Пәнді оқытудың мақсаты: теориялық физиканың соның ішінде статистикалық физика және кинетикалық физика негіздері бөлімі бойынша студенттерге терең білім беру, өзін-өзі бақылау, бағалауға үйрету. Сонымен қатар теориялық білімдерін практикалық есептер шығаруға қолдану және зерттеу жұмыстарын орындай алатын келешек мамандардың біліктілігін қалыптастыру.
кез келген жекеленген есептерді шығарғанда оның мағынасын физикалық жалпы заңдылықтармен байланыстыра білуі, теориялық физиканың статистикалық физика немесе кинетикалық физика негіздері бөлімінің есептерін шеше білуі;
қарапайым физикалық құбылыстардың математикалық моделін жасай білуі және оған қажетті математикалық аппаратты пайдалана білуі қажет.