Бағдарламасы Жалпы ережелер


Технологиялық модульде келесі мәселелер бойынша тәжірибелік



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата11.03.2023
өлшемі0,73 Mb.
#73352
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
«Білім мазмұнын жаңарту жағдайында білім берудегі менеджмент»

 
Технологиялық модульде келесі мәселелер бойынша тәжірибелік 
тапсырмалар орындалады:
1. Басқарушылық шешім білім сапасын басқару құралы ретінде: 
менеджмент теориясы қисынындағы әзірлеме технологиясы. PDCA басқару 
мақсаттарын диагностикалық талдау. PDCA басқару шешімдерін жасау 
тәсілдері 
2. Жобалау-зерттеушілік 
әрекет – мектеп басшысының кәсіби 
құзіреттілігін арттыру факторы ретінде 
3. Ақпараттық білім кеңістігіндегі киберқауіпсіздік негіздері 
 
Вариативті модульде тыңдаушылардың қажеттіліктеріне сәйкес 
келесідей тақырыптарды таңдау мүмкіндігі беріледі:


1. Цифрлық мектеп: басшының қызметін автоматтандыруды тиімді 
ұйымдастыру. Жаһандық цифрландыру жағдайында білім беру сапасын 
басқарудың тиімділігін арттырудағы АКТ
2. Мектептің әрекетін жоспарлаудың ғылыми-әдістемелік негіздері: ұзақ 
мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау. 
3. Мектептегі мониторинг - білім сапасын бағалаудың құралы.
4. Критерийлер мен дескрипторлар негізінде мектептің әрекетін 
аттестациялау 
6. Оқу үдерісін ұйымдастыру 
Білім беру үдерісі Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес 80-сағаттық 
оқу-тақырыптық жоспар бойынша ұйымдастырылады. 
Білім беру үрдісін ұйымдастыруда тындаушылардың білімдерін бағалау 
мен бақылау мақсатында өзіндік жұмыс, жоба жұмысы, шағын-сабақты 
(шағын-шаралар) бейнекөрсетілім және қорытынды тестілеу өткзіледі.
Білім беру үрдісі оқытудың интерактивті әдістері арқылы жүзеге 
асырылады: пікірталас, «миға шабуыл», іскерлік ойындар, тренингтер, жоба 
әдісі, бейнефильмдерді талқылау, мәселені бірлесіп талқылау және т.б. 
Ересектер аудиториясының өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып,
оқыту барысында тыңдаушыларға қисынды қорытындылар жасауға, 
мазмұнды өз тәжірибесіне бейімдеуге және алған біліктіліктерін 
аудиториялық тәжірибелік сабақтар және аудиториядан тыс өзіндік жұмыс
жағдайында сыннан өткізуге мүмкіндік беріледі. 
Білім беру үдерісі аудиториялық сабақтар және өзіндік жұмыстарды 
жүргізуден тұрады. Бағдарламаның біліктілікті арттырудың құзыреттілік 
моделіне бағытталуы қазіргі білімдік технологиялар және интербелсенді 
оқыту формаларын: кері байланыс; мәселелерді, күрделі сұрақтарды 
талқылау және пікірталас, шеберлік-сынып; «дөңгелек үстел» арқылы қол 
жеткізетін әрекеттік амалды білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет