсты бітіретін жылы Тілепалдымен табы-
сып, соған тұрмысқа шықты. Тілепалды Жамбылдың немересі болатын.
Тағ дыр ғой. Ол да ақындығы бар, арқасы бар жігіт еді. Соның біразына
тө зіп жү ріп, жиырма жылдай бірге тұрды. Жолдасына жағдай жасаймын
деп, уа қы ты ның көбін өткізіп алды. Кейінірек Жамбылдың немересі үй-
сіз қал ма сын деп, пəтерін де қалдырып кетті. Қиналды. Оның арасында
Жандосов елді мекенінен мектеп ашты. Докторлығын қорғап, елу жа-
сын тойлап, енді көтерілді ме деген шағында үзіліп кетті ғой...
– Алма апай қатты қиналып жүрсе де, Жандосов ауылынан мек-
теп ашыпты. Мектепті ашуына түрткі болған не нəрсе?
377
– Ежелгі дəуір əдебиетінен Қазақ ұлттық университетінде сабақ бе-
ріп жүрді де, бір күні «Осы пəнді балалар жастайынан санасына сі ңі руі
керек» деп шешіп, оқулық дайындай бастады. Менің жолдасым Риза-
бек Мемлекеттік баспа ісі комитетінің бас редакторы болған. Ризабек
кө мек те сіп, біраз кітабын жарыққа шығартты. Сол пəнді мектепке ен гіз-
дір ді. 80-жылдардың аяғында ғой, ұмытпасам. Мектепке оқулық жаз ған-
нан кейін, мектептің сабақтарына кіріп, семинарларға қатыса бастады.
Өзінің əдіс-тəсілдерін үйретіп жүріп, мектепке деген құлшынысы пай-
да бола бастады. Сөйтіп жүріп, əдебиеттің тарихын мектептен бастап
оқы ту керек деген шешім шығарды да, өзі бағдарлама жасап, өзі жар ғы-
сын жазып, мектепті ашты ғой. Өзі де «Орыстілді балаларға қа ра ған да,
қазақтың балалары жуас, өзінің ойын толық жеткізе алмайды, жа сық
болып келеді. Олардың тəрбиесіне бір қарау керек сияқты» дегенді жиі
айтатын. Осыны өзіне мақсат-міндет етіп алды ғой.
– Ол мектепке ешкім қаржылай көмектеспеді ме?
– Ой, қаржыдан қатты қиналды ғой. Ешкімнен көмек болған жоқ.
«Мектеп ашу дегенді қолдамайды. Ешкім түсінбейді», – деп шаршап ке-
летін. Қаланың шет жағында бір бөлмелі үйі болды. Ол үйде өзі тұрған
да жоқ. Мектеп ашамын деп, сол үйді кепілдікке қойды ғой.
– Алма апайдың мектебі Астанаға кетпей жатып-ақ жабылып
қалды ма?
– Мектеп бар-жоғы 3-ақ жыл тұрды ғой. Қаржы-қаражат болмады.
Мектепті ұстап тұру үшін, мұғалімдерге жалақы беру керек. Оның от
жа ғуы керек, үй сыпырушысы болуы керек емес пе? Ал оның бəріне
ақша керек. Бəрі де жап-жақсы басталып еді. Өзінің денсаулығы да
онша болмай кетті. Операция жасалғаннан кейін, тіпті қиналып кетті
ғой. Алма өзі: «Кішкентайымнан үйдің тұңғышы болғандықтан, ер-
кек бала сияқты тəр бие ле ніп өстім. Ауыр жұмыстарға салып, ер бала-
лар істейтін тірлікті жасадым, кейін, оқуға келгеннен кейін ғалымдық
жолға түс тім. Үй шаруасын кейін-кейін үйрене бастадым ғой. Қыз
балаға керегі үй шаруа сын білу екен ғой» деп күліп отыратын. Əзіл
үшін айтады да, əйт пе се Ал ма ның қолынан барлығы келетін. Іс тігу,
тамақ жасау да қо лы нан келеді. Əн де айтатын. Алғаш студент боп,
оқуға түскен кезде Алма аккордеонда ойнайтын. Тұрмысқа шыққаннан
кейін, Ұлар деген ұлын то ғыз жылдан кейін көтерді. «Түсіме Жам-
был атам кіріп, қолыма домбыра берді. Содан кейін, осы Ұлар пай-
да болды», – деп айтып отыратын. «Атам қолыма домбыра ұстатты
ғой», – деп домбыраны да үй ре ніп алды. Өзінің шешесі де Алманы
то ғыз жылдан кейін көтерген екен. Алма да сол анасы секілді тоғыз
жылдан ке йін көтерді. Үш баласын əп-əде мі қып өсіріп, енді қызығын
кө ре тін кезде өмірден өтті де кетті. Үш баланы ғана емес, бүкіл қазақ
баласын тəр бие ле ді ғой.
378
– Алма апай отырыстарда əнді жиі орындайтын ба еді? Ол кісі
неге сахнаға шықпады екен?
– Атасының əндерін ауылдағы келіндерінен үйреніп алып, көп ші лік-
ке таратып жүрді ғой. Əнеукүні жиында: «Алманың түскен таспаларын
таба алмадық» деп жатыр. «Қазақстан» телеарнасында Алма жүр гіз ген
бағдарламалар, Алма айтқан əндер сақтаулы болуы керек еді. Ол сол те-
леарнада бірнеше рет бағдарлама ұйымдастырған. Ол бағ дар ла ма лар ға
біз де түскенбіз. Жамбылдың көп əндерін Алма алып келген. «Та ма ша-
ға» да екі-үш рет шығып, əн айтты. 1987 жылы біздің ауылға бардық.
Əжем 86-ға келіп, қайтыс болған. Сол кісінің жылына ас беруге бар дық.
Алдында Алманы теледидардан көріп жүрген. Содан түнімен əн сал ғыз -
ды ғой. Таң атқанша айтқызатын. Алма жай əндер емес, қис са лар ды
жатқа айтады. Ауылдың шалдары кезек-кезек қонаққа шақырып, бəрі
соңынан еріп жүреді, сөйтіп, біздің ауылда екі-үш күн концерт қо йып
кеткені бар. Отбасында демеп, сүйеп отырмаған соң, тағы қиын ғой.
Соғ ан қарамастан табандылығының, қайсарлығының арқасында, бі раз
дү ние лер жазып кетті. Естелік кітабымда да жаздым ғой. Ол кездері
машинаны қазіргідей қыз балалар көп жүргізбейтін. Алма сонау Жан-
досовтан қатынайтын болғандықтан, автобус күтіп қиналып кеттім деді
де, «қайтсем де, машина жүргіземін» деп оқуға барып жүрді. Елуге таяп
қалған кезі. «Шілденің күнінде 20 сағат машина айдап жүрді. Үй ре ту ші
орыс жігіт таңғалып, «адамдардың бəрі екі-үш рет айдайды да, ақ ша ла-
рын төлеп, құжаттарын алып кетеді» деп айтты. «Жоқ, мен қайтсем де
жүр гі зуім керек жəне қиын жолдармен жүргізуім керек деп, табандап
тұ рып алды», – дейді. Алма ішімдік дегенді де ұрттамай кетті. «Мен бір-
де ңе ні бастасам, соның түбіне жетпей қоймаймын. Сондықтан осыдан
қор қа мын» деп күлетін.
Астанаға кетпей тұрып-ақ, ауырып жүретін. Астанаға барғанда дə-
рі гер лер дұрыс диагноз қоймаған ғой. Содан кейін асқынып кетті. Түр-
кіс тан ның 1500 жылдығына барамын деп дайындалып жүрген жері еді.
Содан қатты құлап, ауруханаға жатып қалды. Көрген қиындықтары да
əсер еткен шығар. Көзі қызарып кеткенше түнімен отыратын еді ғой, кі-
тап қа үңіліп, оқып- жазып... Ол да бір ауру ғой. Қиналғанына қарамай,
өмі рі өтіп бара жатқандай, бір нəрсені сезгендей, көп нəрсені үлгеріп
кету үшін жанталасқан сықылды көрінеді маған қазір.
– Сіздер ше, Алма апай сияқты ғылымға бармадыңыздар ма?
– Зейнеткерлікке шыққанға дейін, «Мектеп» баспасында редактор
болып жұмыс атқардым. Үміт аса талантты еді. Ол 5-курста аяқ асты-
нан ауырып қайтыс болып кетті. Əңгімелері газет-журналдарға шы ғып
жүретін. Артында екі кітабы қалды. Ал Алма Астанада қалды. Фев раль-
дың қақаған суығы. 3-і күні тойға бардық та, ертесіне қайта қайттық
қой. Алматыға келіп түскен күні, түстен кейін хабар келді. Сосын қай-
379
та дан пойызға мініп, аттандым ғой. 7-сі күні жерледік. Той өтіп жатқан
күні арасында, антрактінің кезінде Алманы көрсетейін деп, қо нақ тар-
дың бірін алып келдім. «Басымды көтеріп жіберші» деді. Денесін қоз-
ғал та алмайды. Сонда құшақтап, басын көтергенімде, Құдай-ай, құр
сү йе гі ғана қалыпты. Содан кетті ғой. Амал не, өлімге дауа бар ма?!
Кеше жиында шəкірттері шыр-пыры шығып, ұстаздарын еске алып
жатты. Сол шə кірт тер ге қарап, Алманың өмірінің бостан-бос өтпегенін
түсіндім.
Шəрбану БЕЙСЕНОВА:
«Үлкен құрметке лайық жан еді»
– Алма замандасым туралы ойлаған сəтте тіліме əрдайым осы сөз
оралады. Иə, ол үлкен құрметке лайық жан еді. Алмамен мен Қазақ ұлт-
тық университетінде 4–5 жыл қатар оқыдым. Бір жатақханада тұр дық.
Оқу ға түскен күннен бастап-ақ ол өзінің ізденімпаз талабымен, мі не зі-
нің ор нық ты сабырлығымен құрбыларының арасында бірден көзге түс-
ті. Əсі ре се табанда тауып айтатын ұтқыр сөзімен де ерекшеленіп, отыр-
ған жерде өзінің ой-өрісінің биік деңгейін де танытып қоятын.
Алма студент кезінде əңгіме жазушы еді. Оның «Балдақты қыз» де-
ген бір əңгімесі менің əлі есімде. Оның жеке архивінде, бəлкім, жарық
көр ме ген əңгімелері де болуы мүмкін.
Оның бір басында бірнеше өнер тоғысқандай еді. Ол аккордеонмен
тамылжыта əн айтатын. Сабаққа алғырлығы – өз алдына. Жоғары курс-
тар ға келгенде ол ғылымға бейімділігін танытты. Соны дер кезінде бай-
қа ған ғұлама ғалым, ұстаз Бейсембай Кенжебаев өзінің кафедрасына
Алманы аспирантураға алып қалды. Сол кісінің жетекшілігімен ғы лым-
ға ден қойды. Бұл 70-жылдар еді. Ол кезде аспирантураға орын аз бө лі-
не тін, аспирантураға түсу кім-кімге де қол жетпес армандай кө рі не тін.
Бі рақ Алманың маңдайына Бейсекеңдей нағыз ғалымның шəкірті болу
ба қы ты жазылған екен. Ұстазының сол үмітін Алма ақтаған бі ре гей шə-
кірт болды. Дер кезінде қорғады. Ұстазының ғылымдағы жолын ары қа-
рай жалғастырды.
Университетті бітіргеннен кейін, əрқайсысымыз қызмет ауанымен əр
салада жүрдік. Үйлі-жайлы болдық. Сосын əрқайсысымыз тұр мыс тың
ағымымен кете беріппіз. Бір қалада тұрсақ та, жиі кездесе ал ма ға ны мыз-
ға қатты өкінемін.
Біршама жылдан кейін Алмамен қайта қауышқан кезімізде оның қа-
лып тас қан ғалым, білікті ұстаз атанып, кемеріне келген шағы еді. Арада
соншама жылдар өтпегендей, күні кеше ғана көріскен достардай ара-
ласып кеттік. Бірде «Қазақфильм» ықшамауданынан қала əкімінің өзі-
380
не арнап берген үлкен үйінде біраз достарының басын қосты. Алтын
асық тай үш перзентін көрсетіп: «Бар байлығым осылар», – деп мар қа-
йып отырғаны əлі күнге көз алдымда. Бұл Алманың ана бақытын көңілі
шал қи сезінген сəті болар. Сол отырыста Алма Жəкеңнің «Угай-айы-
нан» бастап, көптеген əнді домбырамен айтып, бізді бір сусындатып еді.
Қа зақ тың да, қырғыздың да əндерін орындады. Қырғыз əнінің ішінде,
əсі ре се «Бегімайдың жырын» қалай құйқылжытып айтқаны қазір де құ-
ла ғым да тұрғандай.
1997 жылы Алма өзінің 50 жылдығын Алматыда, Ғалымдар үйінде
атап өтті. Оны еске алып отырған себебім: сол кеште музыкалық фон ре-
тінде кештің басынан-аяғына дейін Алманың өз орындауындағы əндер
баяу ырғақпен, шалқып естіліп тұрды. Өз кешін өз əнімен ажарлады.
Алманың əкесі – Мүтəліп, ақын болған адам. Біз ол кісіні көре
алмадық. Ал сол елу жылдық тойында мен Алманың анасын алғаш
көрдім. Алманың анасы да «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпей-
ді» дегендей, өте бипаз, ақылына көркі сай, келісті жан екен. Ұлағатты
орта көрген тəрбиелі екені өзін ұстауынан анық байқалады. Сол тойда
Алма анасымен қосылып, керемет бір би билеп еді. Бүкіл зал сілтідей
тынып, екеуіне қарап отырды. Сондай жарасты, табиғи би болды. Алма
жүзі алаулап, ашық-жарқын, ағылып-төгіліп қуанып билеп еді.
Сол жылы күзде елордасы Астанаға көш болды. Осыдан кейін мен
Алманы Астанадан кездестірдім. Əуелі телефонмен сөйлестік. Ол Түр-
кіс тан қаласының 1500 жылдық тойына бара жатқанын айтып, сосын
кездесетін болып келіскенбіз. Арада бірер ай өтер-өтпестен «Алма нау-
қас екен» деген хабар естідім. Барсам, төсек тартып жатыр екен. Бі рақ
қажырлы адам ғой, ауруының салмақты екенін сездірмеуге тырысып,
ашық-жарқын əңгімелесіп отырды. «Бұған дейін жарық көрген ең бек-
те рім нің басын қосып, тұтастай көрнекті бір кітап шығарсам» деген
ті ле гін айтты. Сол жолы қолжазбаларын өз қолынан алып кеттім. Мен
онда Алманың ақырғы аманатын арқалап бара жатқанымды ол кезде
біл ге нім жоқ. Арада көп уақыт өтпей-ақ, біз одан айырылып қалдық.
Аманат жүгінің ауырлығын мен сонда барып түсіндім. Алманың сол
кі та бы жарық көргенше, ішкен асым бойға батпағандай күйде жүрдім.
Сол жылы Астанадағы «Елорда» баспасынан Алманың кітабы жарық
көр ген ше, көңілім бір тыншымады. Кітабы көлемді болып шықты. Бірақ
оны өзі көре алмай кетті. Қолжазбасын өз қолыммен алғаннан соң кі тап-
тың алғашқы сүйінші данасын өз қолыммен апарып, балаларына табыс
еттім. Алма өзінің қысқа ғұмырында жарық жұлдыздай жарқ етті. Оның
жар қын бейнесі оны білетіндердің жүрегінде ұзақ сақталары сөзсіз. Ал
ме нің көз алдыма өзім куə болған Алманың сол екі бақытты сəті қа шан-
да жар қы рап тұрады.
«Түркістан», 2007 жыл, 24 мамыр
381
Гүлфарида ЗЕЙНУЛЛИНА
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТІ ҰСТАЙ АЛМАДЫҚ
Ұлттық мектеп қандай болуы керек? Оның орайлы үлгісі бар
ма? Жоқ болса, қандай алғышарттарға сүйеніп жасалғаны жөн?
Нені басты назарға ұстауымыз керек? Сұрақ көп, жауап жоқ.
Біздің ойымызша, ұлттық мектеп болған. Ол – 1993 жылы ашы-
лып, 1996 жылы қаржы тапшылығынан жабылуға мəжбүр болған
Алма апайдың мектебі. Кəдімгі біртуар ғалым, тамаша ұстаз Алма
Қы рау бае ва ашқан мектеп.
Мектептің тарихы
Алма Мүтəліпқызы қазақ баласының ұлттық болмысын, мə де ние-
тін, ділін қалыптастыратын жүйелі білім беру тəсілін іске асыруды ар-
мандайтын. Қазақтың ұлттық университеті қабырғасында студент, оқы-
ту шы бола жүріп, өзінің ұстазы Бейсембай Кенжебаевтан зор тəліп ала
жү ріп, Алма апай көңіл түкпірінде нағыз қазақы тəрбие беретін мектеп
ашуды үнемі ойлап жүреді. «Бізде қазақ мектебі бар, бірақ ұлттық мек-
теп жасалған жоқ. Ұлттық мектеп – қазақ тілінде оқытатын, ұлттық
сананы, рухты қалыптастыратын мектеп» деп білетін ұстаз. Ақыры,
1993 жылы өзі тұрып жатқан Алматы облысы Қаскелең ауданындағы
Ораз Жандосов ауылында гуманитарлық қазақ мəдениеті мектеп-ли-
цейін ашты. Бұл «балапан – басына, тұрымтай – тұсына» кетіп жатқан
аса бір ауыр жылдар еді. Жұрт білгенін емес, үстіне кигенін, аузы-
на тапқанын медет көретін шақ болатын. Сондықтан ба, көпшіліктің
ішінде «жеке мектеп дегенді дұрыс түсінбей, «көлденең пайда табудың
көзі» деп санаушылар да болды. Өзінің табандылығының арқасында
Алма апай үш баламен пəтерде жүріп, бір бөлмелі пəтерін кепілдікке
салып, мектеп ашты.
«Соңғы екі жылғы өмірді тек осы идеяны жүзеге асыру үшін сарп ету-
де мін. Сенесің бе, автобуста келе жатып, тұрып ұйықтайтын кездерім де
болды. Егер осы ізгі мақсат мені алға сүйремесе, баяғыда құлап қа лар
ма едім, кім білсін? Ең жақсысы, мені түсінетін жақын адамдарым бар,
достарым бар», – депті бірде Алма апай.
Ерте ашылған мектеп
Иə, Алма апайдың осы мектебі нағыз қазақ білімнің құтты ша ңы ра ғы
еді. А.Қыраубаева «Сенім» атты жаңа бағдарлама жасады. Онда ұлт тық
мектептің барлық талаптары айқын көрсетілді.
382
О.Жандосов ауылындағы мектеп бірте-бірте көптің аузына іліне бас-
тады. Онда мынадай талаптар қабылданды:
а) ұл балалармен – « мырза», қыздармен «бикеш» деп сөйлесу;
ə) жас мұғалім қыздарды «бике» деп, үлкен адамдарды «бибі» деп
атау. Мысалы, Алма апай – Алма бибі;
б) балаға «сен» деген сөзді қолданбау, «сіз» деп қадірлеу. Осыдан-ақ
балалар өздеріне деген құрметті сезінеді.
Лицейдің алғашқы шəкірттерінің бірі, жаңа ашылған кезде 1-сы нып-
қа барған Салтанат Бəйтікова бикеш сол оқу ордасын əлі күнге са ғы на-
ды. «Мен достарына лицей жайлы əңгімелеп бергенімде, олар қы зы ғып,
«сен қандай бақыттысың, ондай мектепте оқу арман ғой» деді. Бізге
ешқашан қайталанбайтын, еш мектепке ұқсамайтын арман мек те бін
ашып, оқытқан Алма бибіні мақтан тұтып, сағынамын. Өзіңіз ай ты ңыз-
шы, қай мектептің оқушысы ғылым кандидатынан дəріс алу мүм кін ді гі-
не ие болды? Ертегідей ғажап күндерді сыйлаған Алма бибіге бас ие мін,
қиналған сəттерде лицейдегі күндерімді есіме алып, батыл шешімге бет
бұрамын. Ұстазымыз бізге батыл болуды, білім мен ақылды серік етіп,
өмірді сүюге үйретті», – деп еске алады ол.
Самал ДƏРІБАЙҰЛЫ, филология ғылымдарының кандидаты, до-
цент, Алма апайдың шəкірті: «Ол бір ертегідегі мектеп еді. Алғашқыда
70-тей оқушы болды. Апайымыз қазақтың ұлттық ерекшелігін басты ұс-
тын етіп, «Се нім» бағдарламасын жасады. Жобаны жүзеге асыруда аздап
жү рек сін дік. Меніңше, мектеп 1993 жылы емес, одан сəл кештеу ашыл ған-
да өмір шең болар ма еді?.. Апайдың жүзеге аспаған қаншама жоспары бар
болатын. Лицейге оқу орнын енді тамамдаған біздерді мұ ға лім етіп таң да-
ды. Жаңаша көзқарасты жаңа буыннан іздегені болар. Қыз əдебі, елтану,
ислам мəдениеті сабақтары жүрді. Үзіліске шақырған қо ңы рау ды күм бір-
ле ген күймен ауыстырдық. Бір апта Қорқыттың күйі орындалып, оның
шығу тарихы жайлы мəлімет тақтайшаға ілінді. Бала оны бү гін оқымаса,
ер тең оқиды, осылай күйді танудың, тыңдаудың жолын тап тық».
Ертегінің соңы
Өз үйін «қазақ балаларын оқытамын» деп кепілдікке қойып, өзі жа-
тақ ха на да тұрған А.Мүтəліпқызының асыл арманына 1996 жылы нүк те
қо йыл ды. О.Жандосов ауылындағы гуманитарлық қазақ мəдениеті мек-
теп-лицейі қаржы тапшылығынан жабылып қалды. Алтын ұяның кіш-
кене мырзалары мен бикештері өмірдегі ертегінің осылай аяқ тал ға ны на
өкінді.
Алма апай өзінің саналы ғұмырын халық ағарту саласына жұмсады.
Қа зір гі ақпарат майданында жүрген азаматтар, тіл мамандары, əде биет-
ші лер өздерінің Алма Мүтəліпқызынан дəріс тыңдағанын мақтан тұ та-
383
ды. Өздерін Алма апайдың шəкірті санайды А.Қыраубайқызы 2001 жыл-
дың 5 ақпанында ауыр науқастан қайтыс болды.
Апайдың үш ұлы: Ұлар, Бұлан, Бағлан бүгінде ержетіп, əрқайсысы
өз алдына үй болған. Олар өз аналарының бас болуымен өмірге келген
«Се нім» бағдарламасының Маңғыстау, Қызылорда өңірлеріне қол да ны-
лып жатқанын көңілдеріне медеу етеді.
Алма апайдың мектебі болған ғимараттың қазіргі халі нешік? Бү гін-
де ол – «Сұлулық салоны», «Кавказ кəуабы», «Шаштараз» сияқты түр лі
жазуы бар тұрмыс қажетін өтеу орны. «Осыдан 13 жыл бұрын осы ғи ма-
рат та нағыз ұлттық мектеп болған» деген естелікті ызыңдап жел айтар,
аға йын- туыс, ел айтар.
«Алаш айнасы», 2009 жыл, 13 маусым
Жұмабек КЕНЖАЛИН
«ТҰНБА» – ТҰСАУКЕСЕР
1976 жылдың қоңыр күзі. Əдетте өзіміз жиі сөз тіркесіне ай нал дыр-
ған «алыстағы ауылдан арман қуалап Алматыға келген» бір топ «жа лаң-
аяқ» жігіттер мен қыздардың бас тоғыстарған кезі еді бұл. Шын мə нін-
де, сонау Атырау мен Алтайдан, Арқадан Алатауға ат сабылдырып жасы
бар, жасамысы бар оқу іздеген пенделердің ҚазМУ-дың журналистика
факультетінің дайындық бөліміне тұяқ іліктірсем деген тілегі ал ма ға-
йып түсіп жатқан шақ болатын.
Бір аптаның о жақ-бұ жағында оқуға түсетіндері түсіп, құ жат та ры-
нан кілтипан шыққандары кəрзіңкелерін құшақтап, келген ізімен кері
ке тіп жатты. Бағы жанғандардың қатарында осы жолдардың авторы да
бар еді. Ал біз оқитын дайындық бөлімінің бүкіл билігі деканның орын-
басары Талғат Сайрамбаев ағамызда болатын. Күніне бір рет, я болмаса
екі рет келіп, біз отырған аудиторияға хабарландыру айтып кететін əдеті
бар-тын ағамыздың.
Ол кісінің əр келуі бір жаңалықпен астасып жататын. Тəкеңнің де о
жылдары бойындағы бұла күші буырқанған шағы. Айтатын ойы да көп,
идеясы да мол. Сондай идеяларының нəтижесінде бір жыл бойына «Оп-
тимист» деген қабырға газетін шығарып тұрдық.
Тағы бір келгенінде Тəкең ағамыз біздерге қазақ əдебиеті пəнінен ас-
пирантураны жақында ғана бітіріп, кандидаттық диссертация қор ға ған
жас ғалымның сабақ беретінін айтып кетті. Біз іштей қуандық. Себебі
қай-қайсымыздың болса да əдебиет деген тұлпардың жалынан жар мас-
қы мыз бар. Соған дəнекер іздейміз ғой баяғы. Ал Сайлаубай, Əшірбай
се кіл ді жасамыс шəкірттер алақандарын уқаласып, жас ұстаз болса, тіл
табысып кетуге де болады-ау деген емеурінмен жы мың да сып қалды.
384
Тəкең жас ғалымды сыртынан аяқ-қолын жерге тигізбей мақтап ба-
рып-барып, «жүз рет суреттегенше, бір көрген артық» деп о кісімен қа-
уы ша тын күндеріміздің де алыс емес екендігін ескертіп кетіп қалды.
Кетерінде: «Күлтегінді, Тоныкөкті, Орхон-Енисей жазуларын зертте-
ген», – деп тағы бір қойды.
Біз «апырай-ə» деп, тағы ынтыға түстік. Оны қалай зерттеді екен?
Күндер зулап өтіп жатты. Тəкең ағамыз мақтауын жеткізген жас кан-
дидатпен жүздесудің сəті де түсті. Оқу корпусымыз қазіргі Қазыбек би
көшесі мен Достық даңғылының қиылысындағы бұрын Верный қа ла-
лық гимназиясы орналасқан үйде еді.
Мырзатай Серғалиев ағайдың семинарлық сабағынан соң 109-ау ди то-
рия ның сол жақ қабырғасындағы ұзына бойы бес метрлік «Оптимисті»
шү пір ле се оқып жатқанбыз. Бір кезде староста Əшірбайдың: «Кі рің дер,
кіріңдер, апай келіп қалды», – деген даусы шықты.
Алғашқы дидарласудың əсері қашанда ерекше. Сол күні алғашқы қы-
рық бес минуттың қалай өткенін де білмей қалыппыз. Бидай өңді, орта
бойлыдан сəл жоғары қазақ қызының дауыс ырғағынан бастап, киім киі-
сі мен қимыл-қозғалысына дейінгі сол күнгі бейнесі əлі көз алдымызда.
Жас мөлшеріне қарағанда əлгінде ғана ауызға алған Сайлаубай, Əшір-
бай лар мен шамалас ұстазымыздың ой-орамдары мен сөз саптастары
бізді алғашқы күннен-ақ өзіне баурап алды.
Ал ол кісінің аты-жөні Алма Қыраубаева еді.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиылған біздер арманшыл едік, тіпті
ерен қиялшыл едік. Оның үстіне біз оқитын топта болашақ журналистер
мен филологтер білім алатын. Сондықтан болуы керек, екі мамандық ие-
ле рі нің арасында іштей ниеттестік, əріптестік бəсекелестік бары да жа-
сырын емес-тін. Бірімізден біріміз оза шапқымыз-ақ келіп тұратын. Бір
басында Өмірхан, Хамзалар тұрған болашақ педагогтер мен əде биет ші-
лер намыс отына май құйып жатса, бұларға балама Жайлаубай, Дүр əлі
секілді журналистер де қарап қалмайтын. Оқу тобындағы осындай бір
шы ғар ма шы лық ахуалдың қалыптаса бастағанын сезген болуы керек, ұс-
та зы мыз Алма апай кезекті сабағының соңына қарай сəл мүдірді де:
– Жігіттер, қыздар, сіздер мен біздер əдебиет үйірмесін құрсақ. Ал
оны құру үшін үйірменің қолжазба күйінде болса да, альманағын шы ға-
рып тұрған дұрыс, – деді.
Аудитория іші гуілдесіп ала жөнелді. Бəйге тілеген тұлпарларша əр-
қай сы сы өзінше ақжарылқап сөзін ақтарысып жатты. Аудиториядағы
мына ахуалды іліп əкеткен ұстазымыз:
– Ендеше, сол альманахтың атын ойластырайық. Қане, кімде қандай
ұсыныс бар? – деп көпшілікке сұрау тастады.
– «Жалын» болсын, – деді біреу.
– «Жас тұлпар»...
385
– «Бұлақ»!
– «Серт», «Серт» болсын! Біз оқуға түсерде үлгілі оқуға серт бердік
қой. Жаппардың даусы жарқын-жарқын шығып жатты.
Осылайша оқырманға белгілісі-белгісізі бар бірнеше атау аттары
аталды. Бір заматта айтар ұсыныс түгесілгендей аудитория іші тына қал-
ды. Осы аз-кем үнсіздікті бағаналы бері бəрімізді мұқият тыңдап отыр-
ған Алма апайдың өзі бұзды.
– Ұсыныстардың бəрі де көңілге қонымды. Тіпті осындай та қы рып-
тар да республикалық, облыстық деңгейлерде басылымдар шығып та
жатыр. Бірақ біз соларды қайталамасақ. Ескі сүрлеуден бас тартсақ дей-
мін, – деді де, сəл ойланып барып, ойын қорытты: – Альманахымыздың
атауын «Тұнба» деп қойсақ.
Апайдың сөзі сөз болды. Енді альманахқа материалдар жинастыру
керек. Сөйтіп, əрқайсысымыз қолымыздағы ең мықты-ау деген «шедевр-
ле рі міз ді» ұсынбақ болдық. Ұсынардың алдында альманахта жария ла-
натын материалдардың конкурсы ұйымдастырылмақ еді.
Сонымен, қолға алған іс қызу басталып та кетті. Күнде кешке жа тақ-
ха на ның бөлме-бөлмесінде – шығарма талқылау, өлең оқу. Арасында
ептеп қызып алып «шабыт шақырып» жүргендері де жоқ емес. Жігіттер
мен қыздардың бірінен-бірі озғысы-ақ келіп тұрады.
Конкурс қорытындысы шығарылатын күн де келіп жетті. Əділ қа зы-
лар алқасы да өз ішімізден белгіленген. Алқаның төрайымы – Алма апай.
Конкурсқа бір альманах көлемінен асып түсетін дүниелер жиналыпты.
Алқа мүшелері өздері оқыған шығармаларды атап жатыр. Оларын жатып
кеп мақтайды. Ал біреуі екіншісінің пікіріне түбегейлі қарсы дау айтады.
Алқа мəжілісі біраз уақытқа созылып кеткен жағдайы да болды. Осы-
ның бəрін үн-түнсіз бақылап, бағалап отырған ұстазымыз əлден уа қыт та
сөз алып:
– Жігіттер, қыздар, шын əдебиет те, міне, шындықты айтудан туады.
Біз альманахымыздың атын «Тұнба» қойғанда ісімізден тұнықтық се зіл-
сін деп, адалдық пен тазалық көрінсін деп қойдық. Ал алманахтың ал ғаш-
қы нөміріне топты шығарманың ішінен еленген жүзден жүйрігін, мың-
нан тұлпарын жіберейік. Бір қайнауы ішінде жүргендерді ширатайық.
Оларды да сөйтіп кəдеге жаратайық, – деді.
Араға аздаған уақыт түскен соң «Тұнбаның» тұңғыш нөмірі дү ние ге
келді. Қолдан-қолға тигізбей шүпірлесе оқып жүрдік. Тіпті да йын дық
бө лі мін де гі көрші заңгерлерді, тарихшыларды дайындайтын топ тар дың
дə ріс тыңдаушылары да таңдай қағып, тамсанғандары аз емес.
Содан бері, міне, отыз жылға жуық уақыт өтіпті. «Жақсының аты өл-
мей ді, ғалымның хаты өшпейдінің» ақиқатқа айналғаны қашан! Осы бір
қанатты қағиданың қазақтың талантты ғалым қызы, педагогі Алма Қы-
рау бае ва ның рухымен өзектесетіні айдан анық.
386
Кезінде жас ұстаздың əдебиет, руханият əлеміне қадам бассам деген
жастардың үміттерін үкілеп, «Тұнба» деп альманах ашып, олардың шы-
ғар ма шы лы ғы на сəт сапар тілеуі көп нəрсені аңғартқандай.
«Тұнба» арқылы томағасын сыпырып, тұсауын кескен жас қа лам-
гер лер бүгінде мəдениетіміз бен руханиятымызға лайықты үлес қосып
жүр ген зиялы қауым өкілдері атанды. Солардың қатарында бүгінде ке-
ше гі Алма апайдың ізімен шəкірттер алдында дəріс оқып жүрген əде-
биет ші-ғалым Өмірхан Əбдіман, Маңғыстау өңірінде оқу-ағарту жү йе-
сі не басшылық жасаған педагог Хамза Айтжан, саясаткер Дос Кө шім,
баспагер-ақын Нұртай (Карл) Ерназар, қаламгер-журналистер Мейрам-
бек Төлепберген, Дүрəлі Дүйсебай, өмірден ерте озған қа быр ға лы кө-
сем сөз ші Абдолла Сүлеймен сынды т.б. дайындық бөлімінің тү лек те рі
бар. Бұлардың қай-қайсысы да – уақыт-керуеннің алмағайып кезеңдегі
сынына төтеп беріп келе жатқан азаматтар.
Достарыңызбен бөлісу: |