3-тапсырма. Мұғалімнің кіші мектеп оқушылар тұлғасын оқып-үйренуде оқу зерттеулердің қай әдістерін қолданатынын анықтау
Оқу ғылымда және оқыту мен тәрбиелеуде кіші мектеп оқушы тұлғасын оқып-үйрену үшін арналған оқу факттар мен құбылыстарды зерттеулердің көптеген әдістері қолданылады.
Оқу зерттеулер әдістері – оқу іс-әрекет тәжірибелілігін оқып-үйрену жолдары болып табылады.
Бастауыш сынып мұғалімінің оқу-тәрбие жұмысын, кіші мектеп оқушысының тұлғасын оқып-үйрену үшін мынадай әдістер қолданылады: оқу бақылау және әңгімелесу бойынша зерттеулер, мектеп құжаттарын және оқушы іс-әрекетінің нәтижесін оқып-үйрену әдістері, әлеуметтік әдістер (анкеталық, шкалалық, социометрия), оқу факттар мен құбылыстардың теориялық анилизі әдістері.
Оқушылар ұжымын және жеке оқушыларды оқып-үйрену әдістерін төмендегідей топтастыруға болады:
Бірінші топқа оқушылардың қажеттіліктерін, мінез-құлық мотивтерін, іс-әрекеттерін оқып-үйренуге бағытталған әдістерді (әңгімелесу, анкета, диагностикалық тесттер) жатады.
Екінші топқа кіші мектеп оқушылары бойында әлеуметтік нормалар мен қарым-қатынас ережері туралы білімнің қалыптасу деңгейін анықтауға арналған әдістер (әңгімелесу, оқушылардың іс-әрекет нәтижесін анализдеу) жатады.
Үшінші топқа оқушылардың іс-әрекеті мен мінез-құлқын оқып-үйренумен байланысты әдістер (бақылау, табиғи эксперимент, жағдаяттар туғызу, таңдау әдістемесі, мінездеме беру, социометрия) жатады.
Төртінші топқа кіші мектеп оқушыларының тәрбиелілігі туралы алынған ақпаратты санды және сапалы өңдеу әдісітері (математикалық статистика, шкалалық) жатады.
Ұжым мен жеке оқушыны оқып-үйренудің нәтижесінде бастауыш сынып мұғалімі олардың тәрбиелілік деңгейі туралы ақпарат алады. Алынған диагностикалық ақпаратты тіркейтін құжат жүргізу міндетті емес. Бұл сұрақты мұғалім өзі шешеді.
Кіші мектеп оқушыларын оқып-үйрену олармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының негізі болып табылады.
Тапсырма мақсаты: практикант-студенттердің кіші мектеп оқушыларын оқып-үйрену және оқу зерттеулер әдістері жөніндегі білімдерін кеңейту, бастауыш сынып мұғалімінің оқу іс-әрекетін бақылау дағдысын қалыптастыру.
Тапсырманы орындау. Бұл тапсырманы орындау үшін бастауыш сынып мұғалімінің оқу-тәрбие жұмысын бақылап, төмендегідей сұрақтарға жауап алу мақсатымен мұғаліммен әңгімелесу керек:
Мұғалім өзінің оқу іс-әрекет процесінде кіші мектеп оқушыларын оқып-үйрене ме?
Оқушыларды оқып-үйренуде мұғалім қандай оқу зерттеулер әдістерін қолданады?
Кіші мектеп оқушыларын оқып-үйрену нәтижелерін мұғалім қалай және қайда тіркейді?
Оқушыларды оқып-үйрену нәтижелерін бастауыш сынып мұғалімі өзінің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда пайдалана ма? Нақты мысал келтіру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |