БАҒдарламасы «мектептегі тәжірибе»



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата03.03.2017
өлшемі5,15 Mb.
#7587
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖАЛПЫ 
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ 
БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
«МЕКТЕПТЕГІ ТӘЖІРИБЕ» КЕЗЕҢІНДЕ 
ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
Мектепті бірлесіп дамыту арқылы оқыту мен оқу 
тәжірибесін жетілдіру
Бірінші басылым
www.cpm.kz

Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығының
Әдістемелік кеңесі ұсынған
© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2013
Барлық  құқықтар  қорғалған.  Осы  басылымды  кез  келген  түрінде  және  кез  келген  құралдармен, 
фотокөшірмені және кез келген электронды нысанды қоса алғанда, авторлық құқық ұстаушының жазбаша 
рұқсатынсыз толық немесе ішінара басып шығаруға немесе таратуға тыйым салынады.

3
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................................................................................................................................................................4
Өзгеріс енгізу үдерісін түсіндіруге арналған метафоралар: магнит, 
желім және қозғаушы күш......................................................................................................................................4
Өз мектебінің оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу.................................................................................11
1-қосымша..............................................................................................................................................................17
2-қосымша..............................................................................................................................................................20
3-қосымша..............................................................................................................................................................23
4-қосымша..............................................................................................................................................................27
Байланыс ақпараты................................................................................................................................................44

4
«Командалық жұмыс – ортақ ұстаным тұрғысынан 
бірлесіп жұмыс істеу қабілеті, жеке жетістіктерді ұйым 
мақсатына бағыттай алу қабілеті. Бұл – қарапайым 
адамдарға күтпеген нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік 
беретін жанармай»
Генри Форд, 
АҚШ өндірістік өнеркәсібінің басшысы
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде жұртшылық арасында ХХІ ғасырда білімнің жоғары сапалы және әділ болуына ықпал ету 
үшін білім беру жүйесінде реформа жүргізу қажеттігі туралы ортақ пікір туындап отыр. Сонымен қатар, 
көптеген елдер сын тұрғысынан ойлауды, қиялды, мәдениетаралық және әлемдік сананы, шығармашылық 
тәсілдер  мен  азаматтық  борышты  дамытуды  қоса  алғанда,  бай  білім  мен  көптеген  дағдылардың 
қалыптасуына қолдау көрсетуге тырысуда. Дегенмен, мектептер деңгейінде оқыту тиімділігін арттырып, 
оқушылардың  білімін  тереңдетуге  мүмкіндік  болғанда  ғана,  стратегиялар  (тұжырымдамалар)  сәтті 
болатыны көпшілікке мәлім. Мақсатымыз әр балаға жоғары сапалы білім беру болу керек.
Оқыту сапасының тұрақты болуына қалай қол жеткізу керектігі көптеген елдердің білім беру саясатының 
негізгі мәселесі болып отыр. 
Мұғалімдерді эвалюациялау жүйесі осы саясаттың бір бөлігі болып табылады. Кейбір елдерде мұғалімдер 
эвалюациясы  туралы  пікірталастардың  даулы  сипатта  өтуіне  қарамастан,  шын  мәнінде,  мемлекеттік 
билік  пен  мұғалімдер  ұйымдарының  арасында  келісімге  қол  жеткізілген  оқыту  мен  оқу  тәжірибесін 
алға жылжытуға арналған тетік-құралдарды қамтамасыз ететін ауқымды салалар бар. Көптеген елдерде 
қолданылатын  эвалюация  жүйелері  маңызды  жақсаруға  әкелмейтін,  жазбаша  есептер  санының  өсуіне 
ғана ықпал ететін жай ғана осы істелді-ау деген сөз үшін орындалатын әрекет, ал бұлай болмауға тиіс. 
Мұғалімдердің ширегінен астамы өз мұғалімдік тәжірибесіне қатысты ешқандай пікір-ұсыныс алмайтыны 
және мұғалімдердің 95 пайызы оқушысының жетістіктері жеткіліксіз болған жағдайда да қанағаттанарлық 
деректерге  ие  болатыны  да  рас,  бұны  да  осы  қалпында  қалдыруға  болмас.  Көптеген  елдердің  алдында 
тұрған мәселе – мұғалімдерді эвалюациялау жүйесін жасау емес, оған қалай дұрыс қол жеткізу.
Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы 
(бұдан  әрі  –  Бағдарлама)  қазақстандық  мұғалімдерге  эвалюация  жасаудың  арнайы  жүйесін  дамытуға 
бағытталады. 
ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУ ҮДЕРІСІН ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН МЕТАФОРАЛАР: 
МАГНИТ, ЖЕЛІМ ЖӘНЕ ҚОЗҒАУШЫ КҮШ
Мектептің оқыту мен оқу тәжірибесін өзгерте алған әлемнің түкпір-түкпіріндегі мектеп көшбасшылары 
бұл үдерісті дамыту үшін магнит, желім және қозғаушы күштің болуы қажет екендігін алға тартады.
• Магниттер – басшылар мен мұғалімдерді жұмыстың жаңа тәсілдерін байқап көруге тартатын күштер, 
ниеттер  мен  бұл  жұмыс  беретін  артықшылықтар.  Бұл  дегеніміз  көшбасшылар  мен  мұғалімдер 
қоғамдастыққа  өз  еріктерімен  кіріп,  іске  қатыстырылған  барлық  адамдар  оқушылардың  оқу 
үлгерімін  жақсарту  үшін  бірлесіп  жұмыс  істеуге  ат  салысқан  жағдайда  дамыту  ісі  барынша 
нәтижелі болатындығын білдіреді. Өзгеріс енгізудің ерте кезеңінде, әсіресе бірінші «Мектептегі 
тәжірибе» кезеңінде Сізге тәжірибесін өзгерткісі келетін адамдарды, бірлесіп жұмыс істей алатын 
және жаңа тәсілдерді жүзеге асыра алатын адамдарды анықтап, солармен жұмыс істеуді бастау 
тиімді болмақ. Бұл топ негізгі өзгеріс енгізу тобы болады.
• Желім өзгеріс енгізу тобын бірге сақтап, әріптестерді тарап кетуден сақтайтын факторлардан тұрады. 
Топ құрылып жатқанда, жоғары жақтағылар үшін желім өте маңызды болады. Дегенмен, өзгеріс 
енгізуді жалғастырып, кеңейту үшін жұмыстағы көшбасшылық мектептің өзгеріс енгізу тобының 
мүшелерінің барлығына таратылып, ұзақ уақыт бойы атқарылатын іс-шараларға қатысты болуы 
керек, сондықтан өзгеріс енгізу тобы үшін де «желімнің» маңызы зор. Топ мүшелері өздерін шешім 
қабылдау үдерісінің мүшесі ретінде сезінсе, олардан өз жұмыстарын мейлінше жақсы істейді деп 

5
күтілетінін білсе және өздерін майталман ұстаз деп санайтынын білсе, олар өз мойындарына оқыту 
мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу жөнінде қосымша міндет алуға дайын болады. Бұл дегеніміз, 
«желім»  өзгеріс  енгізу  жұмысы  табысты  болу  үшін  барлық  адамдар  бірлесіп  жұмыс  істейтін 
мәдениетті дамытуды көздейді деген сөз, ал өзгеріс енгізудің негізгі мақсаты – оқушылардың оқу 
үлгерімін жақсарту болып табылады.
•    Қозғаушы  күш  –  көшбасшылар  олардың  көмегімен  өзгеріс  енгізу  және  мұғалімдер  қоғамдастығын 
құру үдерістеріне ықпал ететін факторлар. Бұл факторлар өзгеріс енгізу тобына оқыту мен оқу 
тәжірибесіне өзгеріс енгізудің моральдық мақсатын үнемі еске салып отыратын көшбасшыларға 
байланысты. Бағдарлама тұрғысынан алғанда қозғаушы күш өзгеріс енгізу іс-шараларын жүзеге 
асыратын адамдарға қолдау көрсетіп, оларды ынталандырады, аралық түзетулер енгізіп, бейімдеуге 
мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңа мүмкіндіктер мен тапсырмаларды ұсыну арқылы әріптестерді 
алға жылжытуға көмектеседі. Қозғаушы күш болмаса, өзгеріс енгізу үдерісі өз бағытын жоғалтуы 
немесе топ мүшесі дандайсып кетуі мүмкін.
Бұл әдістемелік құралда ұсынылған «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар 
–  мектеп  көшбасшыларына  оқыту  тәжірибесін  толығымен  оқушылардың  толыққанды  білім  алуына 
бағыттау үшін «магниттерді, желім мен қозғаушы күштерді» біріктіруге көмектесетін құралдар.
Этикалық талаптар
Өз  портфолиоңызға  енгізу  үшін  мектеп  деректерін  жинау  және  өңдеу  барысында  өз  зерттеуіңізді 
жүргізуде,  әсіресе  өзгелермен  мәлімет  алмасқанда,  этикалық  талаптардың  сақталуына  ерекше  мән 
бергеніңіз абзал. Өзге мектептердің көшбасшыларымен және тренерлермен жұмыс істеген кезде сіздің 
төмендегі талаптарды қатаң сақтауыңыз керек.
Хабардар ету және келісім алу
Бұл қатысушылардың (мәлімет жиналатын адамдар, мысалы: оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер) 
олардан/  олар  туралы  мәліметтің  неге  жиналатындығын  түсінетінін  білдіреді  және  сіз  оларға  бұл 
мәліметтің  жобаға  қатысы  жоқ  адамдарға  таратылмайтындығына  және  олардың  жауаптары  жалпы 
мектептегі оқыту мен оқу тәжірибесін дамыту үдерісінің маңызды элементі болып табылатындығына 
кепілдік  беруіңіз  керек.  Сіз  бұны  екі  түрде  жүргізе  аласыз:  а)  ауызша,  бетпе-бет  талқылар,  телефон 
арқылы  әңгімелесу  және  кездесу  арқылы;  және  ә)  жазбаша  құралдар  арқылы:  хаттар,  ақпараттық 
парақтар, жазбалар, жазбаша жауап беру және пікір ұсыну.
Құпиялылық
Қатысушылардың мектеп басшылардың олардан мәлімет жинауына күдікпен қарауларының бірнеше 
себебі  бар,  айталық  олар  бұны  бөгде  адамның  өзінің  өміріне  қол  сұғуы  деп  ойлап,  құпиялылығын 
жоғалтудан  қорқуы  мүмкін,  сонымен  бірге  олар  мектеп  басшылығына  өзінің  пікірі  ұнамай  қалып, 
сондықтан  жақтырмай  кетуі  мүмкін  деп  қорқатындығы  бар.  Мектеп  басшылары  қатысушылардың 
құпиялылығын  қамтамасыз  етудің  екі  жолы  бар:  а)  Анонимділік  «атын  атамау»  дегенді  білдіреді 
және мектеп басшыларының бұл деректерді қалай ұсынып, бағалауға арналған жұмыстарында қалай 
қолданатындығына қатысты. б) Құпиялық – мектеп басшыларының белгілі бір қатысушының қандай 
жауап бергенін өзі білгенімен, бірақ оның, мектеп басшысының есептерінен қай жауапты қай қатысушы 
бергенін анықтауға мүмкін болмайтындығына кепілдік береді. Бұл дегеніміз олар өз портфолиоларында 
ешкімнің  атын  немесе  орналасқан  жерін  көрсетпейді  деген  сөз,  айталық,  қатысушылардың  жеке 
бастарын көрсетпей, «Мектептегі ер мұғалімдер ... деп ойлайды» деп жаза алады. Сонымен қатар ақпарат 
жиналған орын (мәселен, қала, ауыл) да көрсетілмейді.
Мектеп басшыларына Бағдарлама аясында «Бетпе-бет» оқыту кезеңінде алған басқа мектептер туралы 
деректерді  басқа  жерлерде  басқа  адамдармен  талқылауға  болмайды.  Мектеп  басшылары  өздерінің 
деректерді  әділ,  ашық  және  шынайы  мәнерде  жинағандықтарын  көрсету  үшін  портфолиоға  қосатын 
рефлексиялық есептерінде бұл этикалық талаптардың қаншалықты сақталғаны туралы мәліметті қоса 
алады.

6
«Дамыту  іс-шаралары  мен  портфолионы  бағалау  жөнінде  жиынтық  ақпарат»  атты  1-кестеде 
Бағдарламаның  әр  кезеңінде  қандай  жұмыстар  орындалатындығы  қысқаша  баяндалған.  «Іс-шаралар» 
деген жолда курстың әрбір кезеңінде не істелетіндігі айтылса, «Нәтиже» деген жолда сөз болып отырған 
кезеңнің  соңында  жасалатын  жазбаша  құжаттардың  түрлері  келтіріледі,  ал  «Бағалауға  ұсынылатын 
портфолионың мазмұны» атты соңғы жолда курстың соңында ұсынылатын мектеп басшыларын бағалауға 
арналған портфолиоға қандай материалдар кіруі керек екендігі баяндалған.

7
1-к
ест
е. 
Дамыт
у іс-шара
лары мен пор
тфо
лионы баға
ла
у жөнінде жиынтық ақпара
т
Курсалды 
тапсырмалар
Бірінші «Бетпе-бет» 
кезеңі
Бірінші «Мектептегі 
тәжірибе» кезеңі
Екінші «Бетпе-бет» кезеңі
Екінші «Мектептегі тәжірибе» 
кезеңі
Іс- шаралар
A.
 Мектеп туралы 
дерек жинау  және оқушылар,  ата-аналар және  мұғалімдерарасында  сауалнама жүргізу.
B. Деректер  сараптамасы 1) мектеп деректерін  талдау; 2) әріптестеріне  түйінді нәтижелерін  көрсету; 3) тренерлердің  қалыптастырушы  кері байланысын  назарға алу; 4) мектеп базасында  жүргізілген зерттеу  деректері меноның  түйінді нәтижелеріне  сүйене отырып,  рефлексиялық есеп  жазу; 5) тренерлердің  қалыптастырушы  кері байланысын оқу  және жауап беру.
C. Мектептің  даму жоспарының  бірінші нұсқасын  әзірлеу 1) мектептегі  оқыту мен оқу  тәжірибесіне назар  аудара отырып,  стратегиялық даму
D. Даму жоспарын іске  асыру 1) сізбен бірге өзгеріс енгізу  тобында жұмыс істеуі үшін  директорға/ директордың  орынбасарына немесе  Бірінші деңгей бағдарламасы  бойынша оқыған мұғалімге  тәлімгерлік ету; 2) топпен бірлесіп өзгеріс  енгізуге бағытталған ақылды  мақсаттар белгілеу; 3) мұғалімдердің шағын  тобының жұмысына  қолдау көрсету мақсатында  коучинг жоспарын  әзірлеп, енгізу үшін курс  тыңдаушысыдиректормен/  директордың 
орынбасарымен 
жұмыс істейді; 4) мұғалімдергежеті  модульді қамтитын  тізбектелген сабақтар  топтамасын (орта мерзімді  жоспарды) дайындауға  көмектесу үшін Екінші  деңгей бағдарламасы  бойынша оқыған мұғалімдер  мен әдіскерлерден тұратын  топқа арнап коучинг жүргізу. Курс тыңдаушылары осы  үдерістің алға жылжу  қарқынын және оның  нәтижелерін қадағалайды.
H. Эвалюация дәлелдерінің  толық талдауы 1) TALIS нысаны бойынша  жүргізілген сауалнама  деректерін қоса алғанда,  бірінші «Мектептегі  тәжірибе» кезеңінде  жиналған барлық деректерді  талдау; 2) әріптестеріне түйінді  нәтижелерін көрсету; 3) мектеп базасында  жүргізілген зерттеудің  түйінді нәтижелеріне сүйене  отырып, рефлексиялық есеп  жазу.
I. Мектептің даму  жоспарының екінші  нұсқасы 1) бірінші «Мектептегі  тәжірибе» кезеңінің соңында  TALIS нысаны бойынша  жүргізілген сауалнама  деректерін қолданып,  мектеп мұғалімдерінің даму  басымдықтарын анықтау; 2) алты айға созылатын  екінші «Мектептегі  тәжірибе» кезеңінде  мектептеоқыту мен оқу  тәжірибесін жетілдіру  мақсатында мектептің  барлық мұғалімдерінің
J. Даму жоспарын іске асыру 1) құзыреттілік талаптарын  қолданып, мектептегі барлық  мұғалімдердің құзыреттілігін  бағалау (3-қосымша); 2) мектептің барлық  мұғалімдерін жұмысты сапалы  ұйымдастыру үшін жеткілікті  көлемдегі топтарға бөліп,  оларға өзгеріс енгізу тобының  мүшелерінен коуч тағайындау; 3) мектептегі  барлықмұғалімдерге арнап  оқыту және оқуды дамыту  басымдықтарын анықтауда  коучтерге қолдау көрсету (2  және 3-қосымшалар); 4) коучтер мұғалімдергеLesson  study-діқолдана отырып,  тізбектелген сабақтар  топтамасын жоспарлауға  қолдау көрсетеді; 5) коучинг жүргізу және  қайта қараудың негізінде  Lesson study-діқолдана  отырып тізбектелген сабақтар  топтамасын оқытудықайта  жоспарлау.
K. Аралық есептер Үш айдан кейін тренерлерге  көрсету үшін аралық есептерді  жазу.

8
басымдықтарын  анықтау; 2) өзгеріс енгізу  тобына мүше етіп  алу мақсатында  талантты  және дарынды  мұғалімдерді  анықтау,ол топта  директордың  орынбасары немесе  Бірінші деңгей  бағдарламасы  бойынша оқыған  мұғалімнің болуы  міндетті; 3) мектептің  стратегиялық  басымдықтарының  негізінде (мектептегі  коучинг жоспарын  қамтитын) мектептің  даму жоспарын  әзірлеу 
E. Даму жоспарын  эвалюациялау 1) директорға/ директордың  орынбасарына тәлімгерлікету  аясындағы кездесулердің  жазбаларын жүргізу; 2) коучинг үдерісін қадағалау  және жоспарлар, кездесулер  және қойылған мақсаттардың  детальдарын жазып отыру; 3) Lesson study үдерісін қадағалау; 4) оқыту тәжірибесіндегі  өзгерістерді қадағалау: - тізбектелген сабақтар топтамасы; - оқытуды эвалюациялау; - сабақты қадағалау;  - оқушылардыэвалюациялау; - оқушылардың жұмыстары.
F. 
Өзгеріс 
енгізуүдерісін 
бақылау 
барысында алынған дәлелдерді  синтездеу
G. Екінші «Мектептегі  тәжірибе» кезеңіне бастапқы  дайындық
Бірінші «Мектептегі тәжірибе»  кезеңінің соңында мектептің  барлық қызметкерлері арасында  ЭЫДҰ әзірлеген TALIS нысаны  бойынша сауалнама (4-қосымша)  жүргізу.
жағдайын бағамдау үшін  өзгеріс енгізу тобымен  қалай жұмыс істейтініңізді  жоспарлау.
L. Даму жоспарын  эвалюациялау 1) барлық мұғалімдердің  құзыреттілігінбағалау сызбасын  жасау және бұл деректердің  қалай жиналғанын түсіндіру; 2) директорға/ директордың  орынбасарына тәлімгерлікету  аясындағы кездесулердің  жазбаларын жүргізу; 3) коучинг үдерісін қадағалау  және жоспарлар, кездесулер  және қойылған мақсаттарды  жазып отыру. 4) Lesson study үдерісін  бақылау. 5) оқыту тәжірибесіндегі  өзгерістерді қадағалау: - тізбектелген сабақтар  топтамасы; - оқытуды эвалюациялау; - сабақты қадағалау;  - оқушыларды эвалюациялау; - оқушылардың жұмыстары.
M. Өзгеріс енгізудің  соңына қарай мұғалімдер  арасында ЭЫДҰ әзірлеген  TALIS нысаны бойынша  сауалнама (4-қосымша)  жүргізу. Деректерді талдау.  Оларды бұған дейін жиналған  деректермен салыстыру.
N. Жинақталған барлық  дәлелдерді мониторинг  туралы есеп түрінде синтездеу (Мектепті дамытуды жоспарлау  туралы нұсқаулықты қара).

9
О. Бүкіл өзгеріс енгізу  үдерісі туралы есептіңсоңғы  нұсқасын жазу (2000 сөз).
Нәтиже
A. 
Деректер салыстырылып,
жиынтық кесте түрінде  ұсынылады.
В. 
1) PowerPoint 
таныстырылымы  (ең көбі 5 слайд). 2) Рефлексиялық  есеп (1000 сөз). С.
 Мектептің даму 
жоспары
С және D. 
Іс-шаралар 
мен оларды іске асыру  тәсілдерін көздейтін  Мектептің даму жоспары. E.
Өзгеріс енгізуді 
эвалюациялау туралы толық  ақпарат. F.
 Барлық 
деректердіңрефлексиялық  есеп түріндегі бастапқы  синтезі (1 000 сөз). G.
 Жиынтық есеп түріндегі 
сауалнама деректері.
H.
 1) PowerPoint 
таныстырылымы (ең көбі 5  слайд). 2) Рефлексиялық есеп (2000  сөз).
І. 
Мектептің даму 
жоспарының екінші  нұсқасы 1) Сауалнаманың  сараптамасы және есеп. 2) Мектептің даму  жоспарының екінші  нұсқасы.
J.
 Барлық мұғалімдердің 
құзыреттілігін бағалау  сызбасы, іске асыру жоспары. К.Үш айдың аралық есебі. М. 
TALIS нысаны бойынша 
жүргізілген сауалнама  деректерін талдау. L, N, O. 
Алты ай ішінде бүкіл 
мектеп бойынша оқыту мен  оқу тәжірибесіне енгізілген  өзгерістерді бақылау және  эвалюациялау туралы есеп.
Бағалауға  ұсыны- латын  портфо- лионың  мазмұны
A. 
Қосымшаларға сәйкес 
өңделген деректер.
B.
 1 
Түсініктемелері  бірге ұсынылған  түзетілген  PowerPoint  таныстырылымы; 2) Тренер  тарапынан  кері байланыс  ұсынылған  түзетілген  рефлексиялық  есеп.
C. 
Іс-шаралар, 
оларды іске асыру  және эвалюациялау  жоспарларын  қамтитын  Мектептің даму  жоспары.
С және D. 
Мектептің даму 
жоспары. E.
 Мектептің даму 
жоспарын эвалюациялау  дәлелі. 1) талантты мұғалімдердің  қалай таңдалғандығы  туралы жазбаша есеп; 2) директорға/ директордың  орынбасарына немесе  Бірінші деңгей  бағдарламасы бойынша  оқыған мұғалімге  тәлімгерлік ету аясындағы  кездесулер 
туралы 
жазбалар;
3) өзгеріс енгізу тобы  кездесулерінің жазбалары; 4) коучинг жоспарлары; 5) мұғалімдер жасаған  тізбектелген сабақтар  топтамасының жоспары; 6) Lesson studyжоспарлары; 7) мұғалімдердің  тізбектелген
Н.
 1) Түсініктемелері 
бірге ұсынылған  түзетілген PowerPoint  таныстырылымы; 2) Бірінші «Мектептегі  тәжірибе» кезеңінде  жүргізілген  зерттеудіңтүйінді  нәтижелері туралы  рефлексиялықесеп (1500  сөз).
І. Мектептің даму  жоспарының екінші  нұсқасы 1) TALIS нысаны бойынша  жүргізілген сауалнама  деректерінің талдамасы  және есеп (1000 сөз). 2) Іс-шаралар, оларды іске  асыру және эвалюациялау  жоспарларын қамтитын
K.
 Қалыптастырушы кері 
байланыс ұсынылған үш  айдың аралық есебі.
L.
 Мониторинг туралы есеп
1) мұғалімдер құзыреттілігі  қалай бағаланғандығы туралы  есеп; 2) мұғалімдер тобына коучтер  қалай тағайындалғаны туралы  есеп; 3) директорға/ директордың  орынбасарына тәлімгерлік  ету аясындағы кездесу  жазбаларының синтезі; 4) коучинг үдерісін және оның  жоспарларын, коучинг өткізу  кезінде жасалған жазбалар  мен қойылған мақсаттарды  синтездеу;

10
сабақтар топтамасын оқытуын  қадағалау жазбалары; 8) коучтер мұғалімдерге  ұсынған кері байланыстарының  жазбалары; 9) мұғалімдердің өз  сыныптарында орын алған  оқыту мен оқу тәжірибесіндегі  өзгерістер туралы дәлелдері; 10) өзгеріс туралы оқушылардың  пікірлері; 11) оқушылардың оқуының  жақсарғандығының дәлелдері. F. Барлық эвалюация  дәлелдерінің бастапқы талдауы  (1000 сөз).
Мектептің даму жоспары
5) Lesson study үдерісі туралы  есеп; 6) оқыту тәжірибесіндегі  өзгерістердің синтезі: - тізбектелген сабақтар  топтамасы; - оқытуды эвалюациялау; - сабақты қадағалау;  - оқушыларды эвалюациялау; - оқушылардың жұмыстары.
М. 
TALIS нысаны бойынша 
жүргізілген сауалнама  деректерін талдау.
N.
 Өзгеріс енгізу үдерісінің 
мониторингі барысында  алынған дәлелдерді синтездеу.
О. 
Дамыту үдерісінің соңғы 
есебі (2000 сөз).

11
МЕКТЕБІНІҢ ОҚЫТУ МЕН ОҚУ ТӘЖІРИБЕСІНЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУ
A) Курсалды тапсырмалар
Біліктілікті арттыру курсы аясында бірінші «Бетпе-бет» кезеңіне келер алдында сіз өзіңіздің мектебіңіз 
туралы  деректер  жинайсыз.  Бұл  тапсырманы  орындау  жөніндегі  нұсқаулар  «Курсалды  тапсырмалар» 
әдістемелік  құралында  берілген.  Сізден  өз  мектебіңізде  бірқатар  сауалнама  өткізу  сұралады.  Курсалды 
тапсырмалардың нәтижесінде сіз өз мектебіңіздің тек жартылай аудитіне ғана қол жеткізе аласыз. Алайда, 
бұл  жартылай  аудит  мектепті  дамытуды  жоспарлау  жөніндегі  іс-әрекеттегі  зерттеуді  бастауға  негіз 
болмақ.
B) Деректер сараптамасы
Сізге ең алдымен жиналған бастапқы деректерді ыңғайлы кестелер мен конспектілер түрінде жүйелеп 
алу керек. Содан кейін курстың бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде сізге деректерді талдап, түсіндірме жасаудың 
негізінде түйінді нәтижелерді анықтап, осы нәтижелер туралы 700 – 1000 сөзден тұратын рефлексиялық 
есеп жазу керек болады. Сондай-ақ бұл талдауды сіз түйінді нәтижелер туралы таныстырылым дайындау 
үшін де қолданасыз. Бұл жұмыстар туралы тренер сізге қалыптастырушы кері байланыс ұсынады.
C)  Бірінші  «Мектептегі  тәжірибе»  кезеңінде  іске  асырылатын  Мектептің  даму  жоспарының 
«Оқыту мен оқу» тарауын дайындау
Мектепті  дамытуды  жоспарлау  үдерісі  «Бетпе-бет»  кезеңінде  жан-жақты  талқыланатын  болады; 
сізге тренердің тарапынан қолдау көрсетіледі, сонымен бірге білім беру порталында Мектепті дамытуды 
жоспарлау  жөнінде  қосымша  нұсқаулықтар  ұсынылған.  Бірінші  «Бетпе-бет»  кезеңінің  соңында 
тыңдаушылар  «Оқыту  мен  оқу»  бағыты  бойынша  егжей-тегжейлі  Мектептің  даму  жоспарын  жасап 
болулары керек. Аталған жоспар іс-шаралар, оларды іске асыру және эвалюация тарауларын қамтиды.
Бірінші «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде атқарылатын шаралар
Курсалды  тапсырмаларды  орындау  барысында  жиналған  мәліметтерді  қолдана  отырып  талданған 
мектебіңіздің  жағдайы  туралы  деректер  «Бетпе-бет»  оқыту  кезеңінде  қолданылады.  Бұл  сізге  бірінші 
«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде іске асырылатын мектеп тәжірибесіне алғашқы шағын көлемді өзгеріс 
енгізу үдерісінің стратегиялық басымдықтарын анықтауға көмектеседі. Тренерлер Педагогикалық шеберлік 
орталығының Мектепті дамытуды жоспарлау моделіне (1-сурет) және мектептің дамытуды қажет ететін 
бағыттарын анықтау критерийлеріне (2-қосымшаны қараңыз) сүйене отырып, сіздермен жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет