Статистикалық физиканың негізгі әдістері. Феноменологиялық термодинамика және статистикалық физика (1 сағат).
Дәріс мазмұны.
Физикадағы динамикалық және статистикалық әдістер. Бұл 2-әдістің ерекше бір анықтамалары жоқ. Динамикалық әдістер дегенде жеке бөлшектердің немесе дененің қозғалысына әсер ететін күшті ескере отырып Ньютон заңдары арқылы зерттеуді айтады. Бөлшектердің саны аз болғанда, бұл әдіс ыңғайлы әрі тиімді. Бөлшектердің саны өскен сайын динамикалық әдісті қолдану қиынға соғады. Сондықтан динамикалық әдістің шамасы келмеген жерде статистикалық әдісті қолданған дұрыс. Статистика деген сөздің мағынасын көп бөлшектер үшін ортақ немесе көптеген есептеулер арқылы бір заттың немесе бір шаманы анықтауды айтады. Статистикалық физиканың негізгі аппараты ықтималдықтар теориясы. Ықтималдықтар теориясы деп көптеген болуға тиісті қағиданың ішінен бізге қажетті қағиданың қайталану жиілігін айтады. Ықтималдық теориясының нәтижесі процент түрінде немесе 0-ден 1-ге дейінгі аралықтағы бөлшектер саны түрінде көрсетіледі. Мыс: тиынның гербі бар жағы мен саны бар жағы кезек-кезек түсіп отырады (100 рет лақтырса 50 немесе 49 рет гербі бар жағы жоғары қарап түсуі мүмкін, ал қалған жағдайда саны бар жағы жоғары қарап түсуі мүмкін). Сол тиынның гербі бар жағының жоғары қарап түсу ықтималдығы 1/2 деп есептелінеді. Сол сияқты спортлото ойнағанда 6 номерді табудан гөрі 4 номерін табу ықтималдығы жоғары.