Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет3/17
Дата22.12.2016
өлшемі1,24 Mb.
#56
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

* * * 
Монғол  шапқыншылығы  нəтижесінде  құрылған  Алтын  Орда 
мемлекеті — түркі халықтарының өзінше есіп-жетілуінен пайда болған 
іргелі  ел  емес,  бір  елді  екінші  елдің  жаулап  алуы  арқы-лы,  қолдан 
құрылған, жасанды мемлекет болды.
Монғолдар  Орта  Азия,  Дешті  Қыпшақ  сияқты  ежелден  қыпшақ, 
оғыз, тағы басқа түркі тілдес халықтар мекендеген елдерді бағындырып 
алған  соң  түгелдей  көшіп  келіп  қоныстанған  емес.  Негізгі  тұрғын 
халықтың  құрамы  езгере  қойған  жоқ.  Əскердің  де  біразы  жергілікті 
халықтан, тұтқындардан құрылды.
Мысалы,  Ходжент  қаласын  алғанда  əскердің 20 мың 500-і  ғана 
монғолдар, ал қалған 50 мыңы тұтқындар болған.
1
 Шапқыншылықтан 
кейін  де  тұрғын  халықтың  ежелгі  құрамы,  тірлігі,  əдет-ғұрпы,  тілі 
өзгерген жоқ, бұрынғы табиғи арнасымен аға берді. Мемлекеттің тілі 
де  жергілікті  тіл  болып  қалды.  Мəдениет  пен  əдебиет  те  сол  тілде 
жасалды.  Оны  жасаушылар — ежелден  сол  жерді  мекендеген  түркі 
халықтары.
Бұл  кезде  Алтын  Орда  мемлекетінде  де,  Шағатай  ұлысында  да 
халықтың құрамы бірдей болды. Бірінде бар ру-тайпалар екіншісінде 
де  тұрды  (тек  бірінде  бір  рудың  көбірек,  екіншісінде  азырақ  болуы 
мүмкін еді), яғни, түркі халықтары аралас өмір кешті. Əдебиеті де сол 
аралас  тілде  жасалды.  Ол  кезден  бізге  жеткен  ескерткіштердің  таза 
бір  тілде  жазылғаны  кездесе  бермейді.  Сондықтан  да  ол  мұралар — 
қазақ,  қырғыз,  татар,  өзбек,  башқұрт,  т.б.  түркі  халықтарының  ортақ 
қазынасы, əрқайсысының заңды игілігі болып есептеледі.
1
 Бартольд В.В. Соч. т. II. М., 1963, стр. 142—143.
Екінші  тарау
 АУДАРМА-НƏЗИРА ƏДЕБИЕТ
«Қисас-и Рабғузи» («Рабғузи қиссалары»)
XIII—XIV ғасырлардағы түркі тектес халықтар əдебиетіндегі негізгі 
бағыттың бірі — өткенге назар салу, өз заманындағы тірлік-тынысына 
ұқсас  жауапты  өткен  ойшылдар  мен  ұлылардың,  шығармаларынан 
тауып,  соларды  өз  тілінде  қайта  сөйлетуге  ұмтылыс,  кейде  одан  да 
асырып жазып, айрықша талант биігін танытуға талаптану еді. Мұндай 
ағымның бел алуына бір кезде əл-Фараби ден қойған Қайта өрлеудің, 
сол  дəуірде  жер  жүзі  мəдениетіне  жайылып  жатуы  орасан  əсерін 
тигізді.
Мұндай  əсерлер  мен  ықпалдар  Əли,  Құтба,  Сəйф  Сараи 
шығармашылығындағы  классикалық  парсы  əдебиетіне  еліктеуден, 
сондағы Қайта өрлеу идеясына бой ұрған ақындардың шығармаларын, 
бұрынғы  араб-парсы  əдебиеті  үлгілерін  өз  заманына  лайықтап  қайта 
жаңғырту талпынысынан туған шығармалардан көрінеді.
Бұлайынша бір ақынның жазғанын екінші ақынның қайталап өзінше 
баяндауы шығыста кеп тараған. Бұл Нəзира дəстүрі деп аталады. Ол 
жөнінде М. Əуезов кезінде мынандай анықтама берген:
«Көпке  мəлім  болған  тарихи  шындықтар  бойынша,  шығыста  бір 
классик жырлаған тақырыпты келесі буында, тағы бір шығыс ақыны 
қайталап, əңгіме ететін, тың дастандар шығаратын дəстүр бар еді... Олар 
біреуінің тақырыбын біреуі алуды заңды жол еткен. Тек алдыңғының 
өлеңін  алмай  жəне  көбінше  алдыңғы  айтқан  оқиғаларды  негізінде 
пайдаланса да, көп жерде өз еркімен өзгертіп отырып, тыңнан жырлап 
шығатыны болады. Бұлайша, əр тақырыптың əр ақында қайталануы еш 
уақытта аударма деп танылуы керек емес. Ол өзінше бір қайта жырлау, 
тыңнан  толғау  немесе  ақындық  шабыт-шалым  сынасып,  жырмен 
жарысу  есепті  бір  салт  еді.  Шығыс  поэзиясы  бұл  салтты  заңды  деп 
біліп, осы дəуірде «Нəзира», «Нəзирагөйлік» деп атау да берген»
1
.
XIII—XIV  ғасырда  туған  шығармалардың  бірқатары  аудармаға 
жақындау болса, бір парасы нəзираға жақын. Кейде бір шығарманың 
ішінде  осы  екі  əдіс  те  қатар  қолданылады.  Осыдан,  соңғы  кезде 
1
 Əуезов М. «Əр жылдар ойлары». А., 1959, 150-бет. 

34
35
«аударма-нəзира» деп алынып жүрген анықтама бұл шығармалардың 
ерекшелігін толық көрсетеді.
* * *
«Рабғузи қиссалары» — сөз болып отырған бір дəуір əдебиетінің 
жинағы, хрестоматиясы, əртүрлі жанрдағы шығармалар қамтылған, өз 
дəуірі əдебиетінің негізгі ерекшеліктерін аңғартатын құнды мұра.
Шығарма 1310 жылы (710 қыжыра)  Насреддин  Тоқбұға  бекке 
арналып жазылған:
Иеті йуз он ерді йылға кім бітілді бұ кітаб
Иазуб елттім Насраддин Тоқбұға бек табұғұна.
Бұл кітап жеті жүз оныншы жылы жазылды... 
...Насреддин Тоқбұға бектің құрметіне арнап жаздым...
Жазған  Рабат  Оғыз  қыстағының  қазысы  Бүрһанеддин  ұлы  қазы 
Насреддин.  Рабғузи — Фараби,  Хорезми  тəрізді  туған  жеріне  бай-
ланысты алған лақап аты. Өзі: «Сенің қолыңнан шыққан, қаламыңнан 
түзілген сөз оқуға, үйренуге жеңіл, түсінікті болады деп жұрт қолқалаған 
соң,  тəңірден  тауфиқ  тілеп,  кітап  бастадым»,—  дегеніне  қарағанда, 
бұрын да білімділігімен, жазғыштығымен танымал болған кісі сияқты. 
Арабша, парсыша, түркіше жақсы білген.
Шығарманың  ең  ескі  көшірме  қолжазбалары  Лондондағы 
Британия  музейінің  кітапханасында,  Ленинградтағы  М.Е.Салтыков-
Шедрин  атындағы  көпшілік  кітапханасында
1
  сақталған.  Бірнеше 
көшірмесі  КСРО  Ғылым  академиясының  Шығыстану  институтының 
Ленинградтағы  бөлімінің  кітапханасында  да  бар.  Ең  алғаш 1859 
жылы  белгілі  тюрколог  Н.И.Ильминский  Императорлық  Қазан 
университетінің  баспаханасынан  толық  мəтінін  бастырып  шығарды. 
Шығарушы  көпшілікті  ескерткіштің  мазмұнымен  таныстыруды  ғана 
мақсат  еткен.  Қандай  қолжазбаны  пайдаланғаны  анық  мəлім  емес. 
Жорамал  бойынша,  екі  түрлі  қолжазбаны  негізге  алған  сияқты.  Бұл 
жөнінде П.М.Мелиоранский былай дейді:
«Шамасы Н.И.Ильминский кейін Азия Музейінде сақталған №361 
қолжазбаны  пайдаланған  тəрізді  жəне  ол  императорлық  көпшілік 
1
  ТНС — 71 Біз  осы  қолжазбаны  жəне 1859 жылғы  Қазан  баспасы  шығарған 
басылымын  қатар  пайдаландык.  Соңғысында  шығарманың  бас-аяғы  толық,  ретті 
болғандықтан үзінділер де сол бойынша берілді.
кітапханасындағы Дорн каталогында тіркелген № VII қолжазбамен де 
таныс болған болуы керек»
1
.
Тюрколог ғалымдар «Рабғузи қиссаларының» ең көне қолжазбасы 
бойынша    толық  та  ғылыми  мəтінін  іздестірген. «Іздеген  жетер  мұ-
ратқа»  демекші, 1893 жылы  Лондонға  барған  сапарында  П.М.Ме-
лиоранский  Британия  музейіндегі  ең  ескі,  толық  қолжазбаны  қарап 
шығып, кейбір көшіріп алған үзінділерін елге оралған соң, 1897 жылы 
жариялаған  еді.  Бұл  болашақта  жасалатын  ғылыми-салыстырмалы 
толық  мəтінге  үлгі  етіп  аларлықтай  еңбек  болды.  Автордың  ұй ғаруы 
бойынша,  ескерткіштің  ондай  баспасы  тарих,  əдебиет,  тіл  зерттеу-
шілеріне жан-жақты, толық сенімді материал бола алатын кітап болып 
шығуы керек. Ғалым үзіндіде Британия нұсқасын Москва, Ленинград 
кітапханаларындағы қолжазбалармен де салыстырып отырған.
П.М.Мелиоранский  еңбегінің  жалғасындай  болып,  Ленинград 
университетінің кітапханасындағы қолжазбаларының ішінен бұрын ол 
жариялап үлгірмеген Лондон нұсқасының бірнеше үзіндісін С.Е.Малов 
тауып бастырған.
2
Ал,  Н.И.Ильминский  баспасы  бойынша  берілген  үзіндісі  С.Е.Ма-
ловтың 1951 жылы жоғары оқу орындарының студенттеріне арнап шы-
ғарған «Көне түркі жазба ескерткіштері» деген кітабына да енгізілді.
«Рабғузи  қиссаларының»  жеке  үзінділері  Н.П.Остроумовтың
 (1874 ж.), Н.Ф.Катановтың (1894 ж.) мақала еңбектерінде де бар.
И.Ф.Катанов  «Мұсылман  аңыздары»  деген  мақаласында  Қытай-
дың Гань-Су-Синь-Цзянь провинциясын аралағанда жергілікті мұсыл-
мандардың  айтуынан  жазып  алынған  кейбір  аңыздарды  құранмен, 
«Рабғузи қиссаларымен» салыстыра қатар жариялап, өзара ұқсастығын 
керсеткен.
«Рабғузи  қиссалары»  əдеби  мұра  ретінде  өзбек  əдебиетінің 
тарихында  ертеден  қарастырылып
3
, 1950 жылы  М.Айбектің  алғы 
сөзімен шыққан «Өзбек əдебиетінің антологиясында» жарияланған.
1
 Мелиоранский М.П. Сказание о пророке Салихе. (изд. Кисас-ул-Энбия Рабгузи). 
Сборник  статей  учеников  барона  В.  Р.  Розена  к  дню  двадцатипятилетия  его  лекций 
СПБ, 1897, стр. 279—280.
2
  Малов  С.Е.  Мусульманские  сказания  о  пророках  по  Рабгузи.  Записки  коллегии 
востоковедов при Азиатском музее. Том V. Ленинград. Изд. АН СССР. 1930, стр. 507—
525.
3
 Узбек əдəбиати нəмуналары. Самарканд — Ташкент, 1928; Маллаев Н. М. История 
узбекской литературы с древнейших времен. стр. 27

36
37
Бұл  ескерткіш  қазақ  əдебиеттану  ғылымында  бірінші  рет 1967 
жылы  профессор  Б.Кенжебаевтың  басшылығымен  филология  фа-
культеттерінің  студенттеріне  арналып  шыққан  «Ертедегі  əдебиет 
нүсқалары» атты хрестоматияға енгізілді. Мұндағы үзінділер «Рабғузи 
қиссаларының» 1914 жылғы Қазан баспасынан алынып жарияланған. 
Ал,  зерттеушілер  Ғ.Айдаров,  Ə.Құрышжанов,  М.Томановтың  фило-
логия  факультеттеріне  арналған  «Көне  түркі  жазба  ескерткіштерінің 
тілі» (1971) деген  оқулығында  ескерткіштің  жазылу  тарихы,  əртүрлі 
көшірмелері жайында бірқатар мəліметтер берілген.
«Рабғузи  қиссалары»  туралы  арнайы  зерттеулер  кітапты  тілдік-
лингвистикалық тұрғыдан талдауға арналған.
1
«Рабғузи  қиссаларының»  алғаш  қолға  алынған  кезінен  бастап, 
қазірге  дейінгі  зерттелуі  барысын  қарастыра  келгенде  көретініміз: 
ескерткіш — тілдік-лингвистикалық  жағынан  бірқатар  толық 
зерттелген, ал оның əдебиеттік сипаты сөз арасында, шолу ретінде ғана 
айтылғаны болмаса, арнайы зерттелмеген.
Бұл  ретте  профессор  Бейсенбай  Кенжебаевтың  арнайы  мақала-
сының  танымдық  мəні  зор  болғанын  айта  кету  керек
2
.  Онда  ғалым 
ескерткіштің 1914 жылғы Қазан баспасы бойынша сюжетін, құрылысын, 
басты  ерекшеліктерін,  кейбір  жеке  əңгімелерін  талдайды.  Біраз 
мысалдар келтіреді. Осы кезге дейін атына ғана қарап, діни шығарма 
деп, ескерткішті керексіз дүние санап жүрген сыңаржақ көзқарастарға 
қарсы  нақты  дəлелдер  айтады. 1951 жылы  С.Е.Малов: «Басқа  көне 
түркі  ескерткіштері  сияқты  бүл  ескерткіштің  де  мəн-мағынасын 
ашу,  тарихи-əдебиеттік  жайын  зерттеу  жағы  əлі  басталған  жоқ  деуге 
болады»
3
 — деп жазған еді. Одан бері біраз уақыт өтсе де, ғалымның, 
бұл ескертпесіне пəлендей назар аударыла қоймағаны байқалады. Оған 
бір үлкен себеп: кейде сонау көне замандардан, талай қоғамдық, тілдік 
өзгерістерге  ұшырап,  бізге  сан  ғасырларды  асып  жеткен  ескерткіш 
мұраларға  «өзінен  бұрынғы  озық  ой-пікірлерге  қосқан  жаңалығы, 
сол  тұстағы  əдебиетті  дамытудағы  азды-көпті  үлесі  қандай?» — деп 
қарамай,  қазіргі  заманымыздың  биігінен,  қазіргі  талап  тұрғысынан 
қарайтынымызда болса керек. Əр дəуірдің ескерткішін өзін тудырған 
1
  Ульмас  Мирзакаримова,  Морфологические  особенности  «Кисаси  Рабгу-зи», 
Ташкент, 1969, Автореф. Қанд дисс.
2
 «Қисас ул əнбия»,— Жұлдыз, 1968, № 7.
3
 Малов С. Е. Памятники древнетюркской письменности М—Л., 1951, стр. 323.
қоғамдық-əлеуметтік құрылысқа тығыз байланыстыра тексергенде ғана 
оның  сан-салалы  сипаттары  ашылатыны  кейде  ескерілмей  қалатын 
тəрізді.  Сөйтіп,  шығарма  терең  зерттелмегендіктен,  ол  туралы  үстірт 
пікірлер тууы да мүмкін.
Мысалы, «Рабғузи  қиссалары»  жөнінде  осы  күнге  дейін  əртүрлі 
пікірлер  болып  келді.  Бірі  оны  дүниəуи  сипаты  мол  құнды  мұра  деп 
қараса, енді бірі діни кітап, қажеті шамалы деп біледі. Алғашқы пікірдің 
дұрыстығын зерттеуші Н.М.Маллаев былай деп дəлелдейді:
1
«...Рабғузи қиссаларының» тематикасы, идеялық бағыты негізінен 
діни  сипатта  болғанымен,  жазушының  жеке  дүниəуи  əңгімелері  мен 
өлеңдері  көркем  əдебиеттің  дамуына  игі  ықпал  етті.  Рабғузидың 
творчестволық  қызметінде  діни-мистикалық  аңыз  бен  дүниəуи  өмір 
шындығы қатар беріле отырып, осы екі көзқарас өзара белгілі дəрежеде 
күресіп жатқаны байқалады.
...«Рабғузи қиссаларында» діни нанымға тікелей қатысы жоқ, жер 
бетіндегі  тірлікке  бағытталған  əңгімелер  бар.  Мұндай  əңгімелердің 
дидактикалық, танымдық мəні зор».
«Рабғузи  қиссаларын»  оқи  отырып,  осы  айтылған  пікірлердің 
орынды екенін аңғару қиын емес.
«Рабғузи қиссаларының» негізі шығыстан — араб, парсыдан келген 
əңгімелерден тұрады. Ежелгі араб, парсы арасында туған, бірден-бірге 
ауысып келе жатқан сюжеттерден алынған аударма-нəзира шығарма.
Автор  ескі  кітаптардан  оқыған,  ауызша  естіген  аңыз-əңгімелерді 
құрастырған, дамытқан. Сипаты, жалпы характері жағынан, идеялық, 
тақырыптық мазмұны жағынан алуан түрлі.
Бұрын  да  түркі  тілдерінде  жазылған  дидактикалық  сипаттағы 
«Хибат-ул-хақаиқ», «Диуани Хикмет» (XII ғ.) сияқты кітаптар болған 
еді. «Рабғузи қиссалары» олардан мазмұны жағынан өзгешерек болып 
шыққан.  Кітап  жалаң  өсиет,  уағыз  түрінде  емес,  қызық  сюжетпен 
баяндалады. Шығармада барлығы 60-тай (қолжазбада — 42; баспасында 
— 64) «қисса» деген атпен берілген бөлек əңгіме-аңыздар бар. Оларды 
мазмұнына қарай мынадай топтарға бөлуге болады:
1.  Табиғат,  дүние  құбылыстары,  жаратылыстың  пайда  болуы 
жайындағы діни-мифологиялық əңгімелер.
1
.  Маллаев  Н.  М.  История  узбекской  лит-ры  с  древнейших  времен  до XVII века. 
Ташкент, 1963, стр. 27

38
39
2. Дінді таратушылар, халифалар, тарихи адамдар жайлы деректі, 
дерексіз əңгімелер, аңыз-қиссалар.
3. Ауыз əдебиеті үлгілері, өлеңдер.
Жаратылыстың  пайда  болуы  жайындағы  əңгімелер  өз  тұсындағы 
діни  түсінік  рухында  жазылады.  Шығарманың  жазылған  дəуірін, 
қоғамдық  жағдайын  ескерсек,  мұндай  түсініктер  ол  заман  үшін 
сыйымды,  жарасымды  болып  көрінеді.  Осындай  діни  түсініктің 
ықпалында  жазылған  əңгімелердің  қазіргі  оқушы  үшін  ғылыми  мəні 
көне замандардағы адамдардың дүниетанымынан хабар беретіндігінде 
болса керек.
Ғылыми  шындыққа  сай  келе  бермейтін,  діни  түсініктен  туған 
əңгімелер «Қиссада» мына түрлі:
Құдай Жəбірейілді үш түрлі топырақ алып кел деп жұмсайды. Жер: 
«Менен  топырақ  алма»,-—дейді.  Жəбірейіл  жердің  көңілін  қимай, 
қайтып келеді. Құдай Ысрафилды жібереді. Ол да алмай қайтып келеді. 
Ең соңында Əзірейілді жібереді. Жер Əзірейілге де жалынады. Əзірейіл: 
«Сенің сөзіңнен Алланың хүкімі күшті» — дейді де жерден үш түрлі 
топырақ алады. Құдай Əзірейілге: «Сенің көңілің бəрінен қатты екен. 
Бұдан  былай  адамның  жанын  алатын  сен  боласың!»—  дейді.  Содан 
адамның  жанын  Əзірейіл  алатын  болады.  Топырақтың  түсі  əртүрлі 
болған соң, дүниедегі адамдардың түрі де əртүрлі болады.
Адамның басқадан емес, топырақтан «жаратылу» себебі: Тау: «Мен 
биікпін,  менен  жарат»,—  дейді,  алтын: «Менен  жарат,  мен  əзизбін», 
дейді, сөйтіп теңіз, аспан, су барлығы таласады. Сол себепті адамды 
жерден жаратады. Алла-тағала жанға: «Адамның тəніне кір!» — деді. 
Жан басқа кірді, көзге келді. Адам өзін-өзі көрді. Мұрынға келді. Адам 
түшкірді. Жан көкірекке келді. Адам ғаламдағы бар нəрселердің есімін 
білді, мың түрлі тіл білді. Жан беліне келді. Адамға: «Орныңнан тұр!» 
—  деп  бұйырды.  Адам  тұра  алмады.  Жан  адамның  құрсағына  кірді, 
адам тамақ тіледі. Адамның денесіне қан жүрді. Жанға: «Күшпен кір, 
күшпен шық!» — деді.
Адам ұйқылы-ояу жатқанда сол жақ қабырғасын алып, одан Хауа 
ананы  жаратыпты-мыс.  Ояу  болса,  қабырғасының  ауырғаны  білініп, 
жанына  батады,  қатты  қиналған  соң  Хауаны  жек  көретін  болады,  ал 
ұйқыда болса, Хауаның өз қабырғасынан жаралғанын білмей, жат көруі 
мүмкін  деп,  əдейі  ұйқылы-ояу  кезінде  жаратады.  Жұмақта  Ібілістің 
азғыруымен құдайдың тыйым салған бидайынан жеп қойып, екеуі сол 
үшін жаза тартады: жұмақтан қуылады.
Табиғат  əлемі,  жаратылыстың  құпия  құбылыстары  адам  баласын 
ерте  замандардан  таң  қалдырып,  кейде  тіпті  үрей  тудырған.  Ол 
табиғаттағы нəрселердің жанды қасиеті бар, олар сөйлей алады, сезінеді 
деп  түсінеді. «Жабайы  адам  жан-жануардың,  табиғат  заттарының 
өмірін адам өмірінен басқа деп білмейді. Олар адам сияқты сөйлейді, 
сезеді...  Ол  жануарлар  не  істесе  де,  адам  сияқты  біліп,  сезіп  істейді, 
өзара сөйлеседі деп түсінеді... Ол өзен, судың, тау-тастың тіршілігін де 
осылай деп ұғады... Жабайы адам табиғат құбылыстарын адам өмірінде 
болатын құбылыстар тəрізді, оны да бір күш əдейі осылай істеп отыр деп 
біледі».
1
 Мұндай көріністерді шығармада жердің қиналып жылауынан, 
таудың, тастың, алтын, судың сөйлеуінен байқауға болады.
Бастапқы адамдардың ұғымына сыймайтын сан түрлі жұмбақтардың 
бірте-бірте  ашылуы  үшін  қаншама  замандар  өтті.  Адам  баласының 
фантазиясы сол шындықты іздеу жолында толып жатқан жорамалдар 
жасады,  есепсіз  көп  əңгімелер  туғызды.  Жоғарыдағы  əңгімелер 
адамның  дүниенің  шын  сырын  білуге  құмартуы,  аңсауының  бейнелі 
көрінісі деуге болады. Мұнда адам аспан, тау-тас, орман қалай пайда 
болған,  адам  организмінің  құпиясы  қандай,  ол  неліктен  өледі,  тағы 
басқа сұрақтарға жауап іздеген.
«Дүниенің жаралуы туралы ұғым алғашқы қоғамдық құрылыстың 
ыдырау  дəуірінде  қалыптасқан. «Дүниені  жаратушы»  туралы  идея 
антропоморфизмнің  бір  көрінісі,  яғни  бұл  идея  адамның  өзі  жəне 
өзінің  іс-қарекеті,  қабілеті  жайлы  ұғымын  табиғатқа  салыстыра 
байланыстырудан  туған.  Адамдар  қару-жарақ  жəне  басқа  заттарды 
қолдан  жасайды,  олай  болса,  онда  дүниені  де  біреу  жаратты  деп 
ойлаған.  Тек  ол  «жаратушы»  кəдімгі  адамға  қарағанда  ерекше,  ұлы 
деп  түсінген».
2
  Кейбір  діни  ұғымдар  өте  көне  тайпалардың  аңыз-
əңгімелерінің  негізінде  туды.  Сондай  аңыздың  бірінде  айтылатын 
жердің  алты  күнде  жаралуы  жөніндегі  наным-түсінік  Библияға, 
Құранға, басқа да діни кітаптарға енді.
«Рабғузи  қиссаларына»  ол  аңыз-əңгіме  Құран  арқылы  келген. 
Себебі,  мұсылмандардың  нанымы  бойынша,  құран  дүниені  билеуші 
күштің  өзі  жіберген  бірден-бір  қасиетті  кітап.  Бірақ  тарихта  ондай 
кітаптардың  бірнешеуі  белгілі:  Тəурат  (Библия),  Зороастризм 
1
 Чернышевский Н.Г. Эстетические отношения искусства к действительности. М., 
1955, стр. 32.
2
 Шахнович М. И. Мифы о сотворении Мира. М., 1968, стр. 2. Ақназаров К. С. Ислам 
діні жəне оның реакциялық мəні. Алматы, 1964, 15-бет.

40
41
діндегілердің  Зендавеста  кітабы,  будда  дініндегі  үнді,  жапон,  қытай, 
монғолдардың  Махаяна,  үнді  браминдерінің — Ригведа,  жаңа 
индуизмнің — Махабхарата жəне Рамаяна кітаптары, тағы басқалары 
бар.  Ал,  шын  мəнінде  құранның  əңгімелері  өзіне: «ерте  заманғы 
арабтардың  пұтқа  табынушылығын,  христиан  дінінің  аңыздарын, 
ежелгі Иран дінінің қалдықтарын арқау етті. Əрбір діннің мəнді-мəнсіз 
уағыздарын қабылдап, олардың көбін араб жағдайына сəйкес басқаша 
түсіндірді, оларға жаңа түр, жаңа сипат берді»
1
.
Сонымен, «Құранда», «Библияда»  жəне  басқа  діни  кітаптардағы 
дүниенің,  адамның  жаралуы  жөніндегі  əңгімелерде  бір-бірінен 
айнымайтын, үнемі біркелкі келетін бірнеше ұқсас деректер бар. Олар: 
дүниенің  пайда  болуының  алты  күн  оқиғасы,  Хауаның  қабырғадан 
жаратылуы, Адам ата мен Хауа ананың ұжмақтан қуылуы.
1966 жылы поляктың белгілі ғалымы, жазушысы Зенон Косидов-
скийдің «Библейские сказания» атты кітабы Москвада басылып шықты. 
Бұл кітап бұдан бұрын да бірнеше тілге аударылып, көп елге тараған 
еді.  Қарапайым  оқушылардың  да,  ғалымдардың  да  назарын  қатты 
аударып, атеистердің қолдан түсірмейтін өткір қаруына айналды. 
Кітаптың  алғы  сөзінде  автор  өзінің  мақсатын  былай  көрсетеді: 
«Меніңше, өткен замандардан келген сүреңсіз мұралармен, ғылымның 
қаруымен  күресу  тиімді.  Ғылымның  ең  жаңа  жетістіктеріне  сүйеніп, 
кейбір наным-сенімдердің өтірік, алдамшы, қисынсыз екенін көрсету 
керек, олардың зияндылығын біздің қазіргі астрономия, астрофизика, 
атомистика жəне биологияның салтанат құрған ғасырында əлгілердің 
қандай  жабайылық,  балалық  екендігін  ашып  көрсету,  айқындау 
қажет»
2
.
Зенон  Косидовский,  өзі  айтқандай,  кітабында  археология, 
астрономия,  тарих,  этнография,  əдебиет-тіл  тарихы  тағы  басқа 
ғылымдардың ең соңғы жетістіктерін нақтылап, тексеріп пайдаланған. 
Библияның «Ветхий Завет» кітабында айтылатын толып жатқан оқиға, 
əңгімелердің сырын, түп-тамырын ашқан. Сөйтіп, қазіргі ғылым діни 
кітаптар — «құдайдың  сөзі,  құдай  жіберген»  дейтін  аңыздардың 
жалғандығын жалаң сөзбен емес, ғылымның бұлтартпайтын қаруымен 
дəлелдеп отыр.
«Рабғузидегі»  кейбір  «қалыптасқан  сюжеттердің»  түп  негізі, 
1
 Косидовский 3. Библейские сказания. М, 1966, стр. 6.
2
 Косидовский 3. Библейские сказания. М., 1966, стр. 27.
дүниенің  жаралуы,  жерді  топан  су  қаптауы  туралы  аңызы  жəне 
басқалар  вавилон  мифологиясынан  алынғандығы  дəлелденіп  отыр. 
Мысалы, христиан, ислам дінінің негізгі концепциялары бұл діндердің 
шығуынан  көп  бұрынғы  бір  мəліметтерден  алынған»  болып  шықты. 
Ал, ол мəліметтерді өте ертеде өмір сүрген бір адамдардың фантазиясы 
туғызған.  Əңгімелер  ғасырлар  өткен  сайын  өңделіп,  өзгеріп, 
жамала  берген.  Олардың  сырын  əртүрлі  қазбалар  кезінде  табылған 
шумерлердің клинопись (сына жазулар) жазбалары ашып отыр. (Біздің 
жыл санауымыздан үш мың жылдай бұрын шумерлер тамаша қалалар, 
көркем  ескерткіштер  тұрғызғандығы  белгілі.  Қазба  кезінде  табылған 
шумерлердің  ұлттық  батыры  Гильгамеш  туралы  эпос  та  сол  үлкен 
мəдениеттің  қалдығы.)  Лондондағы  Британия  музейінің  қызметкері, 
археолог  Джордж  Смит  сына  жазбаларынан  «Энума  Элиш»  атты  бір 
поэманы оқып шыққан. Сондағы көктің, жердің, дүниенің алты күнде 
жаралуы, адамды алтыншы күнде жарату, тағы басқалары кейінгі діни 
кітаптардағы «қалыптасқан сюжеттерге» дəл келеді.
 «Адам мен Хауаның жаратылуы» жөніндегі діни аңызды да біздің 
жыл санауымыздан бірнеше мың жыл бұрын өмір сүрген адамдардың 
фантазиясы  туғызғандығы  дəлелденіп  отыр.  Археологтар  ертедегі 
Месопотамия қалаларының орнын қазу кезінде осы аңызды бейнелейтін 
сурет тапқан.
Библия  мен  Құрандағы  Хауа  ананың  Адам  сияқты  топырақтан 
емес,  қабырғадан  жаралуы  ғалымдарды  ойға  қалдырып  келді.  Бұл 
оқиғаның  негізі  қайдан,  қалай  алынғандығы  көпке  дейін  жұмбақ 
болды.  Оның  сыры  кейін  Вавилонның  ескі  қаласын  қазу  кезінде 
табылған клинопись жазба арқылы ашылады: Шумер мифі бойынша 
Энки құдайдың қабырғасы ауырады. Əйел құдай Нинти оның ауырған 
қабырғасын жазады. Шумер тілінде Нин — əйел, ти — қабырға деген 
мағынаны  білдіреді  екен.  Сонда  «қабырғадан  шыққан  əйел»  деген 
ұғым  туады.  Бірақ  Нинти  сөзінің  екінші  бір  «Өмір  беруші  əйел» — 
деген мағынасы да бар екен. Кейін ескі тайпалар Нинтиді Ева деп атап, 
шумер аңызындағы құдайдың қабырғасын жазған оқиға өзгеріңкіреп, 
«қабырғадан шыққан», «қабырғадан жаралған» болып кетеді
1
.
Бір  айта  кететін  жай,  мифтік  аңыздардың  барлығы  бірдей 
қиялдан  ғана  тумаған.  Олардың  кейбіреулері  өте  ежелгі  замандарда 
болуы  мүмкін  оқиғаларды  да  тұспалдап  баяндайды.  Сондықтан  да 
1
 Бұл да сонда, 32-бет.

42
43
тарихшылардың аңыз əңгімелердің көмескі сүрлеуін қуа отырып, бір 
тарихи деректің ұштығына тірелетін кездері де аз кездеспейді. Осындай 
деректің  ұштығы  жер  жүзіндегі  əртүрлі  тайпалар  мен  халықтардың 
ескерткіштерінде  мол  кездесетін  «Топан  су»  аңызынан  шығып  отыр. 
Рабғузиде бұл аңызға біраз орын берілген: Жер жүзін топан су қаптар 
алдында  Құдай  Нұхқа  кеме  жаса  деп  бұйырады.  Нұх  кеме  жасайды. 
Кемені үш қабат қылады. Бір қабатына хайуанаттың əр түрінен, екінші 
қабатына адам, үшінші қабатына құстың əр түрінен алады. Қырық күн, 
қырық түн жаңбыр жауады. Сел болып, жер бетін топан су қаптайды. 
Судың  биіктігі  қырық  аршын  болады,  ең  биік  деген  таудың  өзінің 
басынан  асып  кетеді.  Дүниеде  қыбырлаған  жан,  мақұлық  қалмайды, 
барлығы харап болады.
Діни  нанымның  түсінігінше:  ол  топанды  жер  бетіне  жіберген 
бір  тылсым  күш  адамдарды  дінге  кірмегені  үшін  жазалап,  оларды 
құртпақшы болған.
Нұхтың  кемесі  Жүдды  тауына  тоқтайды. (Библияда — Арарат 
таулары; Қазақ ұғымында — Қазығұрт тауы; «Гильгамеш» эпосында 
—  Нацир;  грек  аңызында — Офрис  (Парнас)  таулары.)  Содан  Жер 
бетіндегі адамдар Нұхтың балаларынан тарапты-мыс.
Осындай  нөсер,  топан  су  туралы  жазылған  мəлімет  шумерлердің 
клинопись таңбаларынан табылған. Джордж Смит бір күні таңбаларды 
реттеп  отырып,  бірнешеуінен  «топан  су»  жайлы  аңыздың  үзіндісін 
оқыған.  Д.  Смиттің  ашқан  жаңалығы  жарияланысымен,  оған  діни 
қызметкерлер қатты қарсы шығып, бұл кездейсоқ нəрсе деп көрсетпек 
болады. Джордж Смит ашқан жаңалығын жеріне жеткізе анықтап шығу 
үшін  Месопотамияға  жол  шекті.  Онда  орасан  үлкен  қазба  орнынан 
аңыздың  қалған  бөлігі  жазылған  таңбаларды  тауып  алған.  Онда  Нұх 
Утнапиштим деп аталған
1
.
Тағы бір Вавилон эпосында Эа құдай алда болғалы тұрған топан 
суды Убар Тутудың ұлы Қсисутросқа ескерткені жайлы жазылған.
«...  Ағылшын  этнологы  Дж.  Фрезер  Солтүстік,  Орталық  жəне 
Оңтүстік  Америкадағы 130 тайпаның  ішінде  бұл  туралы  аңыз 
қылмайтын бірде-бір тайпаның жоқтығын атап өтеді»
2
.
Ежелгі  Мексиканың  «Чимпалпопока»  кодексінде  былай  делінген: 
1
 Амброджо Донини. Люди, идолы и боги. М., 1962, стр. 114.
2
 Горбовский А. А. Загадки древнейшей истории. М., 1971, стр. 7—9.
«Аспан жерге төніп келді де, бір күннің ішінде бəрі опат болды. Таулар 
да  судың  астына  түсті.  Тастар  балқып,  сақылдап  қайнап,  көкке  қып-
қызыл таулар кетерілді».
Ал үндістердің (индеецтердің) киче тайпасының абыздары «Пополь 
— Вух» кодексінде былай деп жазған: «Топан су қаптады... Жер бетін 
қараңғылық  басып,  қара  жаңбыр  жауды,  күндіз  де,  түнде  де  нөсер... 
Адамдар жанталасып, бет-беттеріне қашты...»
Амазонка  бассейніндегі  үндістердің  аңыздарында  да  бір  күні 
қорқынышты гүріл мен құлақ тұндырған гүрсілдің естілгені, дүниенің 
қараңғылыққа  көміліп,  содан  кейін  нөсер  құйып,  жер  бетін  топан  су 
басқаны  айтылады.  Сірə,  сол  тұста  тау  пайда  болу  процестері  жүріп 
жатса керек.
Англияның  археологы  Леонард  Вулли  Ескі  Шумер  қорғандарын 
қазу  кезінде  он  төрт  метр  тереңдіктен  біздің  жыл  санауымыздан  үш 
мың жыл бұрын көмілген Шумер патшасының сүйегін тапқан. Ғалым 
топырақтың  ерекшеліктеріне  қарап,  мұның  астында (1 метрден  де 
тереңде) бұрынғы адамдар тіршілігінің қалдықтары бар деп болжаған. 
Одан  əрі  қазып  келгенде  үш  метр  тереңдікке  дейін  (барлығы 17 
метр) ештеңе шықпаған. Ал онан да тереңірек түскен сайын өте көне 
заманда жасаған адамдардың отының күлі, керамика бұйымдарының 
сынықтары,  кірпіштер  табылған.  Ғалым  оған  дейінгі  үш  метр  жер 
қабатынан тіршілік белгісі байқалмауын: сол кезде қатты бір тасқын су 
апаты болып, адамдарды жойып жіберген, су қайтып, жер құрғағаннан 
кейін  басқа  адамдар  келіп,  Месопотамияға  қайта  орналаса  бастаған 
деп түсіндіреді.
Бұл  апат  бірқатар  ғылыми  материалдардың  көрсетуі  бойынша, 
шамамен біздің жыл санауымыздан бұрынғы он бір мыңыншы жылдарға 
сəйкес  келеді.
1
  Бұл  туралы  археолог,  этнограф,  діндердің  шығу 
тарихымен  айналысып  жүрген  ғалымдардың  пікірі  екіге  жіктеледі. 
Тарихи  негізі  бар  дегенді  қолдаушылар  жоғарыдағы  деректерге 
сүйенеді. Екінші топтағы ғалымдар ол əңгіме «Красная шапочка» мен 
«Снегурочка» оқиғасы сияқты жай ғана аңыз деп есептейді
2
.
Жер  жүзіне  тарап  кеткен  бұл  аңыздарды  тудырушылар  көне 
заманда  өмір  сүрген,  тегі,  тілі  əртүрлі  тайпалар.  Олар:  ханандықтар, 
финикийліктер, филистимляндықтар, тағы басқалар.
1
 Косидовский З. Библейские сказания, стр. 34.
2
 Амброджо Донини. Люди, идолы и боги. 1962, стр. 82—83.

44
45
Рабғузидің біраз қиссалары— құранда, ислам ұғымында пайғамбар 
деп  есептелінетін  көбіне  мифтік,  кейде  тарихта  болған  адамдар 
жайындағы  əңгімелер.  Əңгімелердің  арасында  құрани  қағидалардан 
үзінді-дəлелдер  келтіріп  отырған.  Əңгімелердің  негізгі  өзегі  сонда 
баяндалған оқиғалардан алынған.
Құранды  көп  жылдар  бойы  тексеріп,  зерттеген  арабтанушы  ға-
лымдар оны араб əдебиеті мен мəдениетінің, тарихының көне ескерт-
кіші  деп  бағалайды.  Белгілі  зерттеуші  И.Ю.Крачковский: «Құран — 
исламның  ерте  дəуірі  тарихын  бейнелейтін  кітап,  араб  прозасының, 
əдеби тілінің негізі болған ірі ескерткіш... Құран — дүниежүзі əдебиетінің 
ескерткіші»,

— деді. Құрандағы мифтердің біразы «Тəурат», «Інжіл-
дің», исламға дейінгі арабтың аңыз-əңгімелерінен алынған. Оның бір 
бөлігі — пайғамбарлар  жайлы  аңыздар.  Пайғамбарлар  өмірі  туралы, 
құраннан басқа, араб-парсы тілінде де діни кітаптар шыққан болатын. 
Рабғузидегі  пайғамбарлар  туралы  əнгімелердің  негіздері  осылардан 
алынған.  Ол  пайғамбарлар:  Адам  (Адам),  Нұх  (Ной),  Ыбраһим  (Ав-
раам), Исхақ (Исаак), Исмаил (Исмаил), Жақып (Яков), Жүсіп (Иосиф 
Прекрасный), Лұт (Лот), Мұса (Моисей), Харун (Аарон), Айуб (Иов), 
Шуғайуб (Чофор), Дəуіт (Давид), Сүлеймен (Соломон), Ілияс — Хызыр 
(Илья),  Иса  (Иисус  Христос),  Жүніс  (Иона),  Армия  (Іеремия).  Араб 
аңыздарынан  алынғандары:  Лұқман,  Зұлқарнайын,  Салых.  Бұлардың 
араб  аңыздары  екенін  Құран  əңгімелеріне  қарап  И.Ю.Крачковский 
көрсеткен  еді.  Ал  Л.И.Климович: «Зұлқарнайын — Қосмүйізді VI—
VII ғасырдағы Сирия аңыздарына сəйкес келеді»
2
 дейді.
Көне замандардағы адамдар айналадағы түсініксіз құбылыстарды, 
өзінің ақыл-ойына сыймаған белгісіз нəрселерді бұл ерекше күш, құдай 
деп  есептеген.  Сол  сияқты  бойында  ерекше  қасиеті  бар  адамдарды, 
күштілікті,  ерлікті,  ептілікті,  олар  басқалардан  дараланып  тұратын 
болғандықтан, «құдайдың  қасиеті», «құдайға  жақын»  деген.  Ондай 
қасиеттері  бар  адамдар  басқаларды  таң  қалдырады.  Аттары  аңызға 
айналады.  Аңызға  айналған  адамдардың  кезінде  шешен,  уағызшы 
болуы, жауынгер — көне заманның батыры болуы, айрықша өнері бар 
адамдар болуы да мүмкін.
Ескендір  Зұлқарнайынды  алайық.  Ол — тарихта  əбден  белгілі 
атақты Александр Македонский. Бұл адам туралы халықтар неше түрлі 
1
 Коран. М„ 1963, стр. 660.
2
 Климович С. И. Ислам М., 1965, стр. 51.
əңгімелер,  мифологиялық  сюжеттер,  аңыздар  туғызған.  Оны  кəдімгі 
адам емес, «құдайдың жібергені» деп ойлаған. Шығыста Ескендірдің 
қолбасшылығынан көрі, халықты қырып-жойған жауыздығын айтудан 
көрі, «пайғамбарлығы» жайлы аңыз басым болып кеткен. Өмірбаяны 
да түрліше өзгертіліп айтылған.
Александр  Македонский  Иранды  басып  алғанда  ақсүйектер, 
абыздар  ортасында:  ол  Македония  патшасы  Филипптің  баласы  емес, 
Иран патшасы Дарий ІІ-нің баласы, Иран тағының заңды мұрагері деген 
əңгіме тараған. Одан бұрын Египетті жаулағанда ол Египет абызының 
баласы  болып  шыққан  еді.
1
  Сол  сияқты  Мұхаммедтің  өмірбаяны  да 
адам сенбейтін аңыздарға толы.
Культке  айналған  əулие,  пайғамбарлар  əртүрлі  елдерде-ақ  бар. 
Мысалы:  Грецияда — Гермес,  үнділерде — Брахма,  еврейлерде 
—  Авраам,  Моисей,  парсыларда — Зороастр,  христиандарда — 
Иисус,  мұсылмандарда — Мұхаммед,  тағы  басқалар.  Халық  дінді 
таратушыларды «бізге жаңа дінді əкелген, шындыққа көзімізді ашқан 
адам»  деп  қастерлеп,  есте  берік  ұстап,  оларға  мінəжат  етуді  парыз 
санаған.
Пайғамбарлардың  бəрі  бірдей  тарихта  болған  адамдар  емес. 
Тəураттан алынған пайғамбарлар есімі көне қалалардың, тайпалардың 
аты  болуы  да,  олардың  өмірі  сол  тайпалардың  басынан  кешкен 
оқиғалардан  алынған  жиынтық  əңгімелер  болуы  да,  тайпалардың 
көсемдері, патшалары болуы да мүмкін. Мысал үшін: З. Косидовскийдің 
зерттеуінше, Авраам Хананнан Месопотамияға ауысқан бір тайпаның 
мифологиялық жиынтық бейнесі.
2
Ал,  Лұқман  пайғамбар — біздіңше,  ақылды,  көреген  қарттардың 
жиынтық образы, ауыз əдебиетінен, аңыздан алынған кейіпкер.
Ондай  адамдарды  да  пайғамбар  деп  санаған.  Діни  ұғымда 
пайғамбарлардың  адамдық  бейнесі  көмескіленіп,  мифологиялық 
бейнеге  айналған.  Əулиелерге  сыйыну  салты,  əулиелердің  культы  да 
соның бір қалдығы болса керек.
Əлі  күнге  дейін  діни  сенімдерден  ұзап  кете  қоймаған  кейбір  кəрі 
кісілер  Түркістандағы  Қожа  Ахмет  Яссауидің  мавзолейіне  барып 
түнейді, сыйынады. Оны əулие көреді. Ал, шындығында, Яссауи — XII 
ғасырда өмір сүрген, «Диуани хикмет» атты діни-дидактикалық кітап 
1
 Климович JI. И. Ислам. М, 1965, стр. 118—119.
2
 Косидовский З. Библейские сказания, стр. 78.

46
47
жазған,  сол  кездегі  мəдениетті,  əдебиетті  жетік  білген  өз  ортасының 
білімдар адамы.
Түркістанның  жанында  Монғол  шапқыншылығынан  бұрынғы 
Сығанақ  қаласында  əл-Сығанақи  деген  ақын  өмір  сүрген.  Ол  да 
Яссауи сияқты білімді, ақылды кісі болған. Кейінгі адамдар ақынның 
атына  байланысты  қаланы  Сунақ-ата  деген.  Сунақатаға  кей  кісілер 
барып  табынған,  түнеген.  Оның  керемет  күшіне,  əулиелігіне 
сенген.  Пайғамбарлар  жайлы  аңыз-əңгімелердің  тууы,  қалалардың, 
тайпалардың  басынан  өткізген  өмірі,  оқиғасы,  тұрмыс-тіршілігі 
жиынтық  образға  айналып  кететіндігі  де  осындайдан  болса  керек. 
Бірнеше  мың  жылдар  бойы  айтылып,  жазылып  тараған,  əр  заманға, 
əр  дінге  бейімделген  аңыздардан  матриархаттың,  патриархаттың, 
политеизм мен монотеизмнің де белгілерін табуға болады.
«Рабғузи  қиссаларындағы»  пайғамбарлар  туралы  əңгімелердің 
негізгі  өзегі,  бастапқы  түп-тамыры  құранда  жатса  да,  қиссаларға 
халықтың фантазиясымен кеңейіп, өрбіген, ауызша таралған аңыздары, 
ауыз  əдебиетінің  үлгілері  көп  енген.  Діни  дидактика,  мораль,  этика 
мəселелері қызғылықты оқиғалармен еріліп жазылған.
Ал пайғамбарлар жайлы қиссаларда олардың кереметін баяндауға 
көп көңіл бөлінеді. Ондай əңгімелерде пайғамбарлардың халықты дінге 
үндеуі, сол жолда мехнат шегуі, өзін құдайдың жіберген адамы екенін 
дəлелдеу  үшін  керемет  сиқырлы  құбылыстар  көрсетуі  баяндалады. 
Мысалы:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет