Қыраттар: Орта Орыс, Үстірт, (Эфиопия таулы қыраты) т,б Таулы үстірт: 500 м-ден астам биіктіктегі жазықтар Таулы үстірттер: Үндістандағы Декан, Азияның оңтүстігі, Африка және Аустралияда таулы үстірттер Сай: Жыра сияқты ұзынша ойыс Шағыл: Екі жақ шеті ыққа қарай созылып, айшық пішіндес құм төбе. Барқан: Желдердің әрекетінен үйілген шағылға ұқсас құм төбе Теңіздің тереңдігін өлшеуге арналған құрал: Эхолот (эхо – жаңғырық) Материктік қайраң:материктің мұхитқа өтпелі 200 м тереңдікке дейінгі бөлігі Материктік беткей: материктік қайраңнан мұхит түбіне ауысатын бөлігі, 200 м-ден 2800 м-ге дейін болады Қазаншұңқыр (мұхиттық платформа): Мұхит түбінің жер бедерінде терең сулы кең тегіс немесе суасты шамалы төбелі жазықтар мен шұңғымалар болатын ең үлкен бөлігі Шұңғыма: Мұхиттардың материкке жапсарлас бөлігінде түзу бағытта немесе доға тәріздес иілген ұзын және енсіз ойыстар. (Науалар) Жер шарындағы ең терең шұңғыма: Мариан шұңғымасы 11022 м (Тынық мұхит) Мұхиттық-орталық жота: мұхиттық таулы белдеулер ( 60 мың км) Жер шарындағы ең ұзын Мұхит орта жотасы: Орта Атлант, 18 мың км