- ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру;
- археологиялық зерттеулер;
- қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар;
- ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыру, кеңейтілген бейне және жұмыс қатарларын құру.
2004 жылдан – бағдарламаны жүзеге асыра бастаған кезден – бастап тарих пен мәдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар бітірілген, олардың 28-і (35%) – 2008-2011 жылдары реставрацияланған.
2004-2005 жылдары бұл бағдарламаның жүзеге асуына республикалық бюджет қаражатынан 1 391, 0 млн. жұмсалды, соның ішінде 2004 жылы 641,6 млн. және 2005 жылы 749,4 млн. Бағдарламаның 2007 жылғы іс-шараларына респ. Бюджеттен 1 873,6 млн.тенге бөлініп, толық игерілді. Оның ішінде тарих және мәдениет ескерткіштерін қайта жаңғыртуға 1 381,1 млн. тенге, археологиялық зерттеулерге 106,0 млн. Тенге, қолданбалы ғылыми зерттеулерге 123,3 млн. тенге, кітап серияларын шығаруға 262,9 млн. тенге қарастырылған. Берел обасынан табылған алтын бұйымдардың ұсақ бөліктерін жинау, тазалау және олардың паспорттарын құрастыру жұмыстары жүргізілді. Табылған 75 дана археологиялық бұйымдар жаңғыртылды. Олар ат әбзелдерінің бөліктері және Берел көсемінің табытына арналған ағашының кесіндісі.Біздің түп-тұқияндарымыз туралы көптеген мәлімет беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу жүргізілген. Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті мен Берел қорғандарындағы қазбалар, «скиф-сібір аң стиліне» немесе өнерге жататын табылған алтын бұйымдар әлемге әйгілі атақ алды (б.з.д. V-III ғғ.). Осы бағдарлама аясында 2008 жылы екі қорық-мұражай («Есік» және «Берел») жаңадан құрылды. «Берел» қорық-мұражайының тек қана құрылысына 190 млн.тенге бөлініп, 1 әкімшілік ғимараты, 2 тұрмыс үйлер және 1 гараж салынып 2013 жылы бұл жұмыстар түгелдей аяқталды. Ғимарат аумағы қоршалды, ендігі қорымдар орналасқан аумақты түгелдей қоршау бойынша жұмыстар атқарылуда. Болашақта № 11 қорғанды мүзейлендіріп, аспан асты мұражайына айналдыру жоспарда бар. Мұражай құрылғаннан бастап, әлеуметтік қорғау ұйымдарымен, туристік ұйымдармен, мұражайлар, кітапханалармен, мемлекеттік емес ұйымдармен, білім беру мекемелерімен байланыстар жасалып, бірлескен жұмыстар атқарылуда.