Бағдарламасы бойынша шығарылды т 78 ТӨлеутай е


ное участие в работе искусства я был награжжен значком 15-летие



Pdf көрінісі
бет11/65
Дата23.09.2022
өлшемі15,1 Mb.
#39929
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   65
ное участие в работе искусства я был награжжен значком 15-летие 
Казахстана. 1936 года участвовал на декаднике в Москве где впервые 
воспевал полным голосам многочисленных Казахских народных песен. 
После этого в этом году постановлением Правительства КССР мне 
было присвоено звания заслуженного артиста КССР.
За время работы никакого взыскания не получил. Никогда не был под 
судом или следствием до и после революции. На конференции и съезды 
не изберался.
Не был ни в Красной гвардии, ни в Красной армии и не был призван.
Моя жена – Елибекова (Алтанова) дочь бедняка, в данное время ра-
ботает в Каз.Гос. Академическом театре в качестве актрисы. Когда 
мы поженились она была круглой сиратой. Не было у нее близких род-
ственников и не имеет. Дочь Жумаш Елибекова и племянник Шагиля 
Елибекова учится в 12-той школе
20.03–39 г. Елибеков
Мұндағы назар аударатын жайт – өмірбаяндардың жазылған жылдары. 
Алғашқысы 1936 жылы жазылса, екінші нұсқа 1939 жылы қағазға түскен. 
Алдыңғы нұсқа біршама еркін жазылған. Себебі белгілі – қанқұйлы отыз 
жеті табалдырықтан тың тыңдап, жабықтан сығалап тұрса да, төніп келе 
жатқан қауіптен барлық «совет халқы» әлі бейхабар. «Саяси сауаттылығы 
әлі пісіп жетілмеген» Жүсекең де өз өмірбаянынын жаздырғанда біраз
«саяси қателіктерге» жол береді. Мәселен, ол 1922 жылы әншілер үйір-
месі құрылғандықтан Семейге келгенін, бірақ бұл үйірменің 1923 жылы 
жойылуына байланысты «ішек-қарын» зауытына қара жұмысшы бо-
лып ауысқанын «айтып қояды». Бірақ Жүсіпбек «Ес – Аймақ» жөнінде 
тіс жаруға болмайтынын, айтса басына пәле болып жабысатынын білген 
сияқты. Сондықтан ол «Ес – Аймақтың» атын атамай, жай «әншілердің 
үйірмесі» дей салады. Жүсекеңнің тағы бір жалтарған жері – Семейге
1922 жылы келдім дегені. Егер Алаш қаласына 1920 жылы келген едім 
деп шынын айтар болса, онда ол бірден алашордашылармен «сыбайлас 
болған» болып шығып, НКВД-ның назарына ілігер еді. Сондықтан ол ал-
дын ала сақтық жасап, екі жыл бойы «Ес – Аймақта» әнші болғандығын 
бүгіп қалған тәрізді. Мұндағы назар аударатын тағы бір жайт – Әміремен 
бірге Қалыш деген әнші есімінің аталуы. Жүсіпбек аталған әншілер-
мен тығыз араластықта болдым, екеуінен де ән үйрендім дейді. Бірақ 
өмірбаянын екінші қайтара жазғызғанда Қалыш есімі аталмай қалған 
және кейінірек хатқа түскен Жүсекең естеліктерінде де мұндай әншінің 
болғандығы жөнінде еш айтылмайды. Өнер тарихын тануға талап қылу 
мақсатында көптеген дерек ақтарып, дәйектерді сүзе жүргенде өз басым 
Қалыш есімді әнші турасында қандай да бір мәлімет ұшырата алмадым. 
Мүмкін, алдағы уақыттарда тыңғылықты зерттеулер жүргізілер болса, 
есімі ел жадынан ұмытылып кеткен Қалыш әнші турасында тың деректер 
табылып қалар деген ойдамыз. Қанша дегенмен, Жүсіпбек өмірбаянында 
есімі Әміремен қатар аталған Қалыш әнші тегін өнерпаз болмаса керек. 
Осы тұста бұл Қалыштың ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында 
Семей өңірінде өмір сүрген Қабыш әншінің нақ өзі емес пе екен деген 
сауал көлденеңдейді. Жазу машинкасымен терген кезде «б» әрпінің ор-
нына байқаусызда «л» әрпі түсіп кетуі мүмкін, не болмаса, кейін «халық 
жауы» болған Қабыш есімін тура атауға батпаған Жүсіпбек Қалыш деп 
сәл бұрмалап жазғызып жіберген болса керек. Әйтеуір жиырмасыншы 
жылдары Қабыштың Семейде болғаны анық. Соның айғағындай біздің 
заманымызға оның «Қабыштың әні» деген бір ғана шығармасы жеткен. 
Бұл әнді Жүсіпбек Елебековтің шәкірті, марқұм Келденбай Өлмесеков
былайша орындаушы еді:
Жан қорегім қорым жоқ,
Қайнамаған сорым жоқ.
Қай шараны қолдандым,
Тіршілікте орын жоқ.


46
47
Өмір көркі форым жоқ,
Онда қадір, зорым жоқ.
Рахымшылмен болғанда,
Қайнамаған сорым жоқ.
Ата туыс озғанбыз,
Мұнша артын созғанбыз.
Тоғыз ата толғанда,
Ту талақай болғанбыз.
Өлгенім жоқ, тірімін,
Көп тірінің бірімін.
Ақтан қорлық тартатын,
Ата туыс ірімін.
Аш адамнан сұрасаң:
«Қалайсың – деп, хал-жайың».
Көп тергемей болған жөн,
Жарты тілім нан дайын.
Қалғаның ба, Шыңғыстау?
Тауың елсіз, бетің жау.
Тым болмаса болмады-ау 
Есім дұрыс, денім сау.
Сонымен, Жүсіпбек өмірбаянының екінші нұсқасына үңілеміз. 
Алдыңғы нұсқаға қарағанда бұл жолғы өмірбаян аса сақ әрі ықтиятты 
жазылғандығымен ден қойғызады. Себебі мыңдаған жандарды жазықсыз 
оққа байлаған 37-нің зәрлі ызғары әлі қайта қоймаған, соңғы ұсталған 
«халық жауларын» атқан мылтық гүрсілдері алыстан талып естіліп жатқан 
үрейлі күндерде Жүсіпбектің әр қадамын аңдап басуы түсінікті жағдай. 
Бұл жолы Жүсіпбек әкесі Елебектің 1932 жылы қайтыс болғанын айтып 
өтеді. Хабиба әжеміздің айтуынша, ашаршылық басталған тұста Жүсіпбек 
елге қайта-қайта барып жүріп, зор қиындықтармен туыстарын Алматыға 
жеткізген көрінеді. Алдымен ол ауылда қалған әкесін алып келсе керек. 
Бірақ Елебек Алматыға келгеннен соң, көп ұзамай сырқаттанып, аз ауы-
рып қайтыс болады. Хабиба әжей ол кісіні жүрек ауруынан кетті дейді. 
Жүсіпбек өмірбаянының бұл нұсқасында туысқандарының ешқайсының 
сайлау құқығынан айырылмағанын, қуғын-сүргінге ұшырамағанын, Қазан 
төңкерісіне дейін де, кейін де ешқандай соттың алдын көрмегендігін, 
«ақтың» да, «қызылдың» да әскерінде қызмет етпегенін, шет елдерде 
туысқандарының тұрып көрмегенін, қазір де тұрмайтынын, бұл күнде екі 
бауырының бар екенін, олардың Алматы қаласында қарапайым күзетші 
болып еңбек ететіндіктерін, әйелі Хабибаның кедейдің қызы екенін, оған 
үйленген кезінде жұбайының тұл жетім болғанына дейін жіпке тізгендей 
етіп баяндайды. Әнші өмірбаянының осылайша егжей-тегжейлі жазы-
луына қарап, 1937 жылдың қуғын-сүргінінен кейін кеңес адамдарына 
өмірбаян толтыртудың бір қалыпқа түсірілген нақты үлгісі енгізілгенін 
бағамдаймыз. Өмірбаянды осылайша, сот алдында тергеуде тұрғандай 
қылып, тәптіштеп жазу Кеңес өкіметі құлағанша жалғасқаны мәлім. Бұл 
нұсқада «әншілердің үйірмесі» туралы, оның «жойылуына» байланыс-
ты «ішек-қарын» зауытына ауыстым деген «артық-ауыс» сөз атымен 
кездеспейді. Тек Әміремен танысқанын, оның әншілік жолға түпкілікті 
түсуге ықпал еткенін, алайда ол жылдары әншілікпен айналысқандардың 
қандай да бір қамқорлық атаулыдан кенде қалуына байланысты жан бағу 
үшін «ішек-қарын» зауытына кіргендігін, мұнда 1924 жылға дейін қара 
жұмысшы болып істегенін баса айтып өткен. Осылай дей келе, Жүсіпбек 
1928 жылға дейін Түрксіб теміржол құрлысында қара жұмыскер бо-
лып істедім дейді. (1442 шақырымға созылған Түрксіб теміржолының 
құрылысы 1926 жылы басталып, 1931 жылы біткен. – Е.Т.). Әншінің аяу-
лы жары Хабиба Елебекованың жазған еңбектерінде Жүсіпбектің Түрксіб 
теміржолының Аягөз бөлігін салуға қатысқандығы, жан төзгісіз ауыр 
жұмысқа жегіле жүріп қолынан домбырасын тастамағаны, жұмыстан 
қолы қалт еткен сәттерде ән салып, жол төсеуші жұмыскерлердің көңілін 
көтеруге мұрша таба білгендігі айтылады. Қазақтың тұңғыш музыка- 
танушысы Ахмет Жұбанов өзінің Жүсіпбек Елебеков туралы еңбегінде 
әншінің 1927 жылдан бастап, 1928 жылдың қыркүйегіне дейін Түрксіб 
шойынжолын салуға қатысқанын, содан кейін ауылына оралғанын, кел-
ген бетте ел ішінде жүріп жатқан кәмпескелеу науқанының үстінен
түсіп, байлардың мал мен мүлкін тәркілеуге қатысқанын жазып қалдыр-
ған. Жүсіпбек те «кәмпеске» науқанына қатысқанын өз өмірбаянының 
екі нұсқасында да көтеріңкі баяндап өтеді. Себебі белгілі: «сапты аяққа 
ас құйып, сабынан қарауыл қараған заманда» неғұрлым өзіңді тапшыл 
ретінде таныта алмасаң, «үстем таптың» бітіспес жауы ретінде көрсете 
білмесең – кеңес жендеттерінің қанды шеңгелінен аман қалуың екіталай. 
Сондықтан Жүсіпбектің мұнысын чекистердің көңілі үшін жазылған көз 
алдау деп ұққан жөн. 
Әншінің отбасылық мұрағатында бір жапырақ қағазға жазылған екі 
анықтама қағаз сақталған. Анықтама қағаздың бірі латын қарпімен, 


48
49
екіншісі төте жазумен жазылған. Әрқайсына екі-үштен мөр басылған бұл 
құжаттар сол жылдары Жүсіпбектің төлқұжаты қызметін атқарған сияқты. 
Мәселен, араб қарпімен жазылған анықтаманы осы күнгі кирилица жазу-
ына түсіріп оқығанда төмендегі мәтін шықты:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет