Бағдарламасы көлемі 2 кредит (90 сағАТ)



бет9/22
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#17586
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Байланысты:
1болим Умкстат

6-дәріс жоспары

Энтропияның кванттық және классикалық мәні (1-сағат).
Дәріс мазмұны

Энтропия энергияның үлестірілуін, шығындалуын көрсететін физикалық шама. Энтропия кез-келген системада бар және ол ұдайы өзгерісте болады. Больцман статистикалық физиканы қолданып энтропияны түсіндіретін ең оңай формуланы тапқан. , w-микрокүйлердің саны, термодинамикалық ықтималдық. k=1,38*10-23 Дж/к. Бұл заң 1872 жылы табылды. Сонымен энтропия термодинамикалық ықтималдықтың натуралдық логарифміне тура пропоционал және больцман тұрақтысының көбейтіндісіне тең. Бұл классикалық анықтамасы. Энтропияны кванттық механикада да қолдануға болады. Ол кезде w атомның, молекуланың ішіндегі кванттық күйлердің санын көрсетеді немесе энергетикалық деңгейлер деп айтуға болады (орбиталардың саны). Классикалық физикада w-ны фазалық кеңістіктегі системанық көлемі деп те есептейді.

Тұйық системадағы энтропияның өсу заңы. Энтропия ұдайы өсетін шама. Әсіресе тірі организм үшін, сол сияқты әлемдегі барлық құбылыстар үшін де қолданылады. Энтропияның өсуі системаның ықтималдығы аз күйден ықтималдығы көп күйге өту бағытымен анықталады. Бұлай дейтін себебіміз кез-келген система шамасы келсін, келмесін ықтималдығы көп жағдайға өтуге тырысады және соған өтеді. Бұл жағдай Больцман формуласынан шығады: себебі ондағы W өсіп отырады. Осы жерде бір заңды сұрақ туады. Энтропия қашанғы өсе береді? Ол шексіздікке жетуі мүмкін ғой. Жалпы энтропияның өсуі тұйық система үшін ғана қолданылады. Ал іс жүзінде идеал тұйық система жоқ. Системада бір-бірімен міндетті түрде түйісіп отырады. Бірінің энергиясы екіншісіне ауысып отырады. Сондықтан энтропияның ұдайы өсуін қолданатын система жоқ. Тіпті жұлдыздардың өзі бірі энергиясын жоғалтып отырса, екіншісін қабылдап отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет